Жеті жарғы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:07, научная работа

Описание работы

Қазаққа қасқайта жол көрсетіп, заң шығарып, сол заң бойынша елге билік жүргізген Қасым хан болса, оның үшінші ұрпағы Есім хан да ел басқаруда сол Қасым хан салған қасқа жолмен жүрді, ал Әз Тәуке болса Қасым хан мен Есім хан тұсындағы әдет-ғұрып, заң жобаларын бір ізге түсіріп «Жеті жарғы» атты конституциялық құжат жасады. Бұл қазақтың тұңғыш Конституциясы. Оның әрбір бабы сол кездегі заман талабы

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................4
І-тарау. «Жеті жарғы» - тұңғыш қазақ конституциясы
1.1. «Жеті жарғының» зерттелу тарихы
1.2. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлері
1.3. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлеріне қолданылатын жаза
ІІ-тарау. «Дәстүрлі билер соты»
2.1. Билер соты және олардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған рөлі.
2.2. Куәгерлік

Работа содержит 1 файл

Реферат. Жеты жаргы.doc

— 155.50 Кб (Скачать)
stify">    Н. Г. Аполлова «Жеті жарғыны» қазақ қоғамының өмірінде ірі орын алатын саяси институт деп атайды.

    Н. Г. Аполлова «Жеті жарғының» негізгі қызметін өте дұрыс түсінген. «Жеті жарғының» құрамының өзі (ең беделді орда билерінің қатысуы) оның ең алдымен Мемлекеттік Кеңес қызметін атқаратынын айғақтайды. Сонымен катар «Жеті жарғының» заң шығару, не болмаса билер шешімдеріне кесім жасауы (прецедент), бүкіл ел көлеміндегі билік істеріне үлгі пішіп отыруы, «Жеті жарғының» жоғарғы сот, құқық қызметін атқарушы билік орны екенін көрсетеді. Бұл жағынан «Жеті жарғы» белгілі дәрежеде конституциялық сот қызметін атқарып билік нұсқаларын, жүргізілуі ережелерін реттеп отырды дей аламыз. «Тәуке ханның заңдары» аталатың заң ережелерінің бәрі де түбі ертеден келе жаткан дәстүрлерге сайғанымен XVII ғасырдың соңында жаңа електен өтіп, ел кызметіне жаңғырған қалпында кірісті.  Н. Г. Аполлова «Жеті жарғыны» қазақтың әдет-ғұрып ережелерінің жаңғырған, жүйеленген түрі деп өзінің еңбегінде айтып кеткен.[2]

    Н. Г. Аполлова, Т. М. Күлтелеев, С. Л. Фукс сиякты тамаша ғалымдардың 40-50-ші жылдардағы еңбектерімен «Жеті жарғыны» зерттеудің тұтас бір кезеңіне байланысты. Одан кейінгі ұзақ жылдарға созылған тоқырау татымды еңбек берген жок. Бұл тақырыпқа қызығушылық 80-ші жылдары кайта басталады. Алдымен С. Зиманов пен Н.Өсеров бірлесіп жазған екі мақала шықты да, кейіннен бұл тақырып шығыстанушылар тарапынан да белгілі қызығушылық туғызды. Ең алдымен Т. И. Сұлтановтың 1982 жылы «Кочевые племена При-аралья в ХҮ-ХҮІІ вв.» кітабында «Жеті жарғыға» арнайы бөлім берілгенін айту керек. Бірақ автор тарихнамада өзіне дейін   калыптасқан   дәстүрлерге   толық   бағынбай   «Жеті жарғыны» тек құқықтық ескерткіш тұрғысынан қарастырады. Шығыстанушы Т И. Сұлтанов құқықтанушы ғалымдардың мақалаларының тікелей әсерінде болды десек артық айтқандық болмас. Сонымен бірге автор «Жеті жарғыға» XҮII ғасырдағы қазақ коғамына кажет әскери-саяси жәнс әлеуметтік өмірдің дамуы туғызған ережелер енді деп есептейді. Т. И. Сұлтановтың құнды пікірлерінің бірі «Жеті жарғының» қазақ өмірінің әр бағыттарын яғни әкімшілік, қылмыстық, азаматтық мәселелерін, сонымен қатар алым-салық, дін. т.б. салаларын қамтамасыз ете алатын қабілеті зор» деген пікірі.

    Расында да «Жеті жарғы» ережелері қазақ қоғамының әр саласын камтиды, бұл А. И. Левшин жазбаларынан да анық көрінеді. Дегенмен Л. П. Левшиннің «Жеті жарғыға» - қатысты ережелерді ғана билерден жазып алғанын дәлелдеу өте қиын мәселе, екіншіден «Жеті жарғының» қазақтың әдет-ғұрып заңдарынан айырмашылығы бар екенін, олардан іріктелінген заң ережелері екенін дәлелдеу де оңай емес. «Жеті жарғы» негізінен ХҮІІ-ХҮШ ғасырларда қолданыста болған әдет-ғұрып ережелерінен, билердің оңтайлы шешімдерінен құрастырылса керек. «Жеті жарғы», егер қазақ әдет-ғұрып заңдарының аясындағы жинақ десек көшпелілер қоғамындағы сергектік, би-лердің тың шешімдерін  канонға  айналдыру, әлеуметтік-шаруашылық өмірдегі өзгерістерге икемделу т.б. эволюциялық салтынан шығып кетуі мүмкін емес. Көшпелілердің әлеп-ғұрып зандары мәңгі көне қазына және мәңгі жас даналық. Құқықтанушы ғалымдардың еңбектерінде «Жеті жарғыға» тек құқықтық ескерткіш тұрғысынан қарау басым болатыны

заңды.[1]

    Қазақ заңгер ғалымдарының арасында «Жеті жарғы» тақырыбына соңғы уакытта қалам тартқандардын ішінен академик С. 3. Зиманов мектебінің өкілдерін айту керек. Олар .З. Ж. Кенжалиев, Н. С. Ахметова, К. А. Абишев, Н. У. Өсеров т.б. зерттеушілер. Бұл аталған ғалымдар «Жеті жарғыға» ең алдымен құқықтық ескерткіш есебінде карайды. Олардың «Жеті жарғыға» қатысты пікірлерін «Қазак әдет ғұрып заңдарының мәселелері» аталған жинаққа кірген макалалары арқылы талдауға болады. Н.Өсеров мақаласы «Жеті жарғы» тарихи маңызы зор ірі ескерткіш болып табылады» - деп басталады.[1]

    «Жеті жарғыны» бұдан әрі зерттеудегі қиыншылык, мәселелер академик С.Зимановтың «Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов» мақаласында да көтеріледі. Бұл бағыттағы көптеген мәселелерді атай келіп С.Зиманов «Жеті жарғыны» бұдан әрі зерттеу, кеңейту, терендету үшін тарихи зерттеулердің, ізденістердің қажет екенін ескертеді.[7]

    «Жеті жарғы» мәселелері З.Кенжалиевтің «Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет» монографиясында да көтеріледі. Автордың пікірінше «Жеті жарғы» қазақ қоғамының ішкі мәселелеріне көбірек назар аударады және соған байланысты бірсыпыра жаңа нормаларды кіргізеді. З. Кенжалиев «Жарғы» мемлекеттік биліктің құқық түзу қызметінің өсіп-өніп, жаңа сатыға көтерілген тұсының туындысы және көрінісі» - деп есептейді.[5]

    «Жеті жарғының» ең көне нұсқасы қызылордалық Ералы Саққұлақ (1846-1932 жж.) шешеннің жазбаларынан табылған. «Жеті жарғының» бұл нұсқалары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының кітапханасындағы қолжазбалар қорында сактаулы. Мұнда берілген нұсқалар дәл Тәуке ханның «Жеті жарғысының» түпнұсқасы деп айту артық болар еді . Өйткені бертін келе оларға өзгеріс енгендігі оның баптарынан анық көрінеді. Бұл нұсқалардағы ортақтық құрылымы жағынан жеті мәселені қамтыған .[3]

     «Жеті жарғы» әдеттік-құқық заңының біршама толығырақ сақталған мағлұматтық жақтарын қарастыра отырып, халық арасында сақталған баптарын жинақтап, оның негізгі мазмұнын үлкен жеті тарауға бөліп берген заңгер ғалым Нұралы Өсеров болды. «Жеті жарғы» негізін құрайтын баптарына тоқталып өткен орынды:

I. Мемлекет тұтастығы.

1-бап. Мемлекет билігіне іріткі салған адам өлім жазасына кесіледі.

2-бап. Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдал, ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болды.

3-бап. Дауларды шешу ханға немесе билерге жүктеледі.

4-бап. Арнайы тегіс барлық мал-мүлікке таңба белгіленуге тиіс болады және салық түрлері белгіленеді.

II. Тән тазалығы.

5-бап. Жеті ата ішінде қан  алмастыру  өлімге  немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады.

Ш. Дін беріктігі.

6-бап. Жеті адам куә болып, Құдайға тіл тигізгені дәлелденсе, тас лақтырып өлтіріледі.

7-бап. Өзге дінге кіріп, кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады.

8-бап. Өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді.

IV. Отбасының бірлігі.

9-бап. Егер әйелі ерін өлтірсе, ол өлім жазасына кесіледі және ешқандай құн төлеумен ауыстыру мүмкін емес.

10-бап. Егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді.

11-бап. Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетсе, одан өлі бала түссе 5 айлық бала үшін - 5 ат, одан әрі 1 түйе төлейді (1 түйе - 3 ат немесе 10 қой).

12-бап. Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Өзі зорлаған қызға қалың мал төлеп үйленсе, жазадан босатылады.

13-бап. Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері өлтіруге хақылы.

Әйелінен сезіктенген еркекке төрт сенімді адам дәлелдеп беруі керек, егер теріске шықса әйел жазадан босатылады.

14-бап. Біреудің әйелін алып қашса, өлімге бұйырады немесе әйелдің қалың малын төлеуі қажет.

15-бап. Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйінде қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айналдырып шығады. Ал қыз болса, аяқ-қолын байлап анасының билігіне береді.

16-бап. Ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаса, әйелі мен баласы жазаға тартылмайды. Өйткені үлкеннің үстінен мәлім айту әбестік саналады.

V. Қылмыс пен жаза.

17-бап. Қанға қан алу принципі жұмсартылып, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құны төленеді (ер адамға - 1000 қой, әйелге 500 қой).

18-бап. Ұрлық, қарақшылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі.

19-бап. Денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес қүн төленеді (бас бармақ -100 қой, шынашақ—20 қой ).

20-бап. Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды. Ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.

21-бап. Ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс .

22-бап. Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.

23-бап. Барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс.

24-бап. Сарбаз атын ұрлаған адам өлім жазасына кесіледі.

25-бап. Өлтірілген аңшы иті немесе 6үркіті үшін иесінің құл немесе күң беру ді талап етуге кақысы бар.

VI. Адам құқығы және мүлік меншігі.

26-бап. Егер әкесінен енші алған ұл баласыз болып өлген болса, онда оның қожалығы өзінің әкесіне беріледі. Жасы кіші балалар жақын туыстарының қарамағына беріледі.

27-бап. Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиіс, әйтпесе айып салынады.

28-бап. Кімде-кім азғындыққа жетелеген болса немесе азғындыққа зорлықпен әйелді итермелесе, сол адам 200 қой төлейді.

29-бап. Төре мен Қожаның құны қарадан 7 есе артық.

30-бап. Құлдардың иелері олардьң өмірлерінің қожайыны болып есептеледі.

VII. Билік тәртібі.

31-бап. Үлкен дау-дамайды хан шешеді немесе билер, ақсақалдар кеңесі шешеді.

32-бап. Егер жауапкердің билерге күмәні болса, онда оларды өзгерте алады.

33-бап. Куәлікке екі немесе үш адам жүреді.

34-бап. Өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады.[3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлері

  «Жеті жарғы» өзінің баптарында «қылмыс» деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді. Бекітілген нормаларда тек қазақ қоғамының әлеуметтік практикасында жиі-жиі кездесетін зиянды қимыл-әрекеттердің аттары аталып, оларға қолданылатын жазалар көрсетілген .

  Жеті жарғы заңында мынадай қылмыс түрлеріне жаза қолданған: кісі өлтіру, ұрлық жасау, әйел зорлау, біреудің әйелін алып қашу, зинақорлық, құдайға тіл тигізу, кәпір дінін қабылдау, бүлік шығару, тонау, әйелдің ерінің көзіне шөп салу. Қылмыс істеген адамды қылмыскер деп атамайды, керісінше  оларды «жын соққан», «пері соққан», «құдай атқан» деген мағынада бағалайды.

    Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған мөлшерден басталады. «Он үште отау иесі» деген сөз әр адамның әрекетіне жауап бере алатынының нышаны болса керек.

    Қылмысқа қарсы қолданылатын ұжымдық шаралардың бірі барымта. Егер қылмыс жасаған жақ би үкіміне көнбесе немесе кешіктірсе даугер жақ өз тарапынан барымта ұйымдастырады. Барымта-ең алдымен малды айдап алу, оның талабы белгіленген көлемнен шықпау. Осы тұрғыдан барымта қоғамдық қатынастардағы реттегіш деп есептеуге болады.

«Жарғы» бойынша егер қылмыскер би үкімін орындамаса, туыстары қорғап, өз тарапынан айыбын тартпаса, ауыл болып дауды шешуден бас тартса зәбір шегуші жақ барымтаға барады.

    Зәбір шегіуші жақ ең алдымен ақсақал, билердің алдынан өтіп, ал малды айдап келгеннен кейін қанша мал әкелгенін баяндайды.

Айдап әкелінген мал үкіммен берілген айыпқа немесе құнға сәйкес келуі керек.

    Барымта ашық түрде жасалады. Барымтаға қатысқан адам жорықта өлетін болса зәбір шеккен жақ құн төлеуді талап етуге хақылы. Барымтаға түскен малды билер айтып қайтара алмайды.

    Барымтаның түрлері -ұрлық жасалып, ұры малды сіңіріп алса, біреудің кісісі өліп өлтіруші жақ тез арада алты жақсысын алып алдарына жығылмаса, біреудің қорық жеріне өзгенің малы жайыльп, істен шығарса. Сонымен қатар неке мен отбасы мәселелерінен өрбитін; қалың малын төлемей қыз алып қашу, біреудің заңды некесін бұзу, ортаға түскен олжадан сыбаға бермеу, қонағасы дәстүрін бұзу т.б. [1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. «Жеті жарғыдағы» қылмысқа қолданылатын жаза түрлері

    Әдет-ғұрып заңдарының бір тармағы есебінен әртүрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі ең ауыры-өлім жазасы, өлім жазасынан кем соқпайтын түрлері де баршылық.

    Қазақ арасында жиі кездесетін жазаның бір түрі-қылмыскер адамның мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағып ауыл айналдыру.Әсіресе, бұл ауыл ішінде тәртіп пек имандылықты бұзғанда қолданылады. Қылмыскерді қара сиырға мінгізіп, бетіне қалың қылып күйе жағып, мойнына әбден құрым болып қалган ескі кигізді іліп, соңдарынан қамшымен ұрып отырады және беттеріне түкіріп, топырақ шашып әбден қорлайды.

    "Мойнына құрым іліп  бетіне, күйе жағу" билердің кеңесінде емес. Ауыл-елдің сыйлы ақсақалдарының бұйыруымен істеледі. Себебі, ел имандылығын, әсіресе жастардын дурыс-тыгын қадагалау ауыл улкендерінің әз ісі деп есептеледі. Ауылындағы бас бұзар бұзығын, арсыз әйелін жазаламаған ел басы ақсақал елге сыйлы болмайды.

    Нәпсіқорлыққа байланысты айтып кететін бір мәселе: қолға түскен еркектің атының құйрығын кесу, онымен бірге ұсталған қыздың, не күйеуі бар әйелдің бұрымдарын кесу. Бұл да ауыр жаза қатарында, себебі ат құйрығын кесу тек өлімде, не жаугершілікте кездесетін нәрсе. Бұл қылмыскерге ені аяушылықтың болмайтындығын көрсетсе керек.

Еркек адам қайтыс болғанда мініп жүрген атының құйрығын кесіп жібереді. «тұл ат». Ол атты тек ас бергенде сояды. Екі жыл ішінде құйрығы кесілген аттқа ешкім мінбейді. Өзгенің жылқысының (ұрланған) құйрығын  кескен ұрыға бір жылға шейін билік айтпайды. Мал иесінің босағасын күзеттіреді. Егер атының құйрығы кесілген үйден бір жыл ішінде кісі өлсе, ат құйрығын кескен ұрыға кісі құнын төлеткізеді.[1]

Информация о работе Жеті жарғы