Ж.А.Тәшеновтың өмірі мен қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 11:46, доклад

Описание работы

Ж. Тәшенов – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1934 – 1939 жылдары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында шаруашылық, кеңес және жауапты партия жұмыстарында болған. 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінің 1 –ші хатшысы, 1955 – 1960 жылдары Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР – і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Работа содержит 1 файл

Тәшенов курсовой.docx

— 43.25 Кб (Скачать)

                      Ж.А.Тәшеновтың өмірі мен қызметі

          

   Ж. Тәшенов – мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  экономика  ғылымдарының  кандидаты,   КОКП  Орталық  Комитеті  жанындағы  Жоғары  партия  мектебін  бітірген.   1934 – 1939 жылдары  Ақмола  және Солтүстік  Қазақстан  облыстарында  шаруашылық,  кеңес  және  жауапты  партия  жұмыстарында  болған.  1952 – 1955  жылдары  Ақтөбе  облыстық  партия  комитетінің  1 –ші   хатшысы,  1955 – 1960 жылдары  Қазақ  КСР – і  Жоғарғы Кеңесі  төралқасының  төрағасы,  1960 – 1961  жылдары   Қазақ  КСР – і  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы  қызметтерін  атқарған. Ж. Тәшенов  республиканың  саяси,  экономикалық,  мәдени  дамуына   басшылық  жасаған  жылдары  қазақ  мемлекетінің  аумақтық  тұтастығының  сақталуына  көп  еңбек  сіңіреді.  Маңғыстауды  Түркіменстанға  қосу  жөнінде  ұсыныстарға  тойтарыс  берді. «Тың  өлкесіне»  біріктірілген  солтүстік  облыстарды  Ресейге,  Оңтүстік  Қазақстанның   мақта  егетін  аудандарын  Өзбекстанға  беруге  қарсы  шықты.  Қазақстан  жерінде  ядролық  жарылыстар  жасауға  қарсылық  білдірді. Шығармашылық  одақтар  өкілдеріне  үй – пәтер  бергендігі  үшін  Алматының  ортасында  «қазақ  ауылын»  құрды  деп  айыпталды.  «Қазақ  әдебиеті»  газетін  жабудан, «Социалистік  Қазақстан» (қазіргі  «Егемен  Қазақстан»)  газетін   орыс  тілінде  жарық  көретін  « Казахстанская  правда»  газетінің  аудармасы  етіп шығарылу  қаупінен  қорғап  қалды.  «Ұлтшыл»  деп  айыпталып, Н. 1961 жылы Қ.Т. Тәшенов ҚазССР ҒА – ның Физиологиясы лабораториясының меңгерушісі болып тағайындалады. Осы кезден бастап оның ауылшаруашылық малының асқорыту жүйесінің қызметін зерттеу жұмыстары басталады. Мысалы, асқазаны бір камералы жануарларға қарағанда күйіс малдарының асқорыту мүшелерінің өз ерекшеліктері бар. Күйіс малдарының асқазанның алғашқы үш бөлігінде азық микроорганизмдердің көмегімен өндеуге түседі, ал асқорыту бездері үздіксіз жұмыс істеп, тәулік бойына өте көп сөл бөледі. Сонымен қатар қойдын, ешкінің және туйенің ұйқы безі жолы өт жолымен жалғанған және 12-елі ішекке ортақ жол ашылған, сондықтан таза панкреатит сөлін және өтті бөліп алу мүмкін емес.С.Хрущевтің  нұсқауымен  қызметінен  босатылады.  Қызметі  төмендетіліп  1961 – 1975  жылдары  Шымкент  облыстық  атқару  комтеті  төрағасының  орынбасары  болды.   Өмірінің  соңғы  кезеңінде  «Қаракөл»  ғылыми – зерттеу  институтында,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  талдау – есептеу  орталығында   қызмет  атқарды.  Ленин,  Еңбек  Қызыл  Ту.  «Құрмет белгісі»  ордендерімен  марапатталған», – деп «Қазақстан» ұлттық  энциклопедиясының   8 – ші  томында   қысқаша мәліметтер  беріледі.Осы мәліметтерді  толықтырып, таратып айтсақ, Жұмабек Ахметұлы 1951 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Ново-Александров селосында (Танакөл) ауылында дүниеге келген (бұрынғы Целиноград облысы, Вишнев ауданы, ал тәуелсіздік алғаннан кейін бұл елді мекеннің атауы «Жібек жолы» деп өзгертілген). Осы ауылдағы мектепте орта білім алады. Ауылда бақташы болады. Зеректігінің, еңбекқорлығының, алғырлығының, қазақ және орыс тілдерін еркін білетіндігінің арқасында басшылардың көзіне түсіп ауылдық, кейін аудандық қызметтерге араласады. Вишнев аудандық атқару комитетінің хатшысы, Ақмола облыстық жер бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарады.40-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында жер бөлімі, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, облыстық партия комитеті хатшысының орынбасары, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы  қызметтерін атқарды.Одан кейін жоғарыда айтылғандай Ақтөбе облысында бірінші басшысы болып еңбек етеді. 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, 1960-1961 жылдары  Қазақ КСР Үкіметін басқарады.1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Қазақ халқы жерін, ұлтын қорғаған, елінің ар-намысына айналған азаматтарын лайықты құрметтеп, әрқашан ілтипатпен еске алып ұрпағына үлгі етіп отырған. Кеңестік дәуірде ұлтымызға рухани тірек болған осындай тұлғаның бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов.  Мәскеудің шешімімен лауазымды қызметінен алынып Шымкентке облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары етіп жіберіледі. 14 жыл осы облыста еңбек етіп, өмірден озғанда осы шаһарда жерленеді.

Қ.Т. Тәшенов асқорыту мүшелері мен сүт бездерінің қызметін реттеуге бүйрек бездерінің, қалқанша және жыныс  бездерінің қатысын анықтады. Малдардың  сүт бөлетін кездегі асқорыту жүйесінің қызметін зерттеу шын  мәнінде жаңа болып табылады, ол физиология ғылымына қосылған үлес. Жасы мен өсіп дамуына байланысты қойлар мен қозылардың зат алмасуындағы бауырдың рөлін білу үшін Қ.Т. Тәшенов  қақпа және бауыр веналарының  ангиостамия әдісін ойлап тапты. Бұл әдіс созылмалы тэжирибе жасау  жағдайында терең жатқан қан тамырларынан қан алуға мүмкіндік береді. 1970 жылы Қ.Т. Тәшеновке «Адам және жануарлар  физиологиясы» мамандығы бойынша  профессор ғылыми атағы берілді. 1975 жылы огл Қазақ ССР Ғылым  академиясының корреспондент –  мүшесі болып сайланды.

1976-1991 жылдары Қ.Т. Тәшенов  ССРО Ғылым академиялары арасындағы  ғылыми ынтымақтастық туралы  екі жақты Келісім негізінде  Чехославакия ҒА – ның Физиология  институтымен, Словакия ҒА – ның  Тамақтану физиологиясы институтымен  бірдесіп, ғылыми – зерттеу жумыстырын  орындайды. Бірлескен зерттеудің  негізі мақсаты куйіс жануарларының  асқорыту жүйесінің азотты алмасуын  және нейрогуморалды реттеуін  анықтау еді. Қ.Т. Тәшенов чехославакиялық  әріптестерімен бірлесе отырып  негізінен синтетикалық заттардан  тұратын азық тапты, мал басын  сақтап қалуға мүмкіндік беретін  дәстурлі емес азық рационын  жасады.

1980 жылы ол ҚазССР ҒА  – ның Физиология институты  директорының ғылым жөніндегі  орынбасары Қызметіне тағайындалады,  сонаң соң институт директоры  болады (1986-1990ж). Физиология институтының  директоры кезінде Қ.Т. Тәшенов үлкен ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін, ұжыммен жұмыс істей алатындығын көрсетті, институтта ғылыми-зерттеу жұмыстарыныңсапасы мен тиімділігін арттыруға, ғылыми-ұйымдастыру жұмысын жақсартуға көп еңбек сіңірді. Оның басшылығымен зерттеулер тематикасы қайта қаралды, негізгі бағыттар анықталды, жас және жоғары білімді кадрлар дайындауға байланысты белсенді жұмыстар жүргізілді. Басты бағыттар – «Лимфа түзілу физиологиясы» және «Өнімді жануарлар физиологиясы» бойынша Бүкілодақтық бағдарлама жасалынды.

КСРО ҒА - ның Физиология бөлімшесінің арнайы шешімімен 1988 жылы Қаз ССР ҒА – ның Физиология институты Лимфатикалық жүйе физиологиясы проблемасы бойынша басты ғылыми мекеме болып белгіленді, оның жетекшісі  ҚазССР ҒА – ның корреспондент  мүшесі болып Қ.Т. Тәшенов бекітілді.

1990 жылы Қ.Т. Тәшенов  КазССР Ғылым академиясы Төралқасының  мүшесі және Биологиялық және  медициналық ғылымдар бөлімшесінің  академик-хатшысы болып сайланды. Ол Қазақстан биология ғылымын  дамытудың басты бағыттарының  концепциясын жасауға қатысады.

1992 жылы Қ.Т. Тәшенов  Халықаралық «Ақ крест» рыцарь  орденінің мүшесі болып және  рыцарлар конфедерациясы Дүниежузілік  Парламентінің үлкен Кеңесінің  мүшесі болып сайланады, оған  Рыцарь атағы беріледі (Австралия,  Сидней қаласы). 1992 жылы Қазақстан  физиолгтарының 2 – съезінде Қазақстан  физиология қоғамының президенті  болып қайта сайланды. Оның бастамасы  бойынша Қазақстан физиология  қоғамы Әлем физиологтарының  34 Конгресінде (Санкт-Петербург, 1997 ж). Физиология ғылымдарының Халықаралық  одағына мүше болып қабылданады (орталығы Германияда).

1994 жылы Қазис Тәшенұлы  Тәшенов Қазақстан Республикасы  Ұлттық ғылым академиясының толық  мүшесі (академик) болып сайланады.

1996 жылы ол ҚР Медицина  Ғылым академиясының Құрметті  профессоры.

1990- 2002 жж. Қ.Т. Тәшенов  Ұлттық ғылыми академиясы төралқасының  мүшесі, биология және медицина  ғылымдары бөлімшесінің адам  және жануарлар физиолоиясы бойынша  Ғылыми Кеңесінің «Өнімді жануарлар  физиологиясы» секциясының басшысы  болды және ауылшаруашылығы жануарларының  физиологиясы және биохимиясы  жөніндегі Бүкілодақтық үйлестіру  кеңесінің мүшесі болды.

Академик К.М. Быков атындағы сыйлықты беру жөніндегі комиссияның  және КСРО ҒА–ның И.М. Сеченов атындағы Физиологиялық журналы алқасының  мүшесі болды. КСРО ҒА – ның асқорыту және сіңіру физиологиясының проблемасы бойынша Халықаралық комиссия мүшесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының «Известия», биология сериясы журналының бас  редакторы және адам мен жануарлар  физиологиясы бойынша докторлық  және кандидаттық диссертация қоғау  жөніндегі кеңестің төрағасы.

Қ.Т. Тәшенов 25 –ке жуық ғылым  кандидаттары мен докторларын дайындады. 35 жылға жуық әл-Фараби атындағы Қазақтын Ұлттық университектінің адам және жануарлар  физиологиясы кафедрасының профессоры қызметін қосымша атқаруда, биология факультетінің студенттеріне физиологиядан дәріс оқиды. Ғылыми зерттеулерінің нәтижесі бойынша Қ.Т. Тәшенов 250 ғылыми еңбек жариялады, оның 4-і монография және 20 жұмысы шет елдерде ағылшын, неміс, чех тілдерінде жарияланды.

Сонымен қатар, Қ.Т. Тәшенов  Қазақстан Республикасының Ғылым  академиясының Адам және жануарлар  физиологиясы институты жүргізіп отырған  «Қоршаған орта жағдайында организмнің  төзімділігін арттыру мақсатында, ішкі мүшелер жүйесі қызметінің қалпына  келу және реттелу механизмдері»  проблемасына қатысты іргелі зерттудің  ғылыми жетекшісі.

Жемісті ғылыми қызметі және жоғары білікті кадрлар дайындағаны  үшін Қ.Т. Тәшенов Қазақстан Республикасының  Ұлттық ғылым академия Төралқасының және қоғамдық ұйымдардың мерекелік  және құрмет грамотысымен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен, «Социалистік жарыс  жеңімпазы» белгісімен, «Еңбек ардагері»  медалімен, бесжылдық тапсырмаларын  орындаудағы ерен жетістіктері үшін Қазақстанның алтын кітабына енгізіліп  құрмет дипломымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотысымен марапатталды.

Академик Қ.Т. Тәшенов  – ауыл шаруашылығы жануарларының  физиологиясы саласындағы ірі ғалым, оның зерттеулері ТМД елдерінде  де, одан тыс жерлерде де кең таралған.

Ғылыми беделі, ұйымдастырушылық қабілеті және оның ыңталылығы нәтижесінде  Қазақстанның физиология ғылымы шетелдік ғылыми қоғамда кең танылды.

 

 

                  

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Ж.А.Тәшеновтың балалық және жастық шағы

 

 

Ж.А.Тәшенов туралы деректер жинап, халыққа насихаттап жүрген журналист  Жолдыбай Базаров «Қазақ даласы дүрбелеңге толы XX ғасырдың басында өзін қорғау үшін тағы бір ұлын өмірге әкелді де, арынды айбат, абдырауды білмейтін  ақыл, зеректік пен зейінділікті, кемеңгерлікті  Күн нұрымен, Арқаның керімсал самалымен  бойына сіңірді де, күрес алаңына  аттандырып салды. Сол бір аумалы-төкпелі  кезеңде балалықтың еркелігін, жастықтың  желігін жүрегінен ерте ысырып, бесіктен белі шықпай жатып, жасанып жауға  аттанған Алпамыс батырдың заңды  жалғасындай атқа қонған азаматтардың бірі, әрі бірегейі Жұмабек Ахметұлы Тәшенов еді»,- деп қаһарманның  қазақ тарихындағы рөлін әсерлі, бейнелі оймен бедерлейді.

 

 

            Ж.А.Тәшенов мемлекеттік және партиялық қызметке араласуы

 

 

    Ж.Тәшенов – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1934-1939 жылдары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында шаруашылық, кеңес және жауапты партия жұмыстарында болған. 1952-1955 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1955-1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960-1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған азамат.

 Зеректігі, еңбекқорлығы, алғырлығы, қазақ және орыс  тілдерін еркін білетіндігінің  арқасында басшылардың көзіне  түсіп ауылдық, кейін Вишнев, Нұра  аудандық атқару комитеттерінде  жауапты хатшы болып еңбек  етеді. ХХ ғ. 40-50 жылдары Солтүстік  Қазақстан облысы аудандарында  жер бөлімінің бастығы, облыстық  партия комитеті хатшысының орынбасары, облыстық атқару комитеті төрағасының  орынбасары, төрағасы қызметтерін  атқарды. 
Одан кейін жоғарыда айтылғандай Ақтөбе облысында бірінші басшысы болып еңбек етеді. 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, 1960-1961 жылдары Қазақ КСР Үкіметін басқарады.

1980 жылы ол ҚазССР ҒА  – ның Физиология институты  директорының ғылым жөніндегі  орынбасары Қызметіне тағайындалады,  сонаң соң институт директоры  болады (1986-1990ж).

  1988 жылы Қаз ССР  ҒА – ның Физиология институты  Лимфатикалық жүйе   физиологиясы  проблемасы бойынша басты ғылыми  мекеме болып белгіленді, оның  жетекшісі ҚазССР ҒА – ның  корреспондент мүшесі болып Қ.Т.  Тәшенов бекітілді.

1990 жылы Қ.Т. Тәшенов  КазССР Ғылым академиясы Төралқасының  мүшесі және Биологиялық және  медициналық ғылымдар бөлімшесінің  академик-хатшысы болып сайланды. Ол Қазақстан биология ғылымын  дамытудың басты бағыттарының  концепциясын жасауға қатысады.

 
   Ж.Тәшенов республиканың  саяси, экономикалық, мәдени дамуына  басшылық жасаған жылдары қазақ  мемлекетінің аумақтық тұтастығының  сақталуына көп еңбек сіңіреді. Маңғыстауды Түркіменстанға қосу  жөнінде ұсыныстарға тойтарыс  берді. «Тың өлкесіне» біріктірілген  солтүстік облыстарды Ресейге,  Оңтүстік Қазақстанның мақта  егетін аудандарын Өзбекстанға  беруге қарсы шықты. Қазақстан  жерінде ядролық жарылыстар жасауға  қарсылық білдірді. Шығармашылық  одақтар өкілдеріне үй – пәтер  бергендігі үшін Алматының ортасында  «қазақ ауылын» құрды деп айыпталды.  «Қазақ әдебиеті» газетін жабудан,  «Социалистік Қазақстан» (қазіргі  «Егемен Қазақстан») газетін орыс  тілінде жарық көретін «Казахстанская  правда» газетінің аудармасы  етіп шығарылу қаупінен қорғап  қалды. Қайраткер «ұлтшыл» деп  айыпталып, Н.С. Хрущевтің нұсқауымен  қызметінен босатылады.

 

 

                  Ж.А.Тәшенов халқына қызмет еткен тұлға

 

 

   Қазақ халқы жерін, ұлтын қорғаған, елінің ар-намысына айналған азаматтарын лайықты құрметтеп, әрқашан ілтипатпен еске алып ұрпағына үлгі етіп отырған. Кеңестік дәуірде ұлтымызға рухани тірек  болған осындай тұлғаның бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Ж.Тәшенов есімі ресми тарихта әлі жазылмаса да Қазақстанның  өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап халық зердесінде орын алған айтулы тұлға. Оның ерліктерін көзімен көзімен көріп куә болған аға ұрпақ, Тәшеновтің тарихтағы еңбегін енді біліп жатқан кейінгі буын өкілдері аңызға айналған қаһарманның рухына бас иеді. Бұл айтуылы тұлғаның ерлігін республика халқына насихаттап жүрген Хайдар Арыстанбеков, Сағадат Нұрмағанбетов, Сағындық Кенжебаев, Ғарай Сағымбаев, Керімбек Сыздықов, Кәрішал Асанов, Ұлықпан Бәшенов, Амантай Кәкен, Жолдыбай Базаров т.б. ғалымдар, қаламгерлер Жұмабек Ахметұлының еңбектерін ұлтына танытуға көп еңбек сіңіруде. Ұлтжанды азаматтардың араласуымен Жұмабек Ахметұлы туралы мерзімді баспасөз беттерінде бірқатар естеліктер, зерттеу материалдары жарияланып, Оңтүстік Қазақстан облысында бірлі-жарым кітаптар жарық көріп, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясына өмірбаяны жазылды. Шымкентте, Астанада көшелерге есімі берілді. Бірақ  80 және 90 жылдық мерей тойларының  республикалық деңгейде емес, өзі қызмет еткен Оңтүстік Қазақстан облысында ғана аталып өтілуі көңіл көншітпеді. Бұл барлық қазақтың бағына туған батырға лайықты құрмет көрсете алмағандық  деп ойлауға болатын іс. Ж.Тәшеновтің туған жері Ақмола облысының және Астана қаласының осы азаматты білетін, бірге қызмет еткен, шарапатын көрген, араласқан аға буын қазақ азаматтары  Жұмекеңнің 80 және 90 жылдықтары кезінде үнсіз қалды. Ол кездегі  Тәшенов есімін білмейтін жастарға әрине өкпе жоқ.

Информация о работе Ж.А.Тәшеновтың өмірі мен қызметі