Соғыс жылдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:41, реферат

Описание работы

Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді. Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына, Батыс және Шығыс Сібірге орналастырылды. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша, күштеп жер аударылғандар саны – 2 млн. 463940 (1946 ж. қазандағы санақ). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.

Работа содержит 1 файл

Ауыр соғыс.docx

— 56.23 Кб (Скачать)

[өңдеу]Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

1947 жылы желтоксанда  карточкалық жүйе мен республика  еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді.

[өңдеу]Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы.

Соғыстан кейінгі  қоғамда пісіп-жетілген езгерістердің қажеттігін түсіну әкімшілік жүйесінің бірқатар идеологиялык және қуғындау сипатындағы шаралармен шебер басылып тасталды. Алайда 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басында рухани жағдай түншықтырылғанымен, біржолата күйреген жоқ. Сталиннің өлімінен (1953 жылғы 5 наурыз) кейінгі алғашқы жылдардың өзінде қоғамда мүмкін болатын өзгерістердің сипаты жөніндегі мәселеге екі бағыт, екі көзқарас қалыптаса бастады. 1953- 1954 жылдары өзіне қоғамның көпшілік бөлігінің назарын аударған социалистік қоғамдағы карамақайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі, теория мен практиканың арақатынасы, басшылыктың үжымдылығы т. б. сияқты кекейкесті проблемалар женінде пікірталастар басталды. Жүріп өткен жолға сын көзбен қарау, қоғамды толқытқан сүрақтардың шешімін қарастыруда КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумы (1953) жауап берді. Денсаулығының құрт нашарлауының нәтижесінде 1953 жылы І наурызда И. В. Сталиннің миына қан. құылды. Мәскеуде «көсемді» жерлеу кезінде көптеген адамдар халық нөпірінің астында қалып қаза тапты. Кейбір адамдар, әсіресе қуғын-сүргінге үшырағандар «көсем» әліміне қайғыра қойған жок. Қоғамдық өмірдің демократиялануы жолындағы маңызды кезең жазалаушы органдардың басшыларының бірі, КСРО Ішкі істер халқомы (министрі), КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, КОКП ОК Президиумының мүшесі Лаврентий Берияның қылмыстық қызметшің жолын кесу болды. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы Сталиннің жақын серіктерінің бірі, саяси арандатушы және қаскұнем ретінде ОК құрамынан және КОКП-ның қатарынан шығарды JI. П. Бериямен бірге негізінен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болған оның көмекшілері тұтқындалып, соңынан атылды. И. В. Сталиннің өлімі және JI. П. Берияның биліктен тайдырылуымен КСРО-да өмір сүрген катаң тәртіптің қара түнек кезеңі аяқталды. Берия ісінен жасалған маңызды саяси қорытынды - жеке баска табынуға жол бермеу және оның зияндылығын ресми түрде мойындау болды. Тек осындай жағдайда ғана жоғарғы партиялык және мемлекеттік қызметтерге JI. Берия сияқты кездейсоқ адамдардың өтіп кетуі мүмкін болатын еді. Сол кезде айтылғандай марксизм-ленинизм рухына жат жеке басқа табынушылык идеологиясын іс-тәжірибеден түп тамырымен жою ОК Пленумынан кейін жарияланған «Кеңестер Одағы Коммунистік партиясына елу жыл» (1903- 1953) кұжатында маңызды міндет болып танылды. Одан әрі демократиялық қайта кұру үрдісі неғұрлым белсенді ете бастады. Алайда И. Сталинның өлімі ол кұрған әміршіл-әкімшіл жүйенің толық талқандалуын қамтамасыз етті дегенді білдірген жоқ. Мыңдаған сотталғандар бұрынғыша лагерьлерде қалып қойды, Сталиннің өзі сияқты адам қүкықтарының бұзылуына қатысы бар көптеген саяси қайраткерлер (В. Молотов, К. Ворошилов, JI. Каганович т. б.) жоғарғы мемлекеттік қызметтерді атқара берді. 1950 жылдың басында КСРО- дағы түрмелерде 5,5 млн-дай тұтқындар болды. И. Сталин қайтыс болғаннан кейін партиялық билікке талас басталды. JI. Берия, Г. Маленковтар жеңіліп, бар билік Н.С. Хрущевка көшті.

[өңдеу]1950 жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалар.

Қоғамдық ойдағы екі  бағыттың куресі мен өзара бір-біріне әсер етуінің нәтижесі - 1956 жылгы ақпандагы КОКП XX съезінің шешімдері болды. Демократияландыру идеясы съездің көптеген саяси нүсқауларымен анықталды. Идеология саласында жеке басқа табынушылық үлгісін талқандау, догматизм мен схоластиканы жеңуге алғашқы әрекеттер жасалды. Бүл ниеттердің орындалуы жолындағы неғұрлым байыпты қадам - XX съездің Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптауы болды. КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы

Кеңес қоғамының Сталиннің  билігінен кейінгі дамуы

Экономика Қоғамдық  өмір Прогресшіл  бастамалар
  • демократияландыру үрдісі
  • «Хрущевтік жылымың»
  • енеркәсіпті қарқынды түрде дамытутың және тыңайған жерлерді игеру әскери-өнеркәсіптік кешенге қолдау көрсету
  • әскери блоктар кұру, шағын соғыстар |
  • жазықсыз жазаға үшырағандарды ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді
  • репрессияға ұшыраған халықтар қүкы қалпына келтірілмеді
  • «жоғарыдан - төменге» басқару әдісі сақталды
  • басқаша ойлайтындар айыпқа тартылды |
  • Сталиннің жеке басына табыну айыпталды
  • 1954-1956 жылдары республикаларға аздаған жеңілдіктер жасалды
  • тоталитарлық режимнің құрбандарын ақтау үрдісі басталды

Н. С. Хрущевтің баяндамасында жеке баска табынушылықтың пайда болу себептеріне, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды. Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы бейнесін ашып көрсетпеуге шешім қабылдады. Тек КОКПОК-нің «Жеке адамга табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) қаулысы дайындалды. Онда жеке баска табынушылыққа байланысты жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте'алмағаны» атап көрсетілді. Тек 33 жыл өткен соң ғана «КОКП ОК-нің хабаршысы» («Известия ЦК КПСС») журналында (1989 ж., №3) Н. С. Хрущевтің съезде жасаған баяндамасының толық мәтіні жарияланды. Ал бүл мәтін кебейтіліп, XX съезд біткеннен кейінгі бірнеше аптадан соң-ак шетелде жарық көрген еді. Түрмелерге ешбір кінәсіз қамалған бірқатар адамдарды (олардың ішінде партияның көрнекті қайраткерлері - Я. Рудзутак, А. Рыков, В. Чубарь т. б.) еркіндікке шығарып, оларды ақтаумен мемлекеттік аппарат көп ұзамай бұл реформаны доғарды. Мыңдаған адал адамдар түрмелерде қалып қойды, қуғын-сүргіннен қаза тапкан адамдардың қызметіне шынайы саяси баға берілмеді. Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, Азамат соғысының себебі мен сипаты, 30-жылдардағы аштық пен шаруаларды қырып-жою жөнінде біржақты ғана еске алулар болды немесе бұлар жайлы еш нәрсе де айтылмады. Сталиннен кейінгі билік қадамдарының жартыкештік сипатта болғаны чешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отандарына қайтарылып, Қазақстанда тұрған корейлер, немістер, қырым татарлары мен месхет түріктері құкықтарының қалпына келтірілмегенінен көрінді. 1954 жылы ішінде көптеген майдангерлер болған саяси тұтқындардың Кеңгірдегі кәтерілісі катал басып тасталынды. Жезқазғанға жақын жерде салынған бұл арнайы каторгалык лагерь түрмедегілер мен тұрақты әскери бөлімдерінің арасындағы шайкас алаңына айналды. Елдің экономикалық жағынан артта калуы себептеріне талдау жасау әрекеттері де тез тыйылып отырылды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы да дамытылмады.

 

[өңдеу]Республиканың 50-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі.

Кеңес өкіметі мен  КОКПОК1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын кеңейтуге бағытталған шаралардың тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси құдалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мүғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М. Елікбаевтың тағдыры. Ол Н. С. Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бүзу, үлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылыктар, казақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы олқылыктар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан өрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштык жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен елде 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды. 50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жәнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н. С. Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының өсері де тиді. Олқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н. С. Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік коғам құрылысын кең келемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға ерескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа ШоқайСмагул Сәдуақасов т. б. айтқан еді. Өкінішке карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жуйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялык байланысқа түсті. Бүл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі КСРО-ның хальқтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар кетеруіне жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметгік-таптық құрылымында терең езгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жүмысшылардық, шаруалардық, зиялылардық үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды. 50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, үйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Әр түрлі ұсак ұлттарға қатысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық белігінен 2 млн-дай адам келді. Сонымен бірге бұл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең келемді жүмыс жалғастырылды. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының ара сындағы алшақтыққа әкелді. 1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ үлты елдін 85%-ы еді. Бүл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктершің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.

[өңдеу]Кеңестік коғамның әлеуметтік проблемалары.

Теміртаудағы толқылар. Сталиннің өлімінен кейінгі алғашқы  жылдары үкіметтің ішкі саясатында адамдардың кажеттіліктеріне карай  бет бұру сарыны байқалды. Бүл Сталин қайтыс болғаннан кейінгі төртінші күні Мавзолей мінбесінен Г. М. Маленковтың сейлеген сезінен айқын көрінді, ол жүмысшылардың, колхозшылар мен зиялылардың материалдық хал-ахуалын үнемі жақсартып отыруға қол жеткізу - партия мен үкімет үшін заң болып есептелінетінін жариялады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1953 жылғы тамыздағы мәжілісі мен КОКП ОК- нің қыркүйектегі (1953) Пленумында қуатталып, одан әрі дамытылған бұл міндетті жүзеге асыру еңбекшілердің экономикалық мүдделерін барынша есепке алуға, шаруашылық жүргізудің қолайлы экономикалық, әдістерін қолдануға бағытталды. Бірақ болашағы зор жаңа саяси шешімдер жүзеге асырылмады. Әкімшілік жүйенің әрекет етуі жағдайында басқаша болуы мүмкін емес еді. Экономиканы экстенсивті сипатта дамыту бағыты республиканы шикі зат шылауы ретінде пайдалануға әкеп сокты. Республика аумағында жаңа өнеркәсіп алыптарын сала отырып орталық ведомстволар, одақтық министрліктер оның әлеуметтік базасының дамуы мен экологиялық тепе -теңдікті сақтауға көңіл белмеді. Әлеуметтік проблемаларга осындай селқос көзқарас өз ізін қалдырды. Үлкен наразылықтың бұрқ етуі 1959 жылы жазда болып өтті. Теміртауда салынып жатқан металлургиялық комбинат екпінді комсомол құрылысы деп жарияланып, 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Келесі жылы бүған тағы 70 мың адам қосылды. Жаңадан келгендерге арналып үйлер салынды, бірак олар жетіспегендіктен жұмысшыларды палаткаларға орналастыруға тура келді. Ауа райына бейімделудегі қиындықтар, ауыз судың жетіспеупшілігі, нашар ұйымдастырылған тамақтандыру адамдардың занды наразылығын туғызды. Жұмыссыз тұрып калу да жиі қайталанды. Әлеуметтік жарылыс үшін қандай да бір сылтау керек болды. Теміртаудағы толқулардың басталуы үшін сылтау 1 тамыздағы жастар тобының коғамдық тамақтандыру нысандарына шабуыл жасауы болды. Алғашқы заңсыз әрекеттер біртіндеп тәртіпсіздіктерге ұласты. Өкінішке карай жүмысшылардың наразылығын кылмыстық элементтер пайдаланып кетті. Толық дүкендерді, базарды, өмбебап дүкенді, асханаларды тонады, қалалық милиция бөлімін қоршады. Тәртіпсіздіктер үш күндей жалғасты. Шектен шығудық алдын алу үшін әскер әкелініп, қару қолданылды. Төртіпсіздікке қатысқандардың ішінде қаза тапқандар, әскери қызметшілер мен милицияның арасында жараланғандар болды. Тәртіпсіздіктерге мұрындық болғандар сотталды. Алайда НовочеркасскідеТеміртауда, тағы баска да жерлерде болған оқиғалар республика мен ел басшылығының коғамның одан әрі дамуына деген көзкарастарың қайта қарастыруға мәжбүр етпеді.

Информация о работе Соғыс жылдары