XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 08:38, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: XV-XVI ғасырлар қазақ елі үшін өте маңызды тарихи кезең болып саналады. Осы кезеңнен бастап қазақ даласы тарихы өзінің жаңа бетін ашады – қазақ өз алдына жеке хандық болып бөлініп шығады. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі әлі сан ғасырлар бойы қазақ халқы үшін жоғалмақ емес. Осы заманның тарихына әлі де талай жаңашылдықтар қосу – болашақтың ісі.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. ХV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығын басқару механизмі мен дипломатиялық қатынасы......................................................................................5
1.2. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік ахуал...........7
ІІ. ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢБАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ....................................................................................9
ІІІ. XV-XVI ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ (ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТАРЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП)........................................................19
3.1. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласының ұлы тұлғалары, бізге жеткен көне шығармалар мен қазба ескерткіштері........................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................30

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 301.50 Кб (Скачать)

     Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды.

    Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті.

    Моңғол  шапқыншылығынан кейін барлық қазақ  рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. [3, 154 б]

    Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.

    Бастапқы  кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік  және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ  хандығына өткеннен кейін қазақ  хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.

    Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік  беделін арттырып, сыртқы саясат пен  дипломатиялық қарым-қатынас саласында  белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.

    Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың  атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.

    Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан  мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.

    Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.

    Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.

    Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң  қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.  Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып  тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.

    Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы  және мұрагері Мамаш қаза тапты.

    XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.

    Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа  отырған соң хандық үкіметінің билігін  нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен  Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді.

    Ол  билік құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл  кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін  кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осыған байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаның арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын күйзелтті.

    Хақназар  тұсында Қазақ хандығының күшеюі Ноғай ордасындағы қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен келіп қосылды.

    Хақназар  хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз Жәнібек  немересі Шығай (1580-1582) хан болды.

    Ол  билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды.

    Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей мемлекеті  мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті. [5, 269 б]

    1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен  жасалған шартты бұзып, Сырдария  бойындағы қалаларды алып, Ташкент,  Андижано, Акси, Самарқанд сияқты  қалаларды қазақ хандығына қаратты.  Бұқара қаласын қоршауға алған  кезде Тәуекел хан жараланып қайтыс болды. Тәуекел алғаш рет 1594 жылы Мәскеуге достық қарым-қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді.

    Одан  соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шарттын жасасты, - шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бектіп берілді. Ол қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп  құруды көздеді. Есім ханның бұл саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.

    Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған  соң, оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.

    Екеуінің арасында билік үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады.

    Ол  ел арасында Еңсегей бойлы – Ер Есім деген атпен белгілі болды. XVI ғасырда қазақ хандығы солтүстікте  құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен ) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылғы күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

    Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық  рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы Батыс  Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір тайпалары» деген атпен белгілі.

    1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан  кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жәңгір» деп атаған.

    Оның  тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі батыр Хұнтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше  рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті.

    «Қазақ- ойрат қарулы күресінің тууына мынадай  жағдайлар себеп болған еді.

    Біріншіден  көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың билеушілері үшін көшіп-қонатын  жерді кеңейту керек болды;

    Екіншіден Жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. 

    ІІІ. XV-XVI қазақ хандығының пайда болу тарихына қысқаша шолу (қазіргі заман тарихшыларының ақпараттарына сүйене отырып)

    Тарих ғылымында ХIХ ғасырдың 60-шы жылдарынан берi Қазақ хандығының негiзiн қалаған екi тұлғаның – Керей мен Жәнiбектiң есiмдерi анықталып, белгiлi болған. В.В.Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегiн анықтау барысында "Тарих-и-Рашидидiң" мәлiметтерiн айналымға ендiре отыра былай деп жазған болатын: "Қазақтар туралы (В.В.Вельяминов-Зернов қырғыз-қайсақтар деп жазады.Б.К.) "Тарих-и-Рашидиде" Мұхаммед Хайдар айтқан мәлiметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейiнгi, яғни 1456 жылдан 1537-38 жылға дейiнгi кезеңдi қамтиды. Ол 80 жыл iшiнде Мұхаммед Хайдар бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнiбек, Керейдiң ұлы Бұрындық, Жәнiбектiң ұлдары Әдiк пен Қасым және Әдiктiң ұлы Тахир болды.

     Мұхаммед  Хайдар Дулати."Тарих-и-Рашиди". "Тұран" баспасы, Алматы. 2003. Бұл кiтаптың құндылығы, ол – Моғолстан мемлекетiнiң тарихын қапысыз баяндауы. Мiне, осы жерден қолға сол замандағы саяси жағдайлардың жөн-жобасын бiле алатын деректер iлiгуi мүмкiн екенiн жасыра алмаймыз...

     "Арғы  тегiмiз – Көк Түрiк, одан  да әрiрек барсақ – Сақ, Ғұн,  Скиф, Арғықазақ болып кете беремiз..." десек те, қалай қарай оқылса да (алдынан соңына, болмаса соңынан басына қарай ) "қазақ" деп естiлетiн таңғажайып аты бар, жұмыр жердiң тоғыздан бiр бөлiгiн мекендеген ұлы жаратылыс, өзiнiң тарих табалдырығын оң аяқпен аттаған күнiн қалай да бiлуге тиiс деп ойлаймыз.

     Осыған  ең алдымен зер салғандар Алаштың  ардақтылары екен. Солардың арасынан суырылып шығып, мамандығы темiржолшы болса да "Қазақ хандығы" тақырыбына қалам тартқан Мұхамеджан Тынышбаев болыпты.

     1923 жылы Ташкент қаласынан жарық көрген "Сана" журналында "Түрiк-моңғол тарихы" атты еңбегiн жариялап, оны "1. Ең ескi заманнан бастап 1456 жылға шейiн" (Өзбек-қазақ айырылған жыл) деп бөлiмге бөледi. Сөйтiп 1456 жылдың қазақ мемлекеттiгiнiң алтын табалдырығы екенiн аңғартып өтедi.

     1983 жылы жарық көрген "Қазақ ССР тарихы" атты 5 томдықтың 2-шi томы. Вильяминов-Зернов, Абусейiтова А.А., Мойсеев В.А., Әлкей Марғұлан т.б. Қазақ хандығының басталуын 1456 жыл деп көрсетедi. (188-бет)

      Қазақ ССР энциклопедиясы, Қазақ Ұлттық энциклопедиясы, сондай-ақ Оңтүстiк Қазақстан энциклопедиясы "Қазақ хандығы шамамен 1456-1847 жылдар аралығында өмiр сүрдi" деп анықтама бередi.

     1983 жылы "Қазақ ССР тарихы" кiтабы 5 том болып шықты. Соның 2-томы "Көне заманнан бүгiнге дейiн" деп аталады. Осы аса құзiреттi кiтаптың, 188-бетiнде "Әбiлқайыр ханның әскерлерi мен Үз Темiр тайшы басқарған ойраттардың шайқасы "Көк-Қашан" (Сығанақ төңiрегiнде) тұсында 1456-1457 жылы болды" деп айшықталып жазып қойылған.

      Мемлекеттiк  сыйлықтың иегерi Қойшығара Салғараұлы "Хандар кестесi" кiтабында 1456 жылға ойып тұрып орын бередi. "Қазақ хандығы қашан шаңырақ көтергенi жөнiнде бiрер сөз" ("Егемен Қазақстан", 28-маусым, 1996 жыл)

     "Қазақстан"  мемлекеттiк телеарнасы 1456 жыл –  Керей мен Жәнiбекке ерген Ұлы  Көштiң басталуы деп бiрнеше  мәрте көрсеттi.

      Аса көрнектi ғалым Ақселеу Сейдiмбек 1456 жылды Қазақ хандығының бастапқы кезеңi ретiнде өзiнiң жазған еңбектерiнде  атап өтiп отырды. (Қараңыз: "Көшпелiлер  тарихы", "Атамұра-Қазақстан", Алматы. 1995 жыл.) "Ел болу жөнiндегi ұлы дүмпуге  Жәнiбек ханмен қолдаса дем берiп (1456-1477 жж.) қазақ хандығының iргесiн бiржола орнықтырды. Жәнiбек хан – Барақ ханның бел баласы. Керей хан болса – Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы едi. Яғни Жәнiбек пен Керей немере"(58-59-беттер).

Информация о работе XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы