Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 07:35, курсовая работа
ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-дың элементтік базасының ауысуымен байланысты.
Оларда электрондың шамдар пайдаланылған ЭЕМ –нің алғашқы түрі АҚШ – та шықты. ENIAC және барлық басқа ЭЕМ – дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар). Оларды қазіргі ЭЕМ – нің аталары деп атауға болады. Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-нің арғы атасы деуге болады.
Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны магистраль немесе шина деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады).
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттеріне толығырақ тоқталайық.
Жүйелік блок. Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған және қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштары орналастырылған. Сонымен қатар, жүйені электр тоғына қосатын батырма қойылған. Оның ішіндегілерінің түрін көру үшін артқы қақпағын ашу керек. Бірақ корпусы әртүрлі болуы мүмкін. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискі жетек, компакті дискіден оқитын (CD-ROM) орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйелік блогінде компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.
Жүйелік блок: столға қоятын (горизонталь түрде), еңкейген немесе тік орналасқан «башня» түрінде жасалуы мүмкін.
Башнялық жүйелік блоктың екі түрі болады, олар: мини – оны столдың шетіне орналастырады, миди – оны стол үстіне орналастыруға болады және максибашня – оны еденге қояды.
Жүйелік блоктың ішінде аналық (материнская, системная) плата, процессор, қоректендіру блогі, жедел жад, қатты диск, дискжетек, (CD-ROM), көрініс платасы, дыбыс платасы және басқа құрылғылар орналасқан. Жүйелік блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды(монитор порты, маус, пернетақта), қосымша құрылғыларды (принтер порты, модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан.
Процессор. Процессор – компьютердің басты бөлігі. Процессор – компьютердің «миы». Ол компьютерді басқарады және прграммадағы барлық командаларды (амалдарды) орындайды. Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды. Компьютердің кез келген жұмысы прцессордың қатынасынсыз орындалмайды. Компьютердің атқратын жұмысының бәрін, шын мағынасында, оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде көп тарала бастаған, жетілдірілген процессор – «пентиум» (Pentium), ал ол орналасқан компьютерді «Пентиум» деп атайды. Компьютерлердің негізгі мінездемесінің бірі – оның амал орындау жылдамдығы, ал жылдамдық мегагерцпен өлшенетін жиілік. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті информациялар алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.
Жедел жад. Компьютердің ішкі жады жедел жад немесе жедел сақтау құрылғысы (ЖСҚ) деп аталады. Ол өзіне информацияларды жедел жазуға және оқуға мүмкіндік береді. Ондағы информациялар уақытынша сақталады, яғни компьютер өшірілмегенше. Егер компьютер өшірілсе, онда жедел жадтағы барлық информация жойылады (өшеді). Жедел жадта ағымда орындалатын барлық программалар сақталады.
Компьютерде екі ішкі жад болады: ТСҚ (ПЗУ – постоянное запоминающее устройство) – тұрақты сақтау құрылғы – бұл компьютердің ішкі жады болып есептелінеді, ол компьютер құрастырушы фирма қондырған схема түрінде жасалған жад. Компьютерді алғаш қосқанда, информация ТСҚ- дан алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған операциондық жүйе іске қосылады. Компьютерді сөндіргенде, ТСҚ-дағы информациялар өшпейді. ЖСҚ (оперативное запминающее устройство) – жедел сақтау құрылғы – бұл информацияларды уақытша сақтап тұруға арналған жад. ЖСҚ-ның көлемі онша үлкен болмайды, сондықтан ЖСҚ-дан информацияларды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп қою қажет.
ТСҚ (ПЗУ): информацияларды тұрақты сақтау жады. Компьютерді өшіргенде, ТСҚ-дағы информация бұзылмайды. Бұнда жазылған командаларды оқуға болады, бірақ команда, информация жазуға болмайды. |
ЖСҚ (ОЗУ): информацияларды уақытша сақтау жады. Компьютерді өшіргенде, ЖСҚ-дағы информация бұзылады. Бұнда жазылған командаларды оқуға, жаңа команда, информация жазуға болады. |
Жедел жадтың негізгі мінездемесі – оның сыйымдылығы (көлемі) және жылдамдығы. Процессор мен ЖСҚ ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы болып табылады. Компьютер жұмыс істеу үшін солар жеткілікті.
Процессор және процессор буындары.
Микропроцессор бір
жартылайөткізгіш кристалда жүзеге
асырылған аса үлкен
Алғашқы микропроцессорды 1971 жылы Американың Intel фирмасы жасап шығарды. Бұл – калькулятор жасаушылардың талабына орай жасалған 4-разрядтық Intel 4004 процессоры болатын. Микропроцессор шапшаңдығы герц арқылы өлшенетін тактілік жиілікпен анықталады. Ал, бұл микропроцессордың тактілік жиілігі 750 КГц.
Алғашқы 16-разрядтық Intel 8086 микропроцессорлары 1977 жылы шыға бастағанмен, тек 1978 жылы ғана өндіріске қойылды. Бұл процесссор кейіннен IBM фирмасының дербес компьютеріне орталық процессор ретінде таңдап алынды. Ал 1982 жылдан бастап IBM PC AT компьютерлерінде қолданылған Intel 80286 процессорлары шықса, 1985 жылы алғашқы 32-разрядтық і80386 процессорлары шықты.
Микропроцессорлар
тек бүтін сандармен ғана
Pentium – 1993 жылдың наурызында Intel фирмасы Pentium деп аталынатын жаңа буындағы 32-разрядтық процессорлардың өндірістік қойылымын хабарлады. Жаңа процессор 32-разрядтық адрестік және 64-разрядтық мәліметтердің сыртқы шинасы болды, 0,8 микрометрлік технология бойынша жасалып, 60 және 66 МГц тактілік жиілікте жұмыс істеді. Сонымен бірге, осы процессордың ММХ, яғни қосымша мультимедиа-инструкциялармен жабдықталған нұсқасы да болды. Бұның негізі – бір инструкция арқылы көптік мәліметтерді өңдеу технологиясы болды.
Pentium Pro – Бұл процессорды даярлау 1991 жылдан басталғанмен, өндіріске тек 1995 жылы енді. RISC-процессорда алғаш рет бірінші деңгейдегі кэш-жадпен бірге екінші деңгейдегі кэш-жад қолданылды да, тактілік жиілігі 150-200 МГц аралығында болды.
Pentium II – Алғашқы процессорлар 1997 жылдың мамыр айында шыға бастады. Осы жалпылама атпен нарықтың түрлі сегменттеріне арналған, мысалы, қымбат емес low-end компьютерлерге, орта деңгейдегі дербес компьютерлерге, жоғары өнімді серверлерге және жұмыс стансаларына арнап процессорлар шықты. Klamath – осы линейкадағы алғашқы процессор және 233-300 МГц аралығында жұмыс істеді. Deschutes – бұл модель осы линейканы жалғастырды әрі 350-450 МГц аралығында жұмыс істеді. Бұл процессорлар кейіннен арзан компьютерлерге арналған Celeron модельдеріне арқау болды. Бұл процессорлардың кереметі сол – өте жақсы «қуылады», мысалы, Celeron 300 процессоры 464 МГц жиілікте жақсы жұмыс істейді. Бұдан басқа осы процессорлардың Covington, Mendocino, Xeon деген сияқты нұсқалары кең тарады.
Pentium III – Мұнда 128-разрядтық регистрлер қосылып, жадқа ағындық ену технологиясы жетілдірілуі салдарынан тактілік жиілігі 450-600 МГцке шейін артты.
Пернетақта – компьютерге информация енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлы пернелер арқылы компьютерге кез келген информацияларды енгізуге болады. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады. Пернелер бірнеше блокқа (топқа) бөлінеді:
Жоғарыда аталғандардан басқа пернетақтада бірнеше арнайы пернелер орналасқан. Солардың негізгілерін қарастырсақ:
1. Enter немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу арқылы қандай да бір әрекеттің, амалдың тәмәмдалғанын көрсетуге немесе компьютерді амалдарды орындауға жіберуге болады. Қашан команда пернетақтадан терілгенде, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады, оны компьютер жадында жазу үшін міндетті түрде Enter пернесін басады.
2. Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символддарды бір-бірінен ажыратып жазуға пайдаланылады.
3. <- немесе Backspace пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіруге пайдаланылады (қатені түзету үшін).
4. Shift пернесі. Бұл жазба әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге айдаланылады. Баспа әріптер алу үшін оны басып тұрып қажетті әріпті тереді.
5. Caps Lock пернесі. Егер оны бір рет басып қойса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі.
6. Delete пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді (символ дисплейден және машина жадынан өшіріледі)
Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинацияларын пайдаланады. Ол мақсатты Ctrl және Alt пернелері орындайды. Мысалы, ағылшын әріпінен орыс әріпіне көшу үшін Alt+Shift пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, одан соң Shift пернесін басады да, оларды босатады.
Зертханалық жұмыс № 5.
Компьютердің сыртқы есте сақтау құрылғылары Дискеттердің конструкция-лары.Иілгіш дискідегі жинақтауыштар(FDD).
Қатты дискідегі жинақтауыштар (HDD).
Зертханалық жұмыс № 6.
Лазерлік жинақтауыштар
CD ROM ,CD-RCD-RW. CD ROM интерфейсі мен жинақтауыштар.
Зертханалық жұмыс № 7.
Компьютердің енгізу-шығару құрылғылары. Клавиатура түрлері және оның құрылымы..Манипуляторлар.Бейне платалар. Мониторлар және олардың сипаттамалары.
Зертханалық жұмыс № 8. Элементар логикалық функциялар.Сумматор мен триггердің жұмыс істеу принциптері.
Зертханалық жұмыс № 9.
Микропроцессор түсінігі.
Зертханалық жұмыс № 10. Микропроцессордың негізгі өндірістік салалары. Болашақтағы микропроцессор. Микропроцессорлық жинақтар.
Зертханалық жұмыс № 11. Қазіргі кездегі компьютердің архитектурасы.Жүйелік плата,оның қолданылуы,негізгі элементтері.Жүйелік магистраль.
Зертханалық жұмыс № 12. Жүйелік магистральдардың негізгі стандарттары (шиналар).
Шиналарды буферизациялау. Жүйелік магистральдарды басқару.Сыртқы құрылғы адаптерлері.
Зертханалық жұмыс № 13. Ақпаратты өңдеу жүйесінде компьютерді қолдану.Сервер және жұмыс станцияларының архитектурасы.
Зертханалық жұмыс № 14.
ЭЕМ-нің архитектуруасының қазіргі заманғы даму тенденциясы.Жоғарғы деңгейдегі өндірістік әмбебаб және арнайы ЭЕМ-дер.
Зертханалық жұмыс № 15.
Арнайы есептегіш комплекстер архитектурасы, бағдарламалық жабдықтауға бағытталған архитектура
I) «Егіз сандар»:
Берілген санау жүйесіндегі сәйкес сандарды тап:
1)
Рет нөмірі |
Санау жүйесінің негізі | |
10 |
8 | |
1. |
21 |
37 |
2. |
37 |
31 |
3. |
18 |
32 |
4. |
9 |
40 |
5. |
25 |
17 |
6. |
32 |
22 |
7. |
15 |
26 |
8. |
26 |
15 |
9. |
31 |
11 |
10. |
22 |
45 |
2)
Рет нөмірі |
Санау жүйесінің негізі | |
10 |
16 | |
1. |
26 |
18 |
2. |
18 |
23 |
3. |
38 |
1D |
4. |
30 |
14 |
5. |
20 |
1A |
6. |
24 |
13 |
7. |
39 |
1E |
8. |
29 |
26 |
9. |
19 |
12 |
10. |
35 |
27 |