Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 07:35, курсовая работа
ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-дың элементтік базасының ауысуымен байланысты.
Оларда электрондың шамдар пайдаланылған ЭЕМ –нің алғашқы түрі АҚШ – та шықты. ENIAC және барлық басқа ЭЕМ – дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар). Оларды қазіргі ЭЕМ – нің аталары деп атауға болады. Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-нің арғы атасы деуге болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Информатика және ЕТ» кафедрасы
«Компьютер архитектурасы»
пәні бойынша зертханалық жұмыстар
Тараз -2012
Зертханалық жұмыстардың тақырыптары:
Зертханалық жұмыс №1.
Тақырып: ЕТ-ның даму тарихы, қазіргі заманғы компьютерлердің даму кезеңдері.. ЭЕМ-дің буындары
Мақсаты: ЕТ даму тарихын және ЭЕМ кезеңдерін білу, ЭЕМ кезеңдеріне
хронологиялық кесте құру.
Қысқаша мәліметтер
ЕТ дамуының негізгі кезеңдері
Отандық есептеуіш техникасының даму тарихы.
ЭЕМ- нің даму тарихы.
Қысқаша мәліметтер
ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-дың элементтік базасының ауысуымен байланысты.
Оларда электрондың шамдар пайдаланылған ЭЕМ –нің алғашқы түрі АҚШ – та шықты. ENIAC және барлық басқа ЭЕМ – дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар). Оларды қазіргі ЭЕМ – нің аталары деп атауға болады. Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-нің арғы атасы деуге болады.
Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр алатын және мыңдаған электрондық шамдары бар алып құрылғылар еді. Оларға бағдарламалар мен мәліметтерді енгізу үшін, перфоленталар мен перфокаталар пайдаланылды. Бұл машиналар үшін бағдарламалар машиналық командалар тілінде құрылды, сондықтан сол кездерде кез-келген адамдарға онда бағдарламалау мүмкін болмады. Ең жылдам машиналардың есептеу жылдамдығы секундына 20000 операция болды.
1955 жылдан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайдаланыла бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер –транзисторлар пайдаланылды.
Сонымен, ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланылатын электр қуаты да азайды., сонымен қатар олардың жылдамдығы секундына бірнеше он мыңдаған операцияларға жетті. Сол кездегі жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілдері: Фортран, Алгон, Кобол қолданыла бастады. Бағдарламаларды құру машинаның моделінен тәуелсіз бола бастады.
Біраз уақыттан кейін электрондық өндіріс орындары интегралды схемалар жасай бастады. Интегралды схема – бұл шағын жартылай өткізгіш кристалдар, оларды бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған бар. Сонан кейін, бірнеше жүздеген мың транзисторлардан тұратын жартылай өткізгіш кристалл – үлкен интегралдық схема пайда болды.
Интегралдық схема негізінде
құрастырылған ЭЕМ-дер – бұл үш
Үшінші буындағы ЭЕМ-дер бір машинадан бірнеше бағдарламаларды қатар орныдау мүмкіндігін берді. Мұндай режім мультибағдарламалық режім деп атады. Осы кездерде деректер базасы, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жасалып, ЭЕМ-дер халық шаруашылығында кеңінен қолданыла бастады.
1971 жылы АҚШ-тың «Интел» фирмасы компьютердің негізгі блогы – процессордың жұмысын орнындауға қабілетті өте үлкен интергралдық схеманы- алғашқы микропроцессорды жасады. Микропроцессорлардың жасалуы – бұл информатикадағы революция болды. Осының нәтижесінде үстелдерніде кішкене ғана ЭЕМ тұр, ол дербес компьютер ДК – деп аталды.
Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер – бұл төртінші буындағы ЭЕМ – дер. Олар 70-жылдардан бастап өндіріске енді. Бұл ЭЕМ өзінің жадының көлемі мен есептеу жылдамдығы бойынша бірінші буындағы ондаған ENIAC типті ЭЕМ-дерге тең.
1980 жылдан бастап АҚШ-тың
ІВМ фирмасы дербес
Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни «жасанды интеллект» ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтамыз, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені шешетін болады.
Бақылау сұрақтары:
Реферат тақырыптары:
Әдебиеттер:
1.Апокин И.А, Майстров
Л.Е-История вычислительной
2. Апокин И.А, Майстров
Л.Е,ЭдлинИ.С-«ЧарльзБэббидж»-
3.Рутер Р:С Полунов
Ю.А- «От абака докомпьютера»-
4.Бордовский Г.А извозчиков В.А -«Информатика в понятиях и терминах»
М: Просвещение 1991
Зертханалық жұмыс № 2.
Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне аудару тәсілдері.
Компьютерде қолданылатын санау жүйелері.
Ондық санау жүйесінен басқа, негізі 2 санының бүтін дәрежесі
болатын төменгі кестедегі жүйелер пайдаланылады:
q жүйе негізі |
Базистік цифрлар |
2 |
0,1 |
8 |
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 |
10 |
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 |
16 |
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F |
Неге компьютерде екілік санау жүйесі қолданылады?
Басқа жүйелерге қарағанда екілік санау жүйесі компьютерді техникалық игеруіге өте қолайлы. Екілік санау жүйесінің құндылығына мыналар жатады: орындалатын операциялардың
қарапайымдылығы және компьютер элементтерінің екі жағдайын ғана қолдану арқылы ақпаратты автоматтандырып өңдеу мүмкіндігі.Компьютерде қолдануға екілік жүйенің басқа жүйелерден айқын басымдылығы мынадай:
-жүйені техникалық игеруіге екі тұрақты қалыпты ұстайтын техникалық құрылғыларды қолдану ыңғайлы (тоқ бар – тоқ жоқ,магниттелген – магниттелген жоқ т.б);
- ақпаратты тек қана екі тұрақты қалыпты құрылғылар арқылы көрсету сенімділігі және бөгетке тұрақтылығы (орысша помехоустойчиво);
- ақпараттың логикалық өңдеулерін орындауға бульдік алгебраның аппаратын қолдану мүмкіндігі;
- екілік арифметиканың жеңілдігі.
Кемшілігі – разрядтар санының тез өсуі, сондықтан адамға
тұрмыста қолдануға
Сонымен қатар компьютерде неге сегіздік және оналтылық санау жүйелері қолданылады?
Екілік жүйе компьтерлер үшін ыңғайлы, бірақ адамдарға жазылуының қолайсыздығына байланысты, жайсыз. Санды ондық санау жүйесінен екілік жүйеге және керісінше аударуды машина атқарады. Бірақ компьютерді кәсіби пайдалану үшін, машиналық
сөзді түсіну қажеттілігі туындайды.Сол үшін сегіздік және оналтылық жүйелері құрастырылған.Сегіздік және оналтылық жүйеде берілген сандарды екілік
жүйеде өрнектеп жазу оңай, себебі
3
2 = 8,
4
2= 16
Мысалы: Бұл үшін 8-дік санның әр цифрын үш екілік цифрларына –триадаларға, 16-лық санның әр цифрын төрт екілік цифрларына –тетрадаға алмастырса жеткілікті (триада-үштік, тетрада-төрттік).
Мысалы:
Керісінше, триадалар мен тетрадаларды пайдаланып екілік санды 8-дік, 16-лық жүйелерде өрнектеп жазу да қиын емес.Бұл үшін, алдымен екілік санның бүтін бөлігін оңнан солға
қарай, ал бөлшек бөлігін солдан оңға қарай топтастырып алу керек.Егер соңғы топтар толық емес болса, онда оларды қосымша нөлдерді тіркеп жазу арқылы толықтыру қажет. Сонан соң әр топ жаңа жүйенің сәйкес цифрына ауыстырылады
Мысалы:
Екілік сандарды триада және тетрада арқылы жазу оларды екілік – сегіздік және екілік- оналтылық аралас жүйелерде жазу деп аталады.Сандарды екілік-ондық деп аталатын түрде де жазу мүмкін.Ондық санды екілік-ондық аралас жүйеде жазу екілік- оналтылық санды жазу сияқты тетрадалар арқылы орындалып, 2-10 индексімен жабдықталады.
Мысалы: 145,6 = 0001 0100 0101, 01102-10
Ескерту: Шын мәнінде теңдіктің сол жағы оның оң жағына тең
емес. Компьютер үшін, екілік-ондық жүйе, оның ішкі ұсынымында
қолданылатын негізгі пішімі.
Екілік жүйеде қосу
Сегіздік жүйеде қосу
Он алтылық жүйеде қосу
Тапсырмалар:
1. 2-лік, 8-дік, 16-лық санау жүйелеріне аударыңыздар:
87510; 24,1510; 409610; 0,13510; 12,45710; 227,9710;
2. Ондық жүйеге аударыңыздар:
а)1011110(2); б)1000101(2); в)1010101101,01011(2); г)
111011100,0001(2); д)775,11(8); е) 924,3(16); ж)1216,04 (8) з) 29А,5(16).
3. Мына теңдіктердің дұрыстығын тексеріңіздер:
336 = 2110 3710 = 2913 456=110102
123=1012 578=14210 13210=6611
4. Мына шарттар бойынша жүйе негізін табыңыздар: