Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 23:50, курсовая работа
Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
Менің
курстық жұмысымда асхана қызметіндегі
тағам сату терезесінің бағдарламалық
қосымшасы құру мақсаты қойылды. Асханадағы
әрбір жұмысшының қанша ақша түсіргендігін
реттейтін, әрбір столдың жеке қабылдау,
тағам сату сияқты жұмыстарын автоматтандыру
– осы курстық жұмыстың қойылған талаптарының
бірі. Ал теориялық бөлімде процедуралар
мен функциялар туралы, мәліметтерді сұраныстар
арқылы сүзгілеу және курстық жұмыстың
бағдарламасын сипаттау.
1 ТАЛДАУ БӨЛІМІ
Бағдарламалау барысында көптеген бір типті есептеулерге бірнеше бір-біріне ұқсас бағдарлама фрагменттерін қайта-қайта жазуға тура келеді. Осындайда артық жұмыс жасамай, барлық есептеулерді бір ғана фрагмент ішінде орындау үшін, көмекші бағдарламалар - процедуралар мен функциялар қолданылады. Мысалы бағдарлама орындау барысында бірнеше рет ұқсас есептеулер кездессе, онда есептеу блогын бір-ақ рет көмекші бағдарламаға жазып қойып, бағдарламаның кез-келген нүктесінен көмекші бағдарламаны шақырып, осы блок арқылы есептеуді шығаруға болады.
Сонымен
көмекші бағдарламалар деп
Көмекші бағдарламалар стандартты және пайдаланушылар көмекші бағдарламалар болып екіге бөлінеді. Стандартты функциялар мен процедуралар Delphi тілінің құрамында тұрақты системалық атпен аталып орындалады. Оларға арнаулы USES пайдаланушылар кітапханасында орналасқан - Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms модульдерінің барлық функциялары мен процедуралары жатады.
SYSTEM модулінің процедуралары мен функциялары Delphi бағдарламасымен бірге автоматты түрде іске қосылады, сондықтан оны пайдаланушылар бөлімінде көрсетпесе де болады.
SYSTEM
модулінен өзге модульдердің процедуралары
мен функцияларын қолдану үшін бағдарламаның
басында міндетті түрде олардың аттарын
USES пайдаланушылар бөлімінде көрсетіп
кету керек, мысалы:
USES
unit2;
Стандартты
функциялар мен процедуралардың
көбісі бұдан бұрынғы бөлімдерде бағдарлама
құруда пайдаланылды, мысалы:
Abs(X); //Х-тің абсолютгік шамасын есептеу функциясы
Sln(X); //Х-тің синусын есептеу функциясы
Random(X); //0-ден Х-ке дейінгі кездейсоқ сан шығару
Delay(X); //
Clrscr; //экранды тазалау процедурасы
Halt; //бағдарламаның орындалуын тоқтату процедурасы
...т.б.
Пайдаланушылар
көмекші бағдарламалар деп
Ішкі бағдарлама құрылымы:
1. Көмекші бағдарлама қызметші сөзі көмекші бағдарлама тақырыбы;
2. Көмекші бағдарламада кездесетін идентификаторларды сипаттау бөлімдері;
3.
Көмекші бағдарлама денесі.
Көмекші
бағдарламалардың жазылу тәртібі де негізгі
бағдарлама сияқты бірнеше бөлімдерден
тұруы мүмкін, мысалы:
а) Көмекші
бағдарлама аты, параметрлері жазылатын
тақырыбы;
ә) Тұрақтылар бөлімі;
б) Типтер бөлімі;
в) Айнымалылар бөлімі;
г)
Операторлардан тұратын бағдарлама денесі.
Ішкі бағдарламаның аты идентификатормен белгіленеді. Бағдараламада бірнеше процедура немесе функция болуы мүмкін. Сол сияқты, көмекші бағдарламаның да өзінің көмекші бағдарламасы болуы мүмкін. Оларды ішкі бағдарламалар деп атайды. Негізгі бағдарламада сипатталған идентификаторларды көмекші бағдарламаның ішінде де сол сипатталған типпен қолдануға болады. Олармен белгіленген айнымалылар глобальды деп атайды. Ал көмекші бағдарламада сипаттапған идентификаторды тек өзінің ішкі бағдарламасында ғана қолдануға болады. Ол айнымалыларды локальды (жергілікті) деп атайды.
Ішкі бағдарлама өздігінен орындалмайды, оның орындалуы үшін негізгі бағдарламада көмекші бағдарламаның аты мен параметрлерін жазып шақырады, ол жерді көмекші бағдарламаны шақыру нүктесі деп атайды.
Ішкі бағдарламалардың орындалу саны шақыру нүктелерінің санына байланысты болады. Егер негізгі бағдарламада бірде-бір шақыру нүктесі болмаса, онда көмекші бағдарлама орындалмайды. Бағдарлама орындалу барысында алдымен негізгі бағдарлама орындалады да, керек кезде көмекші бағдарлама шақырылады. Көмекші бағдарламаны шақыру нәтижесінде негізгі бағдарлама уақытша тоқтайды да, басқару көмекші бағдарламаға барады. Көмекші бағдарлама денесі, негізгі бағдарламадан алған деректерді толық өңдеп, орындалғаннан кейін, басқаруды шақыру нүктесіне өңделген жаңа деректермен бірге қайтарып береді де, негізгі бағдарлама орындалуын әрі қарай жалғастырады.
Негізгі бағдарламадан деректер қабылдау және көмекші бағдарламалардан өңделіп жаңарған деректерді негізгі бағдарламаға қайтару көмекші бағдарламалар параметрлері көмегімен атқарылады. Процедура мен функциялардың нақты және формальды параметрлері болады. Бағдарлама орындалу барысында есептелетін параметрлер нақты деп, ал көмекші бағдарламалардың тақырыбында көрсетілетін параметрлер формальды деп аталады.
Нақты
және формальды параметрлердің типі,
саны, реттілігі сәйкес болуы тиіс. Олар
бірдей белгіленуі де мүмкін. Нақты параметрлер
тұрақтылардан, айнымалылардан және өрнектерден
тұруы мүмкін. Кей жағдайларда көмекші
бағдарламаның формальды параметрлерін
көрсетпесе де болады.
Процедура
деп белгілі бір
Процедуранын кұрылымы:
{тақырыбы:}
PROCEDURE аты(формальды параметрлер:типтері);
Сипаттамалар бөлімдері; (*бұл бөлімдер болмауыда мүмкін*)
BEGIN Операторлар; (*процедура денесі*)
END;
Бағдарламада процедураны пайдалану үшін процедураның атын нақты параметрлерімен бірге жазып шақырады, ол жерді процедураны шақыру нүктесі деп атайды. Бағдарлама процедураның шақыруын оқыған кезде процедураның орындалуы басталады. Мысалы бағдарлама тақырыбы төмендегідей болса:
PROCEDURE SUMMA(N, M,X:INTEGER);
онда процедураны бағдарламаны мынадай жолмен шақыруға болады:
SUMMA(19,A,50);
жақшадағы 19, А, 50 - нақты параметрлер болып табылады. Нәтижесінде процедурадағы формальды параметрлер мынадай мәндерге ие болады:
N=19, M=A, X=50.
Процедура шақыру процесінде формальды параметрлердің мәндері нақты параметрлердің мәнін қабылдайды да, процедура денесіндегі есептеулерде сол жаңа мәндер пайдаланылады.
Процедураның
параметрлері мәндік және айнымалы болып
екіге бөлінеді. Мәндік (аргументгік) параметрлер
тек қана нақты параметрлердің мәнін өзіне
қабылдайды да, қайтып оларға өзінің мәнін
бере алмайды. Ал айнымалы параметрлер
нақты параметрлердің мәнін қабылдап,
оларды процедураның орындалу барысында
өзгертіп, нақты параметрлерге жаңа мәндерін
қайтып береді. Процедураның бір орындалу
барысында негізгі бағдарламаның бірден
бірнеше идентификаторлары жаңа мән қабылдай
алады. Айнымалы параметрлердің алдына
VAR қызметші сөзі қойылып жазылады. Мысалы:
PROCEDURE Misal(A, B:Integer; VAR X, Y:Longint);
VAR Silnteger;
BEGIN
S:=A+5*B; X:=Sqr(S); Y:=Sqr(X);
END;
Бұл процедураны бағдарламалық тексте төмендегідей жазып шақыруға болады:
Misal(10,5,K,І);
Бағдарлама
орындалу барысында Misal(l0,5,K,І) шақыру
идентификаторын оқып, басқаруды Misal процедурасына
жібереді де, төмендегідей әрекеттер орындалады:
1. Процедураның А, В, X, Ү формальды параметрлері 10, 5, К, I нақты параметрлердің мәнін қабылдайды:
А=10,
В=5, Х=К, Ү=І;
2. Процедура денесіндегі операторлар орындалады:
3=10+5*5=35,
Х=35*35=1225, Ү=1225* 1225=1500625;
3. VAR қызметші сөзінен кейін жазылған формальды X және Ү параметрлері процедураның орындалу барысында меншіктеген өздерінің жаңа мәндерін нақты К-мен I параметрлеріне бергеннен кейін, басқару Misal(10,5,K,l) шақыру идентификаторынан кейін тұрған операторға өтеді;
К=Х=1225, І=Ү=1500625.
4. Әрі
қарай бағдарламаның есептеулерінде К
және I айнымалылары жаңа меншіктеген
мәндерімен қатысады.
Функциялардың атқаратын қызметі мен жұмыс принциптері процедураларға ұқсайды. Функцияның процедуралардан негізінен екі айырмашылықтары бар:
1. Функциялар өрнек операндалары ретінде қолданыла береді;
2. Функция
шақыру нүктесіне бір ғана өзінің атына
меншіктелген скалярлық шаманы қайтарады.
Процедуралар шақыру нүктесіндегі бірнеше
идентификаторға жаңа мәндер қайтарып
бере алса, ал функциялар бір шақыру нәтижесінде
бір ғана идентификаторға жаңа мән бере
алады.
Функциянын
кұрылымы:
FUNCTION Аты(формальды параметрлер:типтері):типі;
Сипаттамалар бөлімдері; (*бұл бөлімдер болмауыда мүмкін*)
BEGIN Операторлар бөлімі;
аты: =( *функция жаңа мән меншіктейді *) (*функция денесі *)
END;
Функциялар
да процедуралар сияқты шақырылады. Негізгі
бағдарламаға жаңа мән беру үшін функция
денесінде функцияның идентификаторы
кемінде бір мән меншіктеуі тиіс. Шақыру
нүктесіне функцияның соңғы меншіктеген
нәтижесі жаңа мән болып қайтарылады.
Көмекші
бағдарламалардың денесіндегі операторлардың
орындалу барысында өзін-өзі шақыру процесі
рекурсия деп аталады. Рекурсивті бағдарламаларда
көмекші бағдарламаның орындалуы есептеу
параметрінің белгілі бір мәнінен бастап
тізбектей төменгі деңгейлі мәніне қарай
қашан есептің тривиальды нәтижесі алынғанға
дейін жүреді. Функцияның әр рекурсивті
орындалуында оның алдыңғы айнымалылары
бағдарламалық ағым деп аталатын жадта
сақталады. Рекурсивті функциялар құрғанда
бағдарламалық ағымның шексіз емес екендігін
есте ұстаған жөн (егер ағым толып кетсе,
бағдарламаның орындалуы үзіліп кетеді).
Рекурсияның мысалы ретінде төмендегі
N санының факториалын табатын функцияны
келтіруге болады:
N
санынын Факториалын табу үшін
рекурсия кұру мысалы:
PROGRAM Recurs;
VAR N:lnteger; F:Longint;
FUNCTION Fact(N:lnteger):Longint;
Begin
Информация о работе Асхана қызметіндегі тағам сату терезесінің бағдарламалық қосымшасы