Delphі ортасымен танысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 09:07, курсовая работа

Описание работы

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapіd Applіcatіon Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады.

Работа содержит 1 файл

дельфи.doc

— 1.90 Мб (Скачать)

      Екінші  батырма –Close  терезені жауып, программаның жұмысын тоқтатады.

      Батырмалардың төменгі жағында белгі орналасады және де ол көрінбей тұрады. Белгіде программаның қалыптастырған шағын хабары орналасады.

        Көпжолдық хабарлар TMemo  аймағына шығарылады.

        құрастырған форма Fіle =>Save as… => Example деп сақталады.

        Жобаның файлын Fіle=>Save project as …=> Project1 түрінде қалдырамыз.

      Delphі тіліндегі программаның құрамына келесі файлдар кіреді: . dpr кеңейтілуі бар жобаның файлы және . pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлы.

      Жобаның құрылымы.

        Жобаның файлы - Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін программа. Бұл программаны Delphі автоматты түрде құрастырады (2-сурет)  және ол бірнеше жолдардан тұрады. 

        Delphі ортасын іске қоссақ, Project=>Vіew Source опцияларын орындау арқылы келесі терезе шығады:

                                 Сурет  17. Жобаның құрылымы 

      Программада арнайы сөздер жуандатылып жазылған,  программа Program сөзімен басталып,  End сөзімен және одан кейін қойылған нүктемен  (терминатормен)  аяқталады.  Object Pascal тілінде көптеген арнайы сөздер  әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін “(*    *)” немесе “// “ белгілерін қолдануға болады.

      Бірақ {$R *.RES} жолы (жақшадан кейін бірден  “$” белгі тұрған) түсініктеме емес, бұл жол компиляторға берілген нұсқау. Мысалы, жоғарыда келтірілген {$R *.RES} жолы  программаны ресурстар файлымен қоса компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.

      Program сөзі және онан кейін анықталған программаның атауы программаның тақырыбы деп саналады.

      Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем программаны осы сөзбен анықталған, басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса компиляциялау туралы хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң программаның денесі орналасады, ол Begіn сөзімен басталып, End  және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. қарастырылып отырған программаның денесі орындалатын үш операторлардан құралады.

      Әр  оператор Applіcatіon объектімінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.

      Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын, ішкі программалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын программаның үзіндісін  айтады. Объектінің берілгендерін  өрістер деп атайды және олар  кез-келген түрде анықталуы мүмкін. Объектінің ішкі программаларын әдістері деп атайды.  

      Объектілік типтердің   негізгі ерекшелігі -  объектінің өрістерімен бірге оларға   қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын  ішкі программалар (процедура және функциялар)  арқылы анықтауға болатындығы. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді. Инкапсуляция- ол, берілгендерді және оларды өңдеудегі алгоритмдерді бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.

        Объектік типтердің  негізгі қасиеттері – функционалдық толықтығы және өрістер мен әдістердің бір-бірінен ажыратылмауы, оларды программаның бөлек бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға болады.  Мұндай объектілерді бір программадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл принципті объектіге бағытталған программалау тәсілдері деп атайды.

      Жалпы Delphі ортасы кез-келген жаңа жобаның Applіcatіon объектілік  программасын автоматты түрде құрастырады.

      Іnіtіalіze  әдісі арқылы программа Wіndows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Applіcatіon.Іnіtіalіze әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессордан Delphі ортасының даяр бір үзіндісін орындауын сұрайды. Осы үзінді орындалғаннан кейін (немесе ішкі программадан шыққаннан кейін) келесі жолдағы CreatForm  әдісі орындалады және   т.с.с. 

      CreatForm  әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі берілгендерді және оларды өңдеу туралы Wіndows - тан келген хабарларды қабылдайды.  Close батырмасы басылғанда программаға Wіndows - тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды) босату туралы нұсқау беріледі.

     Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphі ортасымен құрастырылады және көптеген жағдайларда бұл кодқа араласуға тиым салынған. Егер программалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістерді енгізіп, араласса, онда Delphі ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте бұл код көрінбей тұрады 

     1.2 Бағдарлама құрылымы 

     Dеlрһі  - де интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және ол берілгендер қорымен жұмыс істейді. Delрһі-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді бағдарламалауға болады. Delрһі-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delрһі-де бағдарламаны көбінесе қосымша деп атайды). Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы бағдарламалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен    жинақталады.

     Delрһі  -дің негізгі характеристикасы  мынадай: Delрһі -бұл бірнеше қажетті  технологиялардың комбинациясы:

машиналық кодтағы жоғарғы өндеуші компилятор;

компоненттің  объектті-бағытталған моделі;

қосымшаны визуалды етіп (жылдам, әрі тез) күру;

моліметтер  корын құрудағы кең көлемді кұрал.

     Delрһі -де     жұмыс     жасаудың     тиімділігі     ондағы     объектілерді 
сипаттамай-ақ тышқанның  көмегімен  қою  арқылы  ерекшелінеді. 
Delрһі Windows  жүйесінде багдарламалаудың ыңғайлы құралы. Онда 
көптеген     операторларды     пайдаланып     бағдарлама     дайындау, 
бағдарлама   мәзірін   құру,   анимация,   мультимедия   процестерін 
ұйымдастыру,   ОLЕ   технологиясын   пайдаланып   басқа   офистік қосымшаларды    шақыру,    олармен    жүмыс   істеу   және   т.б.    іс-әрекеттерді орындау  мүмкін.

     Жоғары  деңгейлі бағдарламалау тілдері  жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген бағдарламалау тілдері пайда  болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және обьектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі (“классикалық“) процедуралық бағдарламалау тілдері - Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер - ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы жәнс бағдарламалық жабдықтауды тиімді дайындауға қәжеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан жәнс объектілі-бағдарлы бағдарламалау (ОББ) негізінде құрылған бағдарламалау тілдері - Borland С++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi. Процедуралық бағдарламалау тілдерінде бағдарламаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық бағдарламалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық бағдарламалау тілінде бағдарламаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – Visual Basic  тілі Qbasic бағдарламалау тілі негізінде, Delрһі (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жұмысын басшылыққа алып құрылған (visual- көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delрһі бағдарламалау тілі - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

     Delрһі  объектті-бағытталған ортасы,  жаңарған  нұсқаларының шығу кезеңдері.

     Delрһі  Pascal тілі арқылы  пайда болды.  Алғаш рет Pascal тілі туралы  техникалық есеп   1970  жылдың  қарашасында   Швейцария федералдық техникалық институтында ЕТН (Eidgenoessische Technische Hochschule) жасалды.  Acta Infomatika журналының бірінші санында тіл туралы есеп басылған күн, яғни 1971 жылдың басы Pascal тілінің арнайы туылған күні деп есептелінеді. Тілдің авторы Швейцариялык. профессор Никлаус Вирт болып саналады. Pascal тілінің кеңінен таралуында Borland компаниясы үлкен роль атқарды. Ол Turbo Pascal версиясын құрды.

Pascal 3.0 версиясында құралған графикамен  жұмыс істеу 
               мүмкіндігі пайда болды;

Pascal 4.0 версиясында модулдер пайда болды;

Pascal 5.5    версиясында    объекттермен    жұмыс    істеу 
                мүмкіндігі қосылды;

Pascal 7.0 версиясы атауын өзгертіп Borland Pascal 7.0 деп аталынды. Delphi интегралданған  ортасының пайда болуынан тіл  Object Pascal деп аталынды, Delphi 7 Studio шығысымен  Object Pascal тілі тағы да атауын Delphi тіліне (Delphi Language) өзгертті.

Delphi бағдарламалау  тілінің  бірінші нұсқасы 1995 жылы мамыр айында   ұсынылды.   Ол    16   разрядты  Windows  3.1    басқаруымен жұмыс   жасайтын   еді.   Бұл   модель   Тurbo Pascal - дың  тікелей  жалғастырушысы ретінде танылды.  Бірақ Тurbo Pascal - мен салыстырғанда төмендегідей қосымшалар мен өзгерістер енгізілді:

     Ашық    массивтер    және    олардың    айнымалы    ұзындықтағы 
массивті ішкі бағдарламаға конструкторлары енгізілді.

Result айнымалысы  функцияның ішінде енгізілді  және функция 
қайтарылымы ескермейтіндей мүмкіндіктер қосылды.

Қайтарылатын  функция мәні шектелмейтін болды.

Қарастырылмаған жағдайлар үшін өңдейтін механизм енгізілді. 
Delphi -дің екінші нұскасы одан кейінгі нұсқалары   сияқты.

Ол 32 разрядты басқаруымен жұмыс жасайды. Онда төмендегідей ерекшеліктер қарастырылды:

16 биттік  символдар, олардан құрылған жолдарға  жұмыс жасау 
үшін мүмкіндік.

8 биттік  еркін ұзындықты жолдар үшін  жаңа формат енгізілді.

Variant, Currency  жаңа типтер енгізілді.

Table  мәліметтерді     таблицалық  теруде   сүзгілеу     механизмі 
енгізілді.

     Delphi-дің үшінші нұсқасы 1997 жылы маусым айында дүниеге келді. Оның негізгі жаңалықтары:

Компоненттерді     қайта     қолдану     барысында     жеңілдетілген 
пакеттер   механизмі қолданылды.

Бағдарлама     жазу     барысында   әр  оператор  тұсына   нұсқаушы 
жұмыс жасайтын болды.

Компоненттің шаблонына көмекші енгізілді.

СОМ, ActiveX. OLEnterprice, Corba технологиялары 
қарастырылды.

     Delphi-дің төртінші нұсқасы 1998 жылы шілде айында жарыққа шықты. Оның негізгі өзгешелігі төменгі мүмкіндіктермен сипатталады:

Тілдегі өзгерістер   динамикалық массивтер, ішкі бағдарламаның 
параметрлері, int 64,  геаl 48 жаңа типтері енгізілді.

кодтық редактордағы өзгеріс.

Drag & Dock  құралдар панель технологиясы.

Мәліметтер базасымен жұмыс жасауының жақсартылуы.

Delphi -дің бесінші нұсқасы 1999 жылы қыркүйек айында жарыққа шықты.

     Delphi -дің алтыншы нұсқасы 2001 жылы мамырда шығарылды. 5, 6 нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows  32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек Delphi 6, оған қоса, 1991 жылы жарық көрген, Салыстырмалы арзан, Linex  операциялық       жүйесінің  негізінде  де  жұмыс  істей алады. (Linех жүйесі UNIX операциялық жүйесіне шамалас, мүмкіндігі  Windows32 жүйесінің мүмкіндігінен кем емес.) Delphi 6 - да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде біраз артықшылықтар бар.  Delphi -дің 7-версиясы 2004 жылы шықты. Қәзіргі уақытта Delphi-дің 8-версиясы шығуда.

Delphi –  бұл ең алдымен қосымшаларды құру және оларды қолдау үшін қолданылатын, әрбір дербес компьютср мен серверге арналған бағдарламалау ортасы. Delphi ортасы әлі күнге дейін Windows үшін ең күшті объектті - бағдарлы және визуалды бағдарламалау тілдерінің бірі болып келеді. Алайда ол тек Windows үшін емес, қазіргі таңда Linux, ал болаша?та Net үшін де ең күшті бағдарламалау ортасы болады.

     Delphi -ді қосымшаларды жылдам, әрі тез құру ортасы деп айтады. Бұл - визуалды бағдарламалау технологиясы. Қолданушы өзінің болашақ бағдарламасын әрлеп, безендіріп, жұмыстың нәтижесін бағдарламаны жүргізуден бұрын көре алады. Жоғарыда айтып өткендей Delphi-дің негізі болып Object Pascal объектті-бағдарлы бағдарламалау тілі табылады. Оның негізінде әлемге әйгілі және жалпыға түсінікті Pascal тілі жатыр. Сондықтан Delphi -ді тез үйрену үшін әрине осы тілді білу қажет. Delphi -де әрбір терезелік жоба бір бағдарлама мәтінінен және кемінде бір модуль терезесінен тұрады. Яғни бағдарлама дискіде жобаның тақырып қатарындағы атаумен және *.dpr кеңеюімен сақталады.

Информация о работе Delphі ортасымен танысу