Соғыс жылдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:41, реферат

Описание работы

Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді. Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына, Батыс және Шығыс Сібірге орналастырылды. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша, күштеп жер аударылғандар саны – 2 млн. 463940 (1946 ж. қазандағы санақ). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.

Работа содержит 1 файл

Ауыр соғыс.docx

— 56.23 Кб (Скачать)

Ауыр соғыста жеңіске жету ел басқарудың әкімшіл әдістерінің дұрыстығына сенім туғызды. 40–50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Бұл жүйенің жетекші күші Коммунистік партия болды.

Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді. Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына, Батыс және Шығыс Сібірге орналастырылды. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша, күштеп жер аударылғандар саны – 2 млн. 463940 (1946 ж. қазандағы санақ). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.

Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының үштен бірінен айрылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация).

Соғыстан кейінгі алғашқы жыл – ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең.

40-жылдардың екінші жартысы – 50-жылдардың басы – кеңес адамдарының басым көпшілігі үшін ауыр кезең. Осыған қарамастан аға ұрпақ өкілдері сол жылдарды «алтын ғасыр» деп атайды.

Сталиннің қазасынан кейін (1953 жыл 5 наурыз) аппаратқа, қуғындаушы органдарға сүйенген жүйе дәуірі аяқталды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап игі істер атқарылды.

Бесінші бесжылдық (1951–1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954–1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1959 жылы Қазақстан өнім өндіруден Одақта 3-орынға шықты.

Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы. 1954–1955 жылдары 1 млрд. 100 млн. — 1 млрд 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін облыстар: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасалды.

60-жылдардың ортасындағы жүргізілген шаралар – соғыстан кейінгі кезең ішіндегі экономиканы қайта құруға бағытталған ең ірі ұмтылыс.

1960 ж. ортасынан 1980ж. ортасына дейінгі кезең – тоқырау жылдары. Тоқырау кезеңінің идеологиясындағы басты бағыттардың бірі – орыстандыру саясаты.

1946 ж. 24 шілде – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде Қазақ КСР халық шаруашылығын дамытудың 1946–1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы заң қабылданды.

1947 ж. 16 ақпан – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы.

1947 ж. 25 қыркүйек – Өскемен мырыш зауыты қатарға қосылды.

1947 ж. 11 қаңтар – Қазақ КСР еңбекшілер депутаттары жергілікті Кеңестерінің сайлауы.

1949 ж. 10–19 мамыр – Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі он күндігі.

1950 ж. 23 желтоқсан – Текелі қорғасын-мырыш комбинаты іске қосылды.

1953 ж. 27 қазан – Мойынты-Шу темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.

1953 ж. 20 желтоқсан – Ақмола-Павлодар темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.

1954 ж. 28 ақпан – Қостанайға тың игерушілердің алғашқы тобының келуі.

1956 ж. 10 қазан – Қазақстанның колхоздары мен совхоздары мемлекетке мерзімінен бұрын 1 млрд. 340 мың пұт астық тапсырды.

1956 ж. 20 қазан – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының тың және тыңайған жерлерді игерудегі жетістіктері үшін Қазақ КСР-ін Ленин орденімен наградтау туралы жарлығы.

1957 ж. 4 қазан – Байқоңыр космодромынан жердің дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды серігінің ұшырылуы.

1960 ж. 4 қаңтар – Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатының бірінші кезегі іске қосылды.

1960 ж. 2 шілде – Қарағанды металлургия зауытының бірінші домнасы іске қосылды.

1960 ж. 1 желтоқсан – Қарағанды металлургия зауытында кокс батареясы іске қосылып, Қазақстанның тұңғыш коксі алынды.

1962 ж. 3 қаңтар – Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатындағы сарыбай руднигінің екінші кезегі іске қосылды.

1963 ж. 26–27 ақпан – жас шопандардың республикалық 1 слеті.

1964 ж. 29 маусым – Мақат-Ақтау темір жолының құрылысы аяқталды.

1965 ж. шілде – Өзен мұнай-газ кен орнының бірінші кезектегі объектілерін салу аяқталып, Маңғыстаудың алғашқы мұнайы алынды.

1965 ж. қазан – Жетіқара асбест комбинатының бірінші кезегі қатарға қосылды.

1966 ж. қазан – Республика мемлекетке 1 млрд. 37 млн. пұт астық тапсырды.

1967 ж. шілде – Қазақ КСР мәдениеті мен өнерінің Мәскеудегі күндері.

1968 ж. 1 ақпан – Есіл су құбыры /1748 км/ іске қосылды.

1969 ж. 17 қараша – Қазақстан колхозшыларының III съезі.

1970 ж. 28 тамыз – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР-і, Қазақстан Компартиясының құрылғанына 50 жыл толуына арналған бірлескен салтанатты мәжілісі.

1971 ж. 27 қазан – Алматыда В. И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы Ғылымдары академиясының Шығыс бөлімшесі құрылды.

1972 ж. 28 желтоқсан - «Медеу» бірегей спорт комплексі пайдалануға берілді.

1973 ж. 4–9 қыркүйек – Алматыда Азия мен Африка елдері жазушыларының бесінші конференциясы болды.

1974 ж. 15 наурыз – Алматыда тың және тыңайған жерлерді игерудің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

1975 ж. 5 наурыз – Павлодар трактор зауытының конвейерінен 100 мыңыншы «Қазақстан» тракторы шықты.

1975 ж. 28 қыркүйек – Ермак ГЭС-і толық жобалық қуатында іске қосылды.

1977 ж. — Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының саны 50-ге, арнаулы оқу орындарының саны 220-ға жетті.

1978 ж. — Қазақ тілінде 12 томдық Қазақ Совет энциклопедиясын шығару аяқталды.

1980 ж. мамыр – Екібастұз отын-энергетика комплексінде қуаты жылына 50 млн. тонна көмір беретін «Богатырь» разрезі іске қосылды.

1981 ж. 15 шілде – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі халық депутаттары Кеңестерінің шаруашылық құрылыстағы рөлін арттыру туралы қаулысы жарияланды.

1982 ж. 30 қараша – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы Қазақ КСР-нің 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған Азық-түлік бағдарламасын мақұлдады.

Ұлы Отан соғысының  зардаптары.

Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп  шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп  орындары үлкен шығынға батты, олардың  біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург)КиевМинск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бүл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген казақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.

 

[өңдеу]Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.

20-жылдардың ортасынан  орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.

[өңдеу]Қазақстан - лагерьлер өлкесі.

20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған  қуғын-сүргін соғыстан кейінгі  кезенде де жалғастырылып, ол  көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез келген апаттар мен ақаулар «халық жауларының» әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару «операциялары» әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті. 1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. М. ӘуезовҒ. МүсіреповС. Мұканов «Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов «феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы» шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. ҚоңыратбаевЕ. ЫсмайыловМ. ӘуезовҚ. Жұмалиев, Ө. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы «Кенесарыны дәріптеушілер»ретінде де айыпталды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылга сотталады. Оның көзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды. Қазакстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады. Тек кана 1956 жылы КОКП-ның XX съезінде сталиндік жеке баска табынушылық әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін. - Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар өз мерзімін өтеді. Олардың катарында М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т. Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. ЖүргеновтіңС. Қожановтың әйелдері т. б. болды.

Информация о работе Соғыс жылдары