Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:07, научная работа
Қазаққа қасқайта жол көрсетіп, заң шығарып, сол заң бойынша елге билік жүргізген Қасым хан болса, оның үшінші ұрпағы Есім хан да ел басқаруда сол Қасым хан салған қасқа жолмен жүрді, ал Әз Тәуке болса Қасым хан мен Есім хан тұсындағы әдет-ғұрып, заң жобаларын бір ізге түсіріп «Жеті жарғы» атты конституциялық құжат жасады. Бұл қазақтың тұңғыш Конституциясы. Оның әрбір бабы сол кездегі заман талабы
Кіріспе.......................................................................................................................4
І-тарау. «Жеті жарғы» - тұңғыш қазақ конституциясы
1.1. «Жеті жарғының» зерттелу тарихы
1.2. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлері
1.3. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлеріне қолданылатын жаза
ІІ-тарау. «Дәстүрлі билер соты»
2.1. Билер соты және олардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған рөлі.
2.2. Куәгерлік
Ата-анасына қарсылық жасаған, ел ақсақалына тілі тиген не өз ауылын корлайтындай. ағайынның намысына келгендей жаман іс істеген адамды мойынына қыл шылбыр іліп, қолын артына байлап, жалаңаш қылып шешіндіріп. ауылды айналдыра қамшымен ұрып жургізеді және ұрып қана қоймай, неге ұратынын жұрт айтып балағаттап отырады. Тағы бір түрі аттың құйрығына шылбыр байлап, соны қылмыскерге тістетіп, екі жігіт екі жағынан қамшылап жүгірту.
Ел арасынан шыққан бұзақыларға қарсы қолданылған жазалардың ішінде айтып өтуге тұратыны, ол қылмыскердің дене мүшесіне зақым келтіру, құлағын кесу, ернін, танауын жұлу сияқтылар.
Бұлар шектен шықкан қылмыскерге, не әлуметтік сатыда төмен тұрган құлдарға колданылған.
Қазақтың жаугершілік уақытта көп қолданылған жазалардың бірі қылмыскерге кісен салу, босаға күзеттіру. Жазаның тағы бір түрі ұраға отырғызу.
Ертерек уақытта жазаның ең көп қолданылған түрі алдында үш бақанның, не уықтың астына отырғызу. Ол үшін қылмыскерді жүресінен отығызып, бастыра үш ағашпен нығырлап, жоғары бастарын қосып, байлап тастайды. Жеңі-желпі аталатын қылмыстарды да билер елге үлгі болсын деген ниетпен осындай жазаға кесіп отырған. Осы жазаның бір түрі керегені жалаңаштап, кигізін алып, соның ішіне отырғызып қою. Бұл да ел алдында істелетін жаза. Екі жағдайда да қылмыскердің жанында қылышын жалаңаштап алған жасауыл тұру керек.
Жеті атаға толмай, көңіл қосқан адамдарды өлім жазасына кеседі. Бірақ шариғат немере арасын қосатын болғандықтан, кейде билер өлім жазасына тікелей кеспегенімен де «оққа» байлайды. Соның бірі жағын /садағын/ кезеніп тұрған туыстарының алдынан шауып өту. Өлсе өз жазасы өлмесе салауат делінеді.
Жазаның ең көп қолданылатыи түрі-ел алдында кінәлі адамды сол ауылдың үлкені, ағайынның біреуінің сабауы. Бұзау тіс қамшыны алып. кінәсін бетіне айтып, екінші рет қайталамайтындай қылып сабау.
«Жеті жарғыдағы» ең ауыр жазалардың бірі өлім жазасы. Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша өлім жазасына адам өлтірген, ұрлық жасаған, ел тонаған, әйел зорлаған, ойнас қылғандар кесіледі. Сонымен бірге өлім жазасына жеті ата дәстүрін бұзған, туыстың арасын ашып, қан араластырған /жақын туыстар арасындағы неке/ адамдар немесе некесіз туған баласын жұрттың сөзінен арланып өлтірген әйелдер кесіледі. Зорлау кісі өліміне тең, кінәлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып зорлаушы қалың малын төлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының шешімі, келісімі арқылы құн төлеуден де, өлімнен де босатылады. Әйелін ойнас ұстаған күйеу, осы сәтте өлтіруге және жазасыз қалуға мүмкіндігі бар. [1]
Айыптың ең жоғарғы сатысынан кейінгі салынатын төлем, яғни үш тоғыздан асатын төлемді «Құн» деп атайды. Қылмыстың түріне қарай; толыққұн, яғни 500 қойдан 2000-ға дейін, 50 жылқыдан 2000-ға дейін, 25 түйеден 100-ге дейін. Қазақ арасында ең жиі қолданылған құн кесті «100 жылқы, алты жақсы». Одан кейін жарты және ширек құндар болған. Құн қазақ әдет-ғұрып заңдарының ертеден келе жатқан ежелгі тәртіптерінің бірі.
Кісі өлімі үшін кұн төлеуге мойын ұсынған ру, қарсы жақтың бірнеше сыйлы кісісін шақырып, солардан өлген адамның туыстарына "Сүйек құн" алты жақсы жібереді.
Сүйек құнның құрамына кіретін нәрселер:
а) кісі өлтірушінің астында болған, оны жай бермей, құйрығын кесіп жіберетін - қанды қара шолақ ат.
ә) суық қару - не мылтық, не бір қадірлі қылыш. қанжар-өлтіруге қаруы болды деп, мұны қанды қару дейді.
б) өлген адамның денесін салып жерлейтін жерге апаруға деп, мәйітті орау үшін қара нар, қалы кілем береді.
в) өлген адамның ет-жақыны, яғни не әйелі, не шешесі, не қарындасы бір жыл бойы жоқтауға киетін қайғы белгісі саналатын қара тон, сары жаулық .
Егер қылмыскердің өз туыстары бас тартып, керекті құнды төлемесе, қылмыскер өлген адамның руластарының қолына беріледі, олар оны өлтіреміз десе де, есікте ұстаймыз десе де ерікті.
Көбінесе руластары соңғы малын берсе де құн төлеуге тырысады, себебі өз туысынан басын ала қашқан руды ел төмендетіп, мазаққа айналдырады, әсіресе сол рудың байлары көз-түрткі болады. «Жарғы»бойынша құн төлеудің шарты және шығыны, негізінен құнға қылған кесімді үш түрге бөледі
а/қара құн 100 жылқы, он екі жақсы.
ә/сүйек құны-50 жылқы, алты жақсы.
б/өнер құны-тоғыз жақсы / тоқал құн/ .
Егер өлген кісі ел ортасында танымал адам болса, билер кеңесі қылмыскерлерден осы үш құнды толық талап етуге қақылы.
Жалпы алып қарағанда құн төлеу ру мүшесінің жасаған қылмысы үшін бүкіл ру жауап беретін нәтиже.
Айып төлеудің түрлері неше түрлі болған және оны қолдану құқықбұзушылық жасаған адамның әрекеттеріне байланысты қолданылған. Мысалы, ұрлық істеген адамға ең ауыр жаза ретінде айбана қолданылып отырған. Айбанаға кесілген адам ұрланған малды немесе мүлікті сол күйінде қайтарып, оның үстіне үш тоғызды төлеуге міндетті болған. Ал тоғыздың өзі бес түрге бөлінген: қасқа тоғыз, яғни бір тоғыз, мал төлеу, түйе бастатқан тоғыз, ат бастатқан тоғыз, өгіз бастатқан тоғыз және тоқал тоғыз.[4]
«Жеті жарғының» бірнеше баптары қазақ мемлекеттілігінің негізгі қүрылымын қорғауға және оның аумақтық тұтастығын, ұлттық бірлігін сақтауға бағытталғанын аңғарамыз. Бұрынғы басылымдарда кездеспейтін, жаңадан ғылыми айналымға түскен «Жеті жарғының» бір бабы мына норманы бекіткен: «Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын» . Бұл норманың мазмұнына назар салатын болсақ сол кезенде әрбір ру басшыларының сепаратистік, алабақан алауыз болған қимыл-әрекеттерінен туған іріткіге тежемелік әсер еткенін аңғармасқа болмайды. Бұл баптың мәні дәл қазір де әлсіреген емес. Конституциялық құрылымды күшпен құлату әрекеті қазіргі кезеңде де көрініс тауып отырғаны бәрімізге мәлім. Қазақ билерінің осы бапты енгізуі олардың аса көргенділігін, білгірлігін танытқанына қайран қаламыз.
Осыған байланысты тағы бір бапта: «Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бүйырылсын» — деп көрсетілген. Аталмыш бапты маман емес, немесе зер салмай оқыған адамға атты мініп қашқаны үшін өлім жазасын беру гуманизмге қарама-қайшы келетін пікір ретінде танылуы әбден мүмкін. Бірақ бұл норманың да мәні қазақ қоғамына прогрессивтік себебін тигізгені ақиқат. Ат, оның ішінде сәйгүлік, жау қыспаққа алғанда көшпелі қазақ қоғамында тек қана жеке меншікке қол сұғу емес, керісінше, стратегиялық,қорғанысты қамтамасыз ететін, қазақ мемлекеттілігінің қауіпсіздігін нығайтатын ерекше күш ретінде танылған. Жаушы: «жау шапты, аттан» деген суық хабарды естігенде әрбір қару ұстай алатын қазақ атқа қонуы тиіс болған. Қонатын ат ұрланған болса, сарбаз жауға қарсы шаба алмай, қазақ әскерінің күш-қуаты әлсіреген болар еді. Ал жүйрік ат болса жаумен шабысқанда ең күшті соғыс құралы болғаны айтпаса да түсінікті: қусаң жетесің қашсаң құтыласың. Міне, сондықтан бұл әрекет үшін өлім жазасын бекіту өте орынды.
Жалпы алып қарағанда «Жеті жарғының» әрбір бабы сол кездегі заман талабына сай, соған жауап беретіндей дәрежеде жасалған.[1]
2.1. Билер соты және олардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған рөлі.
Қазақ елінің тарихында елде тыныштық, тәртіп орнаған, заң мен әділдік орнаған кез болған. Ол кез тарихта «Алтын ғасыр» деген атпен қалған. Осы кез «Жеті Жарғының» авторымен тікелей байланысты.Ол кезде, яғни ХVII-XVIII ғасырда ел басқару тікелей билерге жүктелген. Мемлекетте тәртіптің болуы билер сотының мықты болуын білдіреді. Жалпы алғанда би деген кім? Би – қара қылды қақ жарар әділ, шешен, елде қылмыстық істі шешуші. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын.[4]
Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Би қызметі атадан балаға мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Би біріншіден қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханың ескі жолын». Тәукенің «жеті жарғысын» жатқа білу керек. Екіншіден, би атағына үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет. Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін. Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады.
Өз ұлының бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот процесіне үнемі қатысып отырған.
Сот процесі шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгі салт-жоралар қатаң сақталынды. Мәселен, белгілі бір бидің билік жүргізуін таңдау үшін сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тастайтын. Билер соты әдеттегі ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап ең ауыр қылмыс саналатын кісі өлтіруге дейінгі қылмысты істерді қарастырды.
Билер соты дауға әділ билік айту принципі бойынша жүргізілетін. Би әділ де тапқыр, Әйтеке би айтқандай, «дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаның сөзін тоқтата білген» дана болуы тиіс. Билер қазақ халқының ауызбірлігін, өзара түсінісуін нығайтып, дау-шарды әділ шешіп отырған. Бидің бір өзі тергеушінің, әрі айыптаушы мен судьяның (қазының) қызметін қоса атқарған. Билер соты ауызекі сөз жарыстыру түрінде өтетін. Куәлардан жауап алу да қарастырылатын. Билер сотының бір артықшылығы ол халықтың көз алдында ашық өткізілетін, оған кез келген адам өзінің қалауынша қатыса алатын.
Екі би айтысқанда жалпы үкімді шығару үшін Төле би сайланған. Би сотының шешімін сұлтандар мен старшындар жүзеге асыратын.
Билердің әділетсіз шешіміне шағым жасау ілуде бір рет, өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтың есебінен өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын.
XVIII ғасырда мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған атақты билер болды. Олар-Ұлы жүздегі Төле би, Орта жүздегі Қазыбек би және Кіші жүздегі Әйтеке би.[8]
2.2. Куәгерлік
Айыпкердің күнәлі екенін дәлелдеу немесе оны ақтап
шығу үшін жұртқа кеңінен танымал кемінде 2-4 адамның куәлігі
керек болатын. Ондай куәлар табылмаған жағдайда адал адамдар-
дың ант ішуіне жүгіну рәсімі қолданылатын. Әйелдердің, үй қызметшілері мен құлдардың, жасы кәмелетке толмаған балалардың куәгер
болуына, ант ішуіне рұқсат етілмейтін. Мінез-құлқы нашар адамдар
да куәгерлікке алынбайтын. Бұрын өтірік куәлік бергені белгілі болған адамдар да куәгер бола алмайтын.
Куәгерлер арнайы адам жіберіп, жасауыл арқылы алдырылатын. Жасауылдардың еңбегіне төленетін ақы күнәлі жақтың есебінен өндіріп алынатын. Сұлтандар мен елге сыйлы адамдардың куәгерлігі олар ант ішпей-ақ қабылдана беретін.[8] Билер сотының тағы бір артықшылығы айыпкерге
тағылатын күнә жеткіліксіз жағдайда ақылдастар алқасының көмегіне жүгінетін болған. Ақылдастар алқасы айыпкерді жақсы білетін,
оның адал да әділ руластарынан тұратын болуы тиіс еді. Олар өздерінің адалдығына ант ішіп, сотқа тартылған адамды не айыптайтын,
не ақтап шығатын. Ақылдастардың саны қаралатын істің қаншалық-
ты күрделі екендігіне байланысты болатын.
Ант ішкізу сот ісінде өтірік айтпауы, жалған куә болмауы үшін жүзеге асырылатын. Ант ішу талапкерге де, жауапкерге де, куәлерге де бірдей қолданылды.
Ант ішкізу үшін әлдебір биік жота, ата-бабалар зираты, сондай-ақ көлдің немесе өзеннің көрікті жағасы таңдап алынатын. Сотқа шақырылған әрбір адам шамамен мынандай мазмұнда ант ішетін болған: «Егер мен жалған куәлік айтатын болсам, онда менің жазамды бір Құдайдың өзі беретін болсын, екі дүниеде де жақсылық көрмейін, бар байлығым мен балаларымның қызығы бұйырмасын». Ант ішудің екінші бір түрі мылтық ұңғысын сүю еді. Ал үшінші түрі бойынша, ант ішушіні ата-баба зиратын үш рет айналдырып өткізген. Қолға Құран ұстап та ант берген.[8]
Қорытынды
«Жеті жарғы» ұлтымыздың мемлекеттік әдет-ғұрып, салт дәстүр, тәлім-тәрбие заңы. Елдің елдігін, халықтың бірлігін сақтап, азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жанкешті күреске үндейтін, арды шыңдап, намысты қарайтын, Адалдық пен Әділдікке бастайтын заң. Болашақта жас заңгерлер бұл жинақты толықтырып, оның құрылымына, жүйелеу ретіне өзгерістер кіргізетіні даусыз. Себебі «Жеті жарғы» мемлекеттігін құрып, заңын түзеп жатқан егемен Қазақстан үшін әлі де маңыздылығын еш жоғалтқан жоқ. Біз,осы заңның сыры неде? Сол кездерде неліктен қылмыс қазіргі заманға қарағанда аз болған?-деген сұрақтар төңірегінде көп іздендік. Нәтижесінде біз сол сұрақтарымызға жауап таптық: «Жеті жарғының» негізгі мақсаты адамның әр басқан қадамын ережеге салу емес, ол мүмкін де емес ,оның ең басты қызметі көшпенділіктің басты құндылықтарын айқындау.