Мультимедия жүйелері, компьютер және музыка

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 17:07, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде компьютер тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, видеофильмдер көрсетеді және компакт – дискіден музыкалық шығармалар тыңдата алады. Осының бәрі компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері болып табылады. Ол үшін компьютер компакт – дискілерді оқитын құрылғылармен, дыбыс карталарымен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.

Работа содержит 1 файл

мультимедиа реферат.doc

— 119.00 Кб (Скачать)

Мысалы,  Windows  іске  қосылғанда  сізде   “Здорово   Макс!   Тебя   приветствует   Microsoft  Windows”,   ал  Windows  жұмысы   аяқталғанда  “Ну  пока,  заходи  еще”  деген  дыбыс  шығуы  мүмкін.

      Әрі  қарай  осы  жазылған  дыбысты  өңдеуге  болады,  яғни  дыбысты  жетілдіреміз.  Әдетте  жетілдіру  – бұл  керек  емес жерлерін  алып  тастау,  керек   жерлерін  басқа жерге ауыстыру  және  дыбысты өңдеу. 

      Ең  қарапайым  дыбыс  редакторының  ішіндегі  дыбыс  жазу  редакторы  фрагментті  қиып  алу  немесе  оның  айналасын  қиып  алу  үшін  белгілі  бір  фрагментті  белгілеуге  мүмкіндік  бермейді.  Оның  орнына  Түзету  (Правка)  менюінде  екі  бөлек  команда  қарастырылған -  бірі  бізге  керек  жерге  дейінгі  фрагментті  алып  тастау,  екіншісі  керек  жерден  кейінгі  фрагментті  алып  тастау.  Мысалы,  сізге  жазудың  басындағы  және  соңындағы   шуды  кесіп  тастау  керек.  Ол  үшін  керек  жазу  басталатын  жерге  движок (белгі)  қойып,  осыған  дейінгі  фрагментті  жою  командасын  таңдаймыз.   Содан  соң  керек  жазудың  соңына  движок (белгі)  қойып осыдан  кейінгі  фрагметті  жою  командасын  орындаймыз. 

      Егер  қателесіп  кетіп  бәрін  қайтадан  жазу  керек  болса,  дискіге  ештеңе   сақтамау  керек.  Файл  дискіге  сақталмаған  жағдайда   сіз  жасалған  әрекеттердің  бәрін   Өзгертулерді  бодырмау  (Отменить  изменения)  командасы арқылы  алып  тастауға  болады. 

      Жақсы   аудиоредакторларда  бәрі  әлдеқайда  жеңіл:  керек  бөлігін  мауспен  белгңлеп  алып,  жою  керек.  Қалған  бөліктері  ештеңе  болмағандай  қосыла  береді.

      Бірақ  бұл  монтаждың  барлық  мүмкіндіктері  емес.  Екі  дыбысты  қосуға,  араластыруға  да  болады,  тіпті  екі  файлды  да  қосуға  (араластыруға)  болады  және  файлды  папка ішіндегі  файлмен де  қосуға  болады.  Біріншісі  үшін  Файлмен  қосу  (Смешать  с  файлом) командасын  қолдану керек.  Екіншісі  үшін   Микшировать  с  буфером  командасын  қолдану керек.   Және  де  движокты  (белгіні)  белгілі бір жерге қойып,  жазуды  қосуға  болады.  Жаңа  жазу  ескі  жазуды  кетіріп орнына  жазылады.  Ал  егер  движокты (белгіні)  жазудың соңына  қойса,  жазу  әрі қарай жалғастырылады.

      Енді  эффектпен  өңдеу.  Ол  үшін  Дыбысжазудағы   Эффект  менюін  қолданамыз.  Бұл  программа  даусты   25%-ке  көбейтіп  және  азайтуды  (төмендетуді),  дыбыс шығару  жылдамдығын 2  есе көбейтуге  және  азайтуға,  жаңғырық  (эхо)  қосуға,  және  дыбыстың  артын  алдына  қоюға  мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  Win95 – Реверс  ішіндегі   Обратить  командасы  қолданылады.  Кез  келген  эффект  (реверстан  басқасы)  бірнеше  рет  күшейеді,  егер оны бірнеше рет орындаса. 

Лазерлік  ойнатушы  программасы

 

      Лазерлік  ойнатушы  программасы  CD – ROM –ды пайдаланып  музыкалық компакт дискіні ойнатуға  мүмкіндік береді.  Музыкалық компакт – дискіні іске  қосып,  басқа да  қосымшаларда  жұмысты  жалғастыруға  болады.  Компакт – дискіні  ойнату  өте  қарапайым. 

      CD – ROM –ға музыкалық компакт – дискіні салғанда  ол  бірден  ойнай бастайды.  Экранда музыкалық жазбаны тыңдауды  меню  командаларының  және  батырмалардың көмегімен басқаруға  болатын   Лазерлік  ойнатушы  терезесі  ашылады.  Музыка  ойнауды жеке  жазбалар  бойынша немесе  басынан аяғына  дейін өзіңіз  тоқтатқанша немесе  Лазерлік  ойнатушы  программасын  жапқанша  орындайтын  режимдерді  қоюға болады.

      Windows 95  және  98  жүйелерінде  Лазерлік  ойнатушы 

(CD  Player)  программасы   пайдаланылады,  Windows Me  және  XP  жүйелерінде Windows  Media  ойнатушысы  (Windows  Media  Player)  пайдаланылады.  Ал  Windows  2000  жүйесінде де  Лазерлік  ойнатушы   пайдаланылады,  бірақ  ол  қазіргі  заманғы  модель.  Ойнатушы  сізде  дыбыс  картасы  бар  жоғына  қарамай  компакт  дискіден  ойнатыла  береді.  Бірақ  дыбыс  картасы  болса  біз  музыканы  динамика  арқылы   дыбыстық  картаға  қосылған  құлаққалқан  (наушник)  арқылы,  ал  егер  дыбыс  картасы  жоқ  болса  CD – ROM-ға  қосылған  құлаққалқан  арқылы  тыңдауға  болады.

      Лазерлік  ойнатушының  арнайы  батырмалары болады,  олар  арқылы  бір әннен екінші  әнге  көшуге  немесе  тоқтатуға болады,  сол сияқты  компакт – дискіні  алып  қоюға  болады  (6 – сурет).

      Терезені  жабу  батырмасын  шертсе,  Лазерлік  ойнатушы  өз  жұмысын тоқтатады,  ал  терезені  кішірейту батырмасын  басу  арқылы  оның  терезесін экраннан  алып  тастап,  бірақ әннің ойнауын жалғастыруға  болады.  Бұл  мерзімде  сіз  басқа  программаны  іске  қосып,  сонымен  жұмыс  істей  беруіңізге  болады.

      Ойнатушы  дисплейінде  квадрат  жақшада  әннің  номері,  қасында  оның  ұзақтығын  оқимыз.  Бірақ  бұл  ойнатушының  барлық  мүмкіндігі  емес. Вид менюінде  қосымша екі тақтақондыруға  болады.  1 – ші  Құралдар  тақтасы  (Панель инструментов). 2-ші диск және жазулар мәліметі  тақтасы (Панель Сведения)  және жағдай жолы (Строка состояния).  Терезе төменгі жағдай  жолында үнемі дисканің  жалпы ұзындығы және  берілген  әннің ұзындығы  көрінеді. 

      Құралдар  тақтасының  оң  жағындағы 3 батырма  дыбыс  шығару  режимін  қадағалайды:  1-ші  ерікті тәртіп (Произвольный  порядок)-бұл әнді  кездисоқ  таңдау,  2-ші  үздіксіз дыбыс  (Непрерывное  воспроизведение),  3-ші  танысу режимі  (Режим  ознакомления).  Бұл режимде әр өлеңнің бастапқы бірнеше секунттары  қосылады.  Егер  бірде-бір батырма басылмаса әндер өз  кезегімен ойнатыла  береді. 

      Параметры менюінің  Баптау  (Настройка) диалогтік терезесінен танысу  режимінде әр ән  қанша секунт  ойналатынын білуге  болады. 

      Лазерлік  ойнатушыны  әмбебап  ойнатушыға  қарағанда  ыңғайлырақ  етуге  болады.  Тіпті  аты да  қалмайды,  тек  музикасы  қалады.  Баптау  менюіндегі “Шығарда  дыбысты  жабу” жолындағы  белгіні  алып  тастап, ойнатушы программасын  жауып, музыка  тыңдай  беруіңізге  болады (7-сурет). Ойнатушы  тақтасындағы  ортаңғы  үш  батырма  оның  дисплейін  басқарады.  Сол  жақ  батырма  әннің  қанша  уақыт  ойнағанын  көрсетеді,  ортаңғысы  керісінше  қанша  уақыт  қалғанын  көрсетеді,  оң  жақ  батырма  дискінің  бітуіне  қанша  уақыт  қалғанын  көрсетеді.  Сол жақ  шеттегі  батырма  дискіні  сипаттау  батырмасы.  Лазерлік  ойнатушы  программасы  бізге  компакт-дискіні  картотекасын  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Картотекада  альбом  атын,  орындаушы  атын,   әндер  тізімін  көрсетуге  болады.  Келесіде  біз  осы  компакт – дискіні  қосқанда  лазер лік  ойнатушы  он  танып,  Бізе  керек  барлық  мәліметтерді  көрсетеді.  Даусын  жай  немесе  қатты  ету  үшін  Вид  менюіне  кіріп Дауыс  қаттылығы  жолын таңдаймыз.  Мультимедиалық  комплектінің  Деңгейді  реттеу  программасы  ашылады (8 –сурет).  Windows  2000  ойнатушысы  қазііргі  заманға  сай.  Ол  автомагнитолла  сияқты.  Барлық  режимді  басқару  командалары  Меню  батырмасының  астында орналасқан.  Баптау  (Настройка)  ең  маңызды команда.  Ол  экранға 3  беттік  терезе  шығарады.  Онда  жоғарыда  айтылғандардан  басқа ойнатушыны  қосқанда  автоматты  дыбыс  шығару  командасы  бар  (Автоматически  начинать  воспроизведение  при  запуске). 

     Меню  де  2  бөліктен  тұратын  дыбыс  шығару  тізімінің      (Списки  воспроизведения)  командасы  бар:  ойнатушыдағы  диск  және  мәліметтер  қорындағы  дискілер.  Әр  альбомдағы  әндер  тізімі  қосу  белгісімен  ашылады. 

     Келесі  ойнатушы  Windows  Me  комплектісінен  7.0  версиялы  Windows  Media  ойнатушысы  және  Windows  XP  комплектісінен  8.0  версиялы  ойнатушысы.  Бұл программа  музика  ырғағына  қарай  түрлі  цветомузыка  көрсете  алады,  радиостанцияларды  тыңдай  алады,  музыкалық  файлдарды  интернеттен  тауып  альп,оларды  ойната  алады.  CD – дан винчестерға жазуды  көшіріп,  және  видео көрсетеді (9 – сурет). 

     Вид  менюінің  ішіндегі  Дыбыс  шығару  бетінен анимация  түрін таңдауға  болады.  Выбор  обложки  бетінде плеер түрін де  өзгертуге болады.

       CD – ден әндерді винчестерге сығылған  түрде көшіруге  болады.  Сығу  әннің сапасын жоғалтады.  Бірақ бізе  сығудың деңгейін  анықтауға мүмкіндік береді.  Сервис менюінің  Параметры  терезесінде Компакт – диск  беті  бар.  Біз онда  сапаны  анықтайтын  Көшіруді  баптау  (Настройка  копирования) және  движок  секциясын таба  аламыз.  Онда  бірнеше градация  бар.  Мысалы,  сығу  деңгейін  бермей  сығуды  пайдалансақ 96 КБ/С тығыздығымен  сығылады.  Жай музыкалық толық компакт – дискі (650 МБ)  небары  42 МБ  сығылған  музыкаға  айналады  (10 – сурет).  Көшіруді  бастау  үшін  Компакт – диск  бетіне  кіріп  өзімізге  керек  әндердің  қасына  белгі  қойып,  музыканы  көшіру  батырмасын  шертеміз  (Copy  Music).  Компакт – диск  бетінде біз музыка  көшетін папка аша аламыз  (секция  Архив,  кнопка  Изменить).  Windows XP – де  музика  көшетін  жер айтылмаса музыка  Моя  музыка  папкасына көшеді.  Музыка  Windows  Media  форматында  сақталады.  Windows XP – дің 8 – ші  версиялы  плеерында қатты дискіден  (компакт – дискіге)  көшіру  мүмкіндігі  (CD – R)  бар.  Ол  үшін  Файл  менюінен  Copy  to  CD  командасы  қолданылады.  

     Әмбебап  ойнатушы  программасы 

     Әмбебап  ойнатушының  (Универсальный  проигрыватель) көмегімен  аудио – видео  және  анимациялық  файлдарды  оқуға  болады.  Мультимедиа  файлдары  өте  көп  орын  алады,  сондықтан  олар  көбінесе  компакт – дискілерде,  компьютердің  қатты  дискісінде,  басқада  алкен  көлемді  ақпараттар  сиятын  жинақтауыштарда  немесе  серверде  сақталады.  Тыңдау  сапасы  дискіден  ақпаратты  оқу  жылдамдығына  тікелей  тәуелді  болады.  Неғұрлым  жинақтауыштан  мәліметтер  жылдам  оқылса,  соғұрлым  тыңдау  сапасы  жоғары  болады.

     Егер  мультимедианың  төменгі  сатылы  командаларының  тізімінде  Әмбебап  ойнатушы жоқ болса оны орнату  керек.  Windows  операциялық жүйесін қарапайым режимде орнату  кезінде  Әмбебап  ойнатушы  қойылмайды.  Оны орнату  үшін  бас менюдегі  Баптау ® Басқару тақталары  командаларын  орындаймыз  да,  ашылған терезеде  Программаларды  орнату  және  өшіру шарт  белгісінде  маусты  екі рет шертеміз.  Windows – ты  орнату  астарлы бетіндегі Мультимедиа қатарында  маусты  екі  рет  шертеміз.  Тізімдегі  Деңгейлерді  реттеу,  Аудиожазбаларды   қысу,  Бейнежазбаларды  қысу,  Әмбебап  ойнатушы  қатарларының  жалаушасын  көтереміз.

     Мультимедиалық  файлдарды  тыңдау

 

     Бас  менюдегі  Программалар ® Стандартты ® Мультимедиа ® Әмбебап ойнатушы  командасын  таңдаған  соң,  муьтимедиа  файлдарын тыңдау  мүмкіндігін беретін терезе  ашылады (11 – сурет).

     Бұл  терезеде  Файл  менюінің  Ашу  командасын  орындаймыз.  Сонда  файлды  таңдау  мүмкіндігін  беретін  терезе  ашылады.  Осы  терезеде  файлдың  типін  көрсетеміз  де,  қажетті  файлды  ерекшелеп  Ашу батырмасын  шертеміз.  Мысалы,  анимациялық немесе  санды видео файлдарын таңдағымыз  келсе,  Файлдардың  типтерін  көрсететін  батырманы шертіп,  тізімнен  Windows – қа  арналған  Video 

(*.avi)  қатарын таңдаймыз.  Файл  таңдалынған соң,  Әмбебап  ойнатушы терезесінде Тыңдау  батырмасын  шертеміз.  Терезені  уақытша  кішірейтіп  қою  немесе  басқа  файлды  тыңдау,  мүлде  жауып  тастау  әрекеттерін  өз  қалауымызша  орындаймыз.

      Әмбебап  ойнатушы  терезесіндегі  Құрылғылар  (Устройства) менюінің  командаларын  орындау арқылы,  қажетті құрылғыны немесе  файлдың типін таңдап,  ашылған сұхбат  терезеде  файлдың  атын  көрсете  отырып,  оларды  тыңдау  мүмкіндігі  бар. 

Аудио  және  MIDI  форматты  файлдарды тыңдау 

      Windows  операциялық  жүйесінің  бірнеше  форматты  дыбыстық  файлдарды  жазу  және  тыңдау  мүмкіндігі  бар.  Олар  өте  кең  тараған  дыбыстық  формат тар:  аудио  файлдарға  арналған  Microsoft  форматы waveform  audio  және  Музыкалық аспаптық  санды интерфейс (Musical  Instrument  Digital  Interface)  немесе  MIDI – форматы.

     Олар  магниттік  таспаға  жазылған  дыбыстар  сияқты  сақталады. 

    Аудиофайлдар  дегеніміз әрбір нүктеде сандар  арқылы  файл дар түрінде жазылған көптеген  мәндерді  қабылдайтын аналогты  аудио сигнал дар.  Файлдарды тыңдау  жылдамдығы  мен дыбыс қаттылығын  өзгертуге және  жаңғырық  немесе  реверс  сияқты  арнайы  эффектілер  қосуға  мүмкіндік  бар.  Аудиофайлдар  хабарлар  немесе  сөздер  жазу  кезінде  қолданылады.

           MIDI – файлдар дегеніміз – жазылған  дыбыстар  емес,  қолданылатын  аспаптар  және  қандай  ноталар қандай  ұзақтықта тыңдалатыны жөніндегі  мәліметтер  жинағы.  MIDI – файлдараспапты  әуендерді жазу  және  тыңдау  үшін  қолданылады.   MIDI  форматты  көбінесе  музыканттар пайдаланады.

Информация о работе Мультимедия жүйелері, компьютер және музыка