XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал- ахуалы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.

Работа содержит 1 файл

ХХ-шы ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал-ахуал.doc

— 384.00 Кб (Скачать)

    Олай болса, этнопедагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесімізді қосу, ары қарай өз деңгейінде дамыту баршамыздың міндетіміз екендігін ұмытпауымыз керек.   
 
 
 
 
 
 

      1 тарау бойынша тұжырым 

      XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық мәдени-рухани деңгейі оқу-білім беру ісімен дамып, өркендеуімен бірге жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысар тәжірибеде, мұра ретінде өрістеп, үнемі толығып отырды.

    Патша өкіметінің “жымысқы” саясатының нәтижесінде ашылған “орыс-қазақ” мектептерінде оқығвн қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, XX ғасырдың басында аренаға шықты. Орыс мектептерінде оқып, орыс қалаларында жоғары білім алғанымен олар өз елінің мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға және этнопедагогиканың негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан азаматтар ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Олар: А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов , М. Дулатов , Х. Досмұхамедов, М. Сералин, Б. Сырттанов , Б. Қаратаев , Ж. Сейдалин, М. Тынышбаев , Ж. Ақбаев , Д. Сұлтанғазин , Ғ. Қарашев, О. Әлжанов, Р. Мәрсеков, А. Құрманбаев , Ғ. Мұсағалиев және т.б. ұлы тұлғаларды атауға болады.

    Сонымен қатар отандық ғалымдарымыз педагогикалық ой -пікірлер мен оқу-ағартудың даму тарихын Т.Т. Тәжібаев, А.И. Сембаев , Қ.Б. Бержанов, Қ.Б. Жарықбаев, К.Қ. Құнантаева, С.Қ. Қалиев, А.К. Көбесов , С.А. Ұзақбаева т.б. 

      Зерттеу проблемасы ұлттық педагогикаға қатысты болғандықтан ТМД  және отандық зерттеулерге назар аударылып, басқа ұлттардың педагогикалық әдебиеті мен тарихын қарастырып, Г.Н. Волков,  И.Т. Огородников, Ф.А. Афанасьев т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылса, ұлттық педагогиканың тәрбиелік маңызын зерделеуде Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, Б. Адамбаев, І. Р. Халитова, С. Ғаббасов, Н. Сәрсембаев т.б. ғалымдар ал, халық педагогикасы мен этнопедагогика мәселелерін зертеген ғалымдар М.Х. Балтабаев, Ә.С. Әмірова, Р.К. Дюсембінова, К.Ж. Қожахметова, Ә.Т. Табылдиев т.б. ғалымдар зерттеді.   

    Аталған ғалымдардың еңбектерін сараптай келе, оқу-ағарту саласының тарихи тамырларын білу –бүгінгі мектептер мен ондағы оқыту, білім беру, ұлттық тәлім-тәрбие беруді өркендету үшін қажет болып отыр.

    Қазақстандағы  ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуына байланысты педагогикалық ой-пікірлердің алғышарттарды жүйелеу арқылы негізделіп, қазақтың ұлттық педагогика жүйесінің даму ерекшеліктерін руханилық қағидалары талқыланды.  
 
 
 
 
 
 
 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  


Информация о работе XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал- ахуалы