Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 16:13, реферат
Қазақ халқының тіршілік тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуын қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы шін ертұрман, ат әбзілдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, ал егіншілік үшін жер жыртатын және тырналайтын, астықты жинайтын және оратын және т.б. тұрмысқа қажетті заттар қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Сондықтан, Қазақстанның қалалары мен қыстақтарында қолөнері (теріден, жүннен бұйымдар жасау, киім тігу, ағаш өндеу, зергерлік, ұсталық, құрылыс ісі т.б.) басым дамыды.
Мұнда тойлар жасалып, ойындар, жүлде берілетін ат жарыстары бәйгелер өткізілді, балуандар күресі өтіп, әншілердің, күйшілер мен айтыскерлердің сайыстары ұйымдастырылды. Күз келісімен малшылар күзгі жайылымдарға көшіп баратын, олар көп жағдайда көктемгі жайылымдарға көшіп баратын, олар көп жағдайда көктемгі жайылымдарына сәйкес келетін. Күзгі жайылымдарда отырғанда көшпелілер әдетте алыс көршілеріне шапқыншылықтар да жасап отырды. Күзде халық жиналыстары өткізіліп, оларда ел үшін маңызды істер шешілген.
Қыстаулар мен маусымдық көшіп жүретін жерлердің арасындағы жуздеген шақырымға жетіп, бірнеше ай көшіп қонатын болған. Жолдың осынша ұзақ болуы Дешті Қыпшақ тұрғындары тұрмысының кейбір ерекшеліктерін де айқындаған, бұл ерекшеліктер, атап айтқанда, сол кезде тұтас ұлыстар көшуінде, яғни даламен бір мезгілде он және жүз мыңдаған адамдар мен жануарлар баяу қозғалып отыруында болып табылады.Халық та көп, малдың саны да мол болғандықтан, алда бара жатқандар кейінде келе жатқандарға қажетті барлық шөп пен бұталарды таптап кетпеуі үшін қанатты кең жайып көшуге тура келетін еді. И.Барбароның мағлұматтарына қарағанда, жылжып келе жатқан халықтың шеттері аралығындағы аралық бір жүз жиырма мильге бір жүз тоқсан шақырым және одан да көп дейін жеткен. Дешті Қыпшақтың көшпелі халқы тұрмысының тағы бір ерекшелігі мынада олардың көшкенде үйлерін арбаға орнатылған күйінде бірге алып журуі болып табылады. Он алтыншы ғасырда қазақтардың көшу әдісі туралы Ибн Рузбихан міне былай деп жазған, “Қазақтардың қыстауға баратын жолында кейде олардың орасан көп табындарына су жеткілікті болмайтындықтан, олар қажет болған кезде жол бойына қар түскенде барып жолға шығады,олардың тұрғын үйлері арба сияқты етіп жасалып, доңғалақтар орнатылған,ал олардың бір жерден екінші жерге түйелер мен аттар керуен тәрізді тізіліп, сүйреп апарады, егер олар бірінен кейін бірі тізіліп жүретін болса, олардың арасы бір қадамнан артпаса, монғолдардың жүз фарсахындай қашықтыққа созылар еді.Олардың арбалары даламен журуге, тіпті қар үстімен де жүруге әбден жарамды.эйтпесеқазақтарға шөл мен су болмауынан қырылып қалу қатері төнер еді”. Дешті Қыпшақтың көшпелі халқының арбалары екі түрлі екі доңғалақты арба және үлкен төрт доңғалақты арба және үлкен төрт доңғалақты ырдуан арба болған. Арбалардың ауырлығына немесе жеңілдігіне қарай олар аттар, өгіздер және түйелер жегілген. Арбалардың сүйегі мен доңғалақтары әдетте қайыңнан жасалған: арбалар ағаш оңай иілетін сәуір және мамыр айларында әзірленген. Ал арбаны құрастыру жазда жүргізілген. Берік те мықты арбалар кем дегенде екі міндет атқарған қорғаныс жағдайында көшпелілер өз лагерін қатарластыра қойған арбалармен қоршап, бекініс жасаған, арбаларға дала тұрғындарының тұрғын үйлері шатырлар орнатылған, олар Шараф ад-дин Әли Йаздидің шығармасында түріктің “көтерме” деген сөзімен аталған. ” Осы бір шексіз, шетсіз шөл дала тұрғындарының тұрғын үйі, – деп жазған ол, Темірдің 1391 жылғы Дешті Қыпшаққа жорығын суреттей келіп, “көтерме шатырлар” болып табылады, оларды бөлшектемей, тұтасынан қойып, алынатындай етіп істейді, ал қоныс аударып, көшкен кезде оларды арбамен алып жүреді”.
Дешті Қыпшақ тұрғындарының осы “арбаға орнатқан үйлерін “, жабық арбаларын орта ғасырлардағы көптеген авторлар суреттеген. “Ах, қандай шатырлар ”- деп таңданады, мысалы Ибн Рузбихан – биік тұрғызылған замоктар, ағаштан әуе кеңістігіне салынған үйлер”. И.Барбароның суреттеуіне қарағанда, мұндай арба- үйлердің сүйектері былайша жасалған. Диаметрі бір жарым қадам болатын ағаш шеңбер алып, оған ортасында қиылысатын бірнеше жартылай шеңбер орнатқан, араларына қамыс төсеніш төсеп, оларды жеткілікті болуына қарай не киізбен, не шұғамен жапқан. “Олар тынығуға аялдағысы келген кезде, - деп жазады одан әрі И.Барбаро –Қыпшақ кқшпелілері бұл үйлерді арбадан түсіріп алады да, соның ішінде тұрады ”.
Ибн Рузбиханның айтатындай, бұл “жылжымалы үйлердің” алды мен артқы жағынан торлы терезелер жасалған: терезелерге “ өте әдемі және шеберлікпен қрнектелген киіз перделер” тұтылған. Арба үйлердің үлкендігі ,жасаулануы мен олардың саны қожайындарының атақтылығы мен байлығын көрсеткен. Сұлтандармен шонжарлардың иелігіндегі арба үйлер әдемі әрі көркем жасауланған және оларға бір мезгілде жиырма немесе одан да көп адам сиып кете алатын болған.Осындай үлкен шатыр арбаға орнатылып, арбаға қатарынан бірнеше түйе жегілген. Қарапайым қазақтардың арба үйлері ұзынша етіп жасалған.Олар да шынайы шеберлікпен соғылған,бірақ көлемінің едәуір кіші болуымен ерекшеленіп, оларды бір, кейде бірнеше түйе сүйреткен. Осы жылжымалы, биік тұғырда тұратын үйлердің тамаша екендігі сонша, әдемілігіне, шебер жасалғандығына және әсемдігіне көңілің сүйсініп, басың айналады. Көз көргендердің айтуынша, доңғалақты шатырлардың тұрғындары негізінен әйелдер болғанымен, Қыпшақ даласының көшпелілері өз арбаларымен қорқуды білмей, сеніммен жүрген. Үлкен арбаны жүргізетін адам оны сүйрейтін, ер салынған аттардың түйелердің біреуіне мініп отырған. Арбаларға әлбетте салт аттылар еріп жүріп, олар, атап айтқанда, өзеннен өткенде өрге көтерілген кезде, сырықпен бұрып отырған. Арбаларға әлбетте салт аттылар еріп жүріп, олар, атап айтқанда, өзеннен өткенде, өрге көтерілген кезде арбалардың дәртелеріне арқан байлап, оларды өрге шығаруға көмектескен де, төмен түсетін кезде доңғалақты тежеп, сол арқылы шатыр ішіндегілердің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз еткен. Саяхатшы А.Контарини бұл әдемі әрі тез істелетін, бірақ әрине тым қауіпті іс болатын деп қорытады.
Дешті Қыпшақтың көшпелілері арасында негізгі тұрғын үй мен көлік түрі ретіндегі арба үйлер он жетінші ғасырда жойылып кеткен, Қыпшақ тұрғындарының арба үйлерді пайдалануы туралы уақыты жағынан мәлім соңғы хабарлар он жетінші ғасырдың бас кезіне жатады, ал неғұрлым кейінгі деректемелерде қос доңғалақты арбалар ғана айтылады және кейде көлемі жөнінен үлкен болғанымен де, жиналмалы киіз үйлер мен алып жүретін үйшіктер ғана суреттеледі. Арбалы үйлер мен көшіп жүруден жиналмалы киіз үйлерге жаппай ауысу Дешті Қыпшақтың көшпелі халқының тұрмысында ірі өзгеріс болды және бұл өзгерістің себептерін тарихи дамудың әлеуметтік экономикалық барысынан іздестіру керек деп санауға болады. Көшпелі шаруашылық жағдайындағы экономикалық құлдырауды ең алдымен жайылымның таралып, мал санының азаюын туғызуы мүмкін. Қазақ тарихындағы осы кезең, он жетінші ғасыр жайылымдық жерлер үшін ойраттармен кескілескен күреске толы болды. Деректемелердің кейбір хабарларынан қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Бірақ қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Бірақ Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі болды немесе мүлде болмады. Алайда кейбір аудандарда егіншілік зор шаруашылық маңызға ие болды, бұл ең алдымен қазақ билеушілері жерінің ежелден егіншілікпен айналысқан ошақтары, атап айтқанда, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қатысты еді. Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты егіс те біраз өсті. Негізінде бидай, қара бидай, тары егілді. Дәнді дақылдардың бұл түрлерінің бәрі қоныстарда салынған үйлер мен қоралар айқын көрінеді. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды.
Қазақтар негізінен тары
Аң аулаудың бірнеше түрі
Он алтыншы ғасырда қазақтардың үй қолөнерінің, мысалы, тері өңдеудің жоғары даму дәрежесінде болғанын, атап айтқанда, он алтыншы ғасырдағы осман авторы Сейфи Челебидің деректері куаттайды. Оларды қой, жылқы және түйе көп, деп жазды Сейфи қазақтар туралы, олардың тұрғын үйлері арбаларға орнатылды. Олардың тоңдары қой терісінен тігіліп, түрлі түске боялады, сөйтіп атласқа ұқсайды. Оларды Бұқараға апарып, онда атластан тігілген шапанның басқасындай бағамен сатады, олар сондай ғажап және әдемі. Оларды нақ қой терісінен тігілген ғажайып шекпендері де бар. Олардан су мүлде өтпейді және әрі ылғал әсер етпейді бұл тері өңдеу үшін пайдаланылатын, сол жерлерде өсетін кейбір шөптердің қасиетінен.
Киіз
басу, тері илеу былғары жасау, теріден
бұйымдар тігу және т.б. сияқты еңбекті
көп керек ететін және денеге салмақ түсіретін,
жұмыстарды көшпелі қоғамда түгелдей
әйелдер атқарды. Сонымен бірге
әйелдер қой мен ешкі бақты, киіз үйлерді
тігіп, жығып отырды, мал сауумен, мал өнімдерін
ұқсатумен, тамақ дайындаумен және де
басқа да үй істерімен айналысты жас
балаларды бағып күтуде әйелдердің мойнында
болды. Қысқасы көшпелілерде шаруашылық
қызметке әйелдердің қатысу үлесі еркектердің
еңбек үлесінен едәуір асып түсетін
еді. Тұрмыстағы еркектер мен әйелдер
еңбегінің мұндай ара қатынасын көшпелілерде
мал өнімдерін өңдеуге және үй шаруашылығын
жүргізуге байланысты дене еңбегі, әдетте,
еркін еркекке лайықты емес деп саналып,
сондықтан түгелдей әйелдерге, мүмкін
болуына қарай құлдарға да жүктелуімен
түсіндіруге болады. Алайда жоғарыда айтылғандар,
әрине, тұрмыста еркектер мүлде ешнәрсе
істемеген дегенді білдірмейді. Көшпелі
қоғамның еркін еркектері қару-жарақ
заттарын, ат әбзелдерін, ер тұрман, арбалар
дайындады, үй салды, өздері үшін де, әйелдер
үшін де етіктер тікті, ішінара малға да
қарап жүрді, атуға жаттықты, аң мен құс
аулады. Еркектердің ең басты міндеті
отбасы мен мүлкін қорғау, соғыс қимылдарына
қатысу болды.
Халық
кәсіпшілігі мен
қолөнері
Қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз ету мәдениеті көп жағынан халық кәсіпшілігі мен қолөнері арқылы анықталып келді. Кез келген өндіруші шаруашылық немесе егіншілік өз қолөнер кәсіпшілігінің бұйымдарынсыз дамуы мүмкін емес мал шаруашылығы үшін ер тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар мен т.б. егіншілік үшін жерді жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар мен т.б. қажет. Сондықтан қазақтар арасында әр түрлі салалар бойынша мамандар ағаш өңдеушілер, темір ұсталары, тері илеушілер, тас қалаушылар және т.б. болған. Қолөнер кәсіпшілігінің адам тіршілігінің неғұрлым шаруашылық жағымен байланысты және едәуір дене күшін жұмсауды талап бұл саласымен негізінен еркектер айналысты . Үй кәсіпшілігіне келетін болсақ, ол қоғамның әрбір отбасын өзінің тіршілігіне қажетті заттармен белгілі бір дәрежеде қамтамасыз етіп отырды. Бұлар тұрғын үйдің ішкі жасауының бұйымдары, ол үйдегі өндірістің едәуір бөлігін құраған, сондай-ақ әр алуан киім түрлері.
Үй кәсіпшілігі сәндік қолданбалы өнермен тығыз байланысты болды, әрбір зат дерлік өзінің тікелей мақсатымен қоса өрнектеліп, безендіріліп отырды. Тұрмыс заттарын жасау үшін шыдамдылықты және дамыған эстетикалық талғамды керек етті, ал бұл қасиеттер ежелден қыз келіншектер қауымының еншісіне тиген. Сондықтан қазақтардың үй кәсіпшіліктерімен негізінен әйелдер шұғылданады.
Қазақтардың халықтық
Көшпелінің шаруашылығы
Үй кәсіпшіліктерінің
Информация о работе Номадтардың (көшпенділердің ) дәстүрлі шаруашылығы