Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 12:37, курсовая работа
Қарапайым компьютерлік желі кемінде екі компьютерден тұрады. Бұл жағдайда ақпарат алмасу екі құралдың бірігіп жұмыс жасауына қолайлылық туғызады. Барлық желілер (күрделілігіне қарамастан) осы принцп бойынша жұмыс істейді.
Кіріспе 4
1. Желі дегеніміз не? 5
1.1 Көп терминалды жүйелер – желінің алғашқы түрі 6
1.2 Көп машиналы жүйелер 7
1.3 Желінің негізгі програмдық және аппараттық компоненттері 9
2. Сымсыз желі
2.1.Сымсыз орта түрлері
2.2.Сымсыз желіде жұмыс жасау.
2.3. Жергілікті желі 14
2.4. Жергілікті және ауқымды желілердің бірігуі 17
Қорытынды 20
Қосымша-1 21
Қосымша-2 22
Мазмұны
Адамдар өзара байланыс мұқтаждығының салдарынан қазіргі кезде компьютерлік желілердің пайдалануы кең өріс алды. Бұл мұқтаждықты қамтамасыздандыруда ІNTERNET және желілік жүйелерүлкен роль атқарады. Сонымен қатар электрондық почта арқылы мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан жерлермен тез арада хабарласып, байланысып тұрады. Мұның барлығы компьютерлік желінің жетілуіне байланысты, сонымен бірге қазіргі кезде желі архитектурасы да одан әрі дамуда.
Ақпарат алмасу, деректер жинау және оны сақтау процесстері ақпараттық техналогиялық заманнның негізгі қайнар көзі болып табылады. Ақпарат алмасу негізінде технологиялық дамулар ұдайы жылжу үстінде. Ал, ақпарат алмасу үшін ең алдымен ақпарат алу көзі мен ақпарат тарату көзінің болуы маңызды роль атқарады. Ал, технологиялық дамулар осы негізде дамиды. Ақпараттық техниканың дамыған заманда бұл процестің маңызы үлкен.
Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған уақытында, алынған ақпараттарды тарату немсе оны қабылдау негізгі іс - әрекеттердің бірі болып есептеледі. Сондықтан ақпарт алмасу кезінде түрлі іс - әрекеттер қолданылып, түрлі жолмен ақпарат алмасып отырады. Технологиялық құралдар ішінде ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ететін компьютерлік желі болып табылады. Ал, копьютерлік желі дегеніміз не? Оның қызметі қандай? Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бімен арнайы коммуникациалық құралдармен және компьютерлік қамтамасыздандырулармен жабдықталған компьютер және терминалдардың байланысы. Түсінік ретінде: ақпарат тарату жылдамдығын, протокол түрлерін, құралдар арасындағы қашықтықты және тағы басқаларды айта кетсек болады.
Қарапайым компьютерлік желі кемінде екі компьютерден тұрады. Бұл жағдайда ақпарат алмасу екі құралдың бірігіп жұмыс жасауына қолайлылық туғызады. Барлық желілер (күрделілігіне қарамастан) осы принцп бойынша жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта осы қызметтеріне байланысты компьютерлік желілер екі үлкен топтарға бөлінеді. Олар:
- Ғаламдық желі;
- Жергілікті желі;
Ғаламдық желі (wide area network, WAN) көлемі үлкен географиалық обылыстарды, көбіне тұтас бір мемлекетті немесе үлкен континентті қамтиды.
Желі – 1) Есептеу желісі, деректермен алмасу желісі – алыстан қатынас жасау жабдықтары. 2) Бір-біріне немесе орталық серверге қосылған ортақ ресурстарды қолданатын компьютерлер тобы.
Дайындалған кореспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол программа хаттарды дайындаумен қатарсол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасату негізі болып саналатын желілік компьютермен кез-келген сәтте байланыс сеансын жүргізужі қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде программа дайын хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріздің ішіндегі өз “почта жәшігіміздегі” бұрынғы салынған хаттар түгел желілік компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен мәліметтер ғана “жәшікте” жатады.
Есептеу желі концепциясы компьютерлік технология эволюциясының логикалық нәтижесі. 50-жылдардағы алғашқы ірі, әрі үлкен, қымбат компьютерлер тек кейбір пайдаланушылар ғана пайдалана алатын. Мұндай компьютерлер пайдаланушының интерактивтік жұмыс істеуіне жасалынбаған болатын, оларды тек пакеттік өңдеу режимде қолданатын.
Пакеттік өңдеу жүйесі мэйнфрейм базасында құрылады. Пайдаланушылар мәліметтер және командалық программалары бар перфокарталарды дайындап, оларды есептеу орталығына жібереді. Операторлар бұл карталарды компьютерге енгізетін, ал оның басылып шығатын нәтижелерін тек келесі күні алатын. Пакеттік режим – бұл есептеу қуатын пайдалану үшін ең қолайлы режим, ол басқа режимдерге қарағанда, көптеген пайдаланушы пайдаланатын тапсырмаларды бір мезгілде орындайды. Мұнда ең маңызды – процесордың жұмысы болып келеді.
60-жылдары көп терминальдық
жүйелер дами бастады. Бұндай
жүйелерде компьютерді
Батыс компьютерлерінің көпшілігі белгілі бір желіге жинақталған. Желілердегі жұмысы 80 % барлық желілердегі ақпарат бір ғана офистен көрінеді. Сондықтан жасаушылардың ерекше көңіл бөліп отырғаны – локальды есептеу желілері (LAN). Локальды есептеу желісінің басқа желіден ерекшелігі: оның кішкене географиялық облыста болуы (бір бөлме, бір үй, бір аудан).
Компьютердің
екі типті желісі бар: бір
рангілі желі және сервермен
бөлінген желі. Бір рангілі желілер
желінің жұмысын құрастырушы,
арнайы компьютерлерді қажет
етпейді. Әрбір пайдаланушы,
Алшақтағы компьютер желілеріне қосылу үшін телефон желілері қолданылады.
Телефон арқылы мәліметтермен алмасу процессі электрлік тербелу түрінде жүзеге асырылуы тиіс. Электірлік тербелу бұл дауыс дабылына ұқсас болып келеді. Бұлпроцесс орындалған уақытта компьютердегі ақпараттар кодтар түрінде сақталады. Ақпараттарды компьютермен телефон желісі арқылы жіберу үшін кодтар электрлік тербелу күйіне айналуы тиіс. Бұл процесс модуляция деп аталады. Жіберілген ақпарат компьютерде оқи алу үшін, электрлік тербелістер керісінше машиналық кодтарға ауысуы тиіс – демодуляция. Осы өзгерістерді сандық қалыптан электрондық тербеліске және керісінше процестерді жүзеге асыратын құрылғыны модем (модулятор – демодулятор деген сөздерден қысқартылған) деп аталады. Компьютерде бұл жағдайда арнайы, модеммен басқарылатын және де ақпараттардың сигналдарын қабылдап жіберетін телекоммуникациялық программа.
Компьютердін жүйелік блогында ішкі, сырткы кұрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы парақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберугекабылдауға) болады.Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары аркылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады. Компьютерлік желі дегеніміз — ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану; мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жүмыс жасау үшін арнайы аппараттық жөне программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Күнделікті өмірде
кездесетін компьютерлік
Жергілікті есептеуіш желілер
— саны шектеулі (әдетте 100 дейін)
компъютерлерді бір ұйым
Корпоративті және аймақтық желілер. Жергілікті желіден кейінгі орьнды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді (корпорациялар), банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер кашықта орналасқан бөлімдердегі: филиалдардағы, қонақ үйлердегі т.б тұтынушыларға қызмет көрсету үшін колданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушылардың шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады. Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді бірікті-ретін болса, оны аймактық есептеуіш желісі деп атайды. Мұңдай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі колданылады. Аймақтык желілер аймақ масштабындағы мәселелерді шешу мақсатына бағытталады. Бұл электрэнергетика, жол, аймақтық жабдықтау, банктік есеп, кітапхана ісі т.с.с. жұмыстарды ақпараттык қамтамасыз ету қызметтері болуы мүмкін.
Егер кашықтағы
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, интернетке қосылады. Сондай-ақ электрондық поштаны пайдаланады, телеконференцияларға қатыса алады.. Телекоммуникациялық есептеуіш желілер. Үлкен қатыннасты және пайдаланушыларды молынша қамтитьн есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. 'Гелекоммуникациялық желілер — ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады (абонентгік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында кұрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтықта жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар. Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысты үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялык желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтык, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтың және цифрлық кодтау қолданылады.
Телекоммуникациялык желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі шешетін мәселеге бағытталған бір тұтас ақпараттьң қоры болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортак пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Оңда білім базасы, автоматтаңдырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған. Интернет желісі. Өр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желі аралық байланыс орнату қажет болғанды кабельдік желілерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда; телекоммуникация каналдары: телефон, радио желілік байланыс; талшықты оптикалык байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады
Көп машиналы жүйелер – бұл есептеу комплекс, ол өзінің құрамына бірнеше компьютерлерді және компьютердің програмдық және аппараттық байланысу құралдарды қосады. Көп машиналы жүйелердің жұмысы негізгі екі компоненттермен анықталады: шапшаң жылдамды процессорлардың байланысу механизмі және программалық қамтамасыз ету жүйесі. Байланыс құралдардың құрамына программалық модульдер кіреді, олар есептеу жүктемелерді таратады. Егер комплекстің бір компьютері жұмыс істемей қалса, онда оның тапсырмалары автоматты түрде басқа компьютерлерде орындалады.
Есептеу желілердің програмдық және ақпараттық байланысы әлсіз болып келеді, ал оның өңдеу блоктардың автономиясы үлкен дәрежеде көрінеді – негізгі желінің элементтері жалпы еске сақтау блоктары және жалпы перифериялық құрылғылары жоқ стандарттық компьютерлер болып келеді. Компьютерлердің арасындағы байланыс арнайы перифериялық құрылғылар арқылы іске асады, олар желілік адаптерлер. Әр компьютер өз операциялық жүйенің басқармасында жұмыс істейді, ал жүйелік компьютерлер арасындағы жұмысты бөліп беретін “жалпы” операциялық жүйе болмайды. Жүйелік компьютерлер арасындағы жұмысы – мәліметтерді беру жүйелік адаптерлер және байланысу каналдары арқылы іске асады. Осы хабармалар арқылы бір компьютер басқа бір компьютердің локальдық ресурстарға кіруін сұрайды. Бұндай ресурстар – дискіде сақталған мәліметтер, принтерлер, модемдер, факс-апараттары бола алады. Есептеу желінің пайда болу мақсаты - әр компьютердің локальдық ресурстарды басқа желілік пайдаланушылар арасында бөліп беру. Егер компьютер желіге қосылған болса, онда пайдаланушы тек өзінің компьютердің файлдарымен, дискілерімен, принтерлерімен және тағы да басқа ресурстарымен пайдалана қоймай, сонымен қатар сол желіге қосылған басқа компьютерлердің ресурстарымен пайдалана алады. Оған тек желілік адаптерлер мен кабельдік жүйе ғана емес, сонымен қатар модуль керек. Мұндай модульдерді програмдық серверлер деп атайды. Олардың бастапқы міндеті - өз компьютер ресурстарына кіруіне қызмет етеді. Сонымен қатар компьютерлердің операциялық жүйесіне арнайы програмдық модульдерді қосу керек. Олар алыстанан ресурстарға кіру сұранысты өңдеп, желі арқылы керек компьютерге жеткізеді. Бұндай модульды програмдық клиент деп атайды. Ресурстарды бірге пайдалануды ұйымдастырудың негізгі жұмысын операциялық жүйенің клиенттік және серверлік бөлімдері істейді. Бірнеше клиент-сервер модульдері бірге істейтін пайдаланушыларға керек ресурстарға кіруін қамтамасыз етеді, мысалы файлдарға. Бұл жағдайда пайдаланушының файлдық қызметіне қатысы бар деп атайды. Әдетте желілік операциялық жүйе өз пайдаланушыларына бірнеше түрі бар желілік қызметтерді ұсынады. Олар – файлдық қызмет, баспаға шығару қызметі, электрондық почта және тағы басқалар.