Ж.А.Тәшеновтың өмірі мен қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 11:46, доклад

Описание работы

Ж. Тәшенов – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1934 – 1939 жылдары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында шаруашылық, кеңес және жауапты партия жұмыстарында болған. 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінің 1 –ші хатшысы, 1955 – 1960 жылдары Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР – і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Работа содержит 1 файл

Тәшенов курсовой.docx

— 43.25 Кб (Скачать)

  Жұмекең туралы деректер жинап, халыққа насихаттап жүрген журналист Жолдыбай Базаров «Қазақ даласы  дүрбелеңге толы  XX ғасырдың басында өзін қорғау үшін тағы бір ұлын өмірге әкелді де, арынды айбат, абдырауды білмейтін ақыл, зеректік пен зейінділікті, кемеңгерлікті Күн нұрымен, Арқаның керімсал самалымен бойына сіңірді де, күрес алаңына аттандырып салды. Сол бір аумалы-төкпелі кезеңде балалықтың еркелігін, жастықтың желігін жүрегінен ерте ысырып, бесіктен белі шықпай жатып,  жасанып жауға аттанған Алпамыс батырдың заңды жалғасындай атқа қонған азаматтардың бірі, әрі бірегейі Жұмабек Ахметұлы Тәшенов еді»,- деп қаһарманның қазақ тарихындағы рөлін әсерлі, бейнелі оймен бедерлейді.

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетов  Тәшенов жайында: «Ол қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын. Жүрегі тек қазақ деп соғатын біртуар  азамат еді», - деп еске алатын. Ұлы  Отан соғысы кезінде тылдағы жұмысты  ұйымдастыру үшін «броньмен» басшылықтағы бірқатар адамдар әскерге алынбағаны белгілі. Кейін осы соғыстан қалып  қойғандардың көпшілігі жоғары орындарда  қызмет атқарады. Жұмабек Ахметұлы солардың бірі. Кейін ол қарамағындағы  қызметкерлеріне үнемі: «Біз броньмен соғысқа бармай қалдық қой. Қабылдауымызға келген соғыс ардагерлерінің өтініш-тілегін  жерге тастамайық, олар от пен оқтың  астынан келді» деп ескертіп отырған  екен.

Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің  жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп, іске жаратуды жүзеге асырады. 
Кезінде қайраткердің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте: «Н.С.Хрущев Ж.Тәшеновтың намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр»,- деп мәлімдеген еді. 
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген экономист, профессор Ғарай Сағымбаев Ж.Тәшенов республика басшылығында болған 6 жылда Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті қарыштап алға басқанын төмендегідей деректермен көрсетеді. Осы жылдары электр энергиясы қуатын өндіру – 2 есе, мұнай өндіру – 1,6 есе, көмір өндіру – 2 есе, цемент шығару – 15 есе, мақтадан мата тоқу – 5 есе, тоқыма сырт киім шығару – 3 есе, минералды тыңайтқыш өндіру – 2 есе, аяқ киім тігу – 4 есе, ет өндіру – 2 есе, қант өндіру – 1,5 есе, мал майын шығару – 1,4 есе, өсімдік майын шығару – 2 есе өскен. Егіс көлемі – 6 миллионнан 22 миллион гектарға, ірі қара мал саны – 5,5 миллион, қой мен ешкі – 28,5 миллион басқа дейін өсті. Халық шаруашылығында 125 мың жоғары білімді, 215 мың орта білімді мамандар қызмет етті. Бес жылда 690 мың пәтер салынып, 2,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер іске қосылады. 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777 киноқондырғылар, 25 музей, 19 облыстық театрлар жұмыс істеп тұрды. Сөйтіп, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс мәдениеті айтарлықтай жақсарды. 
Ж.Тәшенов жоғары қызмет бабына орай бір мезгіл Мәскеуде де басшылық жұмыс атқарып отырған. Сол кездегі тәртіп бойынша КСРО құрамындағы 15 одақтас республика Жоғағы Кеңестерінің төрағалары КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары болып есептелінетіндіктен «мәскеулік төраға» демалысқа шыққанда 1 ай бойы Мәскеуге барып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының қызметін уақытша атқарған. Мәскеуге барар бір сапары қарсаңында С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов Тәшеновтен Бауыржан Момышұлының екі рет Батыр атағына ұсынылып өтпей қалғанын, сол атақты алып беруге араласуын өтінеді. Жұмабек Ахметұлы Мәскеуге барысымен мұрағаттан Баукеңнің құжаттарын алғызып танысады. Батырлыққа екінші рет ұсынылған құжаттың қорытындысында соғыс кезіндегі кейбір қылықтары кеңес офицерлерінің ар-ожданына қайшы келгендіктен Б. Момышұлына мұндай атақты беруге болмайды деп маршал Конев қолын қойыпты. Ж.Тәшенов Жоғарғы Кеңестің атынан маршалды шақырып алып мәселені түсіндіреді. Маршал Конев «Бұл туралы менің пікірімді білмек болсаңыз, мен өз өмірімде ешқашан бір айтқан пікірімді өзгерткен адам емеспін. Бұл жолы да солай қаламын» деп көнбеген екен 
   Мемлекет тарихы институтының қызметкері Сейтқали ағамыздан Тәшенов жайында тағы біраз деректер алдық. Сейітқали Жахияұлының айтуынша, қайраткер ҰОС ардагерлеріне расында да үлкен құрмет көрсеткен. Мәселен, Қайраткер жөнінде профессор Мұқаш Елеусізов жас кезінде Жұмабек Ахметұлынан көрген бір жақсылығын былай еске алады: «Соғыстан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарып жүргенмін. Үйленгенмін, жұбайымыз екеуміз қарт әке-шешемізбен тар үйде тұруға мәжбүр болдық. Бұл жағдайды кездейсоқ білген Ж.Тәшенов маған 4 жыл соғыста болған майдангер ретінде кезексіз үй бергізеді».

 Қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің мемлекетіміздің қалыптасуына және дамуына қосқан еңбегі зор. Ол көп жылдар жоғары мемлекеттік қызметтерде еңбек етті. Ел тағдырына қатысты Жұмабек Тәшеновтың жасаған батыл қадамдары тарих беттерінде мәңгі қалмақ. 60-шы жылдардың басында қазақ жерінің аумақтық тұтастығына қауіп төнген кезде Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы  болған Жұмабек Тәшеновтың әрекеті ерлікпен пара-пар дейді өлкетанушы Қайролла Мұқанов.  Соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңде аянбай еңбек етіп, жиырма жылдан астам өңіріміздің дамып-өркендеуіне көп еңбек сіңірді. Жасұлан Құдабаев Тәшеновпен  жақын араласқан екен. Жұмысына адал, жауапкершілігі аса зор адам болатын деп еске алады қария.  Жұмабек Тәшенов - экономика ғылымдарының кандидаты. Бірнеше монографиялық еңбектің авторы. Оның 30-50 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтауға көп күш салғаны да атап өтілді. Аға буын өкілдері мемлекет қайраткерінің жүріп өткен жолы жастарға үлгі екенін айтады.

   Жалпы, Жұмабек Ахметұлының ел билігінде жүрген кезінде жасаған ерліктері өте көп, айта берсек әр қайсысы бір кітапқа жүк болатын-ақ дүние. Өкінішке қарай, тұлғаның осынау батыл қамдары ел арасында насихатталмай келеді. Тіпті, оның 80 және 90 жылдық мерейтойлары да мемлекеттік деңгейде аталған жоқ.

 

 

 

Қоғам қайраткері Ж.А.Тәшеновтың аумақтық мәселелерді  шешудегі үлесі

 

«Сүйер ұлың болса, сен  сүй, сүйінерге жарар ол» (Абай) дейтін қазақтың шоқтығы биік азаматтарының  ішінде дараланып тұратын біреуі болса, ол – Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің тұлғасы. Кеңестік идеологияның қылышсыз майданында орталыққа қасқайып қарсы  тұрып, бүгінгі біздерге мұра болған жерімізді қорғап қалған Жұмабек  Тәшенов ол кездері Қазақ КСР  Министрлер Кеңесінің төрағасы, бүгінгіше  айтсақ, Үкімет басшысы болатын. Ж.Тәшенов өзінің осынау биік лауазымынан айырылып, бар өміріне балта шабылатынын біле тұра Қазақстанның бес облысын Ресейге қосу туралы орталықтың ұсынысына батыл тойтарыс берген. Оған қоса, бүгінгі Маңғыстауды Түрікменстанға, Оңтүстік Қазақстан облысының тағы үш ауданын Өзбекстанға бергізбей, ел мен жердің тұтастығын сақтап қалған. Егер сол өткен ғасырдың 60-жылдары Тәшенов қайрат қылмаса, бүгінгі Қазақстанның мемлекеттік аумағы қандай болар еді? Осы сұрақтың өзі-ақ Алаш жұртына ой салып, Жұмабек Ахметұлының алдында қаншалық қарыздар екенімізді айшықтай түссе керек еді. Алайда осынау ерлігін ұрпаққа үлгі етіп, отаншылдық тәрбиенің өзегіне айналдыруға тиіс болсақ та, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жас өскіндері Тәшеновтей тұлғаны біле бермейді. Оған тағы өзіміз кінәліміз. Асылымызды ардақтап, істеген ісін барша жұртқа паш ететіндей, есімін ел есінде қалдыратындай шаралар әлі күнге атқарылмаған. Тек Шымкент пен Астанада ғана бір-бір көшенің аты берілгені болмаса, еңкейіп тағзым етер ескерткіші де жоқ екен. Былайша айтқанда, бейқам халқымыз елеусіз қалдырған. Қазақтың болашағы үшін өлшеусіз ерлік көрсеткен азамат туралы шынымен де көп айтылмай келгенін, есімі лайықты ұлықталмай жүргенін бірқатар ғалымдар мен тарихшыларымыз да мойындайды және осы олқылықтың орнын толтыруға ұмтылуда.

    Расында, Жұмабек Тәшенов қайраткерлігі оны көзі тірісінде-ақ атын аңызға айналдырған еді. Кеңестің кесапатты кезінде ел Үкіметін басқарған тұлғаның атқарған еңбегі елдің экономикалық мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, халықтың рухын көтеріп, намысын жанитын өнегеге бой алдырғаны да мәлім. Қаймана қазақтың болашағын ойлаған қайраткер сонау қиын жылдардың өзінде-ақ Мәскеудің оспадар отаршыл пиғылына қарсы тұрып, Кеңес Одағын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған Н.Хрущевтың «бөліп ал да, билей бер» деген әпербақан саясатына қарсы шыққаны бүгінгі ұрпаққа батырлар жырынан кем болмайтындай дәріптелсе игі еді.

 

 

 

 

Ж.А.Тәшеновтың Қазақстандағы  тың және тыңайған жерлерді игерудегі  рөлі

 

 

  Егер қазақ біреудің алдында борыштар болса ол алдымен Ж.А.Тәшеневтің алдында борыштар. Кеңес өкіметі кезінде Қазақстанда тың игеру барысында көптеген қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды.Тың игеру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуына ықпал жасады. Игілігімен қатар зардаптары мен көлеңкелі жақтарының да аз болмағаны шындық. Тың игеру жылдары бүкіл КСРО-да 42-млн. га тың жер жыртылса, оның ішінде Қазақстанда 27 млн.га жер жыртылды. 1954 жылдың ақпанындағы съезде тың игеруге қарсы болған Ж.Шаяхметовты орнынан алу үшін орынсыз сынаған КПСС ОК-нің өкілдеріне жалғыз қарсы шыққан Ақтөбе облысының партия комитетінің жас бірінші хатшысы Жұмабек Тәшенев еді. Сондықтан да Н.Хрущев 1954 жылы күзде тың игерушілердің тұңғыш жиынында Ж.А.Тәшеневты құрметтеп, араға біраз ай салып, басқа да үздік жетістіктерін бағалап ҚР Жоғарғы Кеңесінің төралқа төрағалығына ұсынып, сайлатты. Олар айтқанына көнетін, қолшоқпар, әрі іскер кадрлар тәрбиелегісі келді. Бірақ, қазақ жеріне осыншама Атымтай жомарттық танытқан Н.С.Хрущевтің саясатының зымияндығы да күннен-күнге айқындала берді. Астықты аймақты біржолата Ресейге қосып алу үшін орталық-теріскей алты облыспен  бірге Қарағандының солтүстік бөлігін біріктіріп мемлекет ішіндегі мемлекет “Тың өлкесін” құрды. Астанасы - Ақмола қаласы болған тың өлкесінің өз алдына партия комитеті мен атқару комитеті, тікелей Мәскеу тағайындаған 1-ші, 2-ші хатшылары, төрағалары және өз алдына бюджеті болды. Тың өлкесіндегі осы облыстарда қазақ тіліндегі барлық облыстық, аудандық газеттер жабылып, олардың орнына бір ғана “Тың өлкесі” газеті пайда болды . Ең сұрқиясы – Республика басшыларына бағынбауы үшін жергілікті билікті уысына ұстаған совхоз директорларын тікелей Кремль таңдап, жасақтап жіберіп отырды. Олардың көбі-азулы генералдар мен полковниктер, зауыттар мен фабрика басшылары еді. КСРО-ның ауыл шаруашылық министрі В.В.Мацкевичті тың өлкесінің атқару комитетінің төрағасы ғып тағайындады.

  Өкімет басшысы Никита Сергей ұлының: “Мен патшалық ресей 200 жылда істей алмағанды екі-ақ жылда істей алдым”, - деуі тегін емес. Көкшетау облысындағы Горкий атындағы совхоздың директоры Н.Ф.Козинец совхоз құрылғаны жөніндегі актіге: “Мен, Көкшетау облысындағы №5-совхоз директоры Козинец СССР совхоздар министрлігінің №260-шы бұйрығына сәйкес жерді және ондағы бір шоқ қайыңды қабылдап алдым”, деп жер тәңірісі сияқтанса, Хрущевта екі сөзінің бірінде: «Бұл ұлан-ғайыр - дихан қолы тимеген, адам баласы баспаған ұшы қиыры жоқ дала», - деп астамсыды. Шындығында бұл жерлер өнер-мәдениеті дамыған, бай тарихы бар өлке болатын. Ол туралы ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан еңбегінде: “Есіл, Нұраның арасындағы үлкен айдын – Тоғаныстың тоқсан екі көлі ноғайлы, қазақтардың жойқын егін салған жерлері. Қызылмола, Ақмола, Сұлутам, Сырлытам, Хан сүйегі - соладың жәдігерлері”, – деп тарихи деректермен түйіндеген.

    Тың игеру Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық жағдайының артуына ықпал жасағанын жасыруға болмайды. Игiлiгiмен қатар, тың және тыңайған жерлердi игерудiң зардаптары мен көлеңкелi жақтары да аз болмағаны ащы шындық. Тың игеру жылдары бүкiл КСРО-да барлығы 42 млн. гектар тың жер жыртылса, оның iшiнде Қазақстанда 27млн. гектар жер жыртылды. 1954 жылы ақпандағы съезде тың игеруге қарсы болған Ж.Шаяхметовтi орнынан алу үшiн орынсыз сынаған КПСС ОК-нiң өкiлдерiне жалғыз қарсы шыққан жан —Ақтөбе облысы партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Жұмабек Тәшенов болатын. Ол жалындап тұрған жас едi. Бiрақ ол осыған дейiн 1953 жылы күзде Мәскеуде өткен одақтық партиялық кеңесте тың игерудiң әлеуметтiк-экономикалық жағынан маңыздылығына ерекше тоқталып, қуаттағандығын да айтуымыз керек. Сондықтан да Н.Хрущев 1954 жылы күзде тың игерушiлердiң тұңғыш жиынында: «Тың жерлердi және тыңайған жерлердi игерудiң инициаторы – Ж.А.Тәшенов» деп құрметтеп, араға бiраз ай салып, ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң төралқа төрағалығына ұсынып, бiрауыздан сайлатты. «Күн көсемдер» айтқанына көнетiн, қолшоқпар әрi iскер кадрлар тәрбиелегiсi келдi. Бiрақ қазақ жерiне осыншама көз қырын қадаған Н.С.Хрущев саясатының зымияндығы да күннен-күнге айқындала бердi. Астықты аймақты бiржолата Ресейге қосып алу үшiн орталық-терiскей алты облыспен (Торғай, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) бiрге Қарағандының солтүстiк бөлiгiн бiрiктiрiп, мемлекет iшiндегi мемлекет — «тың өлкесiн» құрды. Астанасы Ақмола қаласы болған тың өлкесiнiң өз алдына партия комитетi мен атқару комитетi, тiкелей Мәскеу тағайындаған 1-шi, 2-шi хатшылары, төрағалары және өз алдына бюджетi болды. Тың өлкесiндегi бес облыста қазақ тiлiндегi барлық облыстық, аудандық газеттер жабылып, олардың орнына бiр ғана «Тың өлкесi» газетi пайда болды. Республика басшыларына бағынбауы үшiн жергiлiктi билiктi уысында ұстаған совхоз директорларын тiкелей Кремль таңдап, жасақтап жiберiп отырды. Олардың көбi бұрынғы генералдар мен полковниктер, зауыт пен фабрика басшылары едi.

  Сәулетті қалаларымен, өнер - мәдениетімен, жерінің асты-үсті байлығымен, қол өнерімен, саудасымен аты шыққан Арқа жеріне 13-ғасырдан-ақ орыстар тұрмақ еуропа елдері сұғанақ көздерін қадай бастаған. Сондықтан олар стратегиялық маңызды аймақтарға қатты қызығып, саяхатшы-зерттеушілерін жіберіп отырды. 5-7-ші ғасырларда Ақмола аймағы түркілердің көп жылқысымен даңқы шықса, қазіргі археологтар Қызылжар мен Көкшетау өңірінде қоныстанғандар 5 мың жыл бұрын жылқының сүйегінен коньки де жасап, алғаш жылқыны қолға үйретіп, үзеңгі мен ауыздықты ойлап тауып, өркениетке үлкен үлес қосканын дәлелдеді. Ал, бұларды бұрынғы өткен Мықтарма деп айтуға толық негіз бар. Тың игерушілердің алғашқы жиынындағы Тәшеневтің баяндамасында “Мықты” сөзі бірнеше рет қолданылса, Әнұранымызда да “мықты ғой!” сөзі қайта-қайта қайталанады.

  54-55-жылдары тың өлкесінде 337 жаңа астық совхозы құрылса, келесі жылы Қостанай облысында ғана 200-ге жуық осындай совхоздар құрылды. Тың игеруді желеу етіп 1954-1960-ж 2 млн-нан астам славян тектілер қазақ жеріне көшіріп әкелінді. Олардың көбі сотталғандар еді. Оларға материалдық көмек көрсетілді. Тыңға келгендер көп ақша алып күйленген соң, үйленгісі келгенде Хрущев ВЛКСМ-ға тапсырма беріп оларға 25 мың қыз жіберген. Осы келімсектердің кесірінен өз жерінде қазақтардың үлесі 30 пайызға да жетпей қалса, солтүстік облыстарда 10 пайыз шамасында ғана еді. Тың игеру науқанына еліміздің жастары мен жас механизаторлары да ерекше серпін берді. Алматы қаласының өзінен ғана 2,5 мың жастар тың игеруге аттанды. Ж.А.Тәшенев Республиканың саяси-экономикалық дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді.Манғыстауды Түркіменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген Солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты”, деп сол кездегі шындықтан қысқа ғана дерек берсе, осы оқиғалардың бел ортасында жүрген Әди Шәріпов: - “Хрущев тың өлкесін Ресейге бағындырудың амалын іздеп, саяси бюроға қайта-қайта ұсыныс жасады. Республика басшылары бәрі дерлік тың өлкесін Ресейге беруге де, орталыққа бағындыруға да қарсы болмады. Қарсы болған жалғыз адам – Ж.А.Тәшенев. Халқымыздың тамаша, шұрайлы жерін бір қатерден аман сақтап қалғанының куәсі болғанбыз” деп жазды.

  Мұхтар Шаханов ширек ғасыр Қазақстанды басқарған Д.А.Қонаевтан:

- “Тың өлкесін Ресейге  қосудан аман алып қалған - Ж.Тәшенев” - дейді. Сол рас па?” - деп  сұрағанда Димекең:

- Ия. Ол кезде Ж.А.Тәшенев  Қазақ КСР-і үкіметінің төрағасы  болатын, - деп жауап береді. Бұл  кісінің сараң жауап берген  себебі - Республика басшысы Д.А.Қонаевқа  тың өлкесінің билеушілері сол  жылдарда бағынбай кеткенін қазіргі  сенатор-академик Ғ.Есімов  толық  айтқан. Алмағайып сол тұста тың  өлкесіндегі совхоз директорлары  тұрмақ өлке билеушілері Т.Соколов, В.В.Мацкевич, Козловтарды, тіпті Кремльдіктерді де Тәшенев үнемі айтқанына көндіріп, дегенін істетіп, мемлекет иесі жер иесі қазақтар екенін сөзімен де, ісімен де ұқтырып, аяқтарын қия бастырмады. Бұған қарап бұл кісіні орыс халқына қарсы болды деуге болмайды. Тың игерушілерге қолынан келген бар көмегін беріп, қайрат күшін аямай жұмсады. Теміртауда болса да, тың игерілген ауылдарда жүрсе де сол жерлерден телефон арқылы одақтас республика басшыларының да осы істерге назарын аударып, сөзін өткізіп қажетті кұрал-жабдықтарды алдырып отырды.

Информация о работе Ж.А.Тәшеновтың өмірі мен қызметі