Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 12:57, реферат
Барақ сұлтанның билігіне мойынсұнған негізгі тайна наймандар болды. Бұдан бұрын айтылғанындай, Барақ сұлтан мекендеген негізгі аудан Сарысу озенініц бойындағы жер. Сонымен бірге, Н. Неплюевтің Сыртқы істер алқасына хабарлауына қарагапда (1745 жылғы қазан), Барак сұлтанпың паймандары Қалдан-Церенге бағьтнатыи «жоңғарлармен шектес жүреді». Ал Қалдап-Цереп, сақмар қазағы Мансұр Асановтыц хабарлауыиа сәйкес, оз әскерімен бірге Ямышев бекіиісінен алты күидік жерде «Шах өзені басталатыи Қамал-Табап тауыида тұр...» Демек, Барақ сүлтанның паймандары Ертістің оң жағасыида көшіп жүрген. Мұны наймандардың Семей бекінісіпе сауда жасауға келіп жүргепі жәтте 1764 жылғы қазан айында Найман тайпасының Төртұл руыиан (қараңыз: 3-кесте) 3000 шаңырақтың жоңғар жеріне көшін барып, сопда орналасқаны..., яғни Шығыс Қазақстанның шет аймағына орпаласқаиы дәлелдейді
Моңғолдарға бағынған Наймандардың бұдан кейінгі тағдыры Шағатай ұлысымен байланысты болды. 1223 жылдың басында Шыңғыс хан төрт ұлына енші бөлгенде әлі де айтарлықтай қуатты Найман тайпалық бірлігі Шағатайға берілген аймақта қалып қойды. Алайда Жошының ұлы Батудың батысқа бағытталған жорығына қатысуға мәжбүр болған олар біртіндеп Жошы ұлысының шығысын біріктіретін, Жошының үлкен ұлы Ежен негіздеген Ақ Орда аймағына ойысты. Осында Наймандар болашақ Алты Алаш (Жалайыр, Алшын, Қоңырат, Қаракесек (Арғын), Найман, Қыпшақ) қауымдастығын ұйыстырушы белді тайпалардың біріне айналды. Яғни тарихи деректерді баяндағанда бұрынғы Наймандар мен кейінгі Алаш қауымдастығына қосылған Найман рулары арасындағы тарихи этникалық сабақтастықты теріске шығару негізсіз. Кейінгі Наймандар – алғашқы Наймандардың тікелей жалғасы.