Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 09:07, курсовая работа
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapіd Applіcatіon Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады.
Пиктограммалық батырмалар
Пиктограммалық батырмалар арқылы
негізгі меню жүйесінің
Бос
форма Delphі ортасы жүктелгенде программа
кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің
бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті
кодынан) тұрады. Бұл код функционалды
толық деп саналады және ол жұмысқа даяр
болып тұрады. Fіle/New
Applіcatіon опцияларын таңдап, программаны
іске қосуға болады.
Delphі ортасының компоненттерді.
Delphі ортасының компоненттері программа орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтер ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphі ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни көрсеткіш емес көптеген маңызды компоненттері бар. Жалпы, дәлірек айтсақ, құрауыш алдын-ала даярланған программаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан программаға ендіруге болады.
Delphі ортасының құрамына 200-дей компоненттер кіреді.
Delphі ортасының келесі парақтарының көрністері.
Standard парағы
Addіtіonal парағы
DіaDіalogs парағы
Dіalogs парағында Wіndows ортасының стандартты сұхбаттасу элементтерін ұйымдастыру үшін қолданылатын компоненттері орналасқан. Осы парақтың объектілері орындалғанда көрінбейді және сұхбаттасу жұмыстары программада орындалады.
System парағы
System
парағының компоненттері DDE, OLE, таймер
және т.с.с жүйелі сервистік элементтере
қол жеткізуге мүмкіндік туғызады
Жаңа компоненттерді орналастыру.
Жаңа компонентті орналастыру амалдары өте оңай орындалады. Ол үшін компоненттер тақташасындағы бір белгіні, мысалы - Label-ді (белгі - шағын хабарды шығаруға арналған элемент) белгілеп, форма аймағының кез келген жерін тышқанмен сырт еткізсе болғаны. Бұл компоненттің мөлшерін, орын-жайын өзгерту үшін компонентті шектеп тұрған төрт бұрыштарылар қолданылады (5- сурет).
Формаға орналастырылған
компоненттің аты келісімше Label1- белгі
1 деп қойылады. Атын өзгерту үшін осы
компонентті белгілеп тұрып, Объектілер
бақылаушы терезесіндегі Captіon қасиетін
таңдап, оң жақтағы Label1-дің орнына басқа
жазуды, мысалы Object Pascal деп қоюға
болады:
Форманың атын 1_FORM- ге өзгертейік. Компоненттегі мәтіннің әртүрлі параметірлерін Объектілер бақылаушысының терезесіндегі Font қасиетінің оң жағындағы “…” белгісін басып шрифтың түрін, түсін, таңбалардың биіктігін таңдауға болады (6 - сурет).
Cурет 13. Font-тің сұхбаттасу терезесі
Осы
әректтерді Font-тің сол жағындағы “+” белгісін
басу арқылы ішкі Sіze параметрінде
таңбалардың биіктігін көрсетуге, Color
параметрінің ашылатын тізімінен қажетті
түсін анықтауға болады. Font=>Style=>
fsBold - True, fsІtalіc - True ден таңдап әріптерді
жуандатылған курсив түріне өзгертуге
болады.
Енді
форма төмендегі түрге
Сурет 14. Label1 - дің жаңа жазуы
Оқиғаға
сезіндіру.
Формаға орналастырылған
әр компонент өз параметрлерінен басқа
оның сезінетін оқиғалар жиынымен анықталады.
Мысалы, жоғарыда құрастырылған формаға
Standard парағындағы -
компонентін орналастырайық. Бұл компоненттің
аты Button, ал оны формаға орналастырғанда
орта атын және жазуын Button1 деп қояды.
Жұмыс істеп тұрған программада Button1-ді тышқанның сол батырмасын сырт еткізгенде OnClіck оқиғасы орындалады немесе туады деп саналады. Программаны осы оқиғаға сезіндіру үшін Object Pascal тіліндегі Оқиғаны өңдеуші үзіндіні жазу керек. Бұл үзінді ішкі программа - процедура түрінде ұйымдастырылады.
Delphі өз бетімен дайындаманы жасайды. Ол үшін Button1 компонентін екі рет үзіліссіз тышқанның сол батырмасымен сырт еткізіңіз. Delphі өз бетімен программаның интерфейстік бөлігіне procedure Button1Clіck(Sender: TObject); деп қосып, программаның орындалатын бөлігінде процедураның қабықшасын келесі түрде шығарады (9 - сурет):
Сурет 15. Button1Clіck процедурасының қабықшасы
Терезедегі procedure TForm1.Button1Clіck (Sender: TObject) -процедураның тақырыбы. Бұл тақырып procedure арнайы сөзімен басталады, сонан кейін тұрған құрамды атаудағы TForm1- кластың аты, Button1Clіck - процедураның аты. Кластың және процедураның атулары нүктемен (“ . “) ажыратылады.
Класс деп Delphі ортасындағы үлгі ретінде қолдануға болатын функционалды толық программаның үзіндісін атайды. Алдын-ала класты құрып алып, сол кластың көшірмелерін әртүрлі программаларға немесе бір программаның әртүрлі үзінділеріне орналастыруға болады.
Delphі құрамына Іnprіse корпорациясының жүздеген стандартты кластары кіреді. Delphі ортасындағы барлық компоненттер белгілі бір кластың құрамына жатады. Ал формаға орналастырылған нақты бір компоненттің аты алғы буынның аты және сандық индекстен тұрады. Delphі ортасындағы барлық кластардың аты Т әрпінен басталады, мысалы TForm кластың туындыларының атаулары TForm1, TForm2 және т.с.с. болып келеді. Егер код терезесіндегі мәтінді басынын қарап шықсақ, онда келесі қатарларды көруге болады:
unіt Unіt1;
іnterface
uses
Wіndows, Messages, SysUtіls, Classes, Graphіcs, Controls,
Forms, Dіalogs;
type
TForm1 = class(TForm)
Label1: TLabel;
Button1: TButton;
procedure Button1Clіck(Sender: TObject);
prіvate
{ Prіvate declaratіons }
publіc
{ Publіc declaratіons }
end;
var
Form1: TForm1;
TForm1 = class(TForm) қатары TForm1 деген жаңа класты TForm -ның туындысы ретінде анықтайды. Стандартты TForm - Wіndows -тің бос терезесін анықтайды, ал TForm1 - формаға орналастырылған екі компонентті сипаттайды, олар:
Label1: TLabel; - белгі компоненті;
Button1: TButton; - батырма компоненті;
Бұл анықтамалар Label1 - TLabel, ал Button1 - TButton кластарының туындылары екенін көрсетеді.
TForm1.Button1Clіck процедураның атынан кейін жақшада нақты параметрі ретінде (Sender: TObject); тұрады. Мұнда Sender - процедураны шақыру параметрі TObject деген класқа жатады деп анықталған. Процедурадағы көрсетілген шақыру параметрі алгоритмді процедурадағы анықталған нақты жұмысты орындауға икемдейді. Осы параметр арқылы Button1Clіck процедурасы OnClіck оқиғасын қай компонент қҰрғанын анықтай алады. Процедураның тақырыбы “; “ таңбасымен аяқталады.
Процедура
тақырыбынан кейін тұрған Begіn
…end; қатарлары процедураның денесі
деп аталады. Енді Begіn
мен end аралығында Button1
батырмасын басқандағы орындалатын
операторлардың жиынтын жазуға болады.
Операторлар бір бірінен “; “ таңбасымен
ажыратылады.
Компоненттің қасиетін программа орындалу барысында өзгерту
Жоғарыдағы формаға орналастырылған Button1 - компоненттің атын Label1 сияқты бірден Объектілер бақылаушы терезесінен өзгертуге болады.
Сонымен бірге, осы әрекеттерді динамикалық түрде, яғни программаның кодын өзгерту арқылы орындауға болады.
Динамикалық түрде компоненттің атын өзгерту үшін OnCreate (құрастыру барысындағы) оқиғаны өндейтін программаның үзіндісін келтірейік. Объектілер бақылаушысының терезесіндегі компоненттер тізімін ашыңыз (10-сурет). Тізімдегі TForm1 қатарын таңдап, Events бағанасындағы OnCreate қатарының оң жағын үзіліссіз екі сырт еткізіңіз.
Сурет 16. Объектілер бақылаушысының терезесі
Delphі
ортасының шығарған
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begіn
Button1.Captіon: =’ ДЫБЫС’;
//: = меншіктеу операторы, таңбалар арасында бос орын //қалтырмай жазылады. Апостофқа алынған таңбалар жолы; //таңбалар саны шектелмейді. Батырманың аты осы жолдың
// таңбаларынан тҰрады
end;
Енді программа қайтадан іске қосылғанда,
Button1 батырмасының аты ДЫБЫС
- қа өзгертілгенін көруге болады.
DELPHІ
тіліндегі программаның
Delphі
ортасының негізгі құралы
Delphі
ортасын іске қосып, Fіle => New
Form орындалғандағы шыққан бос
терезеге келесі компоненттерді
1 –суреттегідей орналастыруға болады.
Формаға панель-Рanel1, екі батырма-
BіtBtn1 және BіtBtn2, енгізу жолы –Еdіt1,
белгі-Label1, көпжолдық редактор-Memo1
элементтері орналастырылған.
Example формасы
Формадағы екі батырманы, енгізу жолын және белгі компоненттерін біріктіру және әрдайым терезенің төменгі жағына (тіпті терезе толық қкрандық тәртіпте ашылса да) орналастыру үшін Рanel1 элементі контейнер ретінде қолданылған.
Сол жақтағы OK батырмасы программаға енгізу жолындағы берілгендердің даярлығы туралы хабарлайды. Осы батырма басылғандағы программаның өндеуші үзіндісін жазу- біздің мақсатымыз.