Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:02, реферат
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейінде Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады.
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
б) Мультимедиялық технологиялардың оқыту процесіндегі маңызы
г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру
III. Қорытынды бөлім
IV. Әдебиеттер
- лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
- бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
- бақылау тестiлерiнiң жинағы;
- телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
- глоссарий;
- әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
- озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
- үйренушiнiң жұмыс папкасы;
- мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Биология пәні сабақтарында интерактивті тақтаны пайдалану
Биология сабақтарында интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екені байқалады:
Оқушы жастаржың
көпшілігі естігенінің бес
Бағдарламалық-техникалық
кешеннің құрамына кіретін интерактивтік
тақтаны оқытушыға сабақты
Интерактивті
тақта – оқытушыға оқыту
Интерактивті тақтаның көмегімен презентация көрсетуге, үлгі құрауға, білім алушылардың материалды меңгерудегі белсенділіктерін арттыруға, сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға болады. Тақта кең спектрлі ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді: презентациялық программалық жабдықтамамен қамтамасыз ету, мәтіндік редактор, CD және DVD, интернет, бейнелеу, бейне-файлдар, дыбыс күшейткіш болған жағдайда дыбысбық файлдар, интерактивті тақта үшін программалық қамтамасыз ету. Компьютерге салынған барлық материалдарын демонстрациялауға болады. онда обьектілер мен жазуларды қозғауға, мәтінге, суретке, диаграммаларға түсіндірме жасауға, түсін өзгертуге, негізгі бөліктерін белгілеуге болады.
Құралдар тақтасының «перде» құрал-сайманымен мәтіндерді, суреттерді, кестелерді жасыруға болады. оқытушы мен жауап беруші білім алушының барлық сынып алдында тақтада жасаған іс-әрекеттері сыныптың назарын түгелдей өздеріне аударады. Интерактивті тақтамен жұмыс оқытушыға білім алушылардың білімін тексеруге, оларды пікір таласқа тартуға, топтық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті
тақтамен жұмыс істеу материалдарды
шығармашылықпен пайдалануды
Файлдар немесе беттерді алдын ала дайындап, сабаққа қажетті басқа ресурстарға бекітіп қою керек. Дайындалған мәтіндер, кестелер, сызбалар, суреттер, музыка, карталар, тақырыптың CD-ROM-дар, мультимедиялық файлдар мен интернет-ресурстарға гиперсілтеме (гиперссылка) қосу. Дағдылы тақтаға мәтінді жазуа немесе экраннан клавиатураға ауысуға кететін уақытты үнемдейді. Барлық ресурстарға тікелей экранға түсіндірме жасауға және келесі сабақтарға жазбаны сақтауға болады. өтілген сабақтардың файлын кез келген уақытта алып, қайталау үшін пайдалануға болады.
Флипчарттың беттері экранның бір шетіне нобай түрінде орналастырылған, оқытушы сабақтың өтілген кезеңіне қайта оралуға және сабақтың негізгі кезеңдерін қайталауға мүмкіндік алады. Интерактивті тақтаның бағдарламалық жабдықтарымен оқу сабақтарын әзірлеу мазмұны терең және көрнекі тапсырмаларды жасауға, барлық білім алушылардың назарын аударуға көмектеседі.
Бұл үшін онда барлық қажетті құралдар бар.
Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізудің оқытушылар үшін тиімділігі:
Білім алушылар үшін артықшылығы:
Интерактивті
тақтаны қолдану барлық оқу үрдісінің
проблемаларын шешпейтінін
Бірақ, тақтаны қолдану сабақты қызықты, әрі динамикалы серпінді етеді.
Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру
Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.
Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу қажет.
Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.
Сол себепті төменгі кестеде көрсеткендей:
Дүниетаным қабілеті жоғары
Дарынды
өнертапқыш
Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс
Осындай жаңа технологиялардың арқасында оқушының ақпараттық мәдениеті өрістеп, оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға өз ойын ашық айтуға оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай білімді, сауатты оқушылар тәрбиелеуге болады.
Оқыту технологияларына байланысты түсініктер
III. Қорытынды
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.
Алайда, білім
беру жүйесінде білімдік және ақпараттық
технологияларды іс жүзінде үйлестіре
қолдануда кемшіліктер
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы
ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың
ойлау қабілетін
Әдебиеттер тізімі