Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 11:46, доклад
Ж. Тәшенов – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1934 – 1939 жылдары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында шаруашылық, кеңес және жауапты партия жұмыстарында болған. 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінің 1 –ші хатшысы, 1955 – 1960 жылдары Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР – і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Қазақ жерін бөлшектеуді жүйелі жүргізген Хрущев бастаған КСРО саяси бюросындағылар ұлтымыздың тілін, салт-дәстүрін аяқ асты етіп, қазақтардың ұлттық рухын жаншып, орыстың озбырлығын мойындатып барып, халықтың келісімін алмай-ақ, тың өлкесін 1960 жылы - Ресейге “Алтай өлкесі” дәрежесінде қосып алмақшы болды. Кремльдің осы жымысқы саясатын қалт жібермей қадағалап отырған ержүрек Ж.Тәшенев осы 1960 жылдың аяғында Ақмолада болатын жиналысқа Хрущевтан бұрын ұшып келді.Тың өлкесінің басшыларынан: “Келер жылдың бюджетін неге өткізбей отырсыңдар?” - деп сұраса, “Тың өлкесінің бюджеті енді қазақ үкіметіне емес РКФСР үкіметіне жолданады” - деген Соколовқа Тәшенев: “Егер қазақ үкіметіне бағынғың келмесе 24 сағаттың ішінде табаныңды жалтырат, құры! Тың өлкесі Ресейге берілмейді. Айтар жеріңе айта бар!” - деп бірден қатты тыйып тастайды. Тың өлкесі үшін Хрущевпен айқасқанда - “Солтүстік облыстарды Ресейге қоса салу қазақты қорлау, намысын жер ету, қалыптасқан шаруашылық-экономикалық қарым-қатынастарды біржолата құрту деген сөз. Халықтың тамырына балта шабумен бірдей. Мен тың өлкесін Ресейге бермек тұрмақ мәселенің күн тәртібіне қойылуына үзілді-кесілді қарсымын!” -деп отты сөздермен бет қаратпағанда Хрущевтің беті қызарып, көзі аларып, тілі тұтығып жолбарыс киесі бар Жұмабекке жалтақ-жалтақ қарап тұрып қалыпты.
Алты облыстың жері үшін болған көп айқастардың бірінде екеу ара қалғанда Қонаев: “Жұмеке-ай, жүрек жұтқан, көзсіз батырсың-ау!” - депті. Сонда Тәшенев: «Елімнің мүддесі үшін қияметке де дайынмын!» деп кейінгілерге ерліктің асқан үлгісін қалдырды. Отаны үшін отқа түскен Тәшеневтің осы жан қиярлық ерлігін басқа ұлт өкілдері де жоғары бағалап қолдап отырды. Айлалы Кремль басшылары Тәшеневке көп сый-құрметтер көрсетеді, ақыры жер шарының жартысын алып жатқан Кеңестер Одағының Жоғарғы Кеңесінің төралқасының алтын тағына отырғызамыз деп те уәде береді. Мансаптан да елі мен жерінің ертеңін ойлаған есіл ер қызметке де, байлыққа да рухын жықпай, саяси саудаға бармады. Отаршылдардың Ж.А.Тәшеневпен санасқан себебі – еліміздегі бүкіл халық, әсіресе өз ұлты Жұмекеңе бір кісідей толық сенетін. Халықтың шынайы сенімінен артық күш-қуат та, бақыт та жоқ емес пе! Тәшеневтің қоғамдық-мемлекеттік қызметтері, КСРО-ның осындай оспадар саясаттарына ашық қарсы шығуы Одақ элитасындағы ерекше тосын құбылыс, тіпті аңыз еді.Осыған мысалдар келтіре кетейік. 1960-жылғы қыстың қаттылығынан жем-шөп жетіспей елімізде малдар қырыла бастайды. Үкімет тізгінін енді қолына алған Тәшенев бар жауапкершілікті өз мойнына алып мемлекеттік бөлінбес қордағы астықты аудан, облыстарға таратып берген. Жұттың беті қайтып, көктем шыға осы ісі үшін жауапқа тартпақ болып үкімет басшысын Кремль көсемдері шақыртады. Ленинград тұрғындары аштан қырылып жатқанда С.М.Киров «мемлекеттік бөлінбес қорды» жұмысшыларға карточкамен таратқан.
Қоғам қайраткері
Ж.А.Тәшеновтың аумақтық
Жалпы Жұмабек Тәшенов
ұлтына қарап адамдарды бөлмеген,
әрқашан әділдікті жақтаған азамат.
Мәскеудегі кезекті қызметін атқару
кезінде украиндық бір ғалымның
«қылмысты ісі» алдына келеді. Қарт
ғалымға бір жауапты
Ұлтжанды азаматтың ерліктерінің
ішінде Қазақстанның солтүстіктегі облыстарын
аман алып қалғаны ерекше тоқталуға тұратын
оқиға. Кеңес елінің басшысы Н.Хрущев еліміздің
солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау,
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан)
біріктіріп, «Тың өлкесі» деген аймақ
құрып, оны Ресейге қосуды жоспарлайды.
Сөйтіп, өлкенің басшылығына Мәскеуден
Т.И.Соколов деген өз адамын жібереді.
Ол «Тың өлкесін» Ресейге өткізуге бейімдеп,
Қазақстан басшылығына бағынудан бас
тарта бастайды. Бұл әрекетті білген Қазақ
КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж.Тәшенов
1960 жылы күзде «Тың өлкесінің» орталығы
болған Целиноград қаласына шұғыл түрде
ұшып келіп, республикалық Жоспарлау комитетіне
келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді
әдейі бермей бассыздық жасағаны үшін
Т.Соколовты қызметінен алып, 24 сағаттың
ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін
және «Тың өлкесі» ешқашан Ресейге берілмейтінін
қадап тұрып айтады. Мұны ерлік демегенде
не дейміз?!
Тағы бірде Алматыда Үкімет мәжілісінде
келесі жылдың халық шаруашылық жоспары
қаралып жатқанда мінбеге көтерілген
Тың өлкелік кеңшарлар басқармасының
бастығы А.И.Козлов: «Жұмабек Ахметұлы!
Біз сіздерден ештеңе сұрамаймыз, тек
Мәскеудің бергеніне тимесеңіздер болғаны»,-
деп қыр көрсетеді. Мұндай жүгенсіздікке
төзбеген Ж.Тәшенов оны тоқтатып қойып:
«Тың өлкесі Қазақстанның құрамында, ал
Қазақстанды оның Орталық партия комитеті
мен Үкіметі басқарады. Сіз сол партияның
мүшесісіз. Мынадай қыңыр мінез бен істі
қоймайтын болсаңыз партиядан шығарып
орныңыздан аламыз. Сонан кейін баратын
жеріңізге барып арызыңызды айта беріңіз»,-
деп тағы да орыс азаматының бетін қайтарған
екен. Н.Хрущевтің қырына ілігіп, қызметінен
төмендетіліп, Мәскеуден Қазақстанға
жіберілген А.Козлов зәресі ұшып, сол жерде
кешірім сұрайды.
Жұмабек Тәшеновтің өзі Мәсекуде Қазақстанның
бес облысын Ресейге қосу туралы Н.С. Хрущевтың
әрекетіне қалай тойтарыс бергенін былай
деп еске алады: «Кешкі сағат он кезінде
менің бөлмеме Д.А. Қонаев (сол кездегі
Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы)
телефон шалып, Хрущевтің екеумізді шақыртып
жатқандығын айтты. Бұрын кездескенімізде
жылы шырай көрсететін мәскеулік бастық
жүзінен бұл жолы қатаңдық байқалды. Сөзін
бастағаннан-ақ: «Кеңес Одағындағы ұлт
республикаларының жан-жақты дәрежеге
жетуінің негізгі себебі ол Кеңес үкіметі
мен Ұлы партиямыздың көрегендік саясатының
арқасында екендігін көпшілік білсе де,
әлі күнге дейін соған дұрыс мән бермейтіндер
жоқ емес. Соңғы кезде Саяси Бюро мәжілісінде
Қазақстанның саяси-экономикалық мәселелері
сөз болғанда, бұл республиканың алға
дамуына кедергі келтіріп отырған түрлі
себептер бар екендігі айтылып отырады.
Солардың ең бастысы – республиканы басқарып
отырған кадрлардың қазіргі талапқа сай
келмей отырғандығы және өзге республикаларға
қарағанда жер аумағының өте кеңдігі,
ал өндіріс салаларының өте көптігі. Ал,
енді осы жағдайларды ескере келіп, Саяси
Бюродағы келісім бойынша осы кедергіні
тез арада шешпейінше республика алға
жылжи алмайды. Кадр мәселесін кейінірек
қарауға тиіспіз, қазір кезектегі және
жедел шешетін мәселе – ол республиканың
жер көлемі жайында болып отыр. Жолдас
Қонаевпен және облыс басшыларымен пікір
алысқанбыз. Бұл пікірімізді олар негізінен
қолдады. Жұмабек Ахметович, енді сіздің
пікіріңізді білгім келіп шақырып отырмын»
- деді. Мәймөңкені білмейтін басым: «Никита
Сергеевич, мен бұл мәселенің шешілуі
былай тұрсын, тіпті күн тәртібіне қойылуының
өзіне қарсымын» - дедім. Менің сөзімді
естісімен-ақ бастықтың беті қызарып,
көзі аларып, тұтығып, маған жалтақ-жалтақ
қарап тұрып қалды. Сәлден кейін: «Саяси
Бюроның келісіміне қарсы шығатын сен
өзің кімсің, біз саған сенім білдіріп,
республиканың үкімет басшысына дейін
көтердік, ал сенің айтып отырғаның мынау.
Бұл мәселені сендерсіз-ақ шешеміз. Кеңес
елі бір мемлекет, қай жерді қай республиканың
меншігіне беру КСРО Жоғарғы Кеңесінің
еркі. Бұл жай пікір алысу еді» деп реңінен
ашуының қайтқаны білінді. Сонысын пайдаланып
мен халқымыздың «шешінген судан тайынбас»
дегені есіме түсіп, пікірімді жалғастырдым.
«Никита Сергеевич, - дедім, - егер Жоғарғы
Кеңес әр республиканың жерлерін жергілікті
органдарынсыз шеше беретін болса КСРО-ның
және ұлт республикаларының Конституциясын
жою керек қой. Ал, ол Конституциялардың
баптарында әр ұлт республикасы өзінің
тарихи жеріне, ондағы байлығына өз меншігім
деп пайдалануға құқы бар. Оны өзгертуге
ешкімнің, ешбір органның құқы жоқ» деп
ойымда жүрген Ата Заңымызда жазылған
баптардағы тұжырымды айттым. Сөзімді
жалғастырып: «Егер бұл заңдармен санаспайтын
жағдай туса, онда біз халықаралық заңды
мекемелерге дейін шағым беруден тайынбаймыз,
ондай құқығымыз бар» деп айттым. Далаға
шыққан соң Қонаев: «Әй, Жұмеке-ай, жүрек
жұтқан көзсіз батырсың-ау» деді. Осындай
күрделі жағдайда Қазақстан басшылығы
мен оның халқының пікірімен Н.С.Хрущев
та санасуға мәжбүр болып алғашқы ойынан
қайтады. Бұл сталиндік зұлматтан кейін
еңсесі түскен қазақтың ұлттық,
Жалпы, Жұмабек Ахметұлының ел билігінде
жүрген кезінде жасаған ерліктері өте
көп, айта берсек әр қайсысы бір кітапқа
жүк болатын-ақ дүние. Өкінішке қарай,
тұлғаның осынау батыл қамдары ел арасында
насихатталмай келеді. Тіпті, оның 80 және
90 жылдық мерейтойлары да мемлекеттік
деңгейде аталған жоқ.