Соғыс жылдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:41, реферат

Описание работы

Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді. Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына, Батыс және Шығыс Сібірге орналастырылды. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша, күштеп жер аударылғандар саны – 2 млн. 463940 (1946 ж. қазандағы санақ). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.

Работа содержит 1 файл

Ауыр соғыс.docx

— 56.23 Кб (Скачать)
 

[өңдеу]Халықаралық жағдайдың шиеленісуі.

1951 жылы 12 наурызда  КСРО Жоғарғы Кеңесі соғысты  насихаттауды адамзатқа қарсы  ең ауыр қылмыс деп жариялаған  бейбітшілікті қорғау жөніндегі  заң қабылдады. Ішінде 4 млн қазақстандық болған 118 млн кеңес азаматтары ұлы державалар арасында Бейбітшілік пактісі жөніндегі Үндеуге қол қойды. Кеңес қарулы күштерінің саны 1 млн 200 мың адамға қысқартылды. Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынастар қалпына келтірілді. КСРО герман мәселесін шешу жәнінде бірқатар бастамалар көтерді. 1959 жылы күзде екі ұлы держава - КСРО мен АҚШ үкіметтері басшыларының арасында келіссездер болып өтті. Қазақстанның шет елдермен, әсіресе бейбітшілік сүйгіп саясат ұстанып отырған, отарлык бұғаудан азат Шығыс елдері - Үндістанмен, Индонезиямен, Бирмамен (казіргі Мьянма), Непалмен және ҚХР-мен байланыстары кеңейе түсті. Қазақстан мен Қытай арасында көршілік тату қатынастардың орнатылуы ҚХР-да түратын үйғырлар мен қазақ халқының ірі қауымдастығының, өмірінде қолайлы рел атқарды. КСРО мен ҚХР арасында мәдени және сауда қатынастары кеңейді. Мыңдаған Қытай жастары КСРО-да, оның ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алды. КСРО-дан барған көптеген студенттер, аспиранттар Пекинде оқыды. Қазақстанда бұл кезеңде шетелдік мәдениет пен өнердің, кәсіп одақтардың көптеген делегациялары, Үндістанның премьер-министрі Дж.Неру мен президенті С. Радхакришнан, тағы баска да мемлекет басшылары болып қайтты. Қазақстанның өсіп келе жаткан экономикалық куаты оның 50-жылдардың екінші жартысында шетелдік әріптестерімен сыртқы сауданы жандандыруына мүмкіндік берді. Түсті металлдар, металлургиялық қүрал-жабдықтар, машина жасау мен химия өнеркәсібінің енімдері Чехословакияға, Румынияға, Үндістанға т. б. елдерге шығарыла бастады. Өз кезегінде Қазақстан сырттан, әсіресе социалистік елдерден өнеркәсіп тауарларын көбірек ала бастады. Біртіндеп туристер мен делегациялар алмасу жолға қойылды. 1955 жылы Қазақстанда 185 делегация, ал 1957 жылы дүние жүзінің 23 елінен 500-дей делегация болып қайтты. Алайда КСРО-ның партиялық-саяси басшылығы сталиндік дәуірдің мұрасын соңына дейін жоя алмады. Мұндай сабақтастық сыртқы саясат қызметін демократияландыру жолында қиыншылықтарға әкеп сокты. Дүние жүзі бұрынғыша бірнеше топка бөлінді. Мүндай бөлінудегі басым бағыт - КСРО мен АҚШ-тың, олардың одак-тастарының бір-біріне қарама-қарсы тұруы болды. Неғұрлым қуатты мемлекеттердің бір-біріне қарсы топтарға бөлінуі бірнеше әскери-саяси топтардың: Батыс Еуропалық одак, СЕАТО, Бағдат пактісінің құрылуына әкеп соқты. 1955 жылы біркатар социалистік мемлекеттер өздерінің әскери-саяси одағы - Варшава Шартын құрды. Мұндай саясат жаппай қаруланудан, өз елінің аумағында, одан тыс жерлерде ірі әскери базалар құрудан өз керінісін тапты. Экономиканы жедел қарқынмен милитарландыру жургізілді. Ол қогамдық өмірдегі соғыс елесі алдындагы қорқыныш, шексіз көпәскери жиындар мен оқу-жаттығулар, орасан зор шығындармен қатар журді. Саяси қарама-қарсы тұрушылық ядролық соғыстың шығуы үшін жағдайлар жасады. Жағдай 1962 жылы жазда Кеңес Одағы Кубада АҚШ аумағына бағытталған зымыран қондырғыларын орнатуға шешім қабылдаған сон, бұрынғыдан әрі шиеленісе түсті. Кеңес жағы өз әрекетін сол кездегі езінің одақтасы Фидель Кастро бастаған Кубаны қорғау мен оның қорғаныс қабілетін арттырумен түсіндірмек болды. Кеңес зымырандары аралға құпия жағдайда жеткізілді. Оладың орналасқан жерін анықтаған АҚШ бұның өз қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескеріп, теңіз блокадасын жариялады. Екі жақтан да жауынгерлік ұрандар кәтерілді. КСРО мен АҚШ қарулы күштері шұғыл түрде толык жауынгерлік дайындық дәрежесіне көлтірілді. 28 қазанда екі ел басшылары Н. С. Хрущев пен Джон Кеннедидің арасында келісімге келу шарттары жасалған соң ғана, бүкіл әлем еркін тыныстады. КСРО өз зымырандарын алып кетуге келіссе, американдықтар өздеріне Кубага баса-көктеп кіруден бас тартқан міндеттеме алды. Бүл - куатты әрі күшті мемлекеттердің арасындағы соғыс кауігін болғызбау жолындағы келісім жолдарын іздеудін жақсы үлгісі болды. Кариб дағдарысын ойдағыдай шешу 1963 жылы тамызда Мәскеуде атмосферада, ғарыш пен су астында ядролық сынақтар жүргізуге тыйым салу жөніндегі Шартты жасауға жеткізді. Ревизионизмкосмополитизмұлы державалар, 1962 жылғы Кариб дағдарысы, отарлық саясат,Варшава Шарты Үйымы. 1962 жылғы Кариб дағдарысы - Кубаға қарсы АҚШ-тың агрессия шыл әрекеттеріне байланысты халықаралық жағдайдың күрт шиеленісуі. АҚШ тарапынан күшейіп отырған интервенция қаупіне алаңдаған Куба үкіметі КСРО-ға көмек беруін өтініп, онымен Кубада зымыран қаруын орналастыру женінде келісім жасады. КСРО мен АҚШ мемлекеттері басшыларының тікелей сүхбаттарының нәтижесінде Кариб дағдарысы мен Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі жойылды. КСРО Кубадан зымырандарын алып кетті, ал АҚШ аралды блокадаға алуды жойып, Кубаға шабуыл жасамауға міндеттеме алды. Отарлық саясат - экономикалық жағынан нашар дамыған, басқа халықтардың өкілдері басым тұратын елдер мен аумақтарды әскери, саяси және экономикалық жағынан мәжбүрлеудің көмегімен қанаушылық және құлдану саясаты. Варшава Шарты Үйымы - 1955 жылы Албания,БолгарияВенгрияГДРПольшаРумыния, КСРО мен Чехословакияның қатысуымен социалистік мемлекеттерді қорғау, Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған ұйым. 1968 жылы Албания ұйым мүшелігінен шықты. Варшава Шартының құрылуы - империалистік державалардың әскери-саяси блогі - НАТО-ның құрылуына жауап шара болып есептеледі. 1991 жылы 1 шілдеде Варшава Шарты Үйымы таратылды.

[өңдеу]Дәуір құжаты

КОКП  Орталық Комитетінің  жеке адамға табынушылықты  және оның зардаптарын  жою туралы қаулысы (1956 жыл 30 маусым, үзінді)КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ак жақсы нәтижелерін берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия үйымдарын мынаған шақырады: тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық және рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы, қоғамды кайта құру жолындағы революциялық күресте маркстік партияның шешуші рөлі туралы марксизм-ленинизм ілімінің аса маңызды кағидалары біздің бүкіл жұмысымызда дәйектілікпен сақталсын; партиялық басшыльщтьщ лениндік принциптерін, ең алдымен жоғары принципті басшылықтың ұжымшылдығын барлық партия ұйымдарында, жоғарыдан төменге дейін, мейлінше катаң сақтау жөнінде, партиямыздың жарғысында баянды етілген партия тұрмысының нормаларын сақтау жөнінде, сын мен өзара сынды әрістету жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық Комитеті жүргізіп отырған жүмыс онан әрі кажырлылықпен жүргізілсін; Кеңес Одағының Конституциясында жазылған кеңестік социалистік демократизмнің принциптері толығымен калпына келтірілсін, революцияның социалистік зандылықты бұзушылықтық бәрі ақырына дейін түзетілсін; алтыншы бесжылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске біздің кадрларымыз, барлық коммунистер және қалын еңбекшілер бұкарасы жұмылдырылсын, бұл үшін тарихтың шын мәнісіндегі жасаушысы - бұқараның творчестволық инициативасы мен жігері барынша әрістетілсін. КОКП съездерінің, конференцияларының қарарларымен шешімдері.

↑ Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

Информация о работе Соғыс жылдары