Шпаргалка по "Истории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:42, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит 98 ответов на вопросы по дисциплине "История"

Работа содержит 1 файл

АЗ шпоры по истории.doc

— 410.50 Кб (Скачать)

Бат. Түрік қағанаты (603-704ж)

Он тайпа құрады: Шу өз-нен  батысқа 5 тайпа нушиби, шығысқа  қарай 5 тайпа дулу болды. Астанасы- Суяб қаласы. Жазғы орталығы- Мыңбұлақ. Билеуші- қаған. Жоғарғы шен- жабғу, шад, елтебер тек қаған руына жатты. Негізгі халық- малшылар (қара бодан). Сот билігін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жеғұй қаған (610-618ж) және оның кіші інісі Тон-жабғу қаған (618-630ж) кезінде өркендеді. Қаған өкілі тудун. 16 жылдық (640-657ж) тайпааралық соғыс қағанатты әлсіретіп, Таң империясы Жетісуды басып алды.      

11. Түркеш қағанаты (704-756ж)

Үш-елік қаған (699-706ж) Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Ол елді 7 мың әскері бар 20 үлескіге бөлді. Астана-Суяб. Жазғы орталығы- Күңгіт. 705ж арабтар Мәуренахрды жаулап ала бастады, ал 706ж  Соғдыға қарай беттеді. Түркештер соғдыға көмектесті, бірақ арабтар құтылып кетті. 709ж олар Мәуренахрға тағы да аттанды, түрік- соғдылар қайта бетін қайтарды, бірақ арабтар соғды патшасы Тархунды түріктермен араздастырып, нәтижесінде арабтар Бұхарды басып алды. Үш-Елік орнына оның баласы Сақал қаған(706-711ж) келді. Шығыс Түрік қағаны Қапаған 711ж Болучу түбінде түркештерді жеңді. 712-713ж арабтарға қарсы түріктердің, соғдылықтардың, шаштықтардың, ферғаналықтардың әскері кұш біріктірді. Жауап ретінде арабтар Шашты өртеді, 714ж Испиджабқа жорыққа шықты. Қағанат Сұлу қаған(715-738ж) кезінде нығайды. әскери-әкімшілік билік «қара түркештерге» көшіп, орда Таразға көшірілді. 723ж түркештер Ферғана қарлұқтары мен Шаштықтарды біріктіріп, арабтарға қарсы соққы берді. Арабтар оған Әбу-Мұзахим(Сүзеген) деген ат қойды. 732ж аяғында ғана арабтар түркештерді ығыстырып, Бұхарға енді. 736ж Сұлу арабтарға тағы қарсы шығып, жеңіліс тапты. Қайтар жолда өз қолбасшыларының бірі Баға-Тархан қолынан қаза болады. 751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының маңында әскербасы Зияд ибн Салих басқарған арабтар мен Гао Сяньчжи бастаған қытайлар арасында 5 күндік ұрыс болды. Шешуші сәтте қытайлар қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жеңді.

12. Қарлұқ мемлекеті(756-940ж)

Қарлұқтар туралы алғаш  дерек (болат) 5ғ жатадды. 7ғ ортасында  оларға 3 ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. Көсем-ельтебер.742ж қарлұқ,ұйғыр басмылдардың біріккен күші Шығыс түріктерге қарсы шығып, оларды жеңедіде Ұйғыр қағанаты(744-840ж) п.б. 756ж қарлұқтар ұйғыр қағанатынан жеңіліп, Жтеісуға көшіп, сонда Қарлұқ қағанатын құрды. Астана-Суяб. 766-775ж олар Қашғарияны, ал 8ғ аяғында Ферғананы басып алды. Көсемі-жабғу, 840ж бастап қаған.Араб географы Әл-Маруази(12ғ) оларда 9 тайпа болды:тухси,түркеш,шығыл,жарұқ,барысхан,азкіші,халаэк.Қарлұқтар батысында арабтармен соқтығысты.Енесей қырғыздары ұйғырларды тұрпан жазирасы мен баньчжоу аймағына ығыстырды.Бұны қарлұқ жабғуы,Испиджаб билеушісі Білге Құл Қадыр хан пайдаланып, өзін қаған деп жариялайды.9ғ аяғында арабтар қарлұқ жеріне тағы шабуылдап,Испиджабты басып алды,Таразды қоршады.Қарлұқ қағанының ордасы Тараздан Қашғарияға көшірілді.Басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі болды.Қарлұқ елінде 25 қала болды.

 

13.Оғыз мемл(9-11ғ)

Оғыздар Сырдарияның  орта ж/е төменгі бойында ж/е  Батыс Қ-н даларында мекендеген.8ғ  Оғыздар Сырдарияның орта шенінде  тұратын қанғар-печенег бірлестігімен соғысты.Оғыздардың арғы ата тегі үнді-еуропалық ж/е фин-угорлық болғанымен,бара-бара түріктенген аландар,астар,бажғарлар болатын.Махмұд Қашғаридың(11ғ) жазды.24 тайпа.бұзықтар мен ұшықтар.9ғ аяғы-11ғ басы оғыздар Сырдариядан Еділге дейінгі терр.алды.10ғ батыста Хазарияға дейін,солт Каспий маңы,орт,оңт-шығ Қарақұм ж/е Арал маңындағы Қызылқұм Оғыздар даласы д/а.Оғыз мемл жайында Әл-Якубидің(9ғ)туындыларында айтылады.Оғыздар ісләм дінін қабылдады.9ғ оғыздар Хазарлармен бірлесіп,печенегтерді жеңеді.10ғ астанасы-Янгигент,басшысы-жабғу.965ж Киев Русімен бірге Хазар қағанатын,ал 985ж Еділ Булгариясын жеңеді. 10-11ғ алым-салықтың көптігіне байланыстыкөтеріліс болды. Бұл кезде 10ғ 2 жартысында билікке келген Әли-хан басқаруына халық наразы болды. Бұны селжұқ көсемі пайдаланып, Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтеріліс жасап, Жентті басып алды, бірақ көп ұзамай олар Женттен қуылды. Әли-хан мұрагері Шахмәлік билеген кезде мемл. күшейіп, 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан кейін ол селжұқ қолынан қаза тапты. Оғыз мемлекетінде рулық-тайпалық қатынастар ыдырап, патриархалдық-феодалдық орнады. Әскербасы-сюбашы, оның орынбасары-күл-еркін. Оғыздар пұтқа табынып, шамандарға сиынды.          

14.Қимақ қағанаты.(9-11ғ басы)

Қимақтар 7ғ басында  Монғолияның солт-бат өмір сүрген. 7ғортасында олар Алтайдың солт бөктеріне,Ертіс маңына қарай қоныс аударды.656ж Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін көзге түсті.766-840 ж аралығында қимақтар Батыс Алтайды,Тарбағатайды,Алакөл ойысы аумағын иемдеді.Қимақтар жайлы 11ғ парсы тарихшысы Гардизидің еңбегінде кезд.Қимақтар құрамында 12тайпа енді.Қимақтар қағанындағы ең ірі ықпалды қыпшақтар болды.Қимақтар одағы аумақтық-әкімшілік қатынас принципінде құрылды.Астанасы-Қимақия,билеушісі-қаған.Шар:негізгі кәсібі мал шар. Қаракөл қойларын өсірген.Баспанасы-киіз үй ж/е жертөле.11ғ басында Қимақ қағанаты күйреді.Себ:өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ ханд-ң орталықтан бөлінуге тырысушылығы,қағанатта ішкі Талас- тартыс күшейді.Ж/е Орт.Азияның көшпелі тайпалардың қаптап кетуі.Қимақтар өздерінің саяси билігінен айрылып қана қойған жоқ,сонымен қатар өздері қыпшақтарға тәуелді болды. 

15.Қарахан мемл(942-1210)

Қарахан әулетінің атасы  Сатұқ Бограхан (915-955) болған.942ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып,өзін қаған д/ж,осы кезден бастап Қарахан мемл құрылды.Мекені:Жетісу,Нарынның түйіскейін мекендеген.992ж Қарахан мемл Щығыс Хотанды,батыс Бұқарды жаулап алады.11ғ 30ж Ибрахим Ибн Насырдың тұсында мемл 2 бөлінді:1)Орт.Бұқарда болғ қарауына Ходженткедейігі Мауреннахр қосып алған Батыс хандығы.2)Тараз,Испиджаб,Шаш,Ферхана,Жетісу мен Қашқар кіретін шығыс хандығы.Астанасы-Баласағұн.Жетісу мен шығыс Түркістанда 11ғ басында Туған хан билік жүрг.Онымен Жүсіп хан бәсекелес болды.1017ж соғыста Туған хан мерт болып,билік Қадыр ханның қолына көшті.Шар:Қ-ң оңт-шығ ж/е оңт аудандарында халықтың негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі ж/е жартылай көшпелі мал шар. болды. Мал шар жылқы өсіру жетекші орын алды. 1089ж қарахандықтар селжұқ сұлтаныМәлік шахқа вассалдық тәуелділікке түсіп қалады. 1102ж Баласағұн мен Тараз билеушісі Қадыр хан Жебірейіл Мәуренахрға шабуыл жасады. Құдыретті сұлтан Санжардың (1118-1157ж) кезінде селжұқтардың Мәуренахрға ықпалы анағұрлым артты. Бірақ бұл кезде қарахандықтарда саяси құлдырау басталды. 1141ж қарахан-селжұқтардың әскері қирай жеңіліп, 2 хандық билігі де қарақытайларға көшеді.1210ж шығыс Қарахандар наймандармен соқтығысады.13ғ басындағы наймандарға ж/е хорезмдіктерге қарсы күресте қарахандықтар мемл біржола құлайды.     
16.Қарақытай мемл.(1128-1213ж) Наймандар мен керейлер.

Қарақытай мемл құрылуында б.з.б 4ғ жазба деректерінде монғол тілдес тайпа д/а орт Азиядағы тайпа басты рол атқарды.1125ж жауларынан Ляо империясы құлады.Қидандар қолбасшысы Елұй Дашының басшылығымен Еміл өзенінің жағасына қашып барып,сол жерде қала тұрғызады.Жетісудағы билікті қолына алып,жергілікті түркі тілдес халықпен араласа бастаған қидандар осы кезден бастап қарақытайлар д/а.1128ж қарахандықтардың билеушісі Баласағұн қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы күресте қарақытайлармен одақтасады.Елұй Дашы Баласағұнға енген соң қарахандықтардың билеушісін құлатып, Жетісуда өз билігін құрады.Басшысы-горхан.Астанасы-Баласағұн.1208ж Қарақытайларға Монғолиядан Шыңғыс хан қуып шыққан,Күшлік бастаған наймандар келеді.1211ж Күшлік хан Қарақытайлардың билеушісін құлатып,Жетісудағы билікті түгелдей тартып алады.Сөйтіп Қарақытайлар өмір сүруін тоқтатты.

«Найман» сөзі монғолша «сегіз» деген ұғым.,ал найман одағына  кірген тайпа саны сегіз.Наймандар 8ғ Орхон өзенінен Ертістің жоғарғы ағысына дейінгі жерді мекендеген.Наймандар қаңлылармен тығыз этникалық-саяси ж/е мәдени байланыста болған.Шар:көшпелі мал шар.Аң,балық аулаған.Олар христиан дінін қабылдаған.Керейлер 10ғ белгілі. Олардың конфедерациясының этникалық құрылымы бір текті болмаған.Ол түрік тілді ж/е монғол тілді жұрттан құралған.Керейлерде екі астана болған:1)Солт орта Орхон өзені бойында Қатынбалық қаласы 2)Оңт Орда Хуанхе өзені бойында болған.1007ж керейлер мен наймандар несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдаған.Керейлер билеушісі Тұғырыл хан ел билеу ісіне қаңлы ақсүектерін кеңінен тартты.Керейлер мен наймандардың әлеуметтік саяси даму деңгейі бірдей болды.Іс қағаздар жүргізу салты егізілді.Шар:Наймандар мен керейлер көшпелі мал шар айналысты.Жылқы негізгі байлық көзі деп есептелді.Аң, балық аулады.

17.Қыпшақ хандығы.Қ-ң ортағасырлық тарихындағы қыпшақтар.(11ғ басы-1219ж)

«Қыпшақ»атауы алғаш  рет 760ж ежелгі түрік руникалық  ескерткіште аталады.Ертіс өңірін жайлаған қыпшақ-ң топтары қимақ-р  басшылығымен тайпа-р одағын құрды.8ғ  қыпшақтар қимақ-дан бөлініп батысқа  қарай жылжиды.Бірақ қыпшақтар тәуелсіздікке жете алмайды.11ғ қимақ қағанаты тарап,әскери-саяси жетекшілік қыпшақтар хандықтарына көшеді.Қыпшақтар орт Азия ж/е оңт шығыс еуропаның елдерімен тікелей байл. Жасады.Шығыста қыпшақтардың жері  «Дешті қыпшақ» д.а.Орыс-р қыпшақтарды «половецтер»д.а.11ғ 2 ширегінде қыпшақтар ақсиектері оғыздармен Сырдарияның орт. ж/е төменгі бойларынан,Арал мен Каспий өңірінен қуады.11ғ орт қыпшақтар Еділден батысқа өтіп,Византия,Венгрия халық-мен қарым-қатынас жасайды.Ертістен Днепрге дейінгі бүкіл зонаны алып жатқан Дешті қыпшақтың тар жоғарғы обл-н 2 этникалық терр-қ бірлікке бөледі:басында Тоқсоба ру-ң әулиеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі ж/е Ел-бөрілі руының  хан әулиеті билеген шығыс қыпшақ қағанаты.Қыпшақтардың этникалық қауым-қ қазақтар.Терр-ді құрылуы 3 кезеңнен тұрды:7ғ 2 жарт. 8ғ аяғы;8ғ аяғы-11ғ;11ғ басы-12ғ.Алайда қыпшақ жұртының құрылып,қалып-ң соңғы кезеңін монғол басқыншылыы үзіп тастайды.11ғ орт қыпшақтар Алтай мен Ертістен бастап,Батыс Еділ мен оңт Оралға дейін,Балхаш көлінен оңт-батыс Сібірдің орман дала аймақтарына дейін қоныстанды.Хандықтың құрылысы:Қыпшақ хандықтарының өкімет билігі мұра болып атадан балаға берілді.Хан-р шығатын ру ел-бөрілі рун.Қыпшақ ханд. 2 қағанатқа бөлінді::Оң қанат Жайық өзені,сол қанат-Сығанақ.Хандық-ң орт Торғай қаласы.Ру-р мен тайпа-р әлеуметтік маңызына қарай бөлінді.Мүлік теңсіздігі болды.Қыпшақтардың ханд-ерте феод. мемл. болды,ол көне түрік мемл-ң дәстүрін дамып,жалғ.қыпшақтардың Қарахан-мен аса күрделі қарым-қатынас болды.Олар жер үшін соғысты 12ғ 2 жарт. қыпшақ ханд. ыдырай бастады.Себебі-көрші тайпа-р Хорезм ханд-ң әскерін нег. қыпшақ-р құрды.Қыпшақ ханд ыдырауының 2-ші себебі ішкі қайшылықтар.Монғол шапқыншылығынан кейін қыпшақ ханд түбегейлі жойылды.

18. 5-12ғ Қ  тұрғындарының рухани мәд-ті. (тіл, жазба,ауызшашығармашылық, ғылым мен өнер.)

5-7ғ Қ террер.)

5-7ғ Қ террлық көшпелі  халықтарын біріктірген жаңа  мемлекет- Ұлы түрік қағанаты  п.б. Қиыр Шығыспен, Жерорта теңіз  мәд-мен қатынас үзілмеді. Түрік  тайпа-ң материалдық мәдениеті  өндірістің негізгі тәсілі ретінде көшпелі мал шаруашылығы берілген:аңшылық,жер шар-ғы,мал санын ұлғайту арқ мал шар-ғы жаты.Көшудің ж/е жайылым-ң жол бағыттары ұзақ уақыт бойында тұрақты болды ж/е дала жазықтарын ұзақ игеру процесінде қалыптасты.Түріктер:жылқы,қой,сиыр,түйе өсірді.Отырықшы жер игеру мәдениеті Қ-ң оңт-де  ж/е 7 суда дамыды.Жүзім шар-ғы,бақташылық дамыды.Суармалы жер шар-н дамытуда каналдар,арықтар пайд.Оңт қ-н ж/е Жетісу барлық орта ғасыр бойында,қала мәдениеттің орта-қ, болды:испиджаб,сығанақ,тараз,алмалық т.б.Әр қалада қоғамдық монша болды. Қала бірнеше бөліктерден болды:орт-та басшы ғимараты орн. қамал оны қоршам ақсүйек,көпес,тұрғындары тұратын –шахристан болды.Кәсіпте: тері мен жүн өңдеу,киіз үйлер,арбалар жасау,ұсталық,металлургия,ағаш пен сүйекті өңдеу зергерлік дамыды.Сауда ақша дамуын қажет етті.Суяб,Тараз,Отрар сияқты қалаларда монета сарайлары болды.Рухани мәдениетке сана өрісіндегі адам қызметінің өнімдерін (тіл,жазба,ауызша,дін,өнер) жатқызылды.6-8 ғ Қ-ң түрік тілдес тайпа-ры арасында ауызша поэмалық дәстүр болды.Ауызша шағарма дамыды.(поэмалар,этикалық поэзия дәстүрі) .Оның элементтері Күлтегін мен Білге қаған(5-7ғ) қабыр-ң үстінгі плиталарының мәтінінде көрсетілген.Жазбалар теңеулер мен метафорларға қаныққан.Ежелгі эпостар «қорқыт ата», «қорқыт ата кітабы», «оғыз-нама» шығарылды.

«Құтты-білім» (Құдатғу-білік)- Ж.Баласағұнның ең ірі шығармасы, бізге  жеткен әдеб-ң тұңғыш ескерткіші. Бұл  шығармада ақынның өз заманының  өмір шындығын, қоғамдық сана, белгілі  бір әлеуметтік саясаттың бірі. 12ғ  Түркістанда тұрған Қ.А. Яссауи өз заманының ойшылы, ақыны болды. Ол Қ-да мұсылман дінін таратты.Еңбегі-«Диуани-хикмет» (Даналық тур. кітап) өлеңдер жинағы. Яссауи суффизм (сопылық) ғылымын қолданып, «Жеке игіліктің арам пайдасына қарсы шықты, аскетизм мен бой ұсынушылықты уағыздады.»

Ғ-ң ортасында көшпенділердің астрономия, география т.б. жаратылыстану  ғылымдары б-ша білімдері ғылыми трактаттар түрінде жаңа бейне алды. Ғалым-энциклопедист Әбу-Насыр-Әл-Фараби Фарабта туған. Ол барлық ғылымдарды тәжірибелік(этикалық саясат) деп бөлді. Ол философия, ойлау тур. ғылым, матем, медицина, астрон-я, физика, теория, ән-күй б-ша трактаттар жазды. «2-ші ұстаз»(Аристотельден кейін) атағын алды. М.Ә. Қашғари –тамаша лингвист, географ. «Диуани Лұғат ат-түрк» (түрік тілдерінің сөздігі)еңбегінде түркі тілдес елдердің өмірін, тұрмысын, шаруашылығын жазды.

Діні сол кезде –  моноатеистік дін болды. Теңгір жоғары құдыретті,барлығын көреген тәңір, әлемді жаратушы б.т. Әйел тәңірі- от басы ошағы мен баланың қамқоршысы. Ұмай анна болды. 6-9ғ Орт. Азия, Шығ. Түркістанның түркі тілдес тұрғыны ара-да буддизм, манихейшілік, христиандық тарады. Бұдан кешірек исламдану басталды.     

19.Моңғрл  имп-ң құрылуы. Моңғолдардың Орта  Азия мен Қазақстан аумағын  жаулауы. Отырар қорғанысы.

12ғ аяғы мен 13ғ бас кезінде Моңғол терр-нда үлкен көшпелі мемл. құрылды. Оны Тимучин(1155ж) басқарды. Ол Керулен және Орхон өзендерінің бойында негізделген. Кейін туыстық тайп-ң бірі болып және көрші елдерді жаулап алу арқ. Моңғол мемлекеті тек Орта Азияда ғана емес, бүкіл әлемдегі ұлы империяға айналды. 1203ж онымен Кирий және Найман хандықтары қиратылды. 1207-11 ж Моңғол имп. Сібір және Шығыс Түркістанды жапулап алды. 1215ж Пекин де жауланды, ал 1217ж моңғолдар Хуанхэ өзенінің солт. жақтарындағы барлық жерлерді жаулап алды. 1206ж Темучин бүкіл моңғолдық хан атағына және Шыңғыс хан титулына ие болды. Моңғол имп-ң құрылуы бұрын аз байланысты тайпалардың бірігуіне және өзара соғыстарды тоқтатуға әкелді. Жетісудағы Қарақытай мемл-нде және Оңт.Қаз-да политикалық қайшылықтар болып жатты. Мауреннахр қаласы Гурханның билік астынан босай бастады. Қарлұқ және Қарахан билеушілері Хорезмнің қол астына көше бастады. 1207 ж Қарақытайлықтар Бұхарадан, кейін Тараздан айрылды. Содан басқа Гурханның Құйлық пен Алмалық билеушілерімен наразылығы туындалды. Қиын жағдайға түскен Гурхан наймандық Куч-лук-тан көмек сұрады. 13ғ талқандалған наймандар Куч-лук басшылығымен Жетісуға қашты. Мұнда ол талқандалған найман мен Керейіт отрядтарын жинады да Гурхан қол астына кірді. 1210 ж Қарахандар Хорезмммен шайқаып, жеңілді. Бұл жағдайды Баласағұн қаласын тұрғындары пайдаланды. Гурхан өз астанасын басып алды да, Қарахандықтар оны 3 күн бойы тоңады. Қарлұқтардың ұнатпаушылығын Куч-лук пайдаланды. Ол Гурханды қамауға алды да, биліктен бас тартуға күштеді. 1212ж Чигулу қайтыс болып, наймандықтардың ханы Жетісудың билеушісі болып тағайындалды. Оның билік астына Сайрам, Ташкент қалалары, Ферғананың солт. Жағы кірді. Хорезмнің бас жауы болып, Куч-лук мұсылмандарды қуа бастады. Қойлық билеушісі Асланхан, кейін Бұзар наймандардан бөлінді де өздерін Шыңғыс ханның боданы боп жариялады. Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға шабуыл жасауға дайындалды. Ол әсіресе Оңт.Қаз-ң гүлденіп бара жатқан қалаларына және Жетісуға көз салды.

20.Қазақстан  моңғол билігінде.

1227 ж Дешті-Қыпшақ қалпына келді. 1229ж моңғол басшысы Жошының ұлы Бату болды. Қазақстан территориясы моңғол ұлыстарының құрамына енді. Оңт. Және Оңт.-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының құрамында, Жетісудың солт-шығ-сы Үгідей ұлысында, ал қалғаны Жошы ұлысының құрамында болды. Жошы ұлысы көптеген жерлерді қамтыды. Оның ішінде Ертістің батысы,. Жетісу және Дешті-Қыпшақтың шығысы болды. Шағатай ұлысының құрамында жоғары айтылған жерлермен қоса, шығыс Түркістан мен Мәуреннахр болған. Үгедей ұлысы батыс Моңғолия, Ертістің жоғары ағыстары және Тарбағатай жерлеріне ие болды. Шыңғыстықтар өзінің ұлыстарын тәуелсіз меншікке айналдырғысы келді. Шыңғыс хан өлгеннен соң, 1227ж империя құлап, бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді.

Информация о работе Шпаргалка по "Истории"