Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 22:18, курсовая работа
Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.
Екінші кезең- ХІХ ғ. бірінші жартысындағы патшалық Россияның жергілікті халықты басқаруға тарту үшін ашылған қазақ-орыс мектептері, бұл кезеңді үгіт-насихат кезеңі деп атауға болады.
үшінші кезең- ХІХ ғ. 60-шы жылдарындағы Россияда крепостниктік құқықтың жойылуы және қазақстанның толық отарлануына байланысты 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформадан кейін жергілікті ұлт өкілдерін басқару жұмысына тарту үшін және орыстандыру саясатын жүргізу үшін ашылған мектептердің пайда болуы.
Халыққа білім беру ісінің қазақстанда қалыптасу барысында оқу ісінің мазмұны мен түрі туралы да мәселелер де шешіліп отырды. Бұл процеске әлеуметтік-саяси топтардың мүдделері де әсер етті. қазақстандағы білім беру жүйесінде өз орнын табуға және оның дамуына ықпал етуге тырысқан төрт топты атап өтуге болады.
Бірінші топқа фундаменталдық ислам білім беру жүйесін қалыптастыруға ұмтылған мұсылман дін басыларын жатқызуға болады. Ресейге бағынғанға дейін қазақ арасында ислам діні біркелкі тарамағаны белгілі. Бірақ Ресейге толық бағынғаннан кейін және Орта Азияның Ресей қол астына өтуі жағдайды өзгертті. Отарлық езгінің күшеюі халықтың іштей наразылығын тудырып, өзіне рухани жағынан жақындау мұсылман дініне бет бұра бастады. Ислам дінінің қазақ арасында кеңінен етек алып жайылуынан қатты күдіктенген кісінің бірі- халқымыздың мақтанышы аса дарынды ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлиханов.Ол осы жағдайға байланысты :"Татар молдалары мен Орталық Азия ишандарының …әрекеттері арқасында қазақ барған сайын мұсылманшылық жолға түсіп барады.қазір қазақтың кейбір сұлтандары ,байлары әйелдерін оңаша үйде ұстайтын болды; қазақтар Меккеге баратынды шығарды,жырлар айту орнына , пайғамбарлар туралы жыр, ертектерді айтады, діни хиссаларды оқиды.Тегі еуропалық мәдениетке Ресейдің Византия дәуірін басынан өткізіп жеткені секілді, қазақ халқы татар дәуірін басынан өткізіп жететін болар.Бұл – оның болашағы бұлдыр, қараңғы деген сөз"- деп, аса бір өкінішпен, торығушылықпен жазған еді. Бұл топ көне білім беру жүйесі кадимиді дамытуға ұмтылды, бірақ бұл жолдың басты кемшілігі адамның еркін дамуын шектейтін жолдың бірі еді.
Екінші
топқа қоғамдағы өзгерістерге байланысты
ескі мұсылмандық білім беру жүйесін жаңарту
қажеттігін түсінген жаңашылдар- жәдидтерді
жатқызуға болады. 1905 жылдан соң қадим
мектептері қазақ даласында азайып,
жадит мектептері көбейген еді. Ресей
мұсылмандары қадими дін мектептерінің
орта ғасырларда қалыптасқан оқу жоспарлары,бағдарламалары,
саны көбейе берді. Мәселен, Татарстанда А.Баязитов, Д.Кильдеев т.б. "Иттіфақ әл муслимн" ("Мұсылмандар одағы") құрылды. Орталық Азиядағы жадидтердің басшылары ақындар Абдур-Рауф Фитрати пен Махмуд Бехбудилер, Файзулла Хожаев, Мунауар Абдурашидов өлеңдерінде Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің қаһармандық күрестерін дәріптеп, зиялыларды Тұран елінің бұрынғы беделі мен абырой-атағын қайтадан қалпына келтіру үшін, күреске шақырды. Бір кездерде Орталық Азияны мекендейтін түркі халықтарының бәріне ортақ әдеби тіл болған – ескі шағатай тілін қайтадан жандандыру жадид мектептері мен жас ұстаздардың халық зиялыларының қасиетті міндеті деп түсіндірді. Олар кезінде "чағатай гүріңі" ("Шағатайша әңгімелесу") деген әдеби үйірмелер ұйымдастырды.
1906 ж.тамыз айында Нижний Новгород қаласында мұсылман халықтарының Бүкілресейлік ІІІ-сьезі шақырылып, онда қабылданған талаптардың негізіне жадидтердің ұсынысы алынды. Мәселен, сьезд мұсылман елдері мектептерінде сабақты оқушылардың өз ана тілінде барлық мектептеріне ортақ тұрақты оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жасауды және мұсылмандар үшін, жалпыға бірдей міндетті бастауыш білімді жүзеге асыруды талап еткен қаулы қабылдады.
Жадит (төте оқу) мектептеріне мамандар даярлауда Уфадағы ғалия, Хусайния медреселері, Орынбордағы Мұхамедия және қазан медреселері елеулі қызмет атқарды. қадимнің оқуы араб тілінде жүргізіліп, жалаң діни білім берді. Жадит мектептерінде әдебиет, тіл, есеп, тарих, табиғаттану пәндері де оқытылды. Жалпы алғанда, ірі медреселерде төмендегідей пәндерді оқыту ісі жолға қойылған: фараиз – дүние-мүлікті мұраға қалдыру және бөлу туралы заң: усул-фиких—мұсылман заңдарын зерттеу, хикмет—тарих, философия және жаратылыс ғылымдарының энциклопедиясы, наху—араб тілінің грамматикасы, акаид -догматика, монтық - логика. Сонымен қатар, арифметиканың төрт амалы, орыс тілі, сөйтіп медресе де (жоғарғы мұсылмандықоқу орны) жастардың тәрбиесі мен білім дәрежесін, ой дамуының қалыптасуына әсер ететін барлық дерлік негізгі пәндерден сабақ берілетін. құран көп пәннің бірі болып қалды.
Ол кезде қазақ даласында орыс мәдениетіне негізделген ұлт мектептері өте аз болғандықтан, Уфа, қазан медреселерін бітіргендер жадит мектептері арқылы қазақтарға оқу-білім таратуда елеулі қызмет атқарды. Алайда, патша ұлықтары, әсіресе, жандармерия қадим мектептерінің азайып, жадит мектептерінің көбеюінен қауіптеніп, Уфада оқып жүрген шәкірттерді де, дала елдерінде көшпелі төте оқу мектептерін ашқан татар мұғалімдерін де қудалаған. қазақстанда жадид қозғалысы, Орталық Азия елдеріндегідей қадими мектептер өкілдерінің күшті қарсылығына ұшырамаса да жөнді дамыған жоқ. Жадид мектептері сан жағынан өте аз болды және оларды көбісі қазақ арасында емес, қалаларда орналасты. Сондықтан, жай қарапайым халық жадид мектептерінің ескі қадими мектептерден артықшылығын онша ажырата алмады. Соның салдарынан қазақ арасында жадид мектептеріне деген қажеттілік, құмарлық айтарлықтай күшті болмады. Оған қазақ буржуазиясы мен оқыған зиялылардың сан жағынан аздығы, экономикасының мешеулігі және саясат саласындағы үгіт-насихат тәжірибесінің рулық тартыстар дәрежесінен жоғарылай алмағандығы басты себеп болды.
қазақстандағы жадид мектептерінің саны, олардың оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқулықтарының негізгі ерекшеліктері осы күнге дейін жұртшылыққа белгісіз, өз зерттеушілерін күтіп отырған маңызды мәселелер. К.Е.Бендриковтың мәліметі бойынша 1909 ж. Сырдария облысында 39, Жетісу облысында 18 ғана жадид мектептері болған.1 Ал, қазақстанның басқа облыстарында, қанша жадид мектептері болғанын айту қиын.
Қазақстан жағдайында, біздің ойымызша қадими мектептерді жадид мектептеріне айналдыру жұмысына көбінесе қазақтың жаңашыл "ғалия" медресесі мен оқушылар семинарияларында орысша білім алған зиялылары батыл кіріскен сияқты. Жадид мектептерін ашып, онда сабақты Еуропа педагогикасы жетістіктері негізінде ұйымдастыруға негізінен солар мұрындық болған.
Тіпті , кейбір қазақ оқытушылары жадид қозғалысы күшейсе қуанып, сәл әлсіресе ренжіп отырған. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында ІІІ Александрдың керітартпа саясатының кезінде " Тәржіман" газетіне жасалып отырған саяси қысымның күшеюіне өзінің риза емес екендігін газет редакциясына хат жазып, олардың бастамасын өзінің барынша қолдайтындығын айтып , ниеттестік, қамқорлық көрсеткен кісінің бірі- Ақмешіт уезі, қазалы қаласының тұрғыны, оқытушы Әубәкір Салықов болды. қатардағы оқытушының жадид қозғалысына үн қосуы, оның әлеуметтік-педагогикалық маңызын жоғары дәрежеде, ол қамтыған аймағының кең болғанын көрсетеді. Мұсылманша білім іздеген қазақ жастарының көбі ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында "ғалия" және "Хусоиния" медреселерінде оқыды, әсіресе " ғалия" медресесі өзінің ұстаған жаңашылдық бағытымен, ол кезде, жастар арасында өте беделді болды.
Уфа қаласындағы " ғалия" (арабша : алла жоғары) медресесін 1872 ж. Зия Камали деген жаңашыл ғалым ашып , оны көп жылдар бойы өзі басқарған . Осы медресенің шәкірті ғайса Тоқтарбекұлы 1913 жылы " қазақ " газетінде жарияланған мақаласында " ғалия" медресесінде қырыққа жуық қазақ жастарының оқып жүргенін хабарлады. Оның ішінде, Семей облысынан –14 шәкірт, Ақмоладан-7 , Астраханнан-6, Жетісудан-6, Торғайдан-5 және Сырдариядан-2 жігіттің білім алатынын жазады. Сол "қазақ" газеті 1915 ж. " ғалия " медресесінде қазақ қызы –Мағфура Найманқожа қызының оқитынын да жазады. Сонымен Уфа талай қазақ жастарының білім, тағлым алып, башқұрт, татар жастарымен қоян қолтықтасып, достасқан қаласы. Татар, башқұрт жастарының көбісі ол кезде қазақ даласына келіп бала оқытатын.
"Жымысқы" ойлардан ада, қазақ баласына тек жақсылық жасауды ойлап, өз қаражатына мешіт салдырған, жәдидше оқытатын мектеп ашқан біздің ата- бабаларымыз болған екен. Олардың бірі - Жетісу өлкесіндегі (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында) "Мамания" мектебі. Бұл мектепті ашқандар Маман әулеті. Кей деректерде Есенқұл және Сейітбаттал Мамановтар деп нақтырақ айтылып жүр.
Кейбір зерттеушілер жазып жүргендей1 бұл ағайынды жігіттерді бір- бірінен бөле жарып, бұл мектепті Есенқұл ашқан деп нүкте қоюдың біздің ойымызша қажеті жоқ сияқты. Өйткені, кейбір деректерде мектеп бұлардың әкесінің, ағасының атымен Маман, Тұрысбек мектебі деп қосарлана аталады ( мәселен,"қазақ" газетінде) . Әрине, бұл тұста жас та болса, бас болып бастама көтерген Есенқұлдың еңбегін жоққа шығара алмаймыз, сондай- ақ шама-шарқынша жыл сайын мың жарым сом беріп ("Айқап",1914,N1), жәрдем еткен, оның алдында құрылыс жұмыстарына айтарлықтай қаржы бөлген Сейітбаттал қажының да еңбегін жоққа шығаруға болмас. Болыс болған, би болған, тоғыз болыс Матайды бір өзіне қаратқан Сейітбаттал қажының еңбегін тұстастары "Айқап" журналында ( 1914,N 1) жақсы жазған. Маман ұрпақтары тек мешіт салып, медресе ашумен шектелмей, қазақ әдебиетінің көсегесін көгертуді ойлап, қазақ топырағында тұңғыш роман жарысын жариялап, бәйге тікккен, өз мектептерінен шыққан ынталы оқушылардың қаражатын көтеріп, ірі шаһарларға оқуға жіберген. Бай атаулының бәрін шық бермес Шығайбайға, сараң қарабайға теңеп, "идеологияның" ықпалында өскен бүгінгі ұрпақ үшін мал - жанын халқы үшін садаға қылған байлардың да болғанын білу- тарихтың шынайы бір парағын ашу болып табылады.
қазақ арасында роман жарысын жариялап, бәйге тіккен Есенқұл Мамановтың игі бастамасы туралы "Айқап" журналында Мұхамеджан Сералин, "қазақ" газетінде Әлихан Бөкейхановтар пікір білдірген. Екі азаматта Есенқұл Мамановты әйгілі швед байы Альфред Нобельге теңеген. Есенқұл бұл жарысқа сыншылыққа қазақтың игі жақсылары -Әлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты, Мұхамеджан Сералинді, Райымжан Мәрсековті, Шәкәрім құдайбердиевті, Жақып Ақбаевты, Нарманбет Орманбетовты, Нұрғали Құлжановтарды ұсыныпты. Жалпы Маман әулетін қазақтан шыққан алғашқы меценаттар десе болады.Осы қазақтың алғашқы меценаттары ашқан "Мамания" мектебінің ірге тасының қаланғанына биыл 100 жыл толып отыр.
қазақтың талай баласын қанаттандырған білім ордасы- "ғалия" медресесін бетке ұстап, жалау еткен " Мамания" мектебінде дін сабақтармен қатар, есеп, жағырафия, қазақ тілі , тарих, зоология, орыс тілі пәндері жүргізілген.
Маман әулеті мектептің қажетіне жыл сайын көп қаржы бөліп отырған. Мектеп иелерінің оқытушы –ұстаздарды талғаммен, талаппен іріктеп алғанын аңғару қиын емес сияқты."қазақ" газетінде жарияланған материалдан мектепте бес оқытушы қызмет істегенін байқаймыз. Олар – Мұсағалиев ғабдолғазиз, Жиһандаров Файызрахман, Малдыбаев Мұстақым, Хасен, қожаахмет молдалар. Бұлардың ішіндегі Мұсағалиев ғабдолғазиз, Малдыбаев Мұстақымдар "Айқап" журналының, "қазақ" газетінің белді авторлары болған.Тіпті татар ағайынымыз Жиһандаров Файызрахман да (кейіннен Маман әулетіне күйеу болған) ішінара "Айқапқа" жазып тұрған көрінеді.
Каир университетінің заң факультетін бітірген, Индонезия, үндістан, Жапония, Пакистанда болған, сегіз шет тілін меңгерген, шығыс елдерінің тарихын, әдебиетін зерттеген ғалым Мұсағалиев ғабдолғазиздің, Уфадағы "ғалия" медресесін бітірген,"қазақша ең жаңа әліппе" оқулығын жазған Малдыбаев Мұстақымның осы мектепте ұстаздық етуінің өзі - оқытушылар ұжымының осал болмағандығын дәлелдей түседі. XX ғасырдың 20-30 жылдарында оқу-ағарту саласын жоғарыда айтылған деректер негізінде жүргізіле бастады.
1.3. Қазақтың ұлттық педагогикасының қалыптасу жолдары
Қазақ мәдениетін – ғасырлар бойы қалыптасќан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық құралдарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы- халықтың мәдени мұрасы.
Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал этностық (ұлттық) ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байланысты болатыны белгілі [ ].
Тәрбиелеу- мәдениетке баулу деген сөз. Қазақ халқы өзінің тәрбиелеу, дүниетану жүйесін көшпелі және отырықшылдық тұрмысқа байланысты, тарихи -әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамытып, өзінің ұлттық (этностық) мәдени ерекшеліктерін қалыптастырды.
Қазақ халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойын дамып, қалыптасқан ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімшілдік десек; Рухани болмыстары: өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, жадына сақтай білу қабілеттілігі оның ұлттық ерекшеліктерін танытады.
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (ұлт педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық тәрбие жүйесін халықтық тәлім-тәрбие дейміз де, ол туралы тұжырымдалған ғылыми жүйені халық педагогикасы дейміз.
Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінің құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйретуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адами қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады.