MS Access

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:38, реферат

Описание работы

MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

Работа содержит 1 файл

Access.doc

— 1.76 Мб (Скачать)
 

    1. Мәтіндік тип

    Үнсіздік  бойынша өріс атын енгізгенде, MS Access оған деректердің мәтіндік түрін өріс ені 50-ге тең болатындай етіп меншіктейді. Өріс енін өзгерту үшін «Қасиеттер өрісі» бөлімінің Өріс мөлшері жолында өріс енін айқындайтын (1-ден 255-ке дейін) санды беру қажет. Мысалы, өріс енін 25-ке тең десеңіз, онда бұл өріске ұзындығы 25 символдан асатын мән енбейді.

    Төменде осындай өрістің түрлі жазбалары  енгізілген деректер мысалдары келтірілген:

          Музыкалық орталық

          ОКБ «ЦИКЛОН»

          123-34-78 (үйдікі)

    2. Сандық тип

    Мәтіндік  өріспен танысқанда, мүмкін символдар ретінде өрістің бұл типі сандардан тұратынын білдіңіздер. Осыған байланысты мынадай сұрақ туады: өрістің сандық типі неліктен енгізіледі ? Сандық типті қолданудың негізгі дәлелі ретінде мыналарды қарастырамыз.

  1. Сандық типтің деректерін енгізгенде деректерді автоматты түрде тексеру жүргізілед. Егер деректер мәтіндік немесе арнайы симдолдардан тұрса, MS Access ескерту жасап, қате деректер енгізілмейді.
  2. Тек сандық өрістермен ғана математикалық операциялардың орындалуы мүмкін.

    Өріс  өлшемі (Размер поля) қасиеті мәнін қолданып, сандық типтегі өрістер үшін келесі пішімді орнатуға болады: 

    Мәні     Сипаттамасы     Таңбалар  саны     Өлшемі
    Байт     0-ден  255-ке дейінгі сандар (бөлшек бөліктерден  басқа)           1 байт
    Бүтін     -32768-ден  32767-ке дейін (бөлшек бөліктерден басқа)           2 байт
    Ұзын  бүтін     (Үнсіздік  бойынша мәнін қалдыру). -2147483648-ден  2147483647-ке дейінгі сандар (бөлшек  бөліктерден басқа)           4 байт
    Дара  жылжымалы нүкте (4 байт)     Теріс шамалар үшін – 3.402323*1038-ден 1.401298*1045-ге дейінгі және оң шамалар үшін – 1.401298*10’’45-ден 3.402823*1038-ге дейінгі сандар     7     4 байт
    Екі еселенген жыл-жымалы нүкте 

    (8 байт)

    1.79769313486232+10308 санынан – 4.94063645841247+10-324-дейін  және 4.94065645841247+10’’324-ден 1.79769313486232*10308-ге дейін оң сандар     15     8 байт
    Репликация  коды     Бірегей ауқымды идентификация (GUID)     Анықталмаған     16 байт
    Нақты     -1038 -1-ден 1038 -1-ге дейінгі сандар (.adp)

    -1028 -1-ден 1028 -1-ге дейінгі сандар  (.mdb)

    28     12 байт

         

    3. Ақшалай тип

    Ақша  өрісі сандық өріске ұқсас. Сандық өрістен  айырмашылығы - Өріс пішімі қасиетінің ақша өрісі Ақшалай мәніне автоматты түрде орнатылады, ал Ондық таңбалар саны қасиеті қажет кезінде өзгертуге болатын, үтірден кейінгі екі таңбаға тең мәнді қабылдайды. Ақша типінің көмегімен бүтін 15 таңбаға дейінгі дәлдікпен есептеуді және бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін есептеуді орындай алады. Мұнда өріс мөлшері 8 байтты құрады.

    4. Санауыш тип 

    Санауыш типінің өрісі мәндері түзетілмейтін, алайда кестеге әрбір жаңа жазба  қосуды автоматты түрде орнататын  деректерді сақтауға арналған. Олардың мәндері бірегей, әрбір жаңа жазба қосқан сайын 1-ге тізбектей артып отыруы немесе кез-келген сан болуы мүмкін.

    5. Мерзім / уақыт типі

    Деректер  арнайы пішімде келтірілген өрістердің датасы мен уақытын сақтау үшін қолданылуы бірқатар қосымша артықшылықтарын ұсынады:

    1. MS Access даталарды бірінші пішімде  енгізуге және бейнелеуге мүмкіндік  береді.  Мерзімді /уақытты бейнлеудің  нақты нұсқасы кестенің конструктор  терезесінің Өріс пішімі қасиетінде  орнатылады. Деректер сақтауда бұл  пішімдер деректердің ішкі көрінісіне автоматты түрленеді.            

    2. MS Access-ке деректерді енгізгенде  деректердің пішімін тексереді  және тек дұрыс даталарды енгізуге  мүмкіндік береді.

    Берілген  типтің өрісінде 100 жылдың 1 қаңтарынан 9999 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кез-келген дата мен уақыт бар болады. Бұл типтің деректері 8 байт орын алады.

    6. Логикалық тип

    Логикалық өрістер екі мәннің бірін ғана қабылдайтын деректерді сақтау үшін қолданылады. Логикалық өрістің  Өріс пішімі арнайы пішімдерді немесе Ақиқат / Жалған, Ия / Жоқ немесе Қосу / Жою – үш құрамдастардың бірін қолдануға мүмкіндік береді. Мұнда Ақиқат, Ия және Қосу – True логикалық мәніне, ал Жалған, Жоқ және Жою – False логикалық мәніне эквивалентті. Егер құрамдас пішімді таңдап, сосын эквивалентті логикалық мәнді енгізсеңіз, онда енгізілген мән таңдалынған пішімде бейнеленеді. Мысалы, егер True немесе Қосу мәні Өріс пішімі қасиетінде көрсетілген Ия / Жоқ үшін Өріс типінің басқару элементіне енгізілсе, онда енгізілген мән Ия-ға автоматты түрленеді.

    7. Кез-келген ұзындықтың мәтіндік  өрістері типі

    Кез-келген ұзындықтың мәтіндік өрістері (МЕМО өрісі) қарапайым мәтіндік өрістегідей  деректер типінен тұруы мүмкін. Бұл  өрістердің арасындағы айырмашылық  – МЕМО мөлшері 255 символмен ғана шектелмей, 65535 символдан тұруы мүмкін.

    8. OLE  объектісінің типі

    MS Access кестелерде бейнелерді және  басқа екі еселенген деректерді (мысалы, MS Excel электрондық кестесі, MS Word құжаты, сурет, дыбыстық жазба)  сақтайды. OLE объектісі өрісінің  деректер типі осыған арналған. Бұл деректер типінің өрісіне  енгізе алатын деректер көлемі 1 Гигабайтпен шектелген.

    9. Гиперсілтеме типі

    Бұл типтің өрісі әріптер мен сандардан  құралып, гиперсілтеме адресін көрсететін жолдарды сақтауға арналған. Гиперсілтеме адресі ең көп дегенде үш бөліктен тұрады:

    
    Гиперсілтеме  өрісінің бөлігі     Сипаттама
    Мәтін     Өрісте  немесе басқару элементінде шығатын  мәтін
    Адрес     Файлға (UNC жолының пішімінде) немесе бетке (URL адресі) бару
    Қосымша адрес     Файлдың немесе беттің ішінде ығысу
 

    10. Ауыстыру шеберінің деректер  типі

    Бұл типті таңдау тұрақты мәндер немесе басқа кестедегі мәндер жиыны бар ашылған тізімнен мәндерді таңдауды ұсынатын өрістерді құру үшін арналған ауыстыру шеберін іске қосады. Берілген өрістің мөлшері ауыстыру ретінде қолданылатын (әдетте, 4 байт) түйінді өріс өлшемімен сәйкес келеді.  

    Шебердің  көмегімен кесте құру

    MS Access өзіңізге қажетті прототип  ретінде қолдана алатын бірқатар  кестелерден тұрады. Шеберді қолданған  кезде кестені құратын уақытты  ғана үнемдеп қоймай, кесте өрістерінің  стандартты аттары мен деректер  типтерін қамтамасыз етеді.

    Кесте құруға арналған шеберді құру үшін, «Жаңа кесте» диалог терезесінде  Кесте шебері опциясын таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Экранда 23-суретте көрсетілген  диалог терезесі ашылады.

    Алдымен Кесте үлгілері тізімінен өзіңіз құрғалы жатқан кестеге ұқсас кестенің прототипін таңдау керек. Одан кейін Өріс үлгілері тізімінен кестенің өрісін таңдап, оларды Жаңа кесте өрістері тізіміне орналастырыңыз.

                              

    23-сурет.  Таңдалған кесте үшін кестелер мен өрістерді таңдау

    Өрістерді таңдау үшін Өріс үлгілері тізімінің  оң жағында орналасқан бағыттауыш батырмалар (кнопки со стрелками) қолданыңыз: 

    Батырма     Қызметі
         Өріс  үлгілері тізімінде ерекшеленген өріс құрылмақшы кестенің өрістер тізіміне қосылады.
         Өріс  үлгілері тізіміндегі барлық өрістер құрылмақшы кестенің өрістер тізіміне қосылады.
         Құрылмақшы  кестенің өрістер тізімінен Жаңа кестенің өрісі тізімінде ерекшеленген өріс жойылады.
         Жаңа  кестенің өрісі тізіміндегі барлақ элементтер жойылады.
 

    Переименовать поле батырмасын қолданып, қажет кезінде Жаңа кестенің өрісі тізімінен таңдалған кез-келген өрістің атауын өзгертуге болады.

    Құрылатын кестенің өрістер тізімін қалыптастырып  алып, Далее батырмасын басыңыз.

    Кестені құрудың келесі қадамында кестенің атын бересіз және түйінді сөзді  анықтайсыз. Шебер ат қоюда өз нұсқасын ұсынады, оны Tab пернесін басу арқылы қабылдайсыз. Егер кестеге қандайда бір басқа атты меншіктегіңіз келсе, оны мәтіндік өріске енгізіңіз.

    Енді  кесте үшін бастапқы кілтті автоматты  түрде таңдап, келесі диалог терезесіне көшу үшін Далее батырмасын басуды шеберге көрсету керек. Егер деректер қорында бұрын құрылған кесте бар болса, үшінші қадамда шебер сізге құрылған кестені бұрынғы құрылғанмен байланыстыруға көмектеседі. Деректер қорындағы құрылған кестені бұрынғы құрылған кестемен байланыстыру үшін тізімнен кесте деректер қорының тізімінде бар кестені өзіңіз байланыстырғыңыз келгенмен таңдап, Связи батырмасын басыңыз. «Байланыстар» диалог терезесінде құрылғалы тұрған байланыс типін көрсетіңіз.

    Сіз MS Access-ке кестені құруға арналған барлық қажетті ақпаратты көрсетіңіз. Келесі қадамда алдағы жұмысыңыздың режимін көрсете аласыз:

  • Кестенің құрылымын өзгерту – шебер жұмысты аяқтаған соң, экранда кестенің құрылған құрылымының мүмкін модификациясы үшін конструктор режимі ашылады.
  • Деректерді тікелей кестеге енгізу – шебер жұмысты аяқтаған соң, экранда кестеге деректерді енгізуді бастауға мүмкіндік беретін кесте режимі ашылады.
  • Деректерді кестеге шебер құрған пішім көмегімен енгізу – шебер жұмысты аяқтаған соң, экранда құрылған кестеге ақпаратты енгізудің экрандық пішімі ашылады.

    Керекті режимді орнатып, Готово батырмасын басыңыз. Бұл қадаммен шеберді кестені  қалыптастыруға жібересіз. Бұл процесс  аяқталған соң, өзіңіз таңдаған опциядан тәуелсіз экранда кестенің конструкторы терезесі, кестенің көру терезесі немесе кестеге деректерді енгізудің экрандық пішімі ашылады.

    Access  бағдарламасының әр түрлі форматтағы  басқа файл деректерін ДҚ деректеріне  айналдыру мүмкіндігі бар. Оның  суретте көрсетілген терезеде  орындауға болады.

    Деректерді DBASE, FOXPRO сияқты ДҚ–нан мейлінше оңай орындалады. Өйткені, олардың құрылымдары ұқсас, яғни ДҚ – да деректер кесте түрінде жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, EXCEL электронды кестесімен импорттау оңай жұмыс емес. Оның жұмыс парағы да бағандардан тұрғанымен, олар ДҚ бағандар сияқты емес. Өйткені, олар әр түрлі типтегі берілгендерді сақтай алады. Мұндай импорттау кезінде қолданушыға бірнеше қосымша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап бере отырып, импорттау жұмысын орындауға болады. Бірақ, оның өзінде берілгендер толық көшірілмеуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер қолданылатын берілгендерден тұратын текстік файлдарды импорттауға болады. Мұндай файлдардың ерекшелігі оларда берілгендер белгілі бір ретпен жазылады.

    Деректерді  импорттау арнайы Шебер арқылы орындалады. Оның жұмысы параметрлерді анықтаудан басталып, алты қадамнан тұратын Шебер терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы терезедегі Дайын батырмасын  басумен аяқталады. Сонда бастапқы алынған файлдағы деректер Access ДҚ – ның деректеріне айналады. Сонымен, импорттау процесінде Access кестесінің өрістері анықталып, ондағы деректер сырттағы басқа файлдан алынады.

    ДҚ–ның Access – те қолдау табатын бірнеше  форматтары бар. Сондықтан кейбір жағдайларда  ДҚ – нан импорттаудың орнына файлмен  байланыс орнату жеткілікті. Бұл тәсіл әр түрлі ДҚБЖ–де құрылған екі ақпараттық жүйені интегралдауға мүмкіндік береді. Сонымен кестелермен байланыс режимінің алгоритмі мынадай:

Информация о работе MS Access