Омардың тұсындағы шайқастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:02, доклад

Описание работы

Омардың халифтік кезеңі (13-23/634-644) Хз. Омар Хз. Абу Бакирдің өсиеті (халифтікке ұсынуы) бойынша мұсылмандардың ант берулерінің (халифтігін қолдауының) арқасында халиф болып сайланды. Ауыруы асқына түскен Хз. Абу Баккрге орнына кімді халиф ретінде ұсынатындығы туралы сұрақ қойылғанда, ол орнына Хз. Омарды ұсынатындығын айтқан болатын. Сахабалардың да көз-қарасы бір жерден шыққан еді.

Работа содержит 1 файл

4 paigambar kezeni.docx

— 57.18 Кб (Скачать)

Хз. Омардың  тұсындағы   шайқастар.

Хз. Омардың  халифтік кезеңі (13-23/634-644) Хз. Омар Хз. Абу  Бакирдің өсиеті (халифтікке ұсынуы) бойынша  мұсылмандардың ант берулерінің (халифтігін қолдауының) арқасында халиф болып сайланды. Ауыруы асқына түскен Хз. Абу Баккрге орнына кімді халиф ретінде ұсынатындығы туралы сұрақ қойылғанда, ол орнына Хз. Омарды ұсынатындығын айтқан болатын. Сахабалардың да көз-қарасы бір жерден шыққан еді. Хз.  Омардың халифтік кезеңінің маңызды ерекшелігі  "әскери ерекеттер" еді. Сасанидтер мен Византия империясына қарсы соғыс жүргізіп, әскери және саяси жетістіктерге қол жеткізу дегеніміз  Сирия, Ирак және Иранның Ислам әлеміне толығымен қосылуы (деген сөз алестина, Алжир мен Египет сиякды мемлекеттерді  жаулап алу барысында екі үлкен империяның Сасанидтер мен Византияның болмысын жою Хз. Омардың тұсында жүзеге асты. Алайда, Хз. Омар халиф бола салысымен Халид ибн Велидті өскер басшысы қызметінен алып тастап, орнына Абу Убейдені " тағайындады.   Хз.   Абу   Бакирдің   бастатқызған   Ирак  пен   Ираяды жаулап алу саясатын жылдамдата түсіп, халықгы Ирак шайқасына қатысуға шақырды.

Хз. Омардың тұсындағы әскери әрекеттер

а)   Ирак  пен  Иранның жаулануы:   Хз.  Абу  Бакирдің тұсында Иракқа   қарсы   бағытталған   әскери   әрекеттері   толығымен   өзінің салғасын   тауып   отырды.   Ирак   пен   Иран   шайқастарын   әуеліде Мүсенна   ибн   Харисе   басқарған   еді.   Мүсеннаның   әскері   Хирада әскери        орталықтарын        бекіткеннен        кейін        Шахриярдың  басшылығындағы   Иран   әскерімен   Вавилон   қаласының   маңында кездесті.         Қиян-кескі        шайқастың        нәтижесінде        Бехмен басшылығындағы сасанидтердің  әскері жеңіліске  ұшырады.  Ислам әскері Медайн маңына дейін барды. Мүсенна кейін Хираға қайтып оралды.    Бұл    жерде    сасанидтердің    жаңа    бір    әскер    жарақтап жатқандықтары туралы  хабар - алғаннан  кейін бұл  мәселе жөнінде науқастанып жатқан халиф Хз. Абу Бакирмен сөздесу мақсатымен Мәдинаға аттанды. Осы аралықга Хз. Абу Бакирдің қайтыс болып, орнына Хз.  Омардың халиф жарияланғандығынан хабардар болған Мүсенна өз ойындағы мәселелерді жаңа халифке жеткізді. Хз. Омар болса    Абу    Убейденің    басшылығымен    Иракқа    әскер    жіберді.Сасанидтер тағына отырған хатун Азер Мидхат мұсылмандарға қарсы дайындаған     әскердің     басына     Рүстемді    тағайындады.     Болған шайқастарды  Абу  Убейде  жеңіп   шықты.   Ал   Рүстемнің  әскерлері жеңіліске ұшырады. Алайда, Рүстем жеңілуіне қарамастан Бехмен Джазуяның басшылығындағы жаңа әскери бірліктерді өзі орналаскдн жерге келуін қамтамасыз етті. Абу Убейде бүл әскерлерге де шабуыл жасады.   Сасанидтер   әскерін   алдына   салып   куаласа   да,   дұшпан әскерінің құрамындағы пілдер Ислам әскерінің жеңіліске ұшырауын негізгі себеп болды. Евфрат өзенінің бойындағы көпірдің бұзылуына байланысты мұсылман әскерлері қайта алмай, Евфрат өзеніне батыи өлді. Мүсенна да шейіт болды.

Хз. Омардың өлтірілуі

Нихавенд  шайқасында қолға түскен тұтқындардың арасында Абу Луғлу деген лақап  атымен белгілі Фируз есімді христиан бір құл болған.  Мәдина қаласында  тұрған  Фируз  Басра  қаласының  уәли Муғира ибн Шуғбаның құлы еді. Бірнеше мамандықтың иесі болуына  байланысты қожайыны оның тапқан табысынан  белгілі  мөлшерде салық алып отырғантын. Алайда, ол алынған салықтың көп екендігі сылтауратып   халиф   Хз.   Омарға   шағымданды.   Халифтің "Сені мамандығың қандай?" деген сұрағына, Фируз: "ағаш ұсталығы, темі; ұсталығы мен бояу ұсталығы" деп жауап бергеннен кейін Хз. Омакі бұл ұсталықардың барлығын біріктіріп есептеген жағдайда Фируза алынатын   салықтың  еш  таң   қалдыратындай  жағы  жоқ  екендігі білдірген   еді.   Бұл   шешім   Фирузды   ашуызаға  толтырып,   тұрған жерінен шапшаң түрде шығып кетуіне себеп болды.   Ертесі  күм киімінің астына қанжар тығып, таң намазынан бұрын мешітке кіріп, тасаланды. Намаздың оқылуы басталған тұста Хз. Омардың бірнеше жеріне  қанжар   салып,   қашу   әрекетіне   салынбақ  болды.   Алайда, мұсылмандардан    құтыла    алмайтындыған    аңдаған    ол    басқа   да мұсылмандарға қарсы қанжар қолданып, өзін-өзі өлтірді.Жараланған түрде үйіне жеткізілген халиф ең әуелі өзіне қанжар салған адамның кім екендігін сұрады. Мұсылман емес бір адам болғандығынан хабардар болып, өзіне бір мұсылманның қанжар жұмсамағандығы үшін Аллаға шүкіршілік етті. Жаралары ауыр болып, өте қатты қиналды. Оның ел басқарғандығына риза болған халық өзінен кейін халиф ретінде кімді ұсынатындығы туралы сұрады. Ол болса, орнын басатын бір адамды атаудың орнына, мемлекеттің басшылығын 6 адамнан тұратын кеңеске тапсыратындығын мәлімдеді. Тең дәрежеде сайлау және сайлану құқығына ие бұл кеңестің мүшелері ең қысқа уақыт ішінде араларынан біреуін мемлекет басшысы ретінде сайласын деген өсиет берді.Хз. Омар жараланған мезеттен үш күн өткеннен кейін хиджраның 23 жылының зильхиджа айының 26 күні  б. з. 644 жылының қараша айының 3 жұлдызында қайтыс болды. Хз. Омарлы жасалған қастандықтың Мәдинада тұратын ирандық және сириялық шетелдіктердің ұйымдастырған жоспары екендіктері де айтылған еді.

2.2. Хз. Османның халифтік кезеңі  (23-35/644-656)

Ел басқаруынан  риза болған халық Хз. Омардан (қайтық боларынан    біраз    бұрын)    өзінің    орнына    халиф    ретінде    кімді ұсынатындығы туралы пікірін сұрағанда, ол бұл мәселенің шешімін кеңеске тапсырып, мұсылмандардың мемлекет басшысын сайлауда жаңа бір жүйе ұсынған болатын. Хз. Осман Хз. Омардың ұсынған алты кісілік кеңестің тарапынан халиф болып жарияланды. Хз. Омар жараланып, жарасының асқынуынан кейін мұсылмандардың өтініштеріне қарамастан орнына тағайындайтын адамның есімін атамаса да, Хз. Пайғамбар көзінің тірісінде жаннатқа кіретіндіктері айтылған алты кісіден тұратын кеңестің құрылуын және ең кейі дегенде 3 күннің ішінде араларынан бір адамды халиф деп жария қылуларын тіледі. Кеңес 1)0сман, 2)Али, 3)Талха, 4)3үбейр, 3}Сағд кбн Абу Ваккас пен 6)Абдуррахман ибн Ауфтан құралды. Кеңестің төрағасы Абдуррахман ибн Ауф болды. Сайланбау құқығына ие, тек бақылаушы ретінде баға беру міндетін мойнына алған Абдуллах ибн Омар да кеңестің кұрамына кіретін. Талха ибн Ұбайдуллахтың бұл тұста Мәдина қаласында болмауына байланысты оның өкілі болу міндетін Сағд ибн Абу Ваккас өз мойнына алды. Микдат ибн Есвед кеңесті жиналысқа шақыру мәселесімен, Абу Талха сайлау барысындағы әділеттіліктің бұзылмауын қадағалау мәселесімен, Сухейб ар Руми болса үш күндік мерзім аралығында жамиғатқа намаз барысында имандық қызметін атқару мәселесімен айналысты.Бастапқысында хашимилер мен омейядтықтар басшының кім болуы керектігі туралы мәселеде беріспейтіндей бәсекеге салынды: Халифтікке өз араларынан біреуді сайлау ниетіне берілді. Көне саяси бәсеке қайта түлегентін. Күмән жоқ, билікті хашимилер де, омейядтықтар да қолдан жіберіп алғысы көлмеді.Кеңестің мәжілісі өзінің сайлануынан (үміткерлігінен) баз кешкен Абдуррахман ибн Ауфтың тарапынан басқарыльш, Мисвер ибн Махременің үйінде жиналды. Сухейб ар-Руми мен Миқдат хатшы қызметін атқарды. Отырыстың төрағасы болған Абдуррахман ибн-Ауф халифтікке ұсынылған Османмен және Алимен жеке-жеке сөйлесті. Осы түста халықтың ойы зерттеудің астына алынды мешітте, сауда-саттық жерлер мен базарларда адамдармен сұхбат жүргізілді, яғни халық ойының сараптамасы жүргізілді. Мұсылмандардан дауыстарын Али мен Османның екеуінен қайсысына беретіндіктерін сұрастырды.Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесінде "кеңес мәжілісі" мен халықтың ойы бір жерден шығып, халифтікке Осман ибн Аффан сайланды. Сөйтіп, Хз. Осман хиджраның. 24 жылының мухаррем айында (Б. з. 644 жылының қараша айының 3 -жұлдызында) кеңес тарапынан бір ауыздан халиф болып сайланды. Сол замат мүшелердің барлығы жаңа халифке қызмет ететіндіктері туралы ант берді.Хз. Османның он екі жылға созылған халифтік құрған кезеңінде екі маңызды оқиға болды. Оның біріншісі "әскери әрекеттер" болса, екіншісі "ішкі қарама-қайшылықтар" еді.

Хз. Османның тұсындағы әскери әрекеттер

Хз. Осман  хиджраның 23 жылының соңында, 24 жылының  басында халиф болғаннан кейін  Иранда Рэй, Хамадан мен Истахыр  халықтарының, Әзірбайжан мен Армения халықтарының көтерілістерімен, Византияның Александрияға шабуыл жасауымен бетпе-бет келді. Әзірбайжан мен Арменияның және Иранның жоғарыда аталмыш жерлерінің халқы салық төлегісі келмеуінің салдарынаи көтеріліске шыққан болатын. Хз. Осман мұндай жағдайда византиялықтарға қарсы және көтерілісшілерге қарсы әскер жіберуге мәжбүр болды. Басқа бір жағынан әскери салық мөлшерінің артуына байланысты қарсы шыққан Египет уәли Амир ибн аль-Астың қызметінен босатылып, оның орнына халифтің сүт бауыры Абдуллах ибн Сағд ибн Абу Серктің тағайындалуы Египетте көптеген ішкі қарама-қайшылықтардың туындауына себеп болды.Шам әмірі Йезид ибн Абу Суфьян мен кейбір қолбасшылардың қайтыс болуына, Үмейр ибн Сағд аль-Ансаридің науқастануы мен Палестина әмірі Абдуррахман ибн Абу Алкаменің қайтыс болуына байланысты бүкіл  Нам мен Сирия жерлерінің уәлиі болып тағайындалған Йордания әміршісі Муавия ибн Абу Суфьян хиджраның 29 жылы б. з. 648 жылы Кипрді жаулап алу жоспарын ойластырумен болды.Кипрді теңіз жолы жаулап алу жорығына көп мұсылман қатысты. Муавия кұрамы Абу Зер, Абуд-Дерда, Үбаде ибн Самит аль-Ансари және т. б. сияқты сахабалардан тұратын әскерді хиджраның 28 жылы Абдуллах ибн Қайыстың басшылығындағы кемелерге отырғызып, Кипрге жолдады. Египет әміршісі болған Абдуллах ибн Сағдта Египеттен шығып, кемелерімен Кипрге жетті. Кипрде бірлескен Египет пен Шам эскадралары алдынан шыққан шайқаста жеңіске қол жеткізіп, көптеп тұтқын мен олжаға кенеліп, кері қайтты. Кипрліктер жыл сайын 7.000 алтын өтеу шартымен бейбіт бітімге келді.Хиджраның  30 жылы  Басра  қаласының уәлиі Абдуллах ибн Амир мен Сағд ибн Ас бір-бірінен бөлек жолдар арқылы Хорасан мен Табаристанға әрекет етті. Гүрджан, Хорасан, Табаристан, Сағд ибн Астың әскері тарапынан жауланып алынды. Абдуллах ибн Амирдің әскері болса Кабул, Сиджистан мен Нишапурды жаулап алды.Осылайша, Хз. Османның тұсында Ислам әлемі батыс пен шығыста жаулап алуға мүмкіншілігі жеткен жерлерді өзіне қаратқан болатын. Одан ары жерлерде орналасқан мемлекеттерге бару мүмкін емес еді. Ол мемлекеттерді жаулап алған күнде де өз билігінің астында уақытша  мерзім  аралығында ғана ұстай  алар еді.   Ислам мемлекетінің шекарасы Азияда Анадолының, Қытай мен Ресейдің Африкада Солтүстік және ПІығыс (Мағриб) Африканың ішкі аудандарының, Еуропада Португалияның шекараларына дейіп кеңейді. Нафидің Абдуллах есімді екі баласы Солтүстік Африка мен Испанияның Ислам әлеміне қосылуында үлкен роль ойнады. Мұндай жетістіктерге қарамастан жаулап алу әрекеттері өзімен бір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді туындатқызған болатын.

 Хз. Османның тұсындағы оқиғалар мен ішкі қарама-қайшылықтар

Ежелгі  тарихшылар мен  көне деректер Хз.  Османның кезеңі туралы    кең    мағлұмат    береді.    Бұл    деректер    оның    тұсындағы оқиғаларды  түрлі  көзқарастардың тұрғысынан  сипаттаған.  Мұндай деректер     түрлі     саяси     және     философиялық     көзқарастардың нәтижесінде   түрлі  баға  беру  мазмұнына  ие.   Өйткені,   белгілі   бір тарихи дерек өзіне тән географиялық кеңістік пен тарихи оқиғаның нәтижесінде   пайда   болады.   Деректердің   мазмұнына   заттай   және рухани шарттар,  саяси,  экономикалық және  қоғамдық факторлар, белгілі     бір     топтардың     арасында      қалыптасқан     ой-пікірлер, құрылымдар,   келісім   шарттары   мен   жеке   тұлғалар   өз   ықпалын тигізеді. Бір оқиғаның географиялық ауданында белгілі бір әлеуметтік жағдайдың қалыптасуына себеп болған қоғамның мүшелері болып табылатын адамдардың түрлі көзқарастар мен түрлі адами қалауларды ұстанатындықтары    белгілі.    Сондықтан,    деректердің   жазылуында мұндай     адамдардың     үлесі,     олардың     болмысы     мен     өмірлік көзқарастарының ықпалы аса үлкен.Хз.   Османның халифтік кезеңін  бірінші   алты жылдық кезең және екінші алты жылдық кезең ретінде бөліп зерттеу әдісі әдетке айналған. Хз. Османның мұсылман және халиф болып сайлануына байланысты мәліметтер мен екінші алты жылдық мерзімнен тұратын халифтік   кезеңіне   байланысты   мәліметтер    негізгі   дерек   болып есептелінеді. I Хз. Османның тұсында жердің таратылуында, олжаның бөліске валынуында, кәпірлердің салықтардың жүйесі мен жаулап алу саясатында әкімшілік және діни мәселеге  ерекше саңалықтар енгізілді. Атқарылған істерден, халиф пен уәлилерінід қызметінен риза болушылармен қатар риза болмаған топтарда еді.I Хз. Османның тұсында орын алған ішкі қарама-қаййшылықтардың пайда болуы мен нәтижесінде халифтің өлтірілуінің ебебі. ретінде көрсетіліп, тарихшылардың тарапынан төмендегідей алып топтастырылған болатын.

 а) Құран Кәрімнің жағылуы мен ресми нұсқасының пайда болу еселесі: Хз. Османның кезеңі Исламның әскери жорықтар саясаты оның даму шыңына жеткен кезең болып табылатындығы баршаға елім. Ислам әлемінің шекаралары бір жағынан Авдалусияға, екінші ағынан Мауереннаһрға дейін жетті. Бұл дегеніміз, арабтардан басқа рз мыңдаған адам мұсылман қауымына қосылды деген сөз. Жаңа қсылмандар керек болса имандылық жағынан, керек болған жағдайда әлеуметтік жағынан да күтпеген оқиғаларды жүзеге асырып отырды. Мысалы, кем тараған алфавиттің көмегімен жазылған Құран нұсқалары олардың арасында тарап, мәтіннің мазмұнын түсіну «ыншылықтарын туындатқызған еді. Оның үстіне мұсылман әскерлер "махалләлық қырағат" түрлерінің сан-қилылығынан бір-бірімен тартыс жүргізетін.Хз. Осман ресми нұсқаны (Хз. Абу Бакирдің тұсында түптелген кітап) алдыртып, Зейд ибн Сабиттің басшылығында Ибн Зүбейр, Сағид ибн Аспен, Абдуррахман ибн Харис ибн Хишамнан тұратын кеңес құрды. Оларға негізгі нұсқаның 7 көшірмесін жасауды тапсырып, бұлардан басқа кейбір кісілердің қолындағы парақтардың көзін жою туралы нұсқау бергентін. Кеңес те өз қызметін атқарған болатын. Аты аталған 7 нұсқаны дайындатқызып, халифке тапсырды. Халиф бір нұсқаны, өзіне алып қалып, қалған алтауын Ислам мемлекетінің үлкен қалаларына жолдады. Бұл аталған нұсқалардан басқа мәтіндерді жинатқызып, жаққызған еді.Мұсылмандардың көпшілігі халифтің мұндай іс-шараларына өздерінің ризашылықтарын білдіруіне қарамастан Ибн Месуд пен оның жақтастары наразылық танытты. Абдуллах ибн Месуд бұл іс-шаралардың басы-қасында болмағандығына бола наразы болған шығар. Дегенмен де, халиф бұл істің жауапкершілігін Хз. Абу Бакирдің жолын ұстаным, Зейд ибн Сабитке тапсырған еді. Бұл оқиға халиф пен атақгы ғалым сахабалардың арасындағы келешектегі: қарым-қатынастарына өзінің әсерін тигізбей қойған жоқ. Ол қарым-қатынастардың болымсыз сипатга дамуына түрткі болды. Бейресми нұсқаларды жағу оқиғасы хиджраның 32 жылы жүзеге асқан еді.

ә) Кейбір жерлердің  мемлекетке қаратылуы: Хз. Осмаи мемлекеттің түйелерін жаю, бағу, қорғау, соғыс жағдайында әскердің қажетіне жарату үшін бірқатар жерлерді мемлекеттің меншігіне айналдырды. Алайда, оның мұндай реформалары кейінгі кезеңдерд кейбір топтардың тарапынан сынның астына алынды. Халиф болса бұл реформаларын жеке басының пайдасын емес, мемлекеттің жоғары дәрежелі пайдасын көздеген еді.

б) Мемлекеттік  қызметкерлердің тағайындалуы: Хз. Осмаш;і танылған айыптардың бірі тағайындау мәселесінде тараптар болуы яғни мемлекеттік қызметтерге омейядтықтардың әулетінен көптеп адамдарды тағайындауы болып табылады. Хз. Османның Х:і Омардың өсиеті бойынша алғашқы тағайындаған адамы Куф; қаласының уәлиі Сағд ибн Абу Ваккас еді. Айтып айтпай не керек халиф Абдуллах ибн Месудпен тартысып қалуының салдарынан оні Куфа қаласының уәли қызметінен босатып, оның орнына анасі жағынан бауыры болып табылатын аль-Велид ибн Укбеп тағайындады. Палестина Уәлиі Абдуррахман ибн Алькаме аль Кенанидің қайтыс болуына байланысты Палестина жерлерін уәлиі Муавияның жерлеріне қосқан еді. Жаңа уәли тағайындамады.Умейр ибн Сағдтың науқастанып уәлиліктен босатылуы туралы өтінішіне байланысты оның жерлері де Муавияның жерлеріне қосылып, Муавия Шамның (Сирияның) бас уәлиі атанды. Жасалған шағымдарды негізге ала отырып, Хз. Осман Египеттің уәлиі Амир ибн аль-Асты қызметінен босатып, оның орнына өзінің сүт бауыры Абдуллах ибн Сағд ибн Абу Серхті тағайындады. Тағасының (нағашысының) баласы Абдуллах ибн Амирді Кабул қаласының, кейін. Сиджистанның, одан кейінірек Басра қаласының әмірі ретінде тағайындаған болатын. Ешғас ибн Қайысты Әзірбайжанның, інісі Кайысты Рэй қаласының уәлиі қылып бекітті. Ирак әскерінің жоғары дәрежелі қолбасшыларының арасында да бірқатар өзгерістер енгізді. Міне, Хз. Османңың бюрократиялық жүйеде жүзеге асырған реформалары не әдістерден тұрған тын.Не де болса, оның бұл тағайындаулары мен қызметтен босатулары кейінгі кезендерде өзіне қарсы дәлел ретінде қодданылады. Халиф оның туысқандарын әкімшілік жүйенің құрамына кіргізгендігі мен омейядтықатардан басқа адамдармен басқаша қарым-қатынас ұстанғандығы мен белгілеп, кінәләнді. Кейбір қарсыластары мемлекеттік қызметерге кісі тағайындау барысында әділетсіздікке жол берді деп айыптады. Сейф болса Ибн Саба мен оның жақтастарының Куфа, Басра мен Египеттегі әкімшілік жүйеге қарсы болғандықтары туралы қалыптасқан өсек-аян сөздерді кең түрде сипаттай отырып, Хз. Османның тұсындағы оқиғаларды, ішкі қарама-қайшылықтар мен Хз. Османның өлтірілуін басқа бір тұрғыдан түсіндірген.

в)   Сахабаларға  деген қарым-қатынас:  Хз,   Османның  асхабы кирамға   деген   қарым-қатынасы   да   тартысудың   бір   тақырыбына айналған,     Кейбіреулер     оның     жылы-шырайлы     қарым-қатынас ұстанғандығын   атап   көрсетсе,   кейбірі   бұрыс   жағынан   суреттеп, сынаған   болатын.   Бюрократиялық   жүйеде   орын   алған   тандаулы сахабаларды    қызметтерінен    босатып,    орындарына    тек    омейяд әулетінен шыққандарды тағайындауы, сахабалардың Хиджаз ауданы мен оның сыртындағы жерлерде емін-еркін жүріп-тұруларына рұқсат беруі,  Муавияның ықпалының салдарынан Абу Зерді Ребезеге жер аудартқызуы, Мерван ибң Хакемді өзінің хатшысы ретінде қасына алуы оны сынның астына алу мен айыптаудың негізгі құралы болды.

Информация о работе Омардың тұсындағы шайқастар