XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 08:38, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: XV-XVI ғасырлар қазақ елі үшін өте маңызды тарихи кезең болып саналады. Осы кезеңнен бастап қазақ даласы тарихы өзінің жаңа бетін ашады – қазақ өз алдына жеке хандық болып бөлініп шығады. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі әлі сан ғасырлар бойы қазақ халқы үшін жоғалмақ емес. Осы заманның тарихына әлі де талай жаңашылдықтар қосу – болашақтың ісі.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. ХV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығын басқару механизмі мен дипломатиялық қатынасы......................................................................................5
1.2. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік ахуал...........7
ІІ. ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢБАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ....................................................................................9
ІІІ. XV-XVI ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ (ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТАРЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП)........................................................19
3.1. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласының ұлы тұлғалары, бізге жеткен көне шығармалар мен қазба ескерткіштері........................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................30

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 301.50 Кб (Скачать)
ify">    Сауран – XVI ғасырдағы мұнаралы, биік қамал қабырғалы, терең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралары болған. Сауран қаласы үшін Өзбек пен Қазақ хандығының арасында І ғасырға созылған шайқас болды. XVI ғасырда Қазақ хандығына түпкілікті өтті. Тәуекел хан тұсында – берік қамал, ірі сауда орталығы.

    Сайрам – мықты бекініс, ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. Мәуереннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың торабына орналасқан қала. Сайрам XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде басты орын алды.

    Созақ – ірі бекініс, сауда және өнеркәсіп орталығы. Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі, әскери бақылау орталығы.

    Йасы (Түркістан XIV ғ.) — XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығына өтті. Есім хан тұсында астана болды. Керуен сауда жолы Түркістанды басып өтті. [9, 145 б]

     XV-XVI ғасырларда тұрғызылған көне  ескерткіштер арасынан Қызылкеніш  сарайын ерекше атап өтуге болады. Ең алғашқы болып, сарайды өткен ғасырдың 50-жылдарында Республикалық Археологиялық карта құрастыру барысында Қазақстан ҒА экспедициясы зерттеді.

     Қызылкеніш  сарайына археологиялық казба 1985 ж. басталды. Оны Қазақстан мәдениет Министрлігінің "Казпроектреставрация" Институтының археологиялық отряды жүргізді.

     Ескерткіштін  бұдан кейінгі зерттелуін 1986-1987 ж. Қарағанды Мемлекеттік университетінін  археологиялык экспедициясы жалғастырды (профессор А.К.Әбілов бастамасымен құрылған «Эврика» студенттік отряді).

Зерттеу барысында негізгі сарай 3 жеке кұрылысымен  толық аршылып. ескерткіш манында  орналасқан қорымнан 10 жерлеу орны қазылды. Қазбаға дейін сарай қирандысы  диаметрі 25 м-ге, биіктігі 2,7 м-ге дейін  жететін тасты-топырақты төбе түрінде  болып келген. Зерттеу барысында үстіне қалың шөп пен итмұрын бұталары өскен оның айналасынан үш жеке құрылыстың қирандысы мен қорым тіркелді. Сарайдың оңтүстік-шығыс жағында, яғни кіре берісінде тереңдігі 2 м-ге жететін сопақ пішінді екі шұңқыр бар.

     Қазбадан  кейін, тамбуры бар. 4 бөлмеден тұратын негізгі сарай жобада айқыш (крест) тәрізді құрылыс болып шықты. Сарайдың қабырғалары өңделмеген тақта тастардан қаланған. Тақталардың қалыңдығы 0,10 - 0,20 м. Құрылысты салу барысында онын бұрыштарына ұзындықтары 0,6 - 0,7 м, ендері 0,4 - 0,5 м болып келетін үлкен тақта тастар пайдаланылған.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ескерткіш  өте қыска уакыт өмір сүрген. Адамдардың узақ уақыт өмір сүрген іздерінің  жоктығы. тек шамалы гана күл қабаты, жануарлар сүйектерінін аздығы мен табылган олжалардың мардымсыздығы ескерткіштің тұрақты мекен-жайға айналмағандығын меңзейді.

     Археологиялық қазба барысында табылған оймышты  ағаш әшекейі Монғолияның ламаистік  храмдарының әшекейлеріне (өрнектеріне) ұқсас. Оларда бұл өрнектер "фасадтар мен интерьерлерді әшекейлеуде" кеңінен қолданылған. Әсіресе, сарай қирандысының қыш заттары туралы мәліметтері қызықты. Ол жөнінде Н.Коншин өзінің "От Павлодара до Каркаралинска" деген мақаласында былай дейді: "в развалинах дворца находятся вещицы из белой глины в виде конуса с расширенным основанием и закругленной верхушкой. Внутри этих вещиц постоянно оказываются зерна пшеницы". И. Чеканинский бойынша Қызылкеніш сарайының қирандысынан табылған осы заттардың біреуі бұрын Семей музейінің археологиялық коллекциясында сақталған. И. Чеканинский оны "цаца" деп санап, оның суретін Қызылкеніш сарайына арнаған еңбегінде берген. И.Чеканинский бойынша оның өлшемдері мынадай: "Цацанің" биіктігі 43,0 мм, негізіндегі диаметрі 44,0 мм, беліндегі диаметрі 54,0 мм». «Мүндай "цацалар", -деп жазды И.Чеканинский, «ғұрыптық маңызға ие және олар монастырьлардағы құлпытастарға қойылады». Қазба барысында табылған мыс ақша манжур императоры Сюаиь-Е-нің (1662-1722 жж.) билік құрған кезеңіне жатады.

      Ескерткіште адамдар өте қысқа мерзім тұрған. Түрлі себептерге байланысты ол өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңінде-ақ қиратылып тасталуы мумкін. Қорымның зерттелген жерлеу құрылыстарының көпшілігі бос. Бірақ, жерлеу құрылысының құрылымы көрсеткендей, олар мұсылмандық ғұрып бойынша салынған. Үстіндегі тас үйінділері, жерленгендердің батыс, солтүстік-батыс тұрақты бағыттары, жерлеу заттарының жоқтығы мұсылмандық жерлеу ғұрпы туралы айтады. Бұл жерде қазақтар өздерінің тумаларын жерлеген деп болжам жасауға негіз бар. [10, 256 б]

     Келтірілген ойларды сәл қорытар болсақ, Қызылкеніш сарайы ламаистік монастырь ретінде XVI ғ. салынған. Тек болжам бойынша, оны XVII ғ. 40-жылдарында хошоуттік Хундулен-Убаши немесе осы ғасырдың 70-жылдарының бірінші жартысында Очирту-Цецен-хан салдыруы мүмкін.

Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазакстан экономикалык жағынан біртұтас, этникалық кұрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. XVII ғ. қазақ халкының жоңғар шапкыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталык Қазакстан жерінде қазақтардын әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылга созылды (к. Аңырақай шайқасы, Бұланты шайқасы). Қалмактар мен қазақтардың өзара жауластығы калмактардың бір одакқа (1400) бірігуінен баста-лып, оларды қытайлыктардың түгел жойып жіберген (1757 ж.) кезеңіне дейін ұласты.

     Қызылкеніш сарайы Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының территориясындағы Кент тауында орналасқан.

Сарай Қызылкеніш сайында, өзеннің оң жағалауында  орын тепкен. Ертеден бері жергілікті қазақтар оны «Қыз Әулие» деп атағанымен, зерттеушілер өз жұмыстарында «Кызыл-Кенчский дворец», «Кызыл-Гянчский дворец», «Кзыл-Кенч, «Кызыл-Кенш», «Кызылкентский дворец», "Қызылкеніш сарайы" деп атап келді.

     Қызылкеніш  сарайы өзінін архитектуралық стилі  жағынан (2 қабат, балкон, колонналар), сондай-ақ археологиялық қазба барысында табылған заттарына қарағанда да кейіңгі кезеңде салынған қазақ құрылысына ұқсамайды. Сарайға жүргізілген 3 жылдық зерттеулер көрсеткендей, ескерткіш ғұрыптық құрылыс болып табылады. Соған қарағанда ол ойраттардың 16-ғ. тұрғызған ламаистік ғибадатхана, яғни монастырь (храм) болса керек. [6, 47 б] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды

    XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактормемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.

    Қазақ тарихында белгілі бір ру-тайпаның қоғамның басқа бөлігінен түрлі  себептерге байланысты бөліне көшуі  түрлі кезеңдерде болып тұрған. Ал бұл жолғы Жәнібек пен Керей  сұлтандар бастаған біраз ұлттың Өзбек ұлысынан жарыла көшуі, әрине, дүрдараздықтың, билеуші Шыңғыс ұрпағы арасындағы үйреншікті тар, билік үшін таласынан анағұрлым кең ауқым алғандығын аңғартса керек.

     Деректі материалдар Өзбек ұлысынан біраз жұрттың жаңа пайда болған хандыққа бет бұрып жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, екі сұлтанның бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай халықтың арасындағы ықпалды топтардың ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымға бағытталған әрекеттің орын алғандығын білдіреді.

     Қара  халықтың билеуші топтарының Жәнібек  пен Керейге ондай ұсыныспен  қайырылуына түрткі боларлық себептер аз емес. Солардың негізгісі қазақ жеріне, әсіресе Жетісу мен Шу өңіріне сырттан төнген қауіп еді.

     Бұл ретте, ең алдымен, қазақ елінің шығыс  жағындағы көршісі жоңғарлық  ойраттар жеріндегі тарихи өзгерістерді еске алуға тура келеді. XV ғасырдың ортасына қарай барлық ойрат (қалмақ) елін бір мемлекетке біріктірген Тоған тайшының ұлы Есен тайшы бүкіл батыс және шығыс монғолдардың билеушісі дәрежесін иемденген. Оның Мин империясына жасаған бір жорығы тіпті император Чжу Ци-Чжэнді тұтқындаумен аяқталады. Қытайдан алым-салық алып тұрудан қанаттанған Есен тайшының назары енді Моғолстан мен Жетісу жаққа ойысып, бұл жақ беттегі көршілерінің көңілінде үлкен алаңдаушылық туғыза бастайды.

1452 жылы Есен тайшының жасағы Моғолстанга басып кіріп, содан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып, Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент, Отырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көккесене атты жерде Әбілхайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандап жеңеді. Ойраттардыц бұл жорығы 1455 жылы, яғни Есен тайшы өлгеннен кейін аяқталады.

     Жәнібек пен Керей сұлтандардың Жетісуға келіп орын тебуін сол тарихи кезеңдегі халық санасындағы билік туралы ұғым-түсініктерден де бөліп қарауға болмас. Қарапайым халық күнделікті өміріндегі жағымды өзгерістерді, бетпе-бет келген қоғамдық мәселелердің дұрыс шешімін табуын ақылды да жігерлі тұлғалардың билікке келуімен байланыстырады. Халық санасында берік орныққан бұл пікір жөнінде Дулати: "Алла тағала әлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Сонда ғана адамзат зұлым-зорлықтан аман-есен болып, тіршілігін жасар болар деген. Бұл — Құдайдың хикметі", — деп жазды.

     Әрине, енді ғана шаңырақ көтерген хандық өмірінде ру-тайпалық қатынаста сол кезеңге дейін үстемдік құрған дәстүр-салтты есепке алмау мүмкін еместін. Бұл ретте де жаңа пайда болған мемлекет құрамына енген ру-тайпа басшылары арасында белгілі бір бәтуаның болғандығы сөзсіз. Ондай тәртіпті енді ғана билікке келген сұлтан мен хандардың өз бетінше жоғарыдан орната салмайтындығы, орнатқан күнде де жаңа жүйені қалың бұқараның үн-түнсіз қабылдай коюы екіталай екендігі мәлім.

      Тарихшы Қадырғали бидің шежіресі бойынша, "Алаш мыңы" одағының қалыптасқан  мезгілі XIII ғасырдың соңыXIV ғасырдың бас кезі. Шамамен, Тоңқа би тұсында "Алаш мыңы" одағы Өзбекиядан бөлініп шығып, Қазақ хандығын құрды. Яғни, Тоңка би оның соңғы биі. Бұдан былайғы уақытта "Алаш мыңы" одағының бастапқы құрылымы өзінің бұрынғы маңызы мен өзектілігін жоя бастайды. Өйткені өмірге ру-тайпалық құрамы жағынан анағұрлым кең, күрделі әрі жаңа қауымдастық — мемлекеттік ұйым келген еді.

     XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ  хандығы үшін Мұхаммед Шайбани  ханның тегеурінді шабуылына тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің 15031510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза табады.

Информация о работе XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы