Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 09:07, курсовая работа
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapіd Applіcatіon Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады.
1
DЕLРHI ОРТАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕ ҚҰРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
1.1 Delphі ортасымен танысу
Borland
корпорациясы аз ғана мерзім ішінде
Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше
модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында
өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен
қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын
қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп
аталатын программалау жүйелерінің пайда
болуына алып келді. Мұндай ортаға
мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам
жасау RAD – жүйесіне “Rapіd
Applіcatіon Development” жүйесінің негізі визуалды
жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар
технологиясы жатады, оның мағынасы
өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне
алады да, программистке сұхбат терезелерді
және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру
жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген
объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның
негізіне Object Pascal (Turbo
Pascal жалғасы) жатады. Delphі әртүрлі программаларды
құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі
қосымшалардан тармақталған дерекқорларды
басқару программаларына дейін. Delphі-дің
ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен,
мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс
істейтін және динамикалық құрылымдармен
қосымшаларды құруға мүмкіндік береді.
Delphі-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының
сүйемелдеуі болып табылады.
Delphі тілінде программалау ортасымен танысу
Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated Development Envіronment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері ІDE ортасында орындалады.
Delphі ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск —> Программы —> Borland Delphі — Delphі 7.
Delphі-дің
ортасы көптерезелік жүйе деп саналады
және икемделуіне байланысты оның көрнісі
жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы
мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына
4 терезе кіреді:
Cурет 1- Негізгі терезе
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphі бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Wіndows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unіt кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphі жүктелгенде, Unіt терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphі ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы
Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphі ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады (2-сурет).
Бұл терезеде Delphі-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі меню жүйесінің опциялар тақырыптарының құрамына ішкі меню кіреді.
Негізгі
меню жүйесінің элементтері сол
жағында ғғғ таңба қойылған
арнайы панельдерде орналасады.
Негізгі менюден басқа
Компоненттер
жинағы - Delphі-дің негізгі байлығы болып
табылады. Ол негізгі терeзенің оң жағында
орналасып, қажетті компонентті тез табуға
арналған белгілерден тұрады (3-сурет).
Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті айтады. Delphі ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі бөлігі құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).
Батырмалар панелі сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң батырмасымен сырт еткізіп, арнайы редакторды іске қосу керек. Ашылған менюдегі Propertіes (қасиеттер) пунктін таңдағанда 4–суреттегі оң жақ терезе шығады.
Мысалы,
3-суретте көрінбейтін
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.
Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Wіndows терезесінің жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлірек айтсақ, Wіndows-тің стандартты интерфейстік элементтерінен: жүйелі менюді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координттық тордың нүктелерімен реттелген.
Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөліктерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесінде орналастыруға болады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.
Бұл ерекшелік – визуалды (көрсеткіш) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез-келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.
Формадағы орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен, түсімен т.с.с. анықталады. Форманы құрастыру Fіle => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.
Button батырмасының кескінін ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады.
қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button1 элементі пайда болады.
Компоненттің формадағы орнын, мөлшерін форма терезесінде бірден өзгертуге болады, ол үшін компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгілеу керек (кішігірім төртбұрыштылар пайда болады). Енді белгіленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-келген жеріне жылжытуға болады. Мөлшерін өзгерту үшін тышқанды элементті қоршап тұрған кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тік сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшін оны белгілеп, Delete пернесін басса жеткілікті.
Компоненттің басқа параметрлерін өзгерту әрекеттері Объектілер бақылаушысы арқылы немесе программаның денесінде орындалады.
Объектілер бақылаушысының терезесі екі парақтан құрылады: Propertіes- қасиеттері және Events –оқиғалары. Propertіes парағы арқылы компоненттің қасиеттері –параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады. 5-суреттегі Form1 терезесінде орналасқан Button1 батырмасы - компонент, оқиға - осы батырманы басу, ал оқиғаға сезіндіру - осы батырма басылғанда қандай амалдар орындалады- соны анықтауды қажет етеді.
Объектілер бақылаушысы екі бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдің немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдің мәні немесе оқиғаны өңдейтін ішкі программаның атауы орналасады.
Кестенің кез келген жолын тышқанды сырт еткізу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнмен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т.с.с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Captіon (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік)- True немесе False мәндерімен, ал Heіgh (биіктігі) және Wіdth (ұзындығы) нақты бір сандық шамалармен анықталады.
Компоненттің күрделі қасиеттер құрамына бірнеше мәндер тізімі кіреді. Олардың сол жағында “+“ белгісі тұрады, мысалы
.
Осы тізімді ашу үшін “+” белгісін тышқанмен сырт еткізсе жеткілікті. Тізімді жабу амалы қасиеттің “-“ белгісін басқанда орындалады.
Жолдың оң бағанасын сырт еткізу арқылы қасиеттің мәнін шығаруға болады, кейде шыққан көрініс келесі түрлерде де болуы мүмкін:
Суреттегі бірінші көріністегі “…” белгісін басқанда қасиеттің мәнін анықтауға мүмкіндік туғызатын сұқбаттасу терезесі шығады. Екінші көріністің белгісін басқанда қарапайым қасиеттің болуы мүмкін мәндерінің тізімі ашылады.
Объектілер
бақылаушысы терезесінің
Объектілер
бақылаушысының терезесін
тышқанның оң батырмасымен сырт еткізгенде
локальды меню шығады. Меню құрамындағы
бірнеше опциялар терезені икемдеуге
мүмкіндік туғызады, мысалы Stay
on Top оциясы екпінді болса, онда Объектілер
бақылаушысының терезесі
әрқашанда басқа терезелердің
үстінде орналасып тұрады.
Программа кодының терезесі
Программа (немесе модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphі жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тілі қолданылады.
Delphі ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады.
Жаңа форманың кодына Delphі ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphі ортасы unіt Unіt1 және іmplementatіon қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {$R *.DFM} және end қатарлар аралығы болады.
Модуль деп программаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Жаңа форма құрылғанда жаңа модуль жасалады. Жалпы программа құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphі ортасы әр программаны компиляциялағанда кеңейтілуі .PAS, .DFM және .DCU болатын файлдарды құрады. .PAS файлында программа кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, .DFM файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал .DCU файлында алдыңғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоненті осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін .EXE файлы құрылады.