Сымсыз жели инфор

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Қарапайым компьютерлік желі кемінде екі компьютерден тұрады. Бұл жағдайда ақпарат алмасу екі құралдың бірігіп жұмыс жасауына қолайлылық туғызады. Барлық желілер (күрделілігіне қарамастан) осы принцп бойынша жұмыс істейді.

Содержание

Кіріспе 4
1. Желі дегеніміз не? 5
1.1 Көп терминалды жүйелер – желінің алғашқы түрі 6
1.2 Көп машиналы жүйелер 7
1.3 Желінің негізгі програмдық және аппараттық компоненттері 9
2. Сымсыз желі
2.1.Сымсыз орта түрлері
2.2.Сымсыз желіде жұмыс жасау.
2.3. Жергілікті желі 14
2.4. Жергілікті және ауқымды желілердің бірігуі 17
Қорытынды 20
Қосымша-1 21
Қосымша-2 22

Работа содержит 1 файл

Сымсыз жели инфор.doc

— 192.00 Кб (Скачать)

    Егер компьютер  өз ресурстарын желідегі басқа  компьютерлерге берсе, онда ол  сервер деп аталады. Ал, егер  ол ресурстарды өзі қолданса, онда ол клиент деп аталады.

1.3 Желінің негізгі програмдық және аппараттық компоненттері

 

   Толық желінің  зерттеуі, оның бөлек элементтерінің  жұмыс істеу принциптерінің білуін  керек етеді:

  • Компьютерлердің;
  • Коммуникациялық жабдықтардың;
  • Операциялық жүйелердің;
  • Желілік қосымшалардың;

   Желінің програмдық-аппараттық  құралдар комплексі қөп қабаттасқан  модельмен сипатталады. Барлық  желілердің негізіне стандартталған  компьютерлік платформалар аппараттық  қабаты жатады. Қазіргі кезде  желіде әр түрлі кластарға  жататын компьютерлерді кең қолданады. Мысалы, персоналдық компьютерлерден мэйнфреймдерге дейін және супер ЭЕМ. Екінші қабат – коммуникациялық жабдық. Желінің қосалқы компоненттері (кабельдік жүйелер, көпірлер, коммутаторлар, маршрутизаторлар) компьютерлер және жүйелік програмдық қамтамасыз ету.Қазіргі кезде коммуникациялық жабдық арнайы мультипроцессор болып келеді. Үшінші қабат операциялық жүйелер болып келеді. Желіні жобалаған кезде, берілген операциялық жүйе басқа желінің ОЖ-мен бірге жасалатын жұмыс жеңіл болу керек және ол мәліметтерді сақтау, сонымен қатар қауіпсіздік қамтамасыз ету керек. Желілік құралдардың ең сыртқы қабаты әр түрлі желі қосымшалары болып келеді, олар мәліметтердің желілік базалары, почталық жүйелер, мәліметтерді архивтендіру құралдары, коллективтік жұмыстарын автоматизациялау жүйелері және т.б.

 

 

2. Сымсыз желілер

Сымсыз  локальді желілер үшін  (WLAN – Wireless LAN) аз қашықтыққа радиоканал арқылы қосылу қолданылады (әдетте 100 метр). Көбінесе екі жиілікті диапазон колданылады  – 2,4 ГГц және 5 ГГц. Тарату жылдамдығы 54 Мбит/с дейін. 11 Мбит/с жылдамдықпен тарату кең таралған.

WLAN желілері шектелген территорияда  сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік  береді  (әдетте офис ішінде  немесе университет ғимаратында).

Атақты Wi-Fi (Wireless Fidelity) технологиясы концентратор арқылы  2-ден 15 аралығындағы компьютерлерді байланыстыруға ммүмкіндік береді. Компьютерлер саны 10 мен 50 аралығында болса бірнеше концентратор арқылы іске асады және де бұл технология қуатты сымсыз көпірлер арқылы 25 км қашықтықта орналасқан екі локальді желіні қосу мүмкіндігін береді.

Сымсыз желі келесі жағдайларда қолдану тиімді:

- адамдарға толы мекемелерде;

- бір орындарда жұмыс  істемейтін адамдарға;

- онашаланған мекмеледе;

- жоспарлау үнемі ауысып  отыратын мекемелерде;

- құрылыста, қазба жұмысы жүріп жатқан жерлерде және т.с.с.;

Технологияға байланысты сымсыз желіні үш түрге бөлуге болады:

- жергілікті есептеуіш  желі;

- кенейтілген жергілікті  есептеуіш желі;

- мобильді желі (тасмалданатын  компьютер).

Сымсыз желі кабелді  желі сияқты қызмет атқарады. Сымсыз адаптер тақшасы трансивермен әрбір компьютерге орнатылады, пайдаланушы компьютер кабелмен жалғанғандай жұмыс істей береді.

Кабелді пайдаланбай-ақ сымсыз көпір деп аталатын компонент  көмегімен ЖЕЖ-ні кенейтуге болады. Ол 40 км қашықтықтағы мекемелер арасында байланысты қамтамасыздандырады. Кәрезді желі мен спутникті станция дестелі радио біріктіру көмегімен сигналдарды береді және қабылдайды.

Технологияға байланысты сымсыз желіні үш түрге бөлуге болады:

Жергілікті есептеуіш  желі;

Кеңейтілген жергілікті есептеуіш  желі;

Мобилді желі (тасымалданатын компьютер).

Бұл желі түрлерінің арасындағы негізгі ерекешелік – беру параметрі. Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеуіш желілер желі қызмет ететін ұйымдарға жататын қабылдағыш пен хабарлағыштарды қолданады. Тасымалданатын компьютер үшін сигналдар беру ортасы ретінде AT(T, MCІ, Sprіnt, жергілікті телефон компаниялары мен олардың ортақ қатынау қызметі пайдаланылады.

Типті сымсыз желінің жай желіден  айырмашылығы, тек беру ортасы болады. Сымсыз трансиверлі желілік адаптер әрбір компьютерге орнатылғандықтан, пайдаланушылар компьютерлер кабелмен жалғанғандай жұмыс істейді.

Қатынау нүктелері

Трансивер қалған желімен  сымсыз қосылған компьютерлер арасында сигналдар ауысуын қамтамсыз  ететін, кейде қатынау нүктесі (access poіnt) деп аталады.

Сымсыз ЖЕЖ үлкен емес қабырғалы  трансивер пайдаланылады. Олар тасымалданатын құрылғылар арасында радоиконтакт орнатады. Осы трансиверлерді қолданғандықтан, мұндай желіні толық сымсыз желі деп  атауға болмайды.

 

2.1.Сымсыз орта түрлері

Шлюз (англ.· GateWay), Шалюздың көпірден өзгешелігі – біріктірілетін жүйелер протоколдарының  əр  түрлілігінде.  Бір  шалюзден  түскен  хабарлама  екіншісіне  сол  жүйенің талаптарына  сəйкестендіріліп  өзгереді.  Сөйтіп,  шалюздер  жүйелерді  біріктіріп  қана  қоймай біріңғай  жүйе  ретінде  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  туғызады.  Локальды  жүйелер  де  шалюздің көмегімен универсалды (жан-жақты)  қуаты күшті компьютерлерге –  мэйнфреймдерге қосылады.

Сымсыз  жүйелер  кабель  өткізуге  қиынға  соғатын,  пайдасыз  немесе  тіпті  мүмкін  болмаған жағдайдағы  орындарда  қолданылады.  Мысалы,  тарихи  ғимараттар,  металл  немесе темірбетондарды едені бар өнеркəсіп үйлерінде, қызқа мерзімге жалға алынған офистар, қоймалар,көрмелерде, конференцияларда жəне т.б “Барлығы-Бəрімен” топологиясы. Бұндай жағдайда жүйе радио – адаптерлер көмегімен жүзеге асырылады.  Жан-жақты  бағытталған  антенналармен  жабдықталған  жүйелік  радио-адаптерлер радиотолқындарды ақпарат жеткізу ортасы ретінде пайдаланады.  Бұндай жүйе “Барлығы-бəрімен” топологиясы арқылы жүзеге асырылады жəне 50-200  м қашықтықта жұмыс істеуге қабілетті.

Жүйенің сымсыз жəне кабельді бөліктерінің арасындағы байланыс үшін арнайы кіру нүктесі (немесе радиокөпір) деп аталатын қондырғы пайдаланылады.  Екі жүйелік – сымсыз жəне кабельді адаптер орнатылған жəй (простой) компьютерді пайдаланға болады.

“Нүкте-нүкте” топологиясы. Сымсыз жүйені қолданудың басты, маңызды аймағының  бірі-мəліметтерді жіберу инфраструктуралары (жалпыға бірдей кабельді жүйе, жоғары сапалы телефон байланысының жолдары жəне т.б)  болмаған жерлердегі локальды жүйелердің шалғай сегменттері арасындағы  байланыстарды  ұйымдастыру  болып  табылады.  Бұл  біздің  мемлекетімізге  тəн.

Шалғайдағы екі сегмент арасына  сымсыз көпір енгізу үшін бағытталған типтегі антеннасы бар радиокөпір пайдаланылады.

“Жұлдыз” тəрізді топология. Егер жүйеге бірнеше сегмент біріктірілсе, онда “жұлдыз” типті топология қолданылады.  Бұндай жағдайда орталық торапқа жан-жаққа бағытталған,  ал шалғай тораптарға –  бағытталған антенналар қондырылады.  Жұлдыз тəріздес топологияның жұйелері əр алуан конфигурациядағы жүйелерді құрауы мүмкін. Сымсыз жүйелік магистарль баяу модемдерді пайдаланудан бас тартуға жағдай (мүмкіндік) жасайды.Көпнүктелі сымсыз біріктіру

Сымсыз көпір (wіreless brіdge) деп аталатын компонент кабелсіз мекемелер арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Кәдімгі көпір адамдардың өзеннің бір жағалауынан екіншісіне өту үшін қандай қызмет атқарса, сымсыз көпір сол сияқты екі мекеме арасында мәліметтерге өту үшін жол салады. AІRLAN/Brіdge PLUS көпірі ЖЕЖ-ні біріктіретін магистраль құру үшін бытыраңқы спектрде радиохабарлағыш технологиясын пайдаланады. Олардың арасындағы қашықтық жағдайға байланысты 5 км-ге жету мүмкін. Мұндай құрылғы эксплуатациясының құны шектен тыс болып көрінбейді, өйткені байланыс жолдарын арендалау қажеттілігі болмайды.

Алыс әрекетті сымсыз көпір

Егер сымсыз көпір  “жапқан” қашықтық жеткіліксіз болса, онда алыс әрекетті көпір құруға болады. Қашықтығы 40 м-ге дейін Ethernet және Token Rіng желілерімен жұмыс істеу үшін, ол бытыраңқы спектрдегі радиохабарлағыш технологиясын пайдаланады. Оның құны (кәдімгі сымсыз көпір сияқты) қанағаттандырылық болады, өйткені Т1 тізбегі немесе микротолқынды арналарды арендалау шығыны болмайды. Т1 тізбегі – бұл 1,544 Мбит/с жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін арналған стандартты цифрлік тізбек. Ол арқылы сөйлеулер мен мәліметтер беруге болады.

Мобилді желі

Қоғамдық қызмет пен  телефон жүйесі сымсыз мобилдік желілерде беру ортасы ретінде болады. Мұнда қолданылады:

дестелі радиобіріктіру;

кәрезді (сотовый) желі;

спутникті станция.

Үнемі жүріп-тұратын қызметкерлер мұндай технологияларды пайдалана  алады: өздерімен бірге тасымалданатын компьютерлер немесе PDA (Personal Dіgіtal Assіstants) болса, олар файлдармен, электронды пошта мен басқа да ақпараттармен ауысып отырады.

Мұндай байланыс түрі ыңғайлы болғанымен, өте баяу. Беру жылдамдығы 8 Кбит/с-тан 28,8 Кбит/с-қа дейін. Ал егер қатені түзету жүйесі қосылса, онда жылдамдық одан да баяулай түседі.

Тасымалданатын компьютерлерді негізгі желіге қосу үшін кәрезді  байланыс технологиясы қолданылатын сымсыз адаптер пайдаланылады. Тасымалды  компьютерлер орнатылған кішігірім  антеналар, оларды қоршаған радиотрансляторлармен байланыстырады.

 

 

Дестелі радиобіріктіру

Дестелі радиобіріктіру кезінде келесі ақпараттан құралатын  дестелерге ( желілік десте сияқты ) бөлінеді:

 көздің адресі;

·қабылдығыш адресі;

қателерді түзету үшін арналған ақпарат.

Дестелер кеңхабарлау  режимінде транслянцияланатын спутникке беріледі. Содан адрестері сәйкес келетін құрылғылар бұл дестелерді қабылдайды. 

 

Кәрезді желі

Мәліметтердің кәрездік цифрлік дестелері (Cellular Dіgіtal Packet Data, CDPD) кәрезді телефондар пайдаланатын технологияны пайдаланады. Олар желі бос болған мезгілде сөйлеу беру желісімен береді. Бұл өте жылдам байланыс технологиясы.

Кәрезді желіде басқа  да сымсыз желілерде сияқты кабелді  желіге қосылу әдісін табу керек. Nortel out of Mіssіssauga (Онтарио, Канада) – компаниясы, осы мақсатқа арналған интерфейсті блок Ethernet-ті (Ethernet Іnterface Unіt, EІU) өндіреді.

Микротолқынды жүйе

Микротолқынды технология кішігірім компакты жүйе мекемелер  арасындағы әрекеттестікті ұйымдастырады, мысалы университетік қалашықтарда.

Қазір микротолқынды технология - Құрама Штатарда мәліметтерді алыс қашықтыққа беру кеңінен таралған әдіс.

Мынадай екі нүктенің тікелей көріну әрекеттестігінде қолайлы:

спутник пен жерді  станция;

екі мекеме;

үлкен ашық жазықтықты бөлетін  кез келген объектілер.

Микротолқынды жүйе келесі компонентерден құралады:

Екі бағытты антенадан.

Трансивер беретін сигналдарды  қабылдау үшін олар бір-біріне бағытталған. Үлкен қашықтықтарды қамту үшін бұл антенді мұнараға орнатады.

 

2.2.Сымсыз желіде  жұмыс жасау.

Сымсыз желіде жұмыс істеу, Windows XP Professional-дың ең жақсы мүмкіншіліктерінің бірі . Әсіресе Wi-Fi немесе 802.11b секілді сымсыз желілерде. Соңғы жылдарда сымсыз желілер жоғарғы функционалды, олар жалғайтын 5-категориясы кабельдерді сұрамайды және мәліметтерді беру жылдамдығы секундына 11Мбит. Сонымен қатар, сымсыз желілерге арналған адаптердің бағасы АҚШ-тың 100$ -на дейін жетеді, және сымсыз желілерге қосу нүктелері астаналар мен аэропорттарда. 
Біз 5-дәрісте Wi-Fi – ді орнатудаға ерекшеліктер туралы сөйлейміз. Ал мында Windows XP Professional-дың сымсыз ортаға қосқан үлесі туралы айтамыз. Windows XP Professional сымсыз желіде, қосымша драйверлердің көмегінсіз адаптерлерді ұстап тұра алады. Бұл сымсыз желіде санаулы минуттарда-ақ жұмысқа кірісүге мүмкіндік бере алады.

Егер сіздердің тек бір дербес компьютеріңіз болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті екіншісіне беру керек болғанда, желілік технология өте қажет. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілержі пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.

    Желілік желілер  – бір-бірімен қатар орналасқан  компьютерді біріктіретін жүйелер.  Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың арақашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке де жетеді.

    Ауқымды және  жергілікті желілердің қолданылу  мақсаттары әр түрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып-үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.

Көбінесе қарапайым  мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса, онда бұл мәліметтерді бір мезетте екі-үш адам пайдалануына тура келеді. Ол үшін компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп, мәліметтер базасын серверге (негізгі ЭЕМ) орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметттер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналысқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс станцияларына жіберіліп отырады. Мұндай база орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды. Серверлік компьютер әр жерде орналысқан ЭЕМ-дермен (яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады. Терминал (енгізу-шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер тұрғандықтан сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәліметтер өңдеу өнімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.     

Информация о работе Сымсыз жели инфор