Омардың тұсындағы шайқастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:02, доклад

Описание работы

Омардың халифтік кезеңі (13-23/634-644) Хз. Омар Хз. Абу Бакирдің өсиеті (халифтікке ұсынуы) бойынша мұсылмандардың ант берулерінің (халифтігін қолдауының) арқасында халиф болып сайланды. Ауыруы асқына түскен Хз. Абу Баккрге орнына кімді халиф ретінде ұсынатындығы туралы сұрақ қойылғанда, ол орнына Хз. Омарды ұсынатындығын айтқан болатын. Сахабалардың да көз-қарасы бір жерден шыққан еді.

Работа содержит 1 файл

4 paigambar kezeni.docx

— 57.18 Кб (Скачать)

г) Жаңалықтар       енгізуі:       Дінге       байланысты       кейбір реформаларының салдарынан да Хз. Осман сынның астына алынған тын.   Қағба  руларының  жаңалануына  байланысты  үкім  беруі,   Хз. ГІайғамбардың    мешітінде    бір    қатар    өзгерістер    енгізуі,    жұма намазынан кейін іште азан оқытқызуы, Минада тұрып, намазды сол жерде   оқуы,   жаңа   стильде   киімдер   тіккізуі  мен  "қаржы  үйінің" кірісінің 1/8-не қол салуы сынның астына алынған негізгі тақырыптар болып табылды. Кейбір консервативтік тұрғыным адамдары бұл енгізілген жаңалықтарды "бидғат" (дінге енгізілген рұқсатсыз өзгерістер) деп анықтап, халифты айыптады.Хз. Османның тұсында ішкі қарама-қайшылықтардың туындауы мен астана Мәдина қаласының қоршауға алынып, халифтің өлтірілуіне себеп ретінде көрсетілетін оқиғалар деректерде жоғарыда аталған сипатта баяндалады.

Хз. Османның өлтірілуі

Біздің  ойымызша жоғарыда аталған оқиғалар, жағдайлар мен атқарылған істер  Хз. Османның өлтірілуін қажет ететін дәрежеде емес еді. Меселелерді бажырайтып көрсететін, адамдарды бір-біріне қарсы айдап салатын, жақсы ниетті жаманшылыққа қолданатын және дұшпандықты өршіте түсетіндер болмағанда ғой, мемлекеттің басшысы Хз. Османның өлтірілуі аса қиынға соғар еді.Хз. Османның тұсындағы қарама-қайшылықтардың арқа жағында басқа бір себеп бар. Халифтың өлтірілуі мен оқиғаның орын алуы жоспарлы сипатқа ие болып, "көрінбейтін бір күш" тарапынан жүзеге асқандығы байқалады. Негізінен бастапқы тарихшылар Хз. Османның өлтірілуінің арқасында сондай бір күштің болғандығы туралы ортақ пікірге келген болатын.Абу Михнеф пен Вакиди және олардың көзқарасын ұстанатындар Хз. Османның өлтірілуін сахабалар ұйымдастырды деген пікірге келген. 12 жылдық халифтігінің барысында өзіне қарсы көтерілістің туындауы мен қанды бір оқиғамен аяқталатын өлтірілуіне себеп болатын қандай да бір қадам жасамаған Хз. Османды хиджраның 35 жылының зильхиджа айының 18 күні (б. з. 656 жылының шілде айының 17 кұні) хиджраның 35 жылының шавваль айында (б. з. 656  жылының наурыз айында) қажылыкқа бару сылтауымен Куфа, Басра мен Египеттен Мәдина қаласына келген, алайда, негізгі мақсаты  халифті өлтіру болған террористер Мәдинадағы Хз. Пайғамбардың мешіті мен Дарда ұзақ уақыт қоршауда ұстап, өлтірген болатын. Осылайша анархистер ұзақ уақыт жүргізген төнкерісті жүзеге асыру әрекеттерін аяқтаған еді.

2.3.  Хз. Әлидің   тұсындағы  оқиғалар.

Хз. Османның, шейіт болуы мұсылмандардың арасында толасып ішкі қайшылықтардың орын алуына түрткі болып, мазхабтардың арасында күрестің пайда болуына жол ашты. Екі  айға созылған анархия халифтің қайтыс болуынан кейін 5 күнге тағы созылды. Хз. Османды   өлтіріп   террористер    астанада   үстемдік   орнатып,    Хз.Османның   орнына   өздері   қалаған   адамды   халиф   қылып   сайлау мүмкіншілігіне ие болды. Алайда,   III   Рашид   халифасын   өлтіру   мәселесінде   бір   ойды ұстанған    анархистер    жаңа    халифтің    кім    болатындығы   туралы мәселеде  түрлі  пікірді  жақтаған   еді.   Талха   мен   Зүбейр   олардың сыныстарын қабылдамай тастады. Нәтижесінде, Мәдина қаласының дағындарын жиналысқа шалрып, ең қысқа мерзімнің ішінде Хз. Әлиді   халиф   сайлап,   оның   алдында   ант   беретіндіктері   туралы жоспарларының    бар    екендігін    хабарлап,    оларға    (тұрғындарға) ойланулары үшін бір күндік мерзім беретіндіктерін айтты. Халық Хз.Әлиді, халиф   сайлап,   оның   алдында   ант берді.   Алайда,   Мәдина тұрғындары 35/656 жылы халиф болып сайданған Хз. Алиге шартты түрде    ант   берген    болатын.    Олар    оған   Хз.    Османды    өлтірген адамдарды   ең   қысқа   мерзімнің   ішінде   тауып   алып,   жазалануы керектігі туралы шарт қойды.  Осылай, Хз. Әли Хз. Абу Бакирдің салиф болып сайлануына ұқсас түрде халиф сайланса да, ант беру барысында халық оған  шарт  қойды.   Алайда,   сахабалардың үлкен бөлігі оған ант бермеуімен қатар, Шам мен соған ұқсас жерлердің  халқы да Хз. Әлидің халифтігін мойындамады.

Хз. Әлидің тұсындағы оқиғалар

Хз. Әли Ислам дініне сай әрекет істеу мен мемлекетті басқару мақсатымен халиф атанды. Ол Хз. Пайғамбардың тұсында да, одан кейінгі кезеңдердегі үш халифтің тұсында да белсенді түрде Исламға жан-тәнімен қызмет еткен болатын. Хз. Әли әр уақытта үш халифтің қасынан айырылмай, олардың кеңесшісі әрі ең жақын көмекшісі қызметін атқарған еді. Хз. Османның өлтірілуінен кейін туындаған мәселелерді шешуге қаніиама күш салса да, әлі жетпеді.Хз. Әли халиф бола салысымен Хз. Османның тағайындаған уәлилерін ауыстыру ісіне кірісті. Бұл істі жүзеге асыруда халықтың анттарын қабыл алу мерзімін күтпестен, асығыстық танытты. Асығыс қадам жасап жаткдндығы туралы Муғира ибн Шуғба мен Абдуллах ибн Аббас оған ескерту де жасаған болатын. Осының салдарынан уәлайаттарда Хз. Әлиге қарсы қарсыластар шебі құрыла бастаған еді.Халиф болысымен қарсыластыққа тап болған Хз. Әли хиджраның 35 жылының 26 зилхвджасынан хиджраның 40 жылының 17 рамазанына дейін 5,5 жылдық кезең бойы халиф қызметін атқарды. Халифтік кезеңінің барлығы дерлік ішкі және сыртқы қайшылықтарға толы болды. Ішкі қақтығыстар, ағайындардың соғысы оның кезеңінің ең маңызды оқиғалары болып табылды. Ішкі қайшылықтардың   салдарынан   болар,      да   Ислам   мемлекетінің шекарасы Хз. Османның тұсында жетер нүктесіне жетіп болғанына байланысты болар, Исламның территориясы кеңейе алмады. Оның үстіне халифтің бұл мәселеге назар аударарлықтай мүмкіншілігі де болған жоқ тын.

Хз. Әли және хариджилер

Хз.    Әлиден   бөлініп,    Харурада   жиналған    көтерілісшіл   топ, халифтің    бастапқы    кезде    оларды    өз    билігін    қабылдатқызуға мәжбүрлегендігі туралы мәселені қозғап, оған кінә таққан болатын, Оған олар: "ла хукме илла лиллах, инильхукме иллаллах" үкім беру Аялаға   тән,   алайда   сен   болсаң   адамдарды   үкім   беруші   қылып тандадың, Алланың бұйрығының орныйа адамның бұйрығына бой: ұсындың,   соның   арқасында   көпір   болдың",-   деген   сез   айтты. Халифтің көпіршілікке аяқ басқандығы үшін бұрынғы өздерінің оған берген анттың күші жойылатындығын баяндаған бөлінушілер саяси және   діни, бірде-бір   қылмыс   істемегендіктерін,   ешбір   көтеріліс жасамағаңдықтары мен көтерілісші деп есептелінбейтіндіктерін, шын мәнісінде   наным-сенім   мәселесіндегі   қажетті   болған   парыздарын орнымен атқарғандықтарын алға қойды.

I "Ла хукме илла лиллах" деген парольмен жасырынып, Харурада жиын ұйымдастырған, Ислам мазхаптарының тарихында "харурия", "мухаккиматуль-ула" немесе "хариджилер", "мағарика" деп аталған  бұл қауым тәуелсіз үкімет құру мақсатына бағыт алған еді. Осылайша, халиф Хз. Әлидің үкіметі, Сириядағы Муавияның үкіметі және Харурадағы хариджилердің үкіметі деген сипатта Ислам жерінде үш түрлі тәуелсіз жүйе қалыптасты.Бөлінушілердің Харурада Хз. Әлиге қарсы көтеріліс ұйымдастыруы, ресми үкіметке қарсы шеп құруы мен тәуелсіз үкімет құрулары Хз. Әлидің жақтастарының халифке жаңадан ант берулерінің себебі болды. Хз. Әли бөлінушілермен әуелі бейбіт жолмен келіспек бодды. Абдуллах ибн Аббасты оларға елші ретінде жіберді. Оларды қайтадан бірігуге шақырды. Ибн Аббас пен хауариджтердің. арасында ұзаққа созылған тартыс болды. Ибн Аббастың түсініктемелерінің нәтижесінде олардың бір бөлігі Хз. Әлидің жағына өтіп, елшімен бірге Куфаға келді.Харурада жиналғандықтары үшін өздерін Харурия деп атаған бүл белінушілер Абдуллах ибн Вехб ар-Расибиді халиф сайлап, төуелсіз үкімет құруға кірісті.

Мемлекеттің басшылығы қүрайыштықгардьщ жекеменшіғі  емес екендігі туралы пікірді таратып, кейінірек көптеп жақтас жиған хариджилердің  негізін кұраған харурилер қүрайыштықгардың үстемдігіне қарсы бас кетерген болатын. Халиф Хз. Әли туралы бірқатар өсек-әңгіме таратқаннан кейін Куфадан шығып, бөлінушілермен бас қосқан харурилер Нехреванда жиналды.Куфа хариджилерімен бірігу ниетімен жолға шыққан Басра хариджилері Нехраван көгарінің маңында атақты сахаба Хаббаб ибн аль-Ереттің баласы Абдуллах пен оның отбасына тап болды. Абу Бакир мен Омар туралы оның және әкесінің көзқарастарын білісімен Абдуллах пен оның отбасын айуандыкден өлтірді. Үлкен қайғы-қасыретпен бүл жағдай туралы хабар алған Хз. Әли, Харис ибн Урвені бөлінушілермен кездесу жүргізіп, қылмыскерлерді табу мақсатымен елші ретінде жіберді. Харисті де өлтірген бөлінушілер "бәріміз өлтірушіміз" деген сөзін айтып, оның ниетін жоққа шығарды. Бұдан кейін көтерілісшіл Шам уәлиіне қарсы жорық үйымдастыруымен айналысқан Хз. Әли әуелі хариджилердің мәселесін шешуді мақсат түтты. Нехреванда жиналған хариджилерге қарсы әрекет жасады.Соғыспастан бұрын олардың өлтірушілерді өзіне тапсыруларын талап етті. Кайыс пен Абу Айюб аль-Ансари сияқты сахабалардың делдалдығының арқасында оларға өзінің насихат сөздерін жеткізіп, Ибн уль-Кубвемен жеке дара кездесті. Алайда, болымды нәтижеге қол жеткізе алмады. Оның сөздерін қабыл көрмеген көтерілісшілер Хз. Әлидің әскеріне шабуыл жасады. Кэйтадан қарсылық танытуға ниеттенсе де, Хз. Әли оларға мүмкіншілік бермей, шабуыл жасап, қарсылық танытуға жетерлік күшін жойды. Шайқас бір жақгы нәтиже бермеуімен қатар, бейбіт қоғамдық карым-қатынастьщ қалыптасуына да жәрдемін тигізе алмады. Өлтіргендердің отбасы мүшелері мен рулары толассыз өш алу әрекетгеріне салынып, қарама-қайшылыідгардьщ туындауына себепкер болды.Хз. Әли Нехреван мен Нухейладағы шайкдстардан кейін Шамға жорық жасамақ болса да, Ешғас ибн Қайыс әскердің әлсіз, қару-жарақгың жеткіліксіз екендігіне оның назарын аударьш, бул жорықхы хейінге қалдыртқызды. Хз. Әли әскерімен Куфаға кайтты.Өзінен бұрынғы билеушілерден нашар жағдайға түскен басқару жүйесін қабыддап алған, ішкі қарама-қайшылықгардың саддарынан жаулау саясатымен айналысуға мүмкіншілік таба алмаған және мемлекеттік жүйені қайта құру реформаларына кірісуге шамасы жетпеген Хз. Әли қоғамның ішінде тыныш өмір мен бейбітшілікті қалыптастыру ушін, әрі ағайындардың арасындағы талас-тартыстардың болдырмау үшін бар жігері мен қайратын жұмсаған еді. Терең білімі, адами құндылықгары мен мемлекет басқаруда тәжірибесі мол болуының арқасында ол көптеген әлеуметтік және діни мәселелерді шешуде үлкен жетістіктерге қол жеткізген болатын,

Хз. Әлидің өлтірілуі

Хз. Әли өте жас кезінде Исламды қабылдап, Хз. Мұхаммедтің көзі тірісінде және оның қайтыс болуынан кейін алғашқы үш халифтің тұсында жаңа діннің халық арасында тарауында, Бәдр, Ухуд жөне Хайбер шайқастарында аддыңғы қатарда шайқасып, үлкен үлес қосқан тұлға болды. Ғалым, такуалық пен ықыластықтың символы, қаһармандық пен жоғары дәрежелі мінез-құлықтың өкілі болып табылатын сахаба Хз. Әли хариджилердің жансыздарының бірі Абдуррахман ибн Мүлджемнің тарапынан өлтірілді. Мысыр   аумағынан   шыққан   Ибн   Мүлджем   қажылыққа  бару желеуімен Меккеге барып, қағбаның есігінің алдында адам өлтіру қылмысын жүзеге асыруын жоспарлаған хариджилердің тарапынан бұл істің басына тағайындалды.  Анархистер Амр ибн аль-Ас пен  Муавияны  да  өлтіруді  жоспарлаған   еді.   Астана Куфаға келген Абдуррахман ибн Мүлджем аль-Мурадк  мүмкіншіліктерді    қарастыруға    кірісті.    Бұл    тұста    ол    Нехреван шайқасында қайтыс болғандардың жақындарымен таныса бастады. Тейм ар-Ребаб руынан шыққан,  әкесі мен ағасы Нехреванда қаза тапқан Катам есімді әйел де өш алу жолына салынған болатын. Ибн Мұлджем бұл әйелге қалыңдық болды.  Катам оған: "Егер де сен Хз. Әлиді өлтіріп, 300 дирхем мен I күл және 1 күң берсең мен сенің ойелің болуға дайынмын"  деген  шартын білдірді.  Бұл  шарттарды қабылдаған Абдуррахман ибн Мүдджем таң намазының тұсында Куфа қаласының орталық мешітіне барып, намаз оқытқызып жатқан Хз. Әлиді   ұлы   қанжармен    жерге    сұлатты.    Халиф   Хз.    Әли   алған жарақаттан   2   күн   өткеннен   кейін   хиджраның   40  жылының   17 рамазанында (б.з.   661  жылының 20  қаңтарында)  қайтыс  болып, Иракта, бүгінгі Неджефте жерленді.Біздің пікіріміз бойынша Хз. Әлидің өлтірілуі оның алдында ел билеушісі    болған    Хз.     Османның    өлтірілуінен    кейін    болған оқиғалардан   бетер   қиыншьшықгар   туындатқызды.   Хз.   Османның өлтідшуі " үлкен фитне"  (аль-Фитнатулъ-кубра) болса, Хз. Әлидің өлтірілуі   "ең  үлкен  фитне"   болды  деп  есептелінді.   Өйткені,   Хз. Османның    өлімінен    кейін    кейбір    қайшылықтар    мен    ағайын арасындағы тартыстардың пайда болуы орын алған күнде де, үмбеттің арасында    саяси,     діни,     идеологиялық    және    ғылыми    бөліну туындамағантын.  Алайда,  Хз.  Әлидің халифтігі мен шейіт болуы жоғарыда     аталған     мәселелердің     туындауына     себеп     болған.

Мұсылмандар "суннит"  және "шиит" деп ейге бөлініп, бір-біріне қарсылық көрсететін жағдайға түсіп, араларында ой-пікір жашнан, іс-әрекет   жағынан   тартысып,   қанды   оқиғалардың   орын   алуына себепкер болды. Хз. Әли жоғарғы дәрежедегі адами кұндылықтардың иесі болатын. Батыл, ғалым әрі бетке тұтар тұлғалардың қатарына жататын. Каһармандығы дастандарда жырланып, ғылым-білім дәрежесі еліктеушіліктің үлгісіне айналған еді. Шешендік өнерінің ұстасы болып есептелетін тұлғалардың бірі еді.Әуелден күнімізге дейін мұсылман қауымы "ехли-бәйт" Хз. Әли мен оның ұрпақтарына ерекше сүйіспеншілік танытады. Нам оқыған тұста да оларға бағыштап тілек тілейді. Алайда, "мемлектеп басқару ісіне лайықты тұлға Абу Бакир ма, жоқ өлде Әли ма?" деген тартыс мұсылмандарды "суннит" және "шиит" (алеви) деп екіге бөліп, түрлі діни ұрандардың әсерімен оларды бөлуші фактор ретінде бүгінімізге дейін болмысын сақтап келді.

Халифаттағы    дағдарыс   және  VII  ғасырдағы   азамат  соғысы

Араб  қоғамында  ұлан  байтақ жаулап алушылар  және      соғыстан   түскен    ожалар   дүние  мүлікті ң жіктелуінде   және әлеуметтік  шиеленісудің  өзіне  алып келді.  Әсіресе  бұл  жағдай үшінші  халифат   - осыман тұсында  байқалды.  Ол  жанындағы  адамдармен   бірге    Меккелік Омаят  әулетіне  жататын  еді.  Үшінші  халифат  Осман   енді  әскери  демократиялық    тәртіпті  бұзып араб  бегзадаларының  қызығушыларына   мүддесіне  байланышсы саясат  ұстанды.   Осман  тұсында  жерді    тартып алушалар    және  байлықтың    көпшілігі    ауқатты адамдардың    қолында  болды.  Бұл  құбылыс    төменгі     қарапайым  араб   қоғамдығының  наразылығын   туғызды.  Оппазия  ретінде    Омаяттарға    тағыда көптеген   дұшпан  феодалдық    отбасылар  шықты.  Наразы  болғандар   Хз. Мұхамедтің,   яғни пайғамбарымыздың   Фатиманың    жолдасы    Алидің  жанына   топтасты.   Әлидің   жанына   жинаушыларды  шейттер  деп  атады.  Иша   араб тілінде    топ, партия    деген  мағынаны   береді.   Шейттер     бас  кезінде  саяси    топ    ед.  Кейін  келе   арнайы    Ислам  дінінде   ағымы  реінде құрылды.  Шейттердің  негізгі    талаптары  төмндегідей  еді. Халифа   титулы  пайғамбардың    күйеу  баласы   Әлиге  берілуі    тиіс  және  халифа   титулы   ұрпағына    мұра  болуы  тиіс еді.   Шейттерге    араб  шаруалары   көшпелі  шаруалар еді, және  олар  феодалдық айдаудан  құтылып  «Әділ  халифаны»  қалағандар  еді.  Әлидің  жолын  ұстаушылар   аймақтарды    алушылар еді.   656 жылы  Шейттердің    көтерілісшілер    халифа  Османды  өлтірді.  Көтеріліске  шығушыларды талаптары  бойынша  төрінші   халифа    Әли    таңдалды.   Бегзадалар   қауымы   оның  ішінді  Омейяд  әулеті    Әлиді  қабылдауға     мәжүр  болды.   Осы тұста  азамат  соғысы да  басталды  (656 – 661)   Әли  төменгі    Араб  халықтарын   жұтшылығын  қолдады.   Бірақ  Әли  өте жігерсіз    және   жалтақтаумен  болды, және  көсемдік   етуден   көңілі  қалды.    Оның  бұрынғы   жақтастарының    бір  бөлігі   оны   тастап кетті.   Әлидн  бөлініп  кеткен  топ    Хараджит   атына  ие болды.  Хараджтте  «Алғашқы  исламға  оралуды   көздеді» бұл    кезде әулеттік    теңдік, жалпы   жерді  иемдену    әскери   ожаны  тең  бөлісуді  орнатпақ болды.  Олар  барлық  мұсылмандардың   таңдауымен  халифаны    сайлануын  талап  етті.   Хариджиттер    Иламның  демократиялық ағымын    уағыздады.   Соңында    олар  да арнайы    секта  құрды.   VII   ғасырдың  ортасында    Исламда    үш   ағым   пайда  болды.   Суниттер, шейттер, хариджиттер.   Суниттер   исламның  діндар  ресими  жақтаушылары    оны   мурахидің    басқаруында   Омейядтар ұсынды. Сииттер   сөзі  - «суна  Хз. Мұхамедтің  іс – қималдарымен әңгімелерінің  жинағы».   Суна  негізінде    шариат   жасалды   шариат    мұсылмандық  заңдар    жинағы.  Суниттер  сунаның қасиетті   мінез  құлығын    қабылдады. Шейттер   және   Жариджиттік ұландарды    кейін    көптеген    халықтар  қолдады. 661 жылы   Әлиді жариджиттіктер    өлттірді. Сириялық, Египеттік,  арабтың    атақтылары   Муравиді халифа етіп    отырғызды.  Муравидің халифа    болуы азаматтық соғысқа арабтық   феодалдық атақтылардың   жеңіскен жеткендігін   көрсетеді.  Осы уақыттан  бастап  750 жылға   дейін    араб мемлекетін  Омейяд  әулетінің    халифалары басқарды.  Халифаның астанасы - Дамаск қаласы    болды.

Информация о работе Омардың тұсындағы шайқастар