XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 08:38, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: XV-XVI ғасырлар қазақ елі үшін өте маңызды тарихи кезең болып саналады. Осы кезеңнен бастап қазақ даласы тарихы өзінің жаңа бетін ашады – қазақ өз алдына жеке хандық болып бөлініп шығады. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі әлі сан ғасырлар бойы қазақ халқы үшін жоғалмақ емес. Осы заманның тарихына әлі де талай жаңашылдықтар қосу – болашақтың ісі.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. ХV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығын басқару механизмі мен дипломатиялық қатынасы......................................................................................5
1.2. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік ахуал...........7
ІІ. ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢБАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ....................................................................................9
ІІІ. XV-XVI ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ (ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТАРЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП)........................................................19
3.1. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласының ұлы тұлғалары, бізге жеткен көне шығармалар мен қазба ескерткіштері........................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................30

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 301.50 Кб (Скачать)

      Қытай ғалымы, ұлы мемлекеттiң барлық архивiн сүзiп шыққан ханзулық Хун Тау дейтiн тарихшы "Қазақ хандықтарының қысқаша тарихы" дейтiн кiтап жазып бастырды.

      "ХV ғасырдың 60-жылдарында өзбек хандығына Әбiлқайыр билiк жүргiзген кезде (1428-1468 жылға дейiн) билiк басындағы топтардың жағында ұлық таластарына орай өзара қырқысқан соғыс туылып, қалың малшы қауымдарды торғайдай тоздырды.1456 Жылы Керей мен Жәнiбек сұлтандар Әбiлқайыр ханның тiзе батыруына төзе алмай елiн бастап Моғолстанға, яғни кейiнгi Шыңжиянға қашып келдi. Ол кезде Шыңжияң ауданына Шыңғыс ханның екiншi ұлы – Шағатайдың ұрпағы Есенбұға үстемдiк ететiн. Ол өзбек ханымен жау едi. Ол Керей мен Жәнiбектi шығысына әкеп қоныстандырып, қарсы жақты дәрменсiз етпек болды. Сол себептi ол өзiне қарасты жердiң шығыс бөлiгiн, яғни Шу, Талас, Жетiсу өңiрiн оларға бердi. Өзбек хандығынан қол үзген осы малшы халық "қазақтар" деп аталды. (Профессор Сәбит Жолдасов. "Шежiрелi Оңтүстiк" Қазақпарат. Алматы. 2002. (62-63-беттер.)

     Әрине, бұл айтылғандардан басқа ғылым  докторы, профессор, Қаныш Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетiнiң оқытушысы Керейхан Аманжоловтың "Түрiк халықтарының тарихының" 2-кiтабын қарап шығуға кеңес беремiз. (Алматы. "Бiлiм". 2002. Толықтырылып екiншi рет басылуы. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жоғарғы оқу орындарының студенттерiне оқу құралы ретiнде ұсынған) Онда:

     "1456-57 жылдары Әбiлқайыр хан Сығанақ  маңында Өз (Iз) Темiр тайшы бастаған  ойраттармен соғысып, жеңiлiп қалды.  Әбiлқайыр Сығанақ бекiнiсiне тығылды. Қарсылық көрмеген ойраттар Түркiстан мен Ташкент маңайын еркiнше тонады. Осы жеңiлiстен соң көшпелi халықтың бiр бөлiгi Жәнiбек пен Керей сұлтандардың басшылығымен Әбiлқайырдан бөлiнiп, Моғолстанға көшiп кеттi де, Шу өзенiнiң аңғарына барып қоныстанды"(113-бет) делінген.

     Шу  бойына көшiн алып өткен қасиеттi жерде "Таңбалы тас" бар. Созақтан тiкелей тартсаңыз 350 шақырымдай жерде тұр. Уран өндiретiн "Қыземшек" қалашығынан күнбатысқа 150 шақырымдай жер. "Тайқоңырдан" 90-100 шақырымдай болады, арғы жақтан Арқадан Сарысу өзенi келiп түйiседi. Телiкөлдi де осы жерден табасыз. Шамалы жер жүрсеңiз "Қызылжыңғылдан" академик-сыншы Мұхамеджан Қаратаевтың кiндiк қаны тамған алқапқа ұшырасасыз. Бiр қол созым жерде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында суреттелетiн "Балталы-Бағаналы ел аман бол, Бақалы, балдырғанды көл аман болды" көрiп көзайым боласыз...

     Мiне, дәл осы араға, жақпар тасқа Керей  мен Жәнiбек "автограф"–"қолтаңба" қалдырған.

     Қазақша мәтiнi былай: "Қыпшақ, алшын, арғын, қаракесек, үйсiн, табын иллахи қар рәсиге һамиша хаһа рахмет қыл сен алтауын, екiншi түрде айтқанда, "О, Ием, үмiтiне жету үшiн осы алтауына рахметiңдi бере көр!"

 Араб әрпiмен жазылған. Тапқан А.И.Шренк пен Х.Бекхожин. Олар оны Л.Кузнецовпен бiрлесiп көшiрiп алған.Оны "Записки Семипалатинского отдела русского географического общества, Вып. ХVI. 16-927 г" жариялаған.

     Осы ақпаратты академик Әлкей Марғұланның шығармаларынан алып қарадық. "Тамғалы тас сыры", "Қазақ тарихы" журналы, 1993 жыл. №3, 28-бет. 

    3.1. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласының ұлы тұлғалары мен бізге жеткен шығармалар мен көне ескерткіштер.

    Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған). Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. Керей хан - Орыс хан немересі Болат ханның ұлы.

    XV ғасырдың 50-жылдарға дейінгі тарихи  мәліметтерінде Керей хан туралы деректер жоқ. "Тарихи Рашиди" еңбегіндегі деректерге сай, XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған.

    Жәнібек хан (1478 – 1480 жылдары билік құрған). Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. [2, 348 б]

    1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбанид  Әбілқайыр билікті қолына алған  соң, көшпенді халықтың Жәнібек  пен Керей бастаған бір бөлігі  Моғолстанға қоныс аударып, Шу  мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті.

    Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.

    Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.

    Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың  архитектуралық комплекстері, Жәнібек  пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың  Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.

    Ұлан  байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті.

    XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында  ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды. [4, 358 б]

      XV-XVI ғасырларда қазақ халқының арасында  тақырыбы мен жанры жағынан  алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.) жыраулар, Мұхаммед Хайдар Дулати.

    Мұхаммед Хайдар Дулати Ташкентте дүниеге келіп, Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған. Атақты тарихшы, әдебиетші.Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Джаханнама" атты дастаны Моғолстан мен оған шекаралас облыстар бойынша жасалған әйгілі "Тарихи Рашиди" кітабына енген. Ата-бабалары оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында, Моғолстан мемлекетінің құрамындағы Қырғызстан мен Шығыс Түркістан жерінде беделді саяси қайраткерлер болған.

    Шалкиіз Тіленшіұлы (). Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Үш айлығында анасынан айырылған Шалкиіз нағашы атасының қолында тәрбиеленеді. Көшпелі шонжарлар ортасынан шыққан жырау еш таршылық көрмей өседі. Бұл жағдайлар оның тұлға ретінде қалыптасуына және поэзиясына ықпал етті.

    Доспамбет (1490 – 1523) Азау қаласында дүниеге келіп, Астрахань маңында қайтыс болған. Көне қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі, әскери жорықтардың жыршысы. Доспамбет жырау қазақ халқы ұлт ретінде қалыптаса бастаған дәуірде өмір сүрді. Өз кезінде Қырым, Ноғай және Қазан хандықтарының арасында болған жорықтар мен шайқастарға қатысқан.

    Қазтуған  Сүйінішұлы. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.[7, 158 б]

 

    Қазақтың  батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік –  тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

    Халық арасында ана тіліндегі жазба  әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады.

    “Тарихи-и  Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі  тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.

    Ол  еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған.

    “Жамих  ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) –  ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.

    XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан  территориясында өмір сүрген  қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ  тайпалар одағының дәуірінен  бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.

    Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде  болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.

    Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен  хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.

    “Жамих  ат-тауарих” кітабынің жазушысы Қадрғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын  мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.

    Ол  қазақ хандығының орда-сарайында  ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.

    XV-XVII ғасырдағы қалалар. XV ғасырдың бірінші жартысы - XVI ғасырдың аяғында – Қазақстан қалаларының саны 23-ке дейін азайып кетті. Рабадтар бос қалып, қала халқы бекініс қамалы бар орталыққа шоғырланды.  XV-XVI ғасырларда аймақтың саяси және экономикалық өміріндегі басшылық рөлі Сырдарияның солтүстік жағалауындағы Аркөк, Аққорған, Құтжан, Үзгент қалаларына ауысты. Қаратаудың солтүстігіндегі басты қала – Созақ. Түркістан – Оңтүстік Қазақстанның басты қаласы болды.

    XVІ-XVI ғасырлар – Қазақстанда 70 мыңдай қала халқы болған.

    Сығанақ – Шығыс Дешті-Қыпшақ үшін «сауда аймағы», Қасым хандығының ордасы. XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының астанасы, діни орталық. Сырдария бойындағы көшпелі даламен шектесіп жатқан шеткі қала.

    Отырар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. XVI ғасырда Түркістандағы Шайбан әулетінің мекені. VIII ғасырдың басынан Тарбанд атымен белгілі қала. Деректерде: Тұрарбанд, Тұрар, Фараб. V-XV ғғ. Арал бойындағы көшпелілермен сауда жүргізетін орталық болған. Ерзен хан қалада мешіт-медреселер салдырған.

Информация о работе XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы