Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 13:29, реферат
Жоғарғы білім беретін университетімізде оқу-тәрбие жұмысын және білім мазмұнын жақсарту маңызы өте зор. Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында информатика пәні негізгі сабақтардың бірі болып саналады. Себебі студенттердің өз бетінше зертханалық жұмыстарды орындап, білімдерін тереңдетіп, болашақта жұмыс дәрежесінде еркін пайдалана алатындай, қызығушылық тудырып, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.
Информатика пәнінің оқыту процестері, жүйесі, оқыту түрлері, әдістері, ұйымдастыру формалары ерекше.
Қазіргі ақпараттандыру жағдайында Қазақстан Республикасындағы басты міндеттердің бірі – жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жастарға терең білім беру ісін әрі дамыту және жетілдіру болып саналады.
Кіріспе..............................................................................................................4
1. Ақпарат және информатика........................................................................5
2. ЭЕМ-нің даму тарихы.................................................................................6
3. Cанау жүйелері............................................................................................7
4. Операциялық жүйелер..............................................................................12
5. Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы......................13
6. Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы............................15
7. Компьютерлік вирустар. Архиватор........................................................17
8. Microsoft Word мәтіндік редакторы.........................................................19
9. Презентация және оны құру мен ұсыну. PowerPoint бағдарламасы....34
10. Microsoft Excel кестелік процессоры....................................................35
11. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі................................54
12. Компьютерлік желілер............................................................................70
13. Интернет. Электрондық пошта..............................................................72
14. Компьютерлік графика...........................................................................75
15. Алгоритмдеу негіздері. Турбо Паскаль программалау тілі................76
Информатика пәнінен реферат тақырыптары............................................79
Әдебиеттер тізімі...................................
14. Архиваторлар дегеніміз не?
15. Стандартты бағдарламаларды атаңыз
16. Стандартты бағдарламаларды қысқышы сипаттаңыз
17. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар анықтамасы
18. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар қызметі
19. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар түрлері
20. Антивирустық бағдарламалар қызметі
21. Қосымша бағдарламаларды атаңыз
22. Бағдарламалау тілдерін атаңыз
23. Мәтіндік бағдарламалардың қызметі мен түрлері
24. Кестелік процессорлардың түрлері мен қызметі
25. Графикалық бағдарламалар қызметі мен түрлері
26. Деректер қорын басқару жүйелерінің қызметі мен түрлері
27. Мультимедиа дегеніміз не?
28. Аудармашы бағдарламалар қызметі мен түрлері
29. Транслятор, интерпретатор, бірегейлендірілген (интеграцияланған) орта дегеніміз не?
30. Қаржылық баңдарламалардың қызметі мен түрлері
6. Компьютердің
аппараттық
Процессор немесе орталық процессор (CPU) әр компьютердің жүрегі болып табылады. Ол компьютердің түрін, тез арада орындалуын және де нақты командалармен жұмыс істеуін анықтайды. Компьютерге жүйе жіберілгенде, процессор тез арада программамен жұмыс істеуін бастайды. Бірінші орында бұл программалар күнделікті сақталынатын құралдарда (ПЗУ, ROM), алғашқы жүктеу тесттерінде, бағыныңқы программалардың құрылу түрінде, машиналардың конфигурациялық құрылымын және пароль көмегімен жүйені қорғауда және т.б. қолданылады. Операциялық жүйені жүктегеннен кейін процессор оперативті сақталатын құралдардағы (ОЗУ, RAM ) программаларды орындайды.
Шина–бұл ақпарат арқылы хабарлар беретін бағыттауыштар жиынтығы. Процессор компьютердің тез арада орындалатын жабдығы және жүздеген мегагерц жиілігінде жұмыс істейді. IBM PC үшін бұл мағына қазіргі таңда 800 МГц-ті құрайды. Жүйелік тақшада процессордың шинасы мұндай жылдамдықпен жұмыс істей алмайды, бірақ ол да тез орындалады. Қазіргі жүйелік тақталар 50, 60, 66, 68, 75, 83, және 100 МГц тактілік жиілігі бар процессорлы шиналарда қолданылады. Алдағы уақытта 133 МГц жиілігі бар тақшалар пайда болуы мүмкін.
Жүйелік
тақшаға қосымша тақша орнату
ретінде PCI шинасы қаралды. Сонымен
қатар компьютердің
GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы
@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз
1. Компьютердің ішкі құрылғыларын атаңыз
2. Тұрақты еске сақтау жады (ПЗУ)
3. Оперативтік жад (ОЗУ-RAM)
4. Ендіру, шығару порттары.
5. Кэш- жады
6. BIOS-тың атқаратын қызметі
7. Оперативтік жад көлемдері
8. Ішкі жад анықтамасын беріңіз және қызметі мен түрлерін атаңыз.
9. Аналық тақша дегеніміз не?
10. Аналық тақшада орналасқан негізгі құрылғылар
11. Шина дегеніміз не?
12. Шина түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз
13. Микропроцессор дегеніміз не?
14. Микропроцессор қызметі мен түрлерін атаңыз
15. Қатты диск (винчестер) қызметі
16. Бейнекарта қызметі
17. Дыбыстық карта қызметі
18. Бейнеадаптер түрлерін атаңыз және түрлеріне сипаттама беріңіз
19. Сыртқы жад дегеніміз не?
20. Сыртқы жад түрлеріне сипаттама беріңіз
21. Енгізу құрылғыларын атаңыз
22. Шығару құрылғыларын атаңыз
23. Модем құрылғысының қызметі мен түрлері
24. Принтер құрылғысының қызметі мен түрлері
25. Сканер қызметі
26. Пернетақта қызметі және пернелер түрлері мен қызметі
27. Плоттер, стример, графикалық планшет, т.б. қосымша құрылғылар қызметі
28. Монитор қызметі мен түрлері
29. Қалталы (мини) компьютерлер мен ноутбуктер
30. Басқару құрылғыларының қызметі мен түрлері
7. Компьютерлік вирустар. Архиватор.
Есептеу техникасында информацияны қорғау түсінігі өте кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару сенімділігін деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бөгде адамдардың қол сұғуынан информацияларды және жасырын хат алмасуларды қорғау үшін әдетте пароль орнатылады, құнды деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бірнеше данасы болуы мүмкін. Ал компьютерлік вирустармен күресу өте күрделі, өйткені олар зиянды және дербес компьютерлердің қолданушыларына зиян келтіруге арналған.
Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте өлшемі бойынша кіші арнайы компьютерлік программа. Баcқа программаларда «көбейтілетін» және «жұғатын» мүмкіндігі бар. Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз «зақымдалған» дискета арқылы немесе «зақымдалған» файлмен бірге кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады. «Зақымдалған» программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, оперативті жадыны «ластайды» және т.с.с. Вирус бір компьютерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін. Оларды білікті программистер қызғаныш, кектену, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады. Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық программаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Жаңа вирустық программалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін және олардан қорғануды білуі қажет.
Архивтеу. Архиваторлар
ЭЕМ-нің сыртқы жадында сақтау көлемінің ұдайы өсіп отыруына қарамастан архивтеу қажеттілігі кемімейді. Бұны былайша түсіндіруге болады: архивтеу тек жадында сақтау орны үнемдеу үшін ғана емес, ол сондай-ақ құнды ақпараттардың көшірмесін сақтау, ақпараттарды ЭЕМ-нің басқа жерлеріне жіберуге болады. Оның үстіне, магниттік информация тасушының істен шығу ықтималы, вирустардың бүлдіруші әрекеттері пайдаланушыларды құнды ақпараттарды басқа ақпарат тасушыға резервті көшірме жасауына мәжбүрлейді. Файл архивіне файлды жазу процесін архивтеу, орау, қысу деп атайды. Оралған, қысылған файл архив деп аталады. Ақпаратты қысудың әдістерін екі топқа бөлуге болады. Ақпаратты ысырап етіп алмай ораушы (бастапқы қалпына келтіру алгоритмі) және ақпаратты ысырап етіп ораушы (бастапқы қалпына келтірмейтін алгоритм). Алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған WINDOWS–тың RAR архиваторының 32-ші разрядты нұсқасы. WinRAR–ды екі түрде қолдануға болады WINDOWS стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында. Қазіргі уақытта архивтеушінің әр түрлі ондаған программалары жасалған. Олардың ішіндегі ең танымалыларына WinZip және WinRAR жатады. Әр архивтеуші өздері құрған архив файлдарын өздері ғана ашады. Сол себепті пайдаланушылар архивтерді суретінен танып ажыратады.
GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы
@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз
1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
2. Вирустардың таралу жолдары
3. Вирустар жұмыс логикасына және мақсатына қарай неше түрге жіктеледі?
4. Вирустар қызметіне қарай неше топқа жіктеледі, аттарын атаңыз.
5. Кауіпті вирустың атқаратын қызметі
6. Кауіпсіз вирустың атқаратын қызметі
7. Вирустардың орналасу орындарына қарай қалай жіктеледі?
8. Вирустар бүлдiру тәсiлдерiне қарай қалай бөлінеді?
9. Вирустардың деструктивтi мүмкiндiктерiне қарай қалай бөлінеді?
10. Вирустар мақсаттарына қарай қалай бөлінеді?
11. "¥стауыш-вирустар" қандай программаларға әсер етеді?
12. "Логикалық бомбалар" қандай программаларға әсер етеді?
13. "Құрттар" қандай программаларға әсер етеді?
14. "Троян аттары" қандай программаларға әсер етеді?
15. Вирус жұққан компьютердегі белгілер
16. Вирустан сақтану шараларын атаңыз
17. Антивирустық бағдарлама қызметі
18. Антивирустық бағдарлама түрлері
19. Антивирустық бағдарламалар қызметіне қарай қандай топтарға жіктеледі?
20. Детектор бағдарламалар, доктор және ревизор, т.б. антивирустық бағдарламалар топтарына сипаттама беріңіз
21. Архиватор дегеніміз не?
22. Архиваторлар қызметін атаңыз
23. Архивтеуші бағдарламалар түрлерін атаңыз
24. Архивтеу дегеніміз не?
25. Архивтік файлдар қасиеті мен архивтік файлдар кеңейтілімін атаңыз
26. Архивке жіберу командасы?
27. Архивтен шығару командасы?
28. Архивтеу форматтарын атаңыз
29. Ақпарат түрлерін қысу пайыздары қандай?
30. Вирустардың шығу тарихы мен вирустармен күресу жолдары
8. Microsoft Word Мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік
процессорының терезесімен
Қалып-күй немесе қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағына орналасқан, оның сол жақ бөлігінде теріліп жатқан құжат жөнінде ақпарат бейнеленеді. Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар.
GТөмендегі өз нұсқа нөміріңіз бойынша сұрақты жазып, топта талқылаңыз және компьютерде тапсырманы орындаңыз
№1- нұсқа
@ Word мәтіндік редакторға түсініктеме
: Тапсырманы компьютерде орындап, нәтижесін қағаз жүзінде немесе электронды түрде көрсетіңіз
7 - Пернетақта символы |
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ |
Мәтіндік редактор |
| |
|
|
|
№2- нұсқа
@ Word терезесінің жолдарын атаңыз
: Тапсырманы компьютерде орындап, нәтижесін қағаз жүзінде немесе электронды түрде көрсетіңіз
8 - Тінтуір символы |
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ |
Кестелік редактор |
|
|
| ||||
|
№3- нұсқа
@Word жаңа құжат құру
: Тапсырманы компьютерде орындап, нәтижесін қағаз жүзінде немесе электронды түрде көрсетіңіз
& - Кітап символы |
Мәтіндік редактор |
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ |
|
|
| ||
|
№4- нұсқа
@Word құжатты сақтау
: Тапсырманы компьютерде орындап, нәтижесін қағаз жүзінде немесе электронды түрде көрсетіңіз
< - Дискета символы |
Графикаолық редактор |
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ |
|
|
| ||
|
№5- нұсқа
@ Word редакторының мүмкіндіктері
: Тапсырманы компьютерде орындап, нәтижесін қағаз жүзінде немесе электронды түрде көрсетіңіз
" - Қайшы символы |
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ |
| ||
|
|
Кестелік редактор |
§ 1 |