Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:07, научная работа
Қазаққа қасқайта жол көрсетіп, заң шығарып, сол заң бойынша елге билік жүргізген Қасым хан болса, оның үшінші ұрпағы Есім хан да ел басқаруда сол Қасым хан салған қасқа жолмен жүрді, ал Әз Тәуке болса Қасым хан мен Есім хан тұсындағы әдет-ғұрып, заң жобаларын бір ізге түсіріп «Жеті жарғы» атты конституциялық құжат жасады. Бұл қазақтың тұңғыш Конституциясы. Оның әрбір бабы сол кездегі заман талабы
Кіріспе.......................................................................................................................4
І-тарау. «Жеті жарғы» - тұңғыш қазақ конституциясы
1.1. «Жеті жарғының» зерттелу тарихы
1.2. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлері
1.3. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлеріне қолданылатын жаза
ІІ-тарау. «Дәстүрлі билер соты»
2.1. Билер соты және олардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған рөлі.
2.2. Куәгерлік
Абстракт
Зерттеудің мақсаты.
Көнені жаңғырту арқылы әдеп-ғұрып заңның құқықтық дамуына ықпал ету және халқымыздың тарихи қазыналарын дәстүрлі қорларға жинақтап атадан-балаға жалғап тарихта қалдыру.
Бұл мақсатты орындау үшін келесідей міндеттер анықталды:
«Жеті жарғының» қазақ қоғамындағы қызметін, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы орнын анықтау.
«Жеті жарғының» қылмыстық жазаға байланысты баптарымен танысып зерттеу.
Кезеңдері және зерттеу рәсімі.
Бұл тақырыпты таңдай отырып, қажетті құжаттар жинау үшін ізденіс Қазақстан Президентінің кітапханасынан басталды. Ал, Республикалық кітапхана қорынан сирек кездесетін құжаттар алынды. Соларды жинақтай келе, ортасынан ортақ мәліметтер жүйеленіп келтірілді, сараптама жасалды. Алынған мәліметтер негізінде мәселе жан-жақты зерттеліп, қорытынды жасалды. Жұмыс барысында жинақтау, іріктеу, сараптау, салыстыру әдістері қолданылды.
Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы.
«Өткенін білмейтін елдің ертеңі жоқ»-дейді атамыз қазақ. Мемлекеттігін құрып, заңын түзеп жатқан тәуелсіз Қазақстан үшін «Жеті жарғы» әлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сондықтанда «Жеті жарғы» халыққа өткендегіні білмек үшін және дәстүрлі құқықтың бүгінгі өмірде қажет деген тұжырымға тоқтадық.
Abstract
The Purpose of the work .
By means of renovations of ancient time, we can develop the laws a religion and leave inheritance to histories to following generation. To personify this problem in reality, are executed following actions:
define the political place "seven edict " ("жеті жарғы").
get acquainted and research the plans "seven edict" ("жеті жарғы").
Periods of the research .
Choosing this subjects, began the studies necessary material in Kazakhstan Presidential library. А from archive of the Republican library were take rare material. Having Collected these material, they were corrected. The Selected material were explored, then was incorporated conclusions.
In operation, were an used methods of the work, as study, comparison and etc.
The Conclusion of the work .
"Оne , does not know its past, does not be able to get to know its future"- spoke the kazakhs . The having formed state having formed their own laws, for independent Respuliki Kazakhstan "seven edict" ("жеті жарғы") hitherto has not lost its importance. So, "seven edict" ("жеті жарғы") it is necessary folk to get to know its past.
Мазмұны
Кіріспе.......................
І-тарау. «Жеті жарғы» - тұңғыш қазақ конституциясы.................
1.1. «Жеті жарғының» зерттелу тарихы........................
1.2. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлері.......................
1.3. «Жеті жарғыдағы» қылмыс түрлеріне қолданылатын жаза.....................17
ІІ-тарау. «Дәстүрлі билер соты».........................
2.1. Билер соты және олардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған рөлі............23
2.2. Куәгерлік ..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Қазаққа қасқайта жол көрсетіп, заң шығарып, сол заң бойынша елге билік жүргізген Қасым хан болса, оның үшінші ұрпағы Есім хан да ел басқаруда сол Қасым хан салған қасқа жолмен жүрді, ал Әз Тәуке болса Қасым хан мен Есім хан тұсындағы әдет-ғұрып, заң жобаларын бір ізге түсіріп «Жеті жарғы» атты конституциялық құжат жасады. Бұл қазақтың тұңғыш Конституциясы. Оның әрбір бабы сол кездегі заман талабына сай, соған жауап беретіндей дәрежеде жасалған. Аталарымыз қалдырып кеткен заңда тәртіптік, тәрбиелік мәні өте зор баптар жетіп жатыр. Ендеше, Абай атамыз айтқандай қажетті нормаларын қазіргі заман талабына сай өңдеп заңға енгізген жөн. Ал оған дейін бұл заң халыққа өткендегіні білмек үшін қажет болатындығы тақырыбымыздың басты өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты.
Көнені жаңғырту арқылы әдеп-ғұрып заңның құқықтық дамуына ықпал ету және халқымыздың тарихи қазыналарын дәстүрлі қорларға жинақтап атадан-балаға жалғап тарихта қалдыру.
Міндеттері.
«Жеті жарғының» қылмыстық жазаға байланысты баптарымен танысып зерттеу.
«Жеті жарғының» қазақ қоғамындағы қызметін, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы орнын анықтау.
Зерттелу әдістері.
Жинақтау
Іріктеу
Сараптау
Салыстыру
1.1 «Жеті жарғының» зерттелу тарихы.
Мазмұн-мағынасы жөнінен «Дала конституциясы» деуге келерлік «Жеті жарғы» 1680-1718 ж.ж. билік еткен Тәуке хан тұсында қабылданған. Әз Тәуке үш жүздің басын біріктіріп, олардың көшіп-қону қонысын белгіледі. Әр руға таңба үлестіріп, ұранын айқындады. Жыл сайын қазақ рубасыларын жинап, Күлтөбеде кеңес өткізді.
Сол басқосулардың нәтижесінде «Жеті жарғы» дүниеге келген. «Жеті жарғының» дүниеге келуіне Жетісудың жау қолына өтуі себепті, қазақ жүздерінің тарылып кеткен жайылымдық жерлер үшін өзара қырқысы және береке бірлігінен айырылған елдің басын қайта қосып, бір орталықтандыру мақсатында әрекет еткен Тәуке ханның белсенділігі алғышарт болды.
М. Ж. Көпеев бұл туралы: «Күлтөбеде күнде кеңес» осы Әз Тәуке тұсында айтылған сөз. «Кері кеткен елдің кеңесі көп болады, кедей елдің көш басшысы көп болады» деген сөз де сол заманда айтылған болса керек» - деген қисынды жорамал айтады. Әз Тәукеден кейінгі «ақтабан шұбырынды», жаппай кедейшілік пеп жүдеушілік XVII ғ. соңы - XVIII ғ. басындағы мәліметтерге сынай карауға мәжбүр еткен болуы керек.
Халық аузындағы әңгімелердің бірі «Жеті жарғыны» Тәуке хан үш жүзден шақыртқан Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің көмегімен құрастырылыпты десе, екінші бір болжам-пікірге сәйкес, оны Ұлы жүзден Үйсін Төле би, Орта жүзден Қаракесек Қазыбек би, Кіші жүзден Алшын Әйтеке би, қара қырғыз Қоқым би, қарақалпақ Сасық би және құрама Мұхаммед би тәрізді ел ағалары жасап шығарған.
«Жеті жарғы» атауын кейбір деректерде оны жасаушылардың санына байланыстырады. Бірақ жарғы авторларының саны алтау, ал жарғының жетеу екені бұл байланыстырудың қисынсыздығын көрсетеді. Алайда жетінші автор Тәуке ханның өзі екендігін ескерсек, аталмыш болжамның шындыққа келетінін байқау қиын емес. Ал «жарғы» сөзінің шығу төркініне келсек оны көне түркінің «йарлығ», яғни «жарлық» сөзінен туындатуға негіз бар. Осы тұрғыдан келгенде, «Жарғыда» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық нормалары, салық туралы ереже, діни көзқарастар, бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамы өмірінің барлық қыр-сырлары түгел қамтылса да, асылы, оның негізінде реттелетін басты мәселелердің саны жетеу. Неге жетеу ? Қазақ жеті санын қасиетті деп білген. Жеті қазына, жеті байлық, жеті ата, жеті қарақшы, жеті күн т.б. деп жиі айтылатыны да сондықтан. Данышпан үш биіміз де елдің есінде ұмытылмай жүретін жеті санын әдейі таңдап алған. Асылында «Жеті жарғы» әу бастан ауызша жатталып, елден елге, ұрпақтан ұрпаққа таратуға ыңғайланып жасалған. Мұны жоңғар шапқыншылығының тұсында өмір сүрген атақты жырау Қазанғап Байболұлы былай түсіндіреді:
Алтыншы, жетінші-құн дауы, жесір дауы.
Қазақ деректерінде «Жеті жарғы» қазактың көне әдет-ғүрып зандарынан бастау алатыны, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханнын ескі жолы» атты заң ережелерімен тікелей сабақтас екені ылғи да ескертіліп отырылады. Қазақ шежіресінің кейбір нұсқаларында мемлекеттің тірегі «сегіз санат» туралы айтылады. Осы «сегіз санаттың» да «Жеті жарғыға» қатысы тікелей болуы мүмкін. Қазақ деректерін бүгінгі күні ғылыми түрде жүйелеп, әсіресе ел аузында айтылып жүрген аныз, билік шешімдері мен дауларды зерделі ғылыми талқыға салып, олардың маңындағы тарихи шындықты, түп нұсқаны дәуір ерекшеліктерін анықтайтын уақыт келді. Қазақ шежіресінде, жалпы ауыз әдебиетінде мемлекет пен кұқық туралы бірнеше мың жылдар қордаланған деректер мол. Олар әуел бастан біздің адами болмысымызды қалыптастырған өзге де рухани қазынаның арасында жүрген дүр моншақтай. [7]
«Жеті жарғы» заңдары жазбаша күйінде Қожа Ахмет Яссауи мұражайының экспозициясында сақталған. Ал заң ережелерінің жазба түрде елге, ғылыми кауымға танылуы Ресей зерттеушілерінің ұлан-ғайыр еңбегіне байланысты. Соның ішінде алғашкы салиқалы пікіp айтқан А. И. Левшин қарама-қайшылыққа толы жазбалар қалдырды. Kіші жүз қазақтарының ішіндегі белгілі, салмақты ру басшылары мен сұлтандарының айтқанына сүйене отырып А. И. Левшин: «было время, говорят благоразумнейшие из Киргизов Меньшой Орды, когда и наш народ жил в покое, было время когда и у нас существовал порядок, были законы и правосудие. Сей золотой век, о котором воспоминают они со вздохом, есть царствование знаменитого Хана их Тявки» -деп жазады.[6]
А. И. Левшиннің 2-3 бөлімдерінен қазақтың әдет-ғұрып заңдарына қатысты, оның ішінде «Жеті жарғыға» тікелей байланысты ережелерді кездестіретін «Описание киргиз-казачьиих, или киргиз-кайсацких орд и степей» атты еңбегі XIX ғ. басындағы қазақ қоғамы туралы энциклопедиялық деңгейдегі түсініктер мен мәліметтер бергенімен де, қазақ қоғамының ішкі өмір сүру тәртібі заңдылықтары, мемлекет пен кұқықтың ерекшеліктері туралы пікірлері сын көтермейтін дәрежеде. [6]«Жеті жарғы» тәртібін терен түсінген ғалымдардың бірі Шоқан Уәлиханов. Оның жазбаларында «Жеті жарғыға» арналған жеке бөлім жоқ, дегенмен Шоқан қазақтың заң ережелерін, жолдарын Тәуке заманынан тым әріде қалыптасқан деген пікірден ешқашан айныған жоқ. Ол бірнеше жерде «Жеті жарғы» ережелері мыңдаған жылдар бойы өмір сүрді деп жазады. Шоқан Уәлиханов қазақтың әдет-ғұрып заңдарының шын жанашыры және ғалым ретінде тамаша салыстырмалы пікірлер айтты. Оның ойынша қазақ қоғамына арқау болған дәстүрлі заңдар Ресей реформаторлары табынып отырған Батыстың заңдарынан анағұрльм адамшылыққа жақын, ал Шығыстың тәртібінен оқ бойы озық. [1]
Ш.Уәлихановпен қатар қазактың әдет-ғұрып заңдары жөнінде және ерекше «Жеті жарғы» туралы пікір білдірген М. Красовский. Ол «Жеті жарғы» заңдарының мемлекетті күшейту ниетімен жасалғанын және бұл заңдардың түп негізінде әдет-ғұрып ережелері жатқанын жазады.
Бірақ М. Красовскийдің басты қателіктерінің бірі қазақтың хан білігін, жалпы саяси - құқықтың құрылысын терең түсіне білмегендігінде. Ол хандардың билігінің шектеулі болуын себеп қылып мемлекеттікті жоққа шығара салады. Шын мәнінде хан билігі халықтьң билік құқықтық көзқарастарының сырты ғана көрінісі және ол көрініс бірде күшейіп, бірде азайғанымен ел өзінің тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен күдер үзді деп айту жөн емес. Көшпепілер қоғамы азаматтық қоғамның үлгісі, ол қоғамның әр мүшесі мемлекеттің кірпіші. Мемлекет ұғымы алдымен адам санасында, оның қоғамдық шаруаға қатысында танылады. Билік институттары, атрибуттары қоғамдық құрылымның бір ғана қыры, көзге түсетін тұсы. Көшпелілердің саяси құндылықтары мұхитта жүрген айсберг сияқты негізгі бөлігі көзге түспей су астында жүзіп келеді. Өкінішке орай қазақ заң ережелерімен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі ол жағына мән бере қоймаған.
Жоғарыда аталған зерттеушілердін бәрі де «Жеті жарғы» тек заң ережелерінің жинағы ғана емес, мемлекеттік билік құрылымы хан билігінің қабілетін күшейтетін Кеңес екенін жақсы аңғарған. Бұл көзқарас өкінішке орай «Жеті жарғыны» кейінгі уақытта зеттеушілердің арасында қолдау таппай, тек ереже күйінде қабылдау басым болды. XIX ғ. екінші жарты-сында қазақтың әдет-ғұрып заңдарымен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі қазақ мемлекеттігі мәселесін тіпті де ауызға алмай, заң ережелерін жеке бөліп алып қарастырады. Бұл бір жағынан түсінікті еді. Ресей бодандығына біржолата қараған қазақ елінің хандық дәуірі, мемлекеттілігі жөнінде сөз қозғау саясат тұрғысьнан зерттеушілерге тиімсіз болды. Бірақ осы қалыпты сүрлеу Совет кезеңінде де өз қалпынан шыққан жоқ. Зерттеушілердін көпшілігі қазшктың әдет-ғұрып заңдары туралы жазғанымен, онын мемлекетпен қатынасы туралы мәселені айналып өтуге дағдыланып алды.[1]
Бұл қалыпты жолдан бөлек еңбектер көп емес. Азды-көпті зерттеу еңбектердің ішінде Н. Г. Аполлованың 1948 жылы жарияланған «Присоединение Казахстана к России» монографиясы ерекше көңіл аударуға тұрады. Бұл зерттеу 40-жылдардағы қоғамтанушылары (тарихшы, заңгер т.б.) жеткен биікті көрсетеді және белгілі дәрежеде тарихқа көзкарастардың квинтэссенциясы тәрізді. Өкінішке орай 50-ші жылдардың қоғамтанушылар арасында жүргізілген қудалау ғылыми көзқарастарды артқа шегеріп, жұтатып тастады. [2]