Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 22:18, курсовая работа
Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.
“Мінездің жақсысы, әдеттің мінсізі,
Біліп қой жомарттық - сараңның айнасы”
деп дәлелдейді.
ХІ –ХІІ ғасырда өмір сүрген, есімі ислам әлеміне мәлім болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи (ХІІ–ХІІІғ) мәдениеттіліктің тірегі - әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, рухани өмірдің таза болуы, жан тазалығы мен тән тазалығы деп көрсетеді.
“Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл”, - деп
Ел сыйлау, ақиқатты сүю, ардың таза болуы – мәдениеттілікті (әдепті) көрсететін қасиет екенін тәлім нұсқасы ретінде ұсынады.
Ахмет Яссауи ұлтты мәдениеттілікке тәрбиелеудің басты құралы – дін деп көрсетеді, “имандылық мәдениеттілік екенін дәлелдеп, бір Алланы сүю шынайы махаббат”
Ахмет Яссауи ислам мәдениетімен әдет-ғұрыптарының негіздерін (“шариғат”), сопылықты (тақуалықты) насихаттау (“тарихат”), дін жолын танып, оқып білу (мағрифат), құдайға құлшылық ете білу (“хақиқат”) - ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу, “иман нұры”, “хақиқат дариясы” арқылы адамның жан тазалығы қалыптасатынын өнегелік өлең өрнектерімен уағыздайды.
Әулие ақын жеке тұлғаның шыншыл, қамқоршы, мейірман болуы оның мәдениеттілігін (имандылығын) көрсетеді деп, даналық өсиеттері арқылы ол ұрпақты имандылыққа (адамгершілікке) тәрбиелейді.
Ұлы тәлімгер Мухамед Хайдар Дулати (1499-1551)
«Тарих и Рашидиң, «Жаһаннамаң атты тарихи және көркем шығармасында ұлттық мәдениеттің негіздерін ел басшысы қатерлеп, елге өзі үлгі көрсетуі керек деп түсіндіреді. Ел басшысы қарапайым, қамқоршы, жаны мен тәні таза, кішіпейіл, көреген, көпшіл, адал, шыншыл, талап қойғыш, аңғарымпаз болукерек дейді.
Ұлттық әдеп жеке тұлғанның әдептілігінің қалыптасуына байланысты, сондықтан әрбір адам: алладан қорықпайтын (кінәлі, күнәлі, қылмысты), бұтқа табыну, жалақорлық, ұрлық жасау; ішкілікке, есірткіге әуестену, отанды қорғаудан бас тарту, ата-ананы сыйламау сияқты қылмыстардан аулақ болу керек деп кқрсетеді. Сөйтіп ұлттық әдепттің (мәдениеттің) тәлім-тәрбиелік мәнін жоғарғы бағалайды.
Ұлттық тарихшы тарихи тұлғалар туралы мәлімет бергенде олардың имандылықтары мен әдептіліктер туралы кеңінен сипаттап, мәдени өнегелерді ұрпаққа тәлім-тәрбиелік нұсқа ретінде пайдаланады.
Ұлы тәлімгер мәдениеттіліктің шыңы парасаттылық деп көрсетеді: «Парасаттылық қылыш пен жебеден әлдеқайда асып түседі. Ақылдың алдында ашу мен түрлі қырсық атаулы бас иеді. Парасат жүрген жерде бейбітшілік орнайды, жақсылыққа қолжетедің-дейді.
Қазіргі таңдағы елімізді адамгершілік тәртіпсіздік сияқты жаман қасиеттерден сақтандыру үшін, жоғарғы сынып оқушыларының бос уақытын дұрыс пайдалана білуге көңіл аударуымыз қажет. Өйткені, жастар бойындағы зерігушіліктің, әдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын, мектеп өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған жол халқының әдет-ғұрпындағы салт-дәстүріндегі әдептіліктік таным-тағылымы. Сондықтан да жастарымыздың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын шешен өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ғұрыптары, рәсімдері және салт-сапалық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, анасына сіңсе, ұлтық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттердегі игіліктермен тоғысуына мүмкіндік алады. Халқымыздың асыл қазыналарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгеру басты міндеттеріміздің бірі.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың сипаттары мен ұлттық ерекшеліктерінің көрсету барысында бүкіл адамзаттық құндылықтарын педагогикалық категория бойынша жіктеді. Оны төмендегідей тұрғыда қарастырамыз.
Жалпы тұрғыда:
а) бойға дарыту б) машықтандыру жолдары
ә) ойға қондыру в) жаттығу әдістері
Ұлттық тұрғыда:
а) Халыққа тән болмыстың сипатын ашу
б) Ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктері
в) Әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қызығушылығы
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы- ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы- әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулап, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген .
Қазақтар “Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”- дегендей, халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын- туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. “Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр”деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себебті ұлтымыз:”Балаң өзіңе тартса- жұбан, қоғамға тартса - қуан” - деп бекер айтпаған. Біздің тәрбиеміздің бір ерекшелігі - қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиесіне баса назар аударған. “Ел болам десең- бесігіңді түзе” дегендей, тәрбие бесіктен басталатынын бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі- ана. Ал қазіргі заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек, өйткені қыз бала ертеңгі бойжеткен, ана, халқымыздың болашағы. Сондықтан да отбасының берекесі болмай, Отанның мықты болуы мүмкін емес. Яғни, Қазақстанның әлем мойындайтын мемлекет болуы әрбір отбасына, оның мүшесіне әсіресе әйел затына көбірек байланысты. Себебі қашанда отбасының ұйытқысы - “Әйел” деген даналық сөз бабалардан болашаққа жалғасып келеді. Баяғының білімпазы Ризаудин Ибн Фахруддин: “Әйелдері тәрбиелі болған халық -тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық-тәрбиесіз”. Әйелдері үнемшіл,пысық, жігерлі, талантты болса- халық бай, ал жалқау, салақ немесе ысырапшыл болса, халық тақыр кедей болады,-деп бекер айтпаса керек. Тіпті, қыз бала анасына тартады деп қортынды жасаған халықта ақылды әжелер, инабатты аналары бар ауылдың бойжеткеніне көрмей-ақ құда түсу салты да бар. Қызды тәрбиелеу- ұлтты тәрбиелеу,-деген сөз. “Халықты тану үшін қызын көр”- дейді. “Кәріге құрмет, үлкенге міндет” демекші үлкендерді, қарттарды, ақсақалдарды сыйлау тәрбиеміздің ең басты ерекшелігі деп санауға болады. Себебі халқымыздың тарихына үңілсек, ұлттық танымды қалыптастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрмет ерекше болған. Яғни, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеу үрдісі, отбасындағы қарым-қатынас үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрізді ұлттық дәстүрлері әрқашан сақталған және оның ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы айрықша, халықтық мінез- құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық пен әділдік сияқты қасиеттеріміз ұлттық дәстүр ретінде қалыптасқан. Бұған дәлел “Үлкенді ұлықтап өскен ел ойсырамайды”, “Кәрі, кәрінің сөзі- дәрі”, “Кәрісі бардың ырысы бар”, “Атасыз үй батасыз, анасыз үй панасыз”, деген ұлағатты сөздеріміз, мақал- мәтелдеріміз бекер айтылмаған болу керек. “Бала- артта қалған із, бақыт- ұзатылған қыз”, “Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі із басарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың” - дейді халық. Сондықтан да адалдық құндылықтарды, халықтық ұранын зор ниетпен бағалай біліп, оларды адамзат мүддесіне жарату, салт-тәрбие көрсетілген). “Қыз өссе, елдің көркі”, “Жоғалтпа салт-дәстүріңді”, “Ұлттық тәрбиеміздің ерекшеліктері” т.б. тақырыптарда пікірталас, әңгіме жүргізу арқылы оқушылардың ұлттық тәрбиеге деген танымдық қызығушылықтарын оятуға міндеттіміз[53,14].
Тәуелсіз еліміздің, алдыңғы қатарлы, өркениетті елдермен терезесі тең болу үшін, қазақ елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, экономикасын, ғылымын көтеретін тұлғаны қалыптастыру қазіргі Қазақстан педагогика ғылымының басты мақсаты. Осы орайда, келтірілген деректер оқушыны жауапкершілікке тәрбиелеуден туындайтындығын толық дәлелдейді. Ал қойылған талап сол шәкірттерді өзіне тән мінез, ұғым қабылдау ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асыру шешуші мәнге ие болу мен қатар, сол оқушының ар-ұждан, намыс, ұлттық сезімдерін терең түсініп, адамгершілік ынтасын көтере түсетіндігі айғақ. Тәрбие саласында мақсатқа жетудің негізгі принципі - көзделген істің мазмұны, оны жүргізу әдістемесі мен тәсілі және түрі екендігін үнемі ескертуге тиістіміз. Оқу әрекеті баланың дамуының басты шарты, оқушылардың кейінгі саналы өміріне қажетті қызығулардың, түрткілерінің, дағдылардың қалануының негізі болғандықтан, оқыту үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі саналы оқу әрекетін қалыптастыру болып есептеледі. Олай болса, оқу үрдісі баланың әрбір даму кезеңдерінде пайда болатын жетекші әрекетінің сәйкестендіріп, қоршаған дүниені тануға, танымдық қасиеттерін әрекет тәсілдерін меңгеруге, бойындағы қабілеттерін жетілдіруге, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ұмтылдыру қажеттіліктерін туғызады.
ХХ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналуда. Қазіргі кездегі саясат экономикалық өзгерістерге сай қоғамдық өмірдің барлық саласындағы демократиялық жағдайларға байланысты білім беру мәселелері маңызды орынға ие болуда. Осыған байланысты адами-құндылық қасиеттері мен кәсіби біліктілігі жоғары бағытта жұмыс істей алатын мамандар даярлау мәселелерінің қажеттілігі артуда.
Олай болса, университет студенттері терең және жан-жақты білімділігімен, ізденімпаздығы және шығармашылық мүмкіндігінің кеңдігімен, рухани бай дүние танымымен, өзіндік адами-тұлғалық биік қасиеттерін бойға жинаған нағыз маман ретінде қалыптасуына оқытушылар ықпал етеуі керек. Студенттердің адами-құндылық қасиеттерін қалыптастыруға этнопедагогика ғылымынын жоғары оқу орындарындағы барлық факультеттерде оқытылғаны жөн.
Этнопедагогика - ұлттың мәдени мұрасы, тәрбие негіздері. Белгілі ғалым А.Қасымжанов: “Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін (мифологиялық уақыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт) ғылыми түрде, айқындап көрсетеді. Ағартушылық - қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады”, - дейді (Қасымжанов А. Рухани тамырлар. “Қазақ”, 90-б.).
Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың ұлттық (халықтық) педагогикасымен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал, тәрбие дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен (философиямен) тығыз байланысты.
Мәдениеттің өмірдегі көрінісі - ұлттық тәрбиенің жемісі. Этнопедагогика- адамды мәдениеттілікке тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығармалар, ұлттық салт-дәстүр кез-келген адамға эстетикалық, көркемдік мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді. Мысалы келтірер болсақ, аталы сөз – бата, өнеге, тілек - ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері. Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана тілінің айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақта мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан.
Этнопедагогика пәні - ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
Этнопедагогиканың негізгі бір саласы - ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына (әдет-ғұрыпқа, әдепке) айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.
Әрбір ұлттың мәдени іргенегізі - әдеп (этика, этника) ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол – салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке (зањдылыќќа) айналуы салт-сана деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады.
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі – сәлемдесу. Сәлем - әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-жоралғылық (мәдени) ерекшеліктерімен сараланады. Қазақ келіні сәлем ету кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз дәрежесі белгілі болады.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді. “Әке - отбасының пірі”, “ана-әулеттің күні” деп халық от басындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр бойынша ата, әке, аға, іні, әже, ана, әпке, сіңлі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
Жалпы алғанда руханилық - тек адамдарға тән маңызды қасиет, бірақ руханилық білімділікпен шектелмейді. Адам өзін және басқаны тану барысында руханилық қасиеттерді дамытады және өз күшіне сеніп, өз ақылына жүгінгенде ғана өзіндік үйлесімділікте өмір сүре алады. Қазіргі білім беру мен тәрбиелеудің мақсатының бірі де адамдарды осы өзіндік үйлесімдендірілуі болып табылады.
Әрбір халықтың, адамзаттың тарихи даму процесі, олардың тіршілігіндегі, өміріндегі педагогикалық тәжірибелері, болашақ ұрпақ, бала тәрбиесіне көзқарасы, сонымен қатар халық мәдениеті, рухани мәдениеті, сан ғасырлық ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімдердің этнопедагогика ғылымында алатын орны бар.
Көне наным-сенімдердің, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың шығу тегі, идеялық мәні аса күрделі. Олардың тамырын тарихи-этникалық тұрғыдан қарастырғанда танып-білүге болады. Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының негізінде қалыптасқан имандылық ұғымын адам бойындағы құндылық дүниесінің негізі деп қарастыруға болады.
Жоғары оқу орындарының оқу тәрбие жүйесінде халықтық педагогика материалддары және ерте кездегі жазба мұралары, орта ғасырлық ғұламалардың және Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім сынды ағартушылардың мұралары арқылы студенттің жан дүниесін
байыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрге, ғұрыпқа сүйіспеншілікпен қарауға баулу, жеке адамның имандылығын, иманжүзділігін қалыптастыруға болады. Жоғары мектеп оқытушысының алдында тұрған мақсат, жалпы адам қоғамы жинақтаған имандылық, адамгершілік, мораль нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін, тәрбиелілікті (қарапайымдылық, өзара түсінушілік, кеңпейілділік, келешекке сенушілік, төзімділік, т.б.) студенттердің бойына сіңіру.
Тәуелсіз еліміздің, алдыңғы қатарлы, өркениетті елдермен терезесі тең болу үшін, қазақ елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, экономикасын, ғылымын көтеретін тұлғаны қалыптастыру қазіргі Қазақстан педагогика ғылымының басты мақсаты. Осы орайда, келтірілген деректер студентті жауапкершілікке, білімділік пен қатар рухани-дүниетанымдық, адами-құндылық қасиеттерінің жоғары деңгейде тәрбиелеуден туындайтындығын толық дәлелдейді. Ал қойылған талап сол шәкірттерді өзіне тән мінез, ұғым қабылдау ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асыру шешуші мәнге ие болу мен қатар, сол студенттің ар-ұждан, намыс, ұлттық сезімдерін терең түсініп, адамгершілік ынтасын көтере түсетіндігі айғақ.