Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 16:13, реферат
Қазақ халқының тіршілік тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуын қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы шін ертұрман, ат әбзілдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, ал егіншілік үшін жер жыртатын және тырналайтын, астықты жинайтын және оратын және т.б. тұрмысқа қажетті заттар қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Сондықтан, Қазақстанның қалалары мен қыстақтарында қолөнері (теріден, жүннен бұйымдар жасау, киім тігу, ағаш өндеу, зергерлік, ұсталық, құрылыс ісі т.б.) басым дамыды.
Кіріспе:
Қазақ халқы - ежелден бері Еділ мен Алтайдың арасын шарлап, көшпелі өмір салтын кешкен, қайсарлығы мен өдеттілігімен көзге түскен данышпан халық. Сол себепті оның басты шаруашылығы нағыз көшпендіге сай - мал шаруашылығы. Қазақтардың басты байлығы болған мал оларды тамақ өнімдерімен, киім-кешек, тұрғын үй материалмен қамтамасыз етіп отырды, сондай-ақ көлік өызметін де атқарды. Ол сонымен бірге оларға көрші халықтармен ең қажеттң заттарды айырбастап алатын қаражат көзі болды. Көшпелілер өмірінде малдың маңыздылығын Ш.Ш. Уәлихановтай мейлінше дәл көрсету мүмкін емес, ол былай деп жазған: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де, мал, ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат. Қазақтар бір-бірімен амандасқанда «мал- жанын аман ба?» деген сөздермен бастайды. Отбасының мал жайын алдын ала сұрастыруы көшпелілер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді».
Осы сөздерден–ақ мал шаруашылығының қазақ халқы үшін маңызы зор екенін көруге болады. Олардың тұрмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығымен байланысты болды.
Көшпелі
мал шаруашылығы қазақ
Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын еш нәрсемен айыр бастауға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдантүскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Яссы және басқа қалалардың базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер, ыдыстар жеткізетін болған.
Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта маталары, темірден соғылған бұйымдар, жібек маталар, дайын киім кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, сондай – ақ әр түрлі үйге қажетті заттар алатын.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар, халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды.
Қазақ халқының тіршілік тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуын қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы шін ертұрман, ат әбзілдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, ал егіншілік үшін жер жыртатын және тырналайтын, астықты жинайтын және оратын және т.б. тұрмысқа қажетті заттар қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Сондықтан, Қазақстанның қалалары мен қыстақтарында қолөнері (теріден, жүннен бұйымдар жасау, киім тігу, ағаш өндеу, зергерлік, ұсталық, құрылыс ісі т.б.) басым дамыды.
Негізгі
бөлім:
Мал шаруашылығының
мен егіншіліктің дамуы.
Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіресе, қыс кезінде, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті.
Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Солтүстік Арал өңіріндегі, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерімен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылқының, қойдың және сірә, ешкінің де болар, сүйектері табылды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді, малдың құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды.
Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материал бұл уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды. Оны жаю үшін жайылымдағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Әр жылғы төл қысқа ет дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі табында қалдырылды.
Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда мал бағуға ұласты. Малды жайлауда баққанда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Табын құрамында ұсақ малдың және жылқының үлесі көбейді. Мәселен, Атасу қонысынан табылған сүйектердің дені жылқының сүйегі болып шықты.
Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны қолға үйрету мен оны салт ат мініп жүруге пайдалану энеолит дәуірінде орын алған.
Дамыған қола дәуірінде жылқы неғұрлым кең көлемде күш көлігі ретінде және салт ат мініп жүру үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы, Айдаболдағы, Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүйектен жасалған
Ауыздықтардың
айшықтары дәлелдейді.Жылқыны
Орталық Қазақстанның далаларында жабайы түйе қолға үйретілді.Ақсу-Аюлы кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды.
Ежелгі
заманлағы мал шаруашылығы
Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, тебінге жарайтын (қыста қар астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзақ жер жүруге қабілетті) жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп. өндіру малдың көбеюіне жеткізді. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды.
Сірә, ол кезде Қазақстанның кең байтақ аумағындағы халықтың бәрі бірдей шаруашылық жүргізудің осы жаңа түрлеріне көше қоймаған болу керек.
Өнімді
мал шаруашылығына көшу ілгері басқан
құбылыс болды. Жаңа еңбек құралы,
өндіріс құрал – жабдығы
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншіншілік бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды. Мысалы, Усть-Нарым қонысында табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адамдар ұсақ егістен өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті.
Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табылды. Жер қопсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды: бұлармен жерді жақсырақ қопсытуға болатын еді. Тастан астық үгетін құралдар да: астық түйгіштер, тоқпақшылар, түйгіштер, келілер, келсаптар пайдаланылған болса керек, ал соңғы қола дәуіріне бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, қола шалғылар пайдаланылды. Олар сондай – ақ мал үшін қысқа пішен дайындауда қолданылған болуы мүмкін,
Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруашылығында ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсіресе, қыс кезінде қар астында тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Бұл орайда қазақтарда шаруашылық жөнінен қой жетекші орын алды. Шайбани ханның айтуынша, қой малы Қыпшақ даласы көшпелілердің басты байлығы саналды. Қойдың еті мен сүті тамақ болды, терісі мен жүні киім-кешек, аяқ киім, ыдыс және шаруашылыққа қажетті басқа да көптеген заттар дайындауға жұмсалды. Қойдың майы мен хош иісті шөп күлімен қазақтар сабын дайындаған, оның түсі қошқылтым болып, киім-кешектерден қандай да болсын дақтарды жойып жіберетін.
Көз көргендердің айтуынша, далалық жерлердегі қыпшақ қойлары төзімділігімен, ірілігімен және еттілік–сүттілік жағынан жақсы қасиеттерімен ерекшеленген. Мәселен, Танада бірнеше жыл тұрған XV ғасырдағы Венеция көпесі И.Барбаро дештілік көшпелілер өсіретін малдың негізгі түрлері туралы былай жазған: ”Бұл халық өсіретін жануарлардың төртінші түрі – сирағы ұзын, сабалақ жүнді аса ірі қой, олардың кейбіреуінің құйрықтарының әрқайсысы он екі қадаққа дейін салмақ тартады”.
XVI ғасырдың орта шенінде Арал өңірінің далалық кеңістігінде болған ағылшын А. Джекинсон ондағы қойлардың ірі, құйрықтары үлкен, салмағы 60-80 қадақ болатынын атап өткен. Жазбаша деректемелерде қыпшақ даласының көшпеліліерінде қойдың көп екендігі үнемі атап өтіледі. Дегенмен де ұсақ малды жайылымда бағып, күзететін адамдар саны өте аз болған. Қой бағушыларды көрсету үшін орта ғасырлардағы мұсылман авторлары әдетте шопан немесе шобан деген парсы түрік сөзін қолданады. Қой бағушылардың негізгі құрамын тұтқындар жетім балалар құраған. Қой бағушылар көшпелі қоғамда дәстүр бойынша төменгі әлеуметтік топты құраған. Көшпелі өмірінде жылқы ерекше рөл атқарды. Көшпелілер жылқыны салт ат мініп жүру үшін және күш көлігі үшін пайдаланып қана қойған жоқ. Оны олар тамақ та, киім де етті. Бірде бір той ат жарысынсыз өткен емес. Қолы бос кезінде дала тұрғындары құйрық жалы, жерсүзген әдемі айғырларға еріп, жөңкілге емін-еркін жылқы үйірлерін көзге сүйеніш еткен. Бұл жағынан Мұхамед Хайдар Дулаттың Қазақ ханы Қасымың аузынан естіген мына сөздері ерекше көңіл бөлерлік. «Біз, дала тұрғындарымыз, бізде сирек кездесетін, қымбат бұйымдар да, тауарлар да жоқ, -дейді ол мағолдардың басшысы сұлтан Саидқа, біздің басты байлығымыз жылқы. Оның еті мен терісі біз үшін ең жақсы ас әрі киім, ал біздің ең сүйікті сусынымыз да соның сүтінен дайындалады. Біздің жерімізде бау-бақта ғимараттар да жоқ. Біздің көңіл көтеретін жеріміз мал жайылымы мен үйірлі жылқы. Сондықтан біз аттарды қызықтау үшін жылқы үйірлеріне барамыз».
Дала жылқысы мейлінше төзімділігімен күй талғамайтын қасиетімен ерекшеленеді, және қар мен мұз астынан тебіндеп жыл бойы жайылудың қатаң жағдайларына біршама оңай көндігеді. И.Барбароның айтуынша Дешті жылқысы аласа, қарынды және күй талғамыйтын көнбістігімен дала тұрғындарының өсіретін негізгі малы болаған.
Ат жүк таситын, салт мінетін және жүйрік арғымақтар болып бөлінген. Дешті қыпшақ елі асыл тұқымды аттарды да өсірген, ал мойыны ұзын таза тұқымды сәйгүліктер әрқашан да сирек кездесетін еді. Моғол ханы Саидтың 1513 жылы өзінің қазақ ханы Қасымның ордасына барғын сапары туралы әңгімесінде былай делінген. «Біз барған кезде,-деген ол «Тарихы Рашидидің» болашақ авторына,- хан бізге өзінің барлық жылқысын көрсетіп: «менде екі ат бар, олардың біреуі бүкіл табынға тұрады.» деген. Оларды көріп таң қалған сұлтан Саид хан Мырза Хайдарға бұл екеуіндей атты өмірінде ешқашан көрмегенін айтқан, аттарды әкелген кезде Қасым Саид ханға былай депті: «Дала адамдарына атсыз тіршілік жоқ, мен үшін мына екі ат ең сенімді де лайықты аттар. Екеуін бірдей сыйға тарта алмаймын: Бірақ сіз қмбатты қонақ болғандықтан өзіңізге ұнағанынын біреуін таңдап алсаңыз, мен ризамын. Тек екіншісін маған қалдырыңыз. Қасым хан екі аттың да қасиетін толық суреттеп берген. Сұлтан Саид хан біреуін алған.
Көшпелі
мал шаруашылығына жылқыны
Қазақтардың шараушылығында түйе өсіру едеуір орын алаған. Көшкен кезде жүк тасығанда түйе малы пайдаланылған. Ибн Рузбиханның айтуынша өгізбен қатар түйе малымен де арбаға орнатылған үйлерін сүйретіп алып жүрген. Сонымен бірге түйеден жүні алынған. Ал түйе сүтінен дайындалатын каллориялы да дәмді сусын шұбат қымызбен бірдей бағаланған. Дешті Қыпшақтың барлық көшпелілері сияқты қазақтар да қос өркешті жүндес түйе өсірген.
Қой, жылқы, түйемен қатар қазақтар ірі қара және ешкі өсірумен де айналасқан. Бірақ бұл жануаларды өсірудің қазақтар шаруашылығында мейлінше төмен болды. Мал жекеше отбасылық меншігі саналады. Оның есесіне жайылымды көшпелі қоғамның барлық еркін мүшелері қауымдасып пайдаланды. Алайда өріс аумағын қауым болып пайдалану ұлыс халқын құрайтын рулар мен тайпалардың жайылымдарды ұрпақтан-ұрпаққа ауыстырып иелену ғұрпын бұзбады, ал әрбір ұлыс сұлтаны өз халқымен бірге белгілі бір жерде, байырғы жұртында, хандық аумағындағы жерді иеленіп, сонда қоныстанды. Малы барлар ғана көшіп жүретін де, малы жоққа тән кедей кепшіктер көшуден бас тартып, әдетте өзен жағаларында жыл бойы отыратын еді.
Сан ғасырлық тәжірибемен жинақталған көші-қон ережелері жыл маусымдарына сәйкес белгілі бір аудандағы шөп шығымын ескеруге негізделді.
Бүкіл өріс аумағы маусымдық жайылымдардың төрт үлгісіне; қысқы (қыстау), көктемгі (көктеу), жазғы (жайлау), және күзгі (күзеу) жайылымдарға болінді. Сөйтіп, Қыпшақ даласының тұрғындары, оларды ғылымдағы кейбір кісілердің санағанындай, шүйгін шөппен су іздеп, бір жерден екінші жерге өз табындары мен отарларының соңынан жыл бойы енжар еріп журетін кезбе қаңғыбастар болмаған. Шынын айтқанда, қазіргі қазақ даласының сол кездегі тұрғындары жартылай көшпелі тұрмыс салтымен өмір сүрген олар ғасырлар бойы қалыптасқан мал шаруашылығы мәдениетін сақтай отырып, белгілі жайлаудан өздеріне таныс қыстауға көшіп баратын малшылар еді. Қыстаулар үшін жер көбінесе өзен маңайынан таңдап алынатын. Мұны негізінен өзендердің жағаларында қамыс пен бұталардың қалың өсетінімен, қатал қыс кезінде олардың малға азық,қарлы борандар мен борасындарда ықтасын, оның үстіне көшпелілерге отын болуымен түсіндіруге болады. Өзен жағалары жайылымдарға неғұрлым бай болса, оның бойында көшпелілер соғұрлым ұзақ қалатын. Ибн Рузбиханның мәліметтеріне қарағанда, кейбір өзендерге көшпелілер ерекше құмар болған. Қазақтарға орта және төменгі ағысының аңғары мен бойы қысқы жайылымдарға ерекше бай Сырдария сондай өзен еді. Он алтыншы ғасырда қазақтардың қыстаулары сондай-ақ Қарақұмда, Балқаш көлінің, Жайық өзенінің жағаларында т.б жерлерде орналасқан. Қыстүгіні көшпелі қазақтар әрбір қыстаудың маңайында мал жаятын өріс алқабы жеткілікті дәрежеде мол болуы үшін мүмкіндігінше кеңірек жайғасатын. Қыпшақ көшпелілерінің қысқы тұрақтары алуан түрлі болған. Бірақ әдетте бұлар аздап тереңделіп қазылған шұңқырларға орнатылып, күресін қар басқан киіз үйлер мен лашықтардан тұратын да, оларға үздіксіз от жағылып отыратын. Малға арнап алдын ала көбінесе қамыстан, қидан, қой тезегінен қашалар салынған. Көшпелілер өздерін қыс кезінде азық -түлікпен жабдықтау үшін жылына бір рет желтоқсан айында соғым сойған. Соғым саны хал жағдайға байланысты болған, байлығы жететін адамдар қысқа арнап, қойды есептемегенде, он және одан да көп жылқы сойып алған. Соғым сойылған күндер қысқы ойын сауықтар, тойлар өткізілетін және бір-бірін қонаққа шақыратын мерекелі думанды күндер саналған. Бірақ бәрі де сәтті аяқтала бермеген. Шаруашылық үшін ең қиын және көшпелілер үшін ең мазасыз айлар қаңтар мен ақпан келеді. Малдың қоңы тайып, әлсірейді, күтімді көбірек керек етеді, қырсыққанда аяз да күшейіп, шырқау шегіне жетеді, далада бұрқасынды боранды маусымы басталады. Тұнжыраған және құбылмалы қыс көшпелілердің шаруашылығы үшін қиын жыл мезгілі ғана емес, сонымен қатар әскери жағынан да ең қауіпті кез еді. Деректемелердің мәліметтеріне қарап қаншалықты пікір айту мүмкін болса, көшпелілерге қарсы жорықтар әдетте ұлыстар, Ибн Рузбиханның айтуынша, шашырап жатқан және қысқы тұрақтардың арасындағы он бес күндік болуы мүмкін жерде орналасқан нақ қыс кезінде жасалған. Көшпелілер әрқашанда қуанышпен қарсы алатын көктем келгенде қазақтар көктемгі жайылымға шығатын. Қысқы тұрақтардың ерекшелігі мұнда киіз үйлер көбінесе қыраттар мен биік жерлерге тігілетін, бүкіл жарық күнді көшпелілер үйлерден тыс ашық аспан астында өткізетін, мұнда қыста жүдеген мал қоң алып, қой, бие, інгендер төлдейді. Қойдың жабағысы қырқылып, түйе жүнделеді, екі үш жасар тай-құнажындар күзеледі. Ыстық түсіп, өрт пен от көп болатын жаз күндерінде, деп жазады Ибн Рузбихан, қазақ халқы даланың шет аймақтарына, жан жағы мен шет жақтарына барып қоныстанады. Жазғы қоныстарда қысқа қарағанда неғұрлым жиі орналасты және жайлаудағы өмір-емін еркін болды.
Информация о работе Номадтардың (көшпенділердің ) дәстүрлі шаруашылығы