Ақпараттық технология

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:02, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейінде Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады.
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
б) Мультимедиялық технологиялардың оқыту процесіндегі маңызы
г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру
III. Қорытынды бөлім
IV. Әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

акпараттык технология курстык жумыс.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а)  Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

б) Мультимедиялық технологиялардың оқыту процесіндегі маңызы

г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру

III. Қорытынды  бөлім

IV. Әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейінде Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады.

Қазақстан Республикасының  білім беруді 2010 жылға  дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

 Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

«Қазіргі заманда  жастарға ақпараттық технологиямен  байланысты әлемдік стандартқа сай  мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландырудың және тиімділігін пайдаланудың маңызы зор.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне  ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

Білім беруді қайта  құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың  тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі  уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі  кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды  жете меңгерген мамандық шеберлігі  қалыптасқан мұғалім қажет. Бір  уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

Ақпараттық-коммуникациялық  технология – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, моделдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

 

Ақпараттық  – коммуникациялық технологияның  оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

 

Қазіргі заман  талабына сай адамдардың мәлімет  алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 

Ақпараттық  мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып  алуға, бағалауға және тиімді қолдануға  қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана  білуі керек.

Адамзаттың  қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны  шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып  кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына  байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық  – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт  өткелі емес. Ол - өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің  ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп   аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда  әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық  талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім  берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл  оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

 

Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

 

Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық  құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн  қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз  педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар  дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге дейін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауында немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта  құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның  бiрi - aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. М.В. Лебедева мен О.Н. Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын "Оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi" деп анықтайды.

Авторлар мақалада ақпараттық  коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.

Компьютeрлiк  технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин  "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.

Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал  бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай  бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.

Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

  • Ақпараттарды  өңдеудiң компьютерлiк  технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;

• Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды  оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде  қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

  • Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды  жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Ақпараттық  мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  практикалық қолдану  бойынша жетiлу деңгейi".

Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа  созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің  күрделiлiгi сонда - ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

Ғалымдар мен  мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы  ақпараттық және компьютерлiк технологияларды  қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

Жалпы, педагог  – кадрлардың ақпараттық мәдениетiн  қалыптастыруда факторлардың екі тобын  бөлiп көрсету қажет сияқты.

Бiрiншiсi - педагогикалық  бiлiм беретiн орта кәсiптiк және жоғары оқу орындары студенттерiнiң  ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 



 


 

 

 

 



 



 

 

 

 

 

 

 

                                   1 - с ы з б а

 

 

 

 

 

 

 

Факторлардың  екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы  педагог-кадрлардың ақпараттық мәдениетiн  қалыптастыру жатады. Бұл топқа енетiн  факторлар төмендегi сызбада (2 - сызба) көрсетiлген.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 2 - с ы з б а

Бұл факторлар  жүйесiнде негiзгi үш факторды жеке атап көpcетy маңызды.

Информация о работе Ақпараттық технология