Ақпараттық технология

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:02, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейінде Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады.
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
б) Мультимедиялық технологиялардың оқыту процесіндегі маңызы
г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру
III. Қорытынды бөлім
IV. Әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

акпараттык технология курстык жумыс.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

Бірінші – педагогтардың  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндiктерiн, ақпараттық мәдениетiн дамытуда бағытталған бiлiктiлiк көтеру курстары. Мұндай курстардың арнайы бағдарламасы жасалып, сол бағдарлама бойынша бiлiм беру ұйымдарының өзiнде жұмыс бағдарламалары жасалып, облыстық, республикалық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институттарында жедел түрде тақырыптық курстар ұйымдастырылуы қажет. Ол курстарды ұймдастырушылар мен онда дәрiс оқитын педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру - ол өз aлдына бөлек әңгіме.

Екiншiсi - бiлiм беру ұйымдарындағы педагог - кадрлapға әкiмшiлiк тарапынан қойылатын талантар. Талан қaтaң, дұрыс қойылған жағдайда педагогтардың компьютерлiк - библиографиялық сауаттылығы мәселесi, ұйымдағы педагогикалық қауымдастық, педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестi модернизациялауға деген ұмтылыc, aқпараттық - коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жою, қызығушылық мәселелерi де өзiнiң оң шешiмiн табары сөзсiз. Тағы бiр айта кeтeтін мәселе –педагог-кадрларды мерзiмдi аттестациялауда оларға қойылатын талаптар жүйесiне aқпараттық мәдениет деңгейiн есепке алуға негiзделген талаптарды белгiлеп, енгiзу қажет.

Үшінші – білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы. Қазіргі кезде республикадағы білім беру ұйымдарында компьютерлік база бірітіндеп қалыптасып келеді.

Сондай-ақ схемадағы  біліктілікті көтеруге мұғалімдердің  өз білімін көтеруіне оларды кәсіби қайта даярлауға арналған бағдарламаларды  жасауға негіз болатын оқу-әдістемелік  базаны құру мен дамытудың да маңызы зор.

Зерттеулерде  мұғалiмдердің ақпараттық-коммуникациялық  біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңi атап көрсетілген: 1) Компьютермен, түрлi коммуникациялық  жүйелермен алғашқы танысу;

2) Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың  жеке түрлерiн терең, зерттеу, жұмыc iстей бiлу дaғдыларын қалыптастыру;

3) Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды  мұғалiм қызметiнде, жеке пәндердi  оқытуда қолдана бiлyдi меңгеру. 

Әрине, отандық  бiлiм беруде ақпараттық - коммуникациялық  технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.

Мультимедиялық  технологилярдың оқыту процесіндегі маңызы

 

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының  оқыту үрдісіне жаңа технологиялық  әдістер мен қондырғыларды кең  көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық  байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейне-конференция, интерактивті сабақтар, телекоммуникациялық жүйелер акрқылы іске асырылуда.

Заман ағымына  қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай  нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды оқулықты, интербелсенді тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Оқыту үрдісінде  ақпараттық технологияны пайдаланып, білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпартты өңдеу, оқытудың мотивациялық, коммуникациялық және танымдық аспектілері.

         Ақпараттық технологиялардың оқыту  үрдісіндегі ақпараттық-коммуникативтік  қызметін төмендегі сызбадан  көруге болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мультимедиялық  технологияның қазіргі білім  жүйесіндегі орны зор. Бұл технологияны оқушылардың білімін тексеру үшін, сондай-ақ білім беру процесінде пайдалануға болады. Жалпы мультимедиялық технологияны:

    • Мультимедиялық құжаттар   ( MS  Office,  ADOBE  РHOTOSHOP)  және презентация (MS  POWER  POINT  ) әзірлеу үшін;
    • Компьютер көмегімен тест өткізу үшін;
    • Интернет мүмкіндігін пайдалану үшін;
    • Электрондық оқулықтар және энциклопедиялар пайдалану үшін;
    • ON-LINE режимінде интернет сабақтарын өткізу үшін;
    • Түрлі жобалар құру үшін қолданады.

Электрондық оқулық жүйесі. Электронды оқулық дегенiмiз – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.     

Қазiргi кезде бiлiм  беру мақсаты оқушыларға барынша көп ақпарат беруде ғана емес, сонымен қатар оқушыларға өз бетiнше пәндiк ақпараттарды өзi тауып қолдануға үйрету.     

Оның бәрi электронды оқулықтарда әр түрлi тапсырмалар, жатттығулар  арқылы берiлiп отырады. Осындай жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда, оқушы өз бетiнше алдыңғы өтiлген тақырыпқа оралуына, кейбiр сiлтемелерге, анықтамаларға оралып қайталауына мүмкiндiктер бар.     

Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушыны оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.     

Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi.     

Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.      

Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша  мәтiн берiлген.     

1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.      

2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп  тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен  басқа жағдаяттарда қолдануға  болатын сөйлемдер құрастырады.     

3. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.     

4. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.      

5. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетедi.     

6. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.      

7. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.      

8. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.     

Электронды оқулықтар оқушылардың     

- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;  
     - ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;  
     - өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;  
     - ойларын дамытуға;  
     - оқушылардың сөздiк қорының молаюына;  
     - тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;  
     - сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;  
     - өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электрондық оқулық және оның құрылымы.

Орта бiлiм  беру жүйесiн ақпараттандырудың  мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн  ақпараттандыру. Аталған бағытты  жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын  электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың  мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау  қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет  және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы  жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық  көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа  дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi.  Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк  ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат  көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде  қабылдауына жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтың  құрылымы.

Бiз оқулықтың  сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның  баяндалуымен анықталады. Егер аталған  оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

1.      Материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.

2.      Материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.

3.      Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұнда            й түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.

Ал ендi электрондық  оқулықтың құрылымдық элементтерiне тоқталсақ:

-         сыртқы бетi;

-         титульдық экран;

-         мазмұны;

-         аннотация;

-         оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер,   

          графиктер, бейнелер);

-          оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);

-         қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет);

-          өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;

-          өзiндiк бақылау жүйесi;

-          мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;

-          авторлар тiзiмi;

-          терминдiк сөздер;

-          оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;

-          оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама  берейiк:

Сыртқы  бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi  туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

  1. Жан-жақтылығы.
  2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
  3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
  4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.

-    Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.

  1. Тұтынушыға бағдарлау.  

Электрондық оқулықтың  құрамы:

-    аннотация;

-    пән туралы қысқаша ақпарат;

-    жұмыс бағдарламалары;

-    электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

-    ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

-    теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

-    теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

-    практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

-    практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

-    бақылау тапсырмалары;

Информация о работе Ақпараттық технология