Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 16:13, реферат
Қазақ халқының тіршілік тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуын қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы шін ертұрман, ат әбзілдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, ал егіншілік үшін жер жыртатын және тырналайтын, астықты жинайтын және оратын және т.б. тұрмысқа қажетті заттар қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Сондықтан, Қазақстанның қалалары мен қыстақтарында қолөнері (теріден, жүннен бұйымдар жасау, киім тігу, ағаш өндеу, зергерлік, ұсталық, құрылыс ісі т.б.) басым дамыды.
Сонымен қазақтардың ХV-ХVІІ ғасырлардағы үй кәсіпшіліктері мен қолөнері көшпелі мал шаруашылығы басым жағдайларда әрбір экономикалық ұяның негізгі шаруашылығының бір бөлігі болды, оның тұрмыс бұйымдарына деген қажеттерін қанағаттандырды. Алайда, шаруашылық жүргізудің аталған нысаны көшпелі және отырықшы өркениет арасындағы товар айырбасына соқпай өте алмады. ХУІ ғасырда Сығанақ осындай сауда орталықтарының бірі болды, орта ғасырлардағы шығармашының айтуынша, ол әр түрлі елдерден көпестер келетін жер болып табылады және онда барлық елдердің байлықтары мен товарлары мол.
Сауданың өзіндік шаруашылық
негіздерін ыдырата бастағаны, қолөнердің
дамытылуына ықылас туғызғаны күмәнсіз
, бірақ ол көшпелі мал шаруашылығының
басты салаларын түп тамырынан қирататындай
дәрежеде болған жоқ. Өз кезегінде шаруашылықтың
мұндай үлгісі халықтық кәсіпшілік
пен қолөнердің дамытылуына ынта ықылас
туғызды,әрбір буынның шеберлігі ұштала
түсті, жасалатын бұйымдар сапасы жағынан
жақсарды, өйткені жаңа леп болмаса, мәдениетте
тоқырау, ал сонан соң құрдымға кету басталады.
Дүниежүзілік мәдениетке Евразияның көшпелілері
де өз үлесін қосты, мұны көптеген
мысалдардан көруге болады.
Тұрғын үй.
Қазақтардың алып жүруге қолайлы тұрғын үйінің негізгі түрі киіз үй әбден жетілдірілгенге дейін күрделі де ұзақ жолдан өтті. Көптеген ғалымдардың пікірінше, оны Евразияның түрік көшпелілері ойлап тапқан, ол даму мен жетілудің ұзақ та күрделі жолынан өтіп, негізгі конструкциялық шешімдерін І мыңжылдықтың орта шенінде тапқан.
Орта ғасырлардағы көптеген саяхатшыларды көшпелі түрік тайпаларының киіз үйлері қайран қалдырған. Әл Якуби түріктердің киізбен жабылған қабырғалы шатырлары туралы тандана жазған. Ибн Фадлан
Х ғасырда Батыс Қазақстан аумағынан өтіп бара жатып, түріктерден көрген киізден жасалған күмбез тәрізді үйлер туралы айтылады.
Алып жүруге қолайлы тұрғын үйдің ең жетілдірілген түрі ретінде киіз үй қазақтардың тұмыс салтына бәрінен де гөрі сәйкес келеді, ол адамның табиғатпен өзара байланысының оның қоршаған ортаға сіңісуінің нәтижесі. Сонымен қатар тұрғын үйдің болуына ресурстық орта, яғни табиғи және адам еңбегімен жасалатын, оның тұрғын үйі тұрғызылатын компоненттер зор ықпал етеді.
Көшпелі мал шаруашылығына тез құрастырылып, тез жиналатын, алып жүруге жеңіл тұрғын үй қажет боолды. Киіз үйдің осындай қасиеттері бар, ал оны жасауға керекті шикізатты әркім өзі дайындайтын: үйдің сүйегі үшін
ағаш материалы өзен аңғарлары мен таулы өңірлерде жеткілікті болатын. Ал, киіз жамылғысы үшін көшпелі халық өз қойының жүнін қырқып алып отырды. Сонымен қазақтың киіз үйі ағаш сүйегі мен киізден
тұрады. ХVIII ғасырдың аяғындағы киіз үйдің ең ертедегі және осы замандағы егжей – тегжейлі сипаттамасын салыстыра келіп, оның бөлшектерінде айырмашылық жоқ деген қорытындыға келуге болады. Сонымен ХІХ ғасырдағы автордың мәліметтері бойынша да киіз үйді сипаттап беруге және ол мәліметтерді неғұрлым ертедегі XVI-XVII ғасырларға көшіруге әбден болады.
«Қолөнеріндегі бірінші және ең басты нәрсе, - деп жазды И.Г. Андреев,- сәмбі талдан жасалатын өз үйлерін құрастыру...»
Киіз үйдің ағаш сүйегінің бөлшектерін жасаумен маман шеберлер айналасқан. Ағаш сүйегі мынадай төрт бөліктен тұрады: 1) құрастырмалы – жиналмалы қабырғасы – қанат, олардың киіз үйдің қабырғалары (кереге) құралады; 2) күмбез сүйегі (уық); 3) дөңгелек төбесі (шаңырақ); 4) есік немесе сықырлауық. Ағаш сүйектің әр бөлігіне белгілі бір киіз жамылғы сәйкес келеді, оларды шебер қазақ әйелдері жасайды. Олар: 1) керегелерге тұтылатын туырлық; олар бірнешеу; 2) үзік күмбезге жабылады; олар екеу: 3) түндік-шаңыраққа жабылатын шаршы киіз; 4) киіз есік- киіз үйдің есік ойығын жауып тұратын ұзынша киіз.
Қанаттың тор көзі ортасынан қиғаштап, жіңішке қайыстармен біріктірілген шағын кереге ағаштарынан құралады, уықтар жиынтығы женіл де қатты өңдеуге жақсы талдан жасалады. Дөңгелек шаңырақ қайыңнан иілген екі жарты шеңберден құрастырылады, ал есігі екі жаққа айқара ашылатын қос жақтаулы етіп, қарағайдан жасалады. Керегелерінің санына қарай киіз үйлер: алты қанатты, жеті қанатты, сегіз қанатты және т.б. үйлер болып бөлінеді, яғни керегелерден құралатын қанаттары неғұрлым көп болса, киіз үй соғұрлым көп болады. Киіз үйдің сүйегі киізбен жабылып, арқанмен бекітілген. Қыста жылы болу үшін, киіз үйді екі қабат киізбен жауып, керегеге әсем өрнектелген, ши тұтылған. Еденге әдетте киіз, тері, кілемдер төселген. Көшпелінің киіз үйінің ортасында күз бен қыс айларындағы суықта үйді жылытып тұратын ошақ орналасқан.
Киіз үй жиһаздары үй кәсіпшілігінің көптеген бұйымдарынан тұрады, киіз үйді сәнді өнер үлгісі деп санауға болады. Ғажайып текеметтер мен әсем тоқылған кілемдер, аяққаптар мен қоржындар, асадалдар, заттар сақталатын сандықтар мен абажалар, әртүрлі мақсаттарға арналған желбаулар мен басқұрлар басқа да көптеген ою өрнекті үй жиһаздары осылардың бәрі халық кәсіпшілігінің бұйымдары. Рузбиханның айтуынша, қазақтар «әдеттен тыс өрнекті, түрлі түсті текеметтер жасап», олармен өз үйлерін безендірген.
Рузбиханның заманында қазақтардың басқа бір тұрғын үйі арба үстіне тігілген нақ сондай киіз үй де кездескен. Көші қон немесе соғыс кезінде оларды едәуір жиі пайдаланған. Осындай арба үстіндегі үйлер қазақтардың тұрмысында неғұрлым кейінгі кезде де кездесті және олар “күйме“ деп аталды. Бұл үшін «Қыз Жібек» лиро-эпосын еске алсақ та жеткілікті, онда бас кейіпкердің осындай үйі жайында айтылады.
Егіншілік мәдениеті бар аудандарда отырықшы үйлер салынған. Мысалы Оңтүстік Қазақстанда XV-XVI ғасырлардан бастап жерден қазылып, жер бетіне шығып тұратын құрылыстар ( жартылай жертөлелер мен жертөлелер) салынған. Киіз үй тәрізді дөңгелек жартылай жертөлелер мен киіз үйге ұқсатып, жоспарланған жер бетіне дөңгелетіп тұрғызылған құрылыстар, сондай ақ жер бетіндегі қолда бар табиғи материалдан: өзен аңғарларында шикі кірпіштен, тауларда тақта тастардан салынған.
Халық
кәсіпшілігі мен қолөнер
Медицина докторы, тарих ғылымдарының профессоры, Ресей императорлық ғылым академиясы мен Санкт-Петербург Ерікті экономикалық қоғамының мүшесі, Римдегі табиғат зерттеушілердің императорлық академиясы мен Ағылышн карольдік ғылыми жиналысы мүшесі П.С.Паллас 1769 жылы Орынбор, Орал, Оңтүстік Сібір қазақтарының жерін және Ертіс бойы мен Семейге дейін аралап саяхат жасады. Ол қазақтар «теріден тон жасап, тері илейді, сондай ақ шекпендер тоқиды, қой жүнінен киіз басады және жүнді жақсы бояп, әрлендіре біледі, оның үстіне теріден алуан түрлі ыдыстар жасайды....» деп жазған.
П.С. Паллас алғашқылардың бірі болып, қазақтардың терімен киіз өңдеу, оларды әр алуан түске бояу, табиғи бояу алу әдістері жазып қалдырды. Оның қазақтың темір ұсталары мен зергерлерінің, күміс шекуші шеберлерінің түсті металдардан әсем өрнектеп жасаған заттары, ерлер киімі, қару жарағы, т.б. қолөнер бұйымдары жайлы мәліметтерінің маңызы зор.
Қызметін 1766 жылы Ертіс қамалдарының бірінде инженер құрылысшыдан бастаған капитан И.Г. Андреев те өз жазбаларында қазақтардың өмірі қолөнер кәсіпшілігі жайлы П.С. Палластың мәліметтеріндей құнды деректер келтіреді. Ол киіз үйдің ағаш сүйегі, киіз туырлығы, киіз үйді бекітетін арқаны бау басқұр, ою өрнегі жайлы жалпы сипатта өткен.
Капитан И.Г. Андреевтің қазақтың ағаш шеберлерінің өнері «көлемі үш пұтқа дейін жететін ағаш ыдыстар», оларды жасайтын станоктар туралы жазбалар өте қызықты.
Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, балта, пышақ, қырықтық, шеге және басқаларын жасады. Темір ұстслары сонымен қатар басқа да шаруашылық-тұрмыс заттарын, қару – жарақтар, найзалар мен жебелердің темір ұштарын соққан. Қазақтың темір ұсталары батырлардың бес қаруын өте шеберлікпен жасаған.
Сонымен,
халық кәсіпшілігі мен қолөнер
көшпелі малшылардың өзіндік шаруашылығының
бір бөлігі болған. Шаруашылықтың алынатын
шикізаттан тұрмыстық мақсатта әр түрлі
бұйымдар жасау негізінен тұрғын үйдің
ішкі жиһаздарын ұқсату мен әр түрлі киім-
кешек тігу үшін өңделген.
Қорытынды:
Сан ғасырға созылған қазақ тарихында, қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Сонау заманнан басталған басқыншылық соғыстар қазақ халқын теңселдіріп, елдің даму тарихына біраз кедергілер жасағаны бәрімізге анық.
Қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болды. Қиын қыстау кездерде малдарын жанына серік қылдырған. Малдың негізгі түлігі- қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Қазақта “ Ат- ер қанаты” деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Әсіресе, жылқы малының орны бөлек болды. Ол ішсең -ас, кисең -киім, мінсең -көлік болды. Мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдарды алып отырған. Уақыт өте келе оларды өңдеп, жаңа бұйымдарды алды. Көшпелі қазақ мал өнімдерін саудаға айырбастап, оның орнына басқа керекті заттарды алып отырған. Малдың азығы үшін жиі орын ауыстырып отырған. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды.
Маусымды жайылым төрт кезеңге бөлінеді. Көктеу- көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді. Жайлау- жазғы көш, мамыр айының басында басталады. Күзеу- күзгі көш, суық басталысымен көшеді. Қыстау- қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауы, мұз қата бастағанда көшеді.
Сонымен қатар қазақ халқы егіншілікпен айналысқан. Егіншілік Сырдарияның орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқаптарындағы егістік жерлерді құбырлар арқылы суарып отырған. Егіншіліктің де маңызы зор болды.
Аңшылық кәсібі де едәуір орын алған. Олар аң аулауда басты қаруы ретінде көбінесе садақты пайдаланды. Аң аулаудың бірнеше түрі болған: құс салған, тазы иттер қосып және қаумалап аулаған. Қыран құстардан қаршыға, бүркіт, сұңқар, лашын, т.б. пайдаланылған. Көшпелілер бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ т.б. аңдардың терісін алу үшін, арқар, киік, құлан, елік, тау ешкі сияқты аңдардың етін жеу үшін, бөкен мен бұғыны мүйізі үшін аулады.
Аю, жолбарыс, қабылан, қасқыр сияқты жыртқыш аңдарды қазақтар төрт түлік малын сақтау үшін аулады. Олардың терісін тұлып, тон, ішік, тымақ, т.б. қыс ктімдерін тігуге жаратты. Дегенмен, аң аулау қазақтарда дербес кәсіп болмаған, ол мал шаруашылығына тек көмекші кәсіп болған. Оның халық шаруашылығындағы үлес салмағы да онша көп болмады.
Қорытындылай келсек, қазақ халқының өзіне тән шаруашылығы қалыптасты. Ол мал шаруашылығы еді. Егіншілік, аңшылық кәсіптерімен айналысқанымен де ең бастысы мал шаруашылығы болды.
Мал
шаруашылығы – ол ертеден қалыптасқан
көшпелі қазақтың дәстүрлі шаруашылығы.
Информация о работе Номадтардың (көшпенділердің ) дәстүрлі шаруашылығы