ҚР халық шаруашылығы салаларын басқаруды озық тәжірибелерді пайдалану негізінде жетілдіру жолдары

Автор: k***************@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 09:17, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің экономикалық жетістігін анықтау үрдісінде еліміздің бәсекеге қабілетті болуы мен оны әріқарай дамыту механизмдерін жетілдіру ісіне баса назар аударылады. Өйткені ұлттық шаруашылықтың экономикалық тиімділігін басқару жолдарын жетілдіру Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жоспарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ең бастысы – экономиканың бәсекеге қабілетті моделін таңдау, басым салаларды анықтау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыратын қолда бар экономикалық мүмкіншіліктерді анықтау, сондай-ақ сыртқы экономикалық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бәсекелестік байланыстарды дамытуға әсер ететін механизмдер мен факторларды анықтау жөніндегі мәселелер туралы сөз қозғалады.

Работа содержит 1 файл

sryqalpsoomxgnalmcefod mn.ux.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

Жұмыс құрылымы. Диссертациялық жұмыс 158 бетте қамтылған. Оның құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерден, 2 қосымшалардан, 15 суреттен, 27 кестеден және 12 формуладан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. «Экономиканы басқару тетіктерін жетілдіру қажеттілігінің теориялық негіздемесі» атты диссертацияның бірінші бөлімінде салалық экономиканы дамытудың үздік үлгілері зерттеліп, соның негізінде экономика салаларын басқарудың озық тәжірибелері қарастырылды. Қазақстан экономикасының даму ерекшелігіне баға беріліп, оның экономикасын бәсекеге қабілетті етудегі халық шаруашылығы салаларын басқару тетіктерін жетілдірудің маңыздылығын теориялық тұрғыда негіздеу қолға алынды. Бәсекелестік, экономикалық даму теориялары мен институционализм, неоинституционализм теорияларының негізінде экономиканың бәсекеге қабілетті болуы және ондағы басқару тетіктерінің рөліне баға берілді.

Жүргізілген зерттеу барысында бәсекелестікті талдау бойынша маңызды әдістер қарастырылды. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттіліктің анағұрлым жаңа теориясын талдау, атап айтсақ, кластерлік даму (М. Портер, М. Энрайт, М. Сторпер), кластерлердің құндылықтар қорының тізбегімен (Г. Джереффи, Р. Каплински, Дж. Хамфри), «техноэкономикалық парадигмамен» (К. Фримэн) байланысы ұзақ жылдар бойы көптеген мемлекеттердің стратегиялық даму векторын анықтап отырғандығын көрсетті.  
Қазіргі таңда қарастырылған бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік теорияларының Қазақстан жағдайына бейімделуі тәжірибелік тұрғыда іске асырылып жатыр деп айтуға болады. Бұл кластерлік саясаттың жүргізілуімен, аймақтық және ұлттық инновациялық жүйенің дамуымен, өндіріс факторларының даму кезеңінен инвестиция мен инновация кезеңіне өтуімен, бәсекелес субъектілердің нарықтағы артықшылықтар үшін күресінен байқауға болады. Бірақ осымен алға қойған мақсатқа қол жеткіздік деп қол қусырып отыруға болмайды. Шешімін таппаған мәселелер көп. Яғни, әріқарай да ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті ету үшін қажетті де тиімді тетіктерді іздестіру қажет. Өйткені бәсекеге қабілетті экономика – бәсекеге қабілетті мемлекет кепілі.  
Қолданылып жүрген «бәсекеге қабілеттілік» анықтамаларының ішінде әдетте ол көрсеткіш, құрал, экономикалық категория ретінде түсіндіріледі. Ал автордың пікірінше, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін басымдыққа ие деңгей елдің барлық шаруашылық жүйесінің қызмет етуі анықталатын макроэкономикалық деңгей. Яғни, «ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті болуы дегеніміз – тиімді бәсекелес ортада экономиканың тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру, тұтыну және іске асыру, сондай-ақ өзінің экспорттық мүмкіндіктерін халықтың әл-ауқаты сапасын жақсарта отырып, өзінің экономикалық және инновациялық шамасын арттыру үшін пайдалану қабілеті».     
Автордың пікірінше, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне ұсынылып отырған анықтама бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру үрдісін анағұрлым жүйелі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, оның бағыттарын, оған әсер ететін факторларды, тиімді тетіктерін нақты анықтауға ықпал етері сөзсіз. 
Қазақстан экономикасы дамуындағы ерекшеліктер мен әлемдік тәжірибеге жасалған талдау мемлекеттің бәсекеге қабілетті экономиканы басқарудағы басты бағыттары келесілер болуы керектігін көрсетті:

  1. экономиканы реттеу тетіктері мен инфрақұрылымды дамыту;
  2. өндірістің ғылыми-техникалық және инноавциялық мүмкіндіктерін құру;
  3. тиімді басқару жүйесін құру;
  4. ғылыми сиымдылығы мол салалар мен қызмет көрсету салаларының дамуын ынталандыру;
  5. адами капиталды дамыту мен тиімді пайдалану.

Й.Шумпетер бойынша, экономикалық дамудың басты ішкі себебі адамның шығармашылығымен байланысты, ал новаторлар – кәсіпкерлер –  бұлар жаңа иедяларды тиімді экономикалық шешімдерге  жүзеге асыруға қабілеттілер.  
Экономика тепе-теңдік күйден шығуы, әдеттегі траекториясынан тайып кетуі үшін, кәсіпкерлер жаңа комбинацияларды жүзеге асырады, олар өзіне мынаны қамтиды: 

  1. жаңа игіліктер өндіру; 
  2. өндірістің жаңа әдістерін қолдану немесе қолда бар игіліктерді пайдалану; 
  3. шикізатты өткізудің жаңа нарықтарын немесе көздерін меңгеру;  
  4. салалық құрылымды өзгерту (монополия жасау немесе құлату).

Аталған қызмет түрлерін Шумпетер экономикалық новаторлыққа жатқызады.  Новаторлық үдеріс жаңа комбинация «ескішіл», яғни барлық экономикалық агенттерге әдеттегі және қол жетімді функция болмағанша жалғасады.  
Қазіргі таңда Қазақстанда стратегиялық жоспарлау да, қаржылық бағдарламалау да жобалық менеджмент те біртіндеп дамып келеді. Дж.Мартиноның айтуынша, технологиялық болжамға негізделген жобалық менеджмент экономиканың ғылыми сиымдылығы мол саласына жатады. Өкінішке орай, экономика ғылымында оған қажет деңгейде көңіл бөлінбейді. Ғылыми зерттемелерге деген сұраныстардың болмауы және осының салдары болып табылатын өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін бағаламаудан туындайды. Шын мәнінде, өндіріс факторларының өнімділігіне тек қана ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. 
Автор инновациялық қызметке келесідей анықтама береді – бұл жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өндірістің әртүрлі салаларындағы өнім түрлерін игеріп, оларды іске қосуға және нәтижелері экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін пайдаланылатын қоғамды басқару салаларына бағытталған қызмет. Мемлекеттің инновациялық саясаты – бұл инновациялық қызметті дамыту мен ынталандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясаттың құраушы бөлігі. Бұл саясаттың Қазақстан экономикасын дамыту мен оны бәсекеге барынша қабілетті етудегі орны ерекше. Осыған орай елімізде 2003-2015 жж. арналған «ҚР индустриалды-инновациялық даму» стратегиясы қабылданған болатын. Аталған Стратегияны іске асыру барысынан бері оның заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасы жасалып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, жеті Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық зоналар, ұлттық инвестициялық жүйенің негізгі элементтері құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жалпы, Қазақстанда диверсификацияланған, экспортқа бағытталған және инновациялық экономиканы құруға барлық алғышарттар бар. 
Зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесінде Жапонияның, Беларусь Республикасының және Израильдің тәжірибелері анағұрлым тиімді екендігі анықталды.  
ХХІ ғасыр табалдырығындағы бүгінгі күнгі экономикадағы ғылыми зерттеулердің басты мәселесіне әртүрлі экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және басқару салаларындағы өзгерістер сияқты мәселелер айналып отыр.  
Жоғарыда қарастырылып, талданған теориялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық шаруашылығы салаларын басқаруды жетілдіру мәселелерінің мәнін ашуда және олардың теориялық негізін қалауда ерекше құндылыққа ие екендігі сөзсіз. 

  1. Экономиканы дамытуда басқару тетіктерін жетілдірудің тиімділігін талдау. Диссертацияның екінші бөлімінде экономиканы басқарудың Қазақстан үшін тиімді шетелдік үлгілері анықталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингтік жүйесіндегі әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдері және әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елі қатарынан үміткер Қазақстан қарастырылады. Аталған елдердің қатарына кіруге үміткер мемлекеттердің ықтимал мүмкіндіктерін анықтау үшін келесідей сапалық экономикалық индикаторлар қолданылды. Олар:
  2. адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейі;
  3. орташа жылдық еңбекақы деңгейі;
  4. еңбектің капиталмен қарулану деңгейі;
  5. еңбек өнімділігі деңгейі.

Жалпы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты  көрсеткіш – адам басына шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Тіпті, БЭФ, БҰҰ да дәл осы критерий бойынша әлемнің 140-тан астам елдерін топтастырып, экономикалық даму деңгейлерін анықтайды.   
Бұл тұжырымды математикалық «екі жақтылық» теориясын пайдалану арқылы оңай негіздеуге болады. Мәселен, өндіріс нәтижелігі тұрғысынан, тікелей өндірістік есеп ретінде адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді келесідей жіктеуге болады:

,                                                                             (1) 
Мұндағы: 
ЖІӨ N – адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім; 
 - халық саны; 
L – экономикадағы жұмысбастылар саны; 
 - еңбек өнімділігі (); 
 - жалпы халық санына есептегендегі экономикадағы жұмысбастылар санының үлесі. 
«0» и «1» жылдарының статистикалық мәліметтері болатын болса,    (1) формуланы түрлендіру арқылы адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімін есептеп шығаруға болады: 
 
 және  деп белгілеп, оның өсімінің негізгі жіктелінген формуласын аламыз:  
   Мұндағы: 
  - сәйкесінше көрсеткіштің өсімі. 
«1» жылдағы адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімі үш қосылғыштарға жіктеледі:   
                                                  (2) 
Елдің экономикалық даму деңгейінің басты индикаторы болып оның адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көрсеткіші табылады. Жоғарыда қарастырған (2) формула бойынша адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім абсолютті өсімін жіктеу әлем елдерінің үш тобына жасалды (1-кесте). Мұнда әлемнің 210 елінің 180 елі қарастырылды. Бұл елдер, бұрынғыша, БЭФ әдістемесіне сәйкес  дамушы (80), дамыған елдер қатарынан үміткер (50) және дамыған (50) елдер деп үш топқа бөлінді. Сондай-ақ 1-кесте негізінде жасалған 1-суреттегі диаграммадан аталған елдер бойынша адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасын байқауға болады. Аталған есептеулер 2004-2006 жж. халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметтеріне негізделіп жасалды:

Кесте 1 – Адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімін факторларға  жіктеу: еңбек интенсивтілігі және жиынтық еңбек өнімділігі (еңбек пен капитал)

  Адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімі, % Еңбекті интенсивті пайдалану есебінен,% Жиынтық еңбек өнімділігі есебінен (еңбек пен капитал), % Екі фактор өсімдерінің жиынтық ықпалының есебінен, % Бақылау, %
(80) дамушы елдер тобы
2006 100 16,1 81,1 2,9 100,0
1-кестенің  жалғасы
2005- 2006 100 10,6 87,5 1,9 100,0
2004 -2006 100 8,7 89,8 1,5 100,0
  Дамыған елдер қатарынан үміткер елдер тобы (50)
2006 100 17,58385712 80,09813774 2,31800513 100,0
2005-2006 100 10,40486288 88,16182399 1,43331313 100,0
2004-2006 100 11,72358818 86,71915423 1,5572576 100,0
Сонымен қатар Қазақстан
2006 100 26,5 67,1 6,4 100,0
2005-2006 100 16,7 79,3 4,1 100,0
2004-2006 100 13,6 82,9 3,5 100,0
  Дамыған елдер тобы, 17000 АҚШ долл. (50)
2006 100 6,2 93,6 0,2 100,0
2005-2006 100 6,3 61,0 0,2 67,484892
2004-2006 100 3,0 62,1 0,2 65,225622
АҚШ
2006 100 8,2 91,4 0,4 100,0
2005-2006 100 6,7 93,0 0,3 100,0
2004-2006 100 3,7 96,1 0,2 100,0
Жапония
2006 100 -0,2 100,2 0,0 100,0
2005-2006 100 -1,5 101,4 0,0 100,0
2004-2006 100 -16,4 118,3 -1,9 100,0
Ескертпе  –берілген  кесте  автордың есептеулері негізінде жасалды

 
 
 

 
Сурет 1 – 2004-2006 жж. адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасы 
(Ескертпе – Диаграмма 1-кесте негізінде автормен жасалды)

Зерттеу жұмысында  математикалық есептеу әдісі  негізінде жүргізілген талдау нәтижесі  адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасының өсуіне жиынтық еңбек өнімділігі (еңбек пен капитал) есебінен қол жеткізіп отырған ел Жапония екенін көрсетті. Бұл Жапония экономикасының тиімді жолмен дамып отырғандығының дәлелі. Яғни, жапон экономикасының даму үлгісі - ең озық тәжірибе. 

Бұл 2-суреттен макроэкономикалық  көрсеткіштердің өзара тәуелділіктерін  көруге болады. Яғни, өндірістегі ғылыми-техникалық дамудың өнімі, басқаша айтқанда жоғары технологиялар немесе негізгі капитал көбейіп, әрбір жұмысшының қормен қарулануы артса, онда оның еңбекақысының көлемі де артады. Бұл өз кезегінде, еңбек өнімділігінің артуына әкеледі. Жапонияда дәл осындай жағдайда, жапон экономикасының  құрылымы өзгеріп, экономика ғылыми-техникалық дамуға толығымен негізделді. Яғни, жапон экономикасының қозғаушы күшіне ғылыми-техникалық даму айналды. Канторович-Купманстың екі жақтылық теориясы негізінде, өндіріске кететін шығын тұрғысынан, екі жақты есеп шешімі ретінде еңбек өімділігін келесідей етіп жазуға болады: 
                                                                                                    (3) 
мұндағы: 
 -   еңбек бағасы (экономикадағы бір жұмыспен қамтылған адамның орташа айлық ақысы); 
r -    негізгі капитал бағасы; 
f  -   ақша күйіндегі еңбектің капиталмен қарулануы (K/L); 
K - экономиканың нақты саласындағы, үй шаруашылығы салалары мен нысандарын, білім, денсаулық және мәдениет салаларындағы негізгі капитал. 
Еңбек өнімділігінің өсіміне еңбек пен капитал ресурстық потенциалының қаншалықты үлес қосатынын нақты ашып көрсету мақсатында еңбек өнімділігі мен еңбектің капиталмен қарулану көрсеткіштерін ақша өлшем бірлігіне ауыстырған ыңғайлы болады. Бұл аталған көрсеткіштерді еңбек бағасына () бөлуден шығады. Оларды сәйкесінше келесідей:  - ақша өлшеміндегі еңбек өнімділігі, ал  - ақша өлшеміндегі еңбектің капиталмен қарулану деңгейі деп белгілеп, капитал бағасын (r) пайдаланған капитал тиімділік нормасы деп қабылдап (E),  келесіні аламыз: 
,                                                                                                          (4) 
мұндағы: 
q - ақша күйіндегі еңбек бірлігінің өнімділігі; 
h - ақша күйіндегі еңбек бірлігінің капиталмен қарулануы. 
Яғни, еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігі еңбек ақысы мен ақша күйіндегі еңбек өнімділігінің көбейтіндісіне тең:  
,                                                                                                              (5)                                                                            
(5) формула еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігі, шын мәнінде де шексіз өсу мүмкіндігіне ие. Оның өсуіне тек қана технология, білім, ресурстар мен уақыт қана кедергі жасай алады. 
Адам басына шаққандағы ЖІӨ формуласын жіктеу арқылы, (5) формула негізінде келесідей формула аламыз: 
,                                                                      (6) 
Бұл (6) формулада берілген еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігінің абсолютті өсімін жіктеудегі бірінші компонент еңбек бағасының өсімін еңбек бағасының өнімділігіне көбейткенге тең. Екінші компонент еңбек бағасының өнімділігінің өсімі есебінен, оны еңбектің бұрынғы бағасына көбейткеннен шығады. Ал соңғы компонент еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігі өсімінің екі факторының өсімдерінің көбейтіндісінен шығады.  
Жоғарыда қарастырылған экономикалық индикаторлардың өзара тәуелділіктерін Жапония мысалынан көрдік, яғни, жұмысшылардың капиталмен қарулану деңгейі жоғары болуы есебінен, олардың еңбек ақылары да жоғары, сондай-ақ олардың еңбек өнімділігі де үлкен. Ал еңбек өнімділігінің үлкен болуы елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің бірден-бір көрсеткіші - адам басына шаққандағы ЖІӨ мөлшерінің өсуіне әкеледі.  
3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті салаларын басқару стратегиясы. Диссертацияда Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті салаларын басқару мәселесін қарастырғанда, жапон тәжірибесі ең тиімді үлгі ретінде ұсынылады. Өйткені  зерттеу нәтижесінде Жапония бәсекеге қабілетті елдердің алды екендігі математикалық есептеулер негізінде анықталды. Яғни, ол экономикалық дамудың тиімді жолымен жүріп келеді. Бұл артықшылық ондағы экономиканы басқару тетіктерінің тиімділігімен түсіндіріледі. Яғни, оның экономикасын басқару ғылыми-технологиялық жетістіктерге негізделеді. Мемлекет тарапынан ғылым мен білімнің дамуына үлкен ден қойылып, бұл сала молынан қаржыландырылады. Негізгі капиталға инвестиция көптеп құйылады және оның қайтарылымы да мол. Капиталмен қарулану деңгейі жоғары, еңбек төлемі де жоғары. Осы екі фактордың өсуі нәтижесінде еңбек өнімділігі де артып отыр. Жапон тәжірибесі технологиялық саясат жетістіктерінің тиімді ұлттық экономикалық саясаттың жемісі екендігін дәлелдейді.  
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін оның басым салаларын анықтап, жетекші елдердің сала экономикасын модернизациялаудағы жетістіктерін ескере отырып, жетілдіру қажет. Отандық экономиканың алдында тұрған басты міндет шикізаттық бағдарды бәсекеге төтеп бере алатын, жоғары сапалы нақты дайын өнім алу бағдарына аудару. Сондықтан да кәсіпорындардың өздерін сапалық жетілдіру шаралары орын алуы тиіс. Қазақстан экономикасының ең басты салаларының бірі – ауылшаруашылығы. Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайлардың болуы түрлі дәнді-дақылдар мен мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы.  
Аграрлық сектор қашан да Қазақстан қоғамының экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығының анықтаушы факторы болып келді және болып келеді. Ол - Қазақстан халық шаруашылығының анағұрлым бәсекеге қабілетті салаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік бойынша, Портердің «ромб» моделіне сүйенсек, ондағы жағдайлық факторлар тобына кіретін арнайы факторлар тұрақты инвестицияларды меңзейді. Олардың өнімін қайталау мүмкін емес, дәл осы артықшылық бәсекедегі басымдықты анықтайды. Ал оны басқарудың ең тиімді тетігі ретінде – кластерлік әдісті қарастыруға болады. Кластерлік әдісті іске асыру елдің тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығуына мүмкіндік береді.  
Аграрлық сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ғылым нәтижелерін пайдалану арқылы жүргізілетін ақылды ассортименттік саясат ықпал еткен болар еді. Ол дегеніміз сатып алушы үшін ыңғайлы тауар өлшемін тауып, қалдықсыз өндіріс ұйымдастыру. Тиімді жұмыстың және саланың қосымша табыстарының басты резервтеріне өнімді қайта терең өңдеу мен туынды өнімді (сүт сары суы, көк сүт, эндокриндік-ферменттік өнім, сүйекті тұқым, алма сығындыларын) пайдалану жатады.  
Аграрлық кәсіпорындардың кооперациясы мен интеграциясы сияқты ұйымдастырушылық механизмдерді дамытудың маңызы зор. Бұл тұрғыда диссертацияда жапондық менеджмент жүйесін игеру ұсынылады.

Информация о работе ҚР халық шаруашылығы салаларын басқаруды озық тәжірибелерді пайдалану негізінде жетілдіру жолдары