Мультимедия жүйелері, компьютер және музыка

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 17:07, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде компьютер тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, видеофильмдер көрсетеді және компакт – дискіден музыкалық шығармалар тыңдата алады. Осының бәрі компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері болып табылады. Ол үшін компьютер компакт – дискілерді оқитын құрылғылармен, дыбыс карталарымен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.

Работа содержит 1 файл

мультимедиа реферат.doc

— 119.00 Кб (Скачать)

    Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  Министрлігі

    А.Байтұрсынов  атындағы мемлекеттік  университеттің экономикалық факультеті 
     
     

     
     
     

    Тақырыбы: Мультимедия жүйелері, компьютер және музыка. 
     
     

               

              Орындаған:

         Тексерген:  
 
 
 
 
 
 

2009 жыл 
 

Мультимедиа     түсінігі 

      Қазіргі   кезде  компьютер   тек   жазып,   оқып,   сурет   салып   қана   қоймай,   видеофильмдер   көрсетеді   және  компакт – дискіден   музыкалық   шығармалар   тыңдата   алады.   Осының   бәрі   компьютердің    мультимедиалық   мүмкіндіктері   болып   табылады.   Ол   үшін   компьютер  компакт – дискілерді   оқитын   құрылғылармен,   дыбыс   карталарымен,   микрофонмен   және   колонкалармен   жабдықталған.

      Мультимедиа – дыбыс,   графика,   анимация  (қимыл – қозғалыс),   көріністік   фрагменттерді   және  мәтіндерді   қатар  пайдалана   отырып   динамикалық  түрдегі  бейнелер  мен  дыбыстық   мәліметтер  алу  мүмкіндігін   беретін  арнайы   жабдық.   Windows   ортасында дыбыстық   файлдар құрып   оларды  құжаттар  құрамына   енгізуге,  кез келген  компакт – дискілерде  жазылған  музыка   мен қимылдайтын   бейнелерді  ойнатуға  болады.

      Мультимедиалық  мүмкіндіктерді   толық   пайдалану   үшін   компьютер   16  разрядты   SVGA  мониторымен,   MIDI   форматын  қолдайтын  16  разрядты   дыбыстық   тақшамен  және   компакт   дискіні   оқуға  арналған  CD – ROM  дискіжетегімен   жабдықталуы   қажет.   Жұмыс барысындағы жағдайларға қарай мұнан басқа да  көптеген   компоненттерді   орнатуға   болады.

      Дыбыстық   фрагменттерді   қосу   кезінде   компьютердің   мүмкіндіктері   айқын   көрінеді.   Дыбыстық   фрагменттерді   жазу  және  оқу   үшін,   компьютерде   дыбыстық  тақша  орнатылуы   керек.   Дыбыстық   тақшаға  динамик  жалғанады (дыбысты   компьютердің  құрамындағы   динамикпен   тыңдау  мүмкіндігі   шектеулі).  Дыбысты   жазу  үшін   микрофон,  тыңдау  үшін  құлаққалқан  (наушник)  болуы  қажет.  Егер  компьютерде  дыбыстық  тақша  орнатылған  болса,  ол  Windows  операциялық жүйесі  жүктелгеннен кейін бірден  жұмыс істейді.

      Құлаққаптың   параметрлерін  тексеру   немесе  қайта   орнату  үшін  Бас  меню:   Баптау – Басқару  тақтасы    қатарларын  таңдап,  ашылған терезедегі  Мультимедиа  шарт  белгісінде  тышқанды   екі рет шертеміз.   Аудио,  Видео,  MIDI,  CD,  Қосымша деген төрт  астарлы   беттен  тұратын Мультимедиа   қасиеттері: сұхбат  терезесі  ашылады.

(1 - сурет).   Осы  терезенің  Аудио астарлы бетінде компьютерге орнатылған  дыбыстық  файлдарды тыңдау және  жазу  үшін  қолданылатын  құрылғыларды  анықтай  аламыз.  Тыңдау  және  Жазу  бөлігіндегі   Негізгі  құрылғы   бөлігі осы   әрекеттерді  орындауға  арналған  құрылғыны  білдіреді.  Жазу  сапасы    деген  жерде   Радиотрансляция  деп  көрсетілген.   Неғұрлым   жазу  сапасы  жоғары  болса,  сол  файлды   оқу  сапасы  да  жоғары   болады.   Баптау

(Настройка)  батырмасын  шерту арқылы  ашылған терезеде  тиісті  параметрлерді өзгерту мүмкіндігі  бар.   Егер,  компьютерге   ешқандай  тыңдау  және  жазу  құрылғылары  орнатылмаған  болса,  осы   астарлы   бетте  ешнәрсе  көрінбей  тұрады.  Видео,  CD,  MIDI   астарлы   беттерінде  олардың  әрқайсысына  сәйкес   параметрлерін  орнату  мүмкіндіктері  бар.

      Қосымша   астарлы бетінде   Мультимедиа   драйверлерінің   тізімі  шығады,  қажетті   параметрлерін  өзгерте  отырып   жүзеге  асыра  аламыз. 

      Мультимедиа   драйверлері   дегеніміз – дыбыстық   тақшаның   жұмыс істеуін,   сондай – ақ   дыбысты   жазу  және  оқу әрекетін  іске  асыруға арналған  арнайы   программалық   жабдық.

      Мультимедианың   мүмкіндіктерін   пайдалану  үшін  Бас  менюде:   Программалар ® Стандартты ® Мультимедиа   қатарын   таңдаймыз   да,  қажетті   командалардың   бірін   орындаймыз  (2 – сурет).

Деңгейді  реттеу   программасы

 

      Егер  жүйеде   дыбыс  болса  онда   дауыс  қаттылығын   реттеу  де   болу  керек.   Егер  жүйеде  дыбысты  реттеу  бірнеше  каналдары   болса  (компакт  диск  ойнатқышынан,  дыбыстық   файл   редакторы  немесе   ойнатқышынан,  MIDI  файл   редакторы   немесе  ойнатқышынан,  немесе  сызықтық  кіруден)  онда   реттегіш  те   бірнеше   болуы   керек. 

      Егер   дыбыстық  карта  стерео  дыбысты   қамтамасыз  ететін  болса,  онда  әр   канал   бойынша   стереобалансты   өзгертуге  болады.

      Бас  менюдегі   Программалар ® Стандартты ® Мультимедиа ® Деңгейлерді  реттеу командасын   орындағаннан   кейін тыңдау  және  жазу   дыбыстарының  қаттылығын  реттеу   мумкіндігін беретін терезе  ашылады

(3 - сурет).  Егер   бұл  терезеде  өзімізге  қажетті  құрылғы  жоқ   болса,  оны   Параметрлер ® Қасиеттер (Свойства)  командасын  орындау   арқылы  ашылған терезеде   берілген  тізімнен   таңдап   аламыз.

      Жазу  немесе  Тыңдау,  басқа  өрістерінің   тиістісін  таңдаған   соң,  жылжу  жолағын  тышқанның  көмегімен  қозғалта  отырып,  дыбыс  қаттылығы  мен  балансын  таңдап  аламыз.

      Деңгейді  реттеу   программасы   біріншіден  жалпы  дауысты  және  стереобалансты,  екіншіден  бөлек – бөлек  әр  каналдың  дауысын  реттеуге  мүмкіндік  береді.

      Қажет  емес  құрылғыларды   белгі  қою  арқылы   айырып  қоюға  да  болады.  Қажет  емес  құрылғыларды   экранға шығармауға  да  болады.  Ол  үшін   Параметрлер ® Қасиеттер

(Свойства) менюіне кіріп қажет емес  жолдардан белгіні алып  тастаймыз.  Мұның бәрі  дыбыс шығару  сигналын  реттеу.  Егер  біз  дыбысты  жазып  алатын  болсақ  (микрофоннан,  компакт – дискіден  немесе  магнитофоннан)  онда  біз кіру  сигналының  дауысын да  басқаруымыз керек.  Ол   үшін  микшерді   кіруді  басқару режиміне   қоямыз – Жазу  (Запись)  жолына  нүкте  -  сосын өз  қалауымызша   реттейміз.  Дыбыспен   жұмыс  істеу  ыңғайлы  болу  ушін   реттегіштің  екі  түпнұсқасын  пайдалануға   болады.   Біреуін   дыбыс  шығару  режимінде  қалдырып,  екіншісін  жазуды   басқару  режиміне  аудару  қажет

      Әдетте   программалық  микшерлер   жазуды   және  дыбыс  шығаруды   басқаруды   бір  тақтада   орналастырады.

Тембр   кнопкасы  төмен  және  жоғары   жиілік  деңгейін  беріп  дыбыс  шығару   немесе   жазудың  сапасын  басқаруға  мүұмкіндік  береді.  (Мысалы,  мұндай   батырма жазу  басқармасындағы   Микрофон секциясында болуы   мүмкін).  Бірақ бұл өте дөрекі  реттеу.

      Негізгі  жазу  сапасын  реттегіш   Басқару  тақтасында.

(Дыбыс  және  Мультимедиа   утилитасы,  Аудио  парағы,  Баптау  батырмасы).   Басқару тақтасында  ең  маңызды  параметр -  жиілік  дискретизациясын  басқару   бар.  

      Әдетте   11,  22  немесе  44  кГц  өлшемдерінің   бірін  таңдайды.  Бұлар  төмен,   орташа   және   жоғары   сапалар.  Егер  музыкалық  аспапты  немесе  әнші   дауысын   жазу  қажет болса ең  жоғарғы сапа   қолданылады,  ол  44кГц.  Ал  егер  дыбыстық  файлдың төменгі өлшемі   қажет болса орташа   немесе  төменгі сапаны   таңдаймыз,  олар  11 кГц   және  22 кГц. 

Фонограф   программасы

 

      Фонограф   программасы    кейіннен   өзіміздің   программалар   мен   құжаттарда   қолданылатын   кішігірім   дыбыстық   файлдарды   дискіге   жазады.   Дыбыстық   файлдарды   электрондық   почта,  желі,  тіпті   Internet  желісі   арқылы   кез келген   компьютерге   жіберуге   болады.

      Аудиофайлдарды   дыбыстық   тақшаға   орнатылған  микрофон   және  күшейткіш  көмегімен  жазу  мүмкіндігі   бар.    Жазу   әрекетін   бастамас  бұрын   Мультимедиа   қасиеттері  сұхбат  терезесіндегі   параметрлерді  тексеріп  алу  қажет.  Бас  меню ® Баптау ® Басқару тақтасы   командасын   орындаймыз  да,   Мультимедиа   шарт   белгісінде  тышқанды  екі   рет  шертеміз.   Аудио  астарлы   бетіндегі жазу   дыбысының қаттылығын   анықтайтын   қозғалту   жолағының   шкала   ортасында   тұрғандығына  көз   жеткіземіз.   Егер   тыңдау   кезінде дыбыс   өте   қатты   немесе   жай   болса,  оны сұхбат   терезеде   өз   қалауымызша   реттейміз.

Егер  компьютерге   микрофон  қосылса,  онда  Фонограф   программасының  көмегімен   өз   даусыңызды   жазуға,   оны   файлда   сақтауға  одан   Word – тағы   құжатыңызға   қосуға  болады.  

      Дыбыс   жазу   үшін   мыналарды   орындау   қажет:

  1. Фонограф   программасын   іске   қосамыз.   Ол   үшін:

    Пуск ® Программы ® Стандартные ® Мультимедиа ® Фонограф  командаларын   орындайды,   экранға   Фонограф   программасының   терезесі   шығады  

    (4 - сурет).

  1.   Микрофонды   қосып,  Запись   батырмасын   шертіп,   сөйлей   бастаңыз   (жазудың  ең  ұзақтылығы  60  секунд).
  2.   Сөйлеп   болғаннан   Стоп  батырмасын   шертіңіз.
  3.   Жазылғанды   тыңдау   үшін   Переход   в  начало   батырмасын   басыңыз.
  4.   Воспроизведение   батырмасын   басыңыз.
  5.   Файл ® Сохранить   командасын   орындап,  файлға   ат  береміз  (Фонограф   программасы   сіздің  берген   атыңызға   WAV  кеңейтілуін   бекітеді).

Егер   қателесіп   кетсеңіз   Файл ® Құру   орындап   басынан   бастауға   болады.

      Эффектілер   менюіндегі   Жаңғырық  қосу   (Добавить  эхо) командасын  орындау арқылы, жазбаға ерекше  әсер  беруге  болады. Егер  әлсіз   жаңғырық   қосылса, үлкен   аудиторияда  немесе  концерт  залындағы   дыбыс  сияқты  болып  қатты  естіледі. Эффектілер  менюінің  командаларын  абайлап  қолданбаса  бастапқы  дыбысты  мүлде  басып  кетуі  мүмкін. Жаңғырық  қосу, жылдамдық , қаттылығын  өзгерту  әрекеттері  бір-біріне  қосыла  береді  де, әрбір  дыбыс  қаттылығын  көтеру  кезінде  жазба  дыбысының  қаттылығы  артып  кететін  жағдайлар  да  болады. 

Дыбыс   жазуды   редакторлеу

 

      Дыбыс   жазу  программасы   қарапайым  дыбыстық  редактор  болып  табылады.  (5 – сурет).  Әрине жазу  (Запись)  қандай да бір құрылғының  (Микрофон,  магнитофон, CD-ROM  ойнатқышы)  және  дыбыстық карта көмегімен іске  асады,  және   микшердегі  арнайы  (келісетін)  кіру  ашық  болуы керек. 

     Мысалы,  сіз  микрофоннан жазғыңыз келсе және сол жазуды  Windows-та  қолданғыіыз келсе төмендегідей іс-әрекеттерді орындауыңыз керек:

  1. Микрофоннан  жазу  үшін  дауыс  қаттылығын  реттегішті  қосып,  Wave  Input  парағын ашып  Mic  секциясында   белгі (галочка)  қойыңыз.
  2. Байқау   үшін  микрофонға  сөйлеп  көріп  жазу  деңгейін  анықтаймыз.
  3. Дыбыс жазуды  қосып,  Жазу  батырмасын  шертіп  тиісті  мәтінді  оқимыз. 
  4. Жазуды  тоқтау  батырмасын  шертіп  тоқтатамыз.
  5. Файл  менюінде  сақтау  командасын  орындап,  файлды  дискіге сақтаймыз.
  6. Алынған  дыбысты   өңдеуге  болады.
  7. Соңында   Басқару  тақтасы   және  Дыбыс  утилитасы   арқылы   сіздің  жазған  дыбысыңыз Windows – та  қай жерде   орындалатынын белгілеу  керек.

Информация о работе Мультимедия жүйелері, компьютер және музыка