Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 09:10, дипломная работа
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп қолданысқа ие Macromedia Flash программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Macromedia Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады.
Информатикада сыныптан тыс жұмыста macromedia flash бағдарламасын оқыту әдістемесі
Кіріспе
Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетінсыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады.
Информатиканы оқыту әдістемесі компьютерлер мен компьютерлік тех нология құралдарын пайдалану тәсілдерін үйрену барысында әдістемелік пән ретінде жетекші орынға ие. Бұл пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың өнімді де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылаады. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми- зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметініің барлық салаларына информациялық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Бұл жағдайлар болашақ иннформатика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын, оқытудың әдістерін терең меңгеріп, оны сабаққа тиімд қолдана білу міндетін жүктейді.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп қолданысқа ие Macromedia Flash программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Macromedia Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Macromedia Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
Осы мақсатымызға жету үшін, бізге Macromedia Flash технологиясын білу өте маңызды рөль атқарады.
І-тарау. Орта мектепте информатика пәнін оқытудың теориялық негіздері
Информатика
курсы – бұл информатика мен
есептеуіш техника негіздеріне
арналған жеке оқу пәні. 1984 жылдың
соңында Кеңес Социалистік
Жаңа
пәнді оқыту үшін 1985 және 1986 жылдардың
жаз айларында мұғалімдерді
Жалпы
білім беретін мектепке «
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты:
Компьютерлік сауаттылық, білімділік, ақпараттық мәдениет
Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және ЕТН» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және ЕТН» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактиканың жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынған, алайда жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және ЕТН» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылған. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер темендегідей топтарға бөлінген:
• өндірісте және адамзат іс-әрекетінің басқа салаларындағы компьютердің ролі және қолданылуы.
Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық (КС) ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті (АлМ) ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің ролі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде пайда болатындығын көрсетеді. Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу» және ИЕТН курсының алғашқы әдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды». Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік үшін формуламен белгілейміз: алгоритмдік мәдениет – компьютерлік сауаттылық.
Төменде «Информатика және ЕТН» пәнінің алғашқы бағдарламасы, оқушыларға арналған байқау оқу құралдары мен мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар пайда болғаннан соң мамандар мен педагогтардың жиналысында талқыланған «компьютерлік сауаттылық» ұғымына берілген толықтырулар келтірілген.
1. Компьютермен «сұхбаттасу» икемділігі.
2. Компьютер үшін қарапайым бағдарламалар құру.
3. ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік.
4. ЭЕМ-нің мүмкіндігін және қолдану ауқымын, компъютерлендірудің әлеуметтік әсерін елестету.
Мектептегі «Информатика және ЕТН» пәнінің алғашқы бағдарламасының әдістемелік тұжырымдамасы байқау оқу құралын жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның екінші түрі өнделіп жарияланды. Бұл жаңа бағдарлама мектепте информатика саласынан білім беру мазмұны мен мақсатының дамуында ерекше орын алды және тарихқа «Информатика және ЕТН» мектеп пәні бағдарламасының «машиналық» нұсқасы ретінде енді.
«Информатика және ЕТН» пәнінің алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді. Белгілі «компъютерлік сауаттылық» түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым «оқушылардың ақпараттық мәдениеті» ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған «Информатика және ЕТН» пәні оқушыларда:
Бұл талаптардың төмен дәрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндетті, ал толық қамтылуы оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады .
Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылықтың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді. Сондықтан, «ақпараттық мәдениет» ұғымына енетін барлық жаңа тусініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз мектеп «Информатика және ЕТН» пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз.
Жаңа бағдарламада
тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетей
Алгоритмдік мәдениет-компьютерлік сауаттылық – ақпараттық мәдениет ...
Тізбектің соңындағы сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті. Мәселен, байланыс арналары мен компьютерлік коммуникацияның бір мезгілде дамуы «ақпараттық мәдениет» ұғының мазмұнына коммуникациялық технология туралы түсінік енгізу, қазіргі ақпараттық қоғамдағы әрбір адамның жалпы мәдениетінің міндетті әлементі болып табылады. Информатиканы мектепте оқытудың мақсатына түзетулер енгізу келешекте қарастырылатын басқа да процесстер мен жағдайларға өз ықпалын тигізеді.
Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың
мақсаттары мен міндеттері
Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары информатиканың ғылымдар жүйесіндегі, қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Мектепке тән негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық.