Найман тайпалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 12:57, реферат

Описание работы

Барақ сұлтанның билігіне мойынсұнған негізгі тайна наймандар болды. Бұдан бұрын айтылғанындай, Барақ сұлтан мекендеген негізгі аудан Сарысу озенініц бойындағы жер. Сонымен бірге, Н. Неплюевтің Сыртқы істер алқасына хабарлауына қарагапда (1745 жылғы қазан), Барак сұлтанпың паймандары Қалдан-Церенге бағьтнатыи «жоңғарлармен шектес жүреді». Ал Қалдап-Цереп, сақмар қазағы Мансұр Асановтыц хабарлауыиа сәйкес, оз әскерімен бірге Ямышев бекіиісінен алты күидік жерде «Шах өзені басталатыи Қамал-Табап тауыида тұр...» Демек, Барақ сүлтанның паймандары Ертістің оң жағасыида көшіп жүрген. Мұны наймандардың Семей бекінісіпе сауда жасауға келіп жүргепі жәтте 1764 жылғы қазан айында Найман тайпасының Төртұл руыиан (қараңыз: 3-кесте) 3000 шаңырақтың жоңғар жеріне көшін барып, сопда орналасқаны..., яғни Шығыс Қазақстанның шет аймағына орпаласқаиы дәлелдейді

Работа содержит 1 файл

Найман тайпалары.doc

— 55.50 Кб (Скачать)

Найман  хандығы

Тарихқа Найман хандығы деген атпен Х ғасырда мәлім болған мемлекеттік бірлестік – бабаларымыздың дербес ел болу жолындағы жанқиярлық күрестерінің елеулі белестерінің бірі. Бұл хандық құрылардан бұрын оны құрушы ру-тайпалар әртүрлі кезеңдерден өтті. Наймандардың арғы бабалары ІV-V ғасырларда байырғы хұндардың ұрпақтары болып табылатын Теле тайпалық одақтары құрамында көшіп-қонып жүрді. Ал VІІ ғасырда олар Қыпшақтардың байырғы бабалары үстемдік жасаған Сір-Енда (Сеянто) хандығына бағынды. Бұл хандық күйреген соң VІІІ ғасыр басында 17 тайпаны біріктірген Байырқу конфедерациясына кіріп, осында Сегіз оғыздар бірлестігін түзеді. Байырқу конфедерациясы – тарихымызда айтылмай келе жатқан маңызды мәселенің бірі.

  Шындығында да, Найман конфедерациясы VІІІ ғ. орта кезінен бастап Ертістің жоғарғы ағысы мен Орхон өзенінің аралығын мекендеген түркітілдес «сегіз оғыз» тайпалары мекендейтін аймақта құрылды. Кейіннен бұл одаққа қосылған тайпалар сандары көбейіп, он екіге жетті. Атауы моңғолша болғанымен зерттеушілердің көпшілігі Наймандарды түркітілдес тайпалар ретінде сипаттайды. Расында да, Наймандардың бабалары о бастан-ақ түркітілдестер ортасында қалыптасты. «Сегіз оғыздардың» батыс жағында Ертістің орта және төменгі ағыстарын Қаңлылар мен Қыпшақтар мекендесе, солтүстігіндегі көршілері Енисей қырғыздары болды. «Сегіз оғыздардың» шығысында Керейлер көшіп-қонып жүрді, ал оңтүстікте олар Орта Азияның көптеген түркітілдес тайпаларымен көрші болды.

  Х ғасырдан бастап Қидандарға бағынған наймандардың мемлекеттік бірлестігі екі үлкен тайпалар бірлестігінен құралды. Найман хандығын белгілі бір рудың өкілі болып табылатын хан басқарды. Әрбір тайпаны біріктірген ұлыстық бірлестіктер ондық негізде әскери жүйемен сарбаздар жасағын жасақтады. Мемлекеттегі іс Ұйғыр жазуымен жүргізілді. Тарихи деректер олардың VІІІ-ІХ ғасырларда-ақ айтарлықтай сауатты болғандарынан хабардар етеді. Олар алғаш барлық түркітілдестер тәрізді Орхон жазуын пайдаланса, ал кейіннен Оғыз бірлестіктеріне Ұйғырлар үстемдігі орнаған тұста көне Ұйғыр жазуын қолданатын болды. Осы жазу мәселесіне байланысты моңғолдардың әйгілі дерегі «Алтан-тобчида» және көне қытай дерегі «Юан-шиде» мынадай әңгіме айтылады: «Шыңғысхан Наймандарды талқандаған тұста олардың ханы Таянның бас уәзірі, қазынашысы және хатшысы Тататоңға амалсыздан моңғолдар қолына тұтқынға түсіп қалады. Шыңғысханның төңірегі одан екі маңызды нәрсені үйренеді. Олар – мемлекеттік маңызды құжаттарды мөрмен бекітіп отыру және Ұйғыр жазуын оқып-білу».

1125 жылы Қидандар мемлекетін Чжурчжендердіңүршіттердің бабаларының) талқандауы Наймандардың тәуелсіздік алуларына жол ашты.

  Зерттеушілер тәуелсіз Найман мемлекетінің құрылуын 1143 жылдан, яғни Инанш Білге ханның билік жасаған жылдарынан бастайды. Әсіресе, күшті Қидан мемлекетін құрған тарихи тұлға Елюй Дашидің өлімі Наймандардың тәуелсіз хандық құруларына жол ашты. Басқа да бұрын Цзубу тайпалық одағында болған Меркіт, Онқұт тайпалары тәрізді Қидан империясының қиранды орнында жаңа хандықтар, солардың қатарында Найман және Керейт хандықтары еңсе көтерді. Бұл екі туыстас хандықтарды географиялық бекет Ханғай (Өтікен) таулары бөліп жатты. Жаңа қалыптаса бастаған Найман хандығының шығыстағы көршілері Керейттер болса, ал оңтүстік-батыста олар Қарақытайлармен шектесті. Солтүстіктегі Найман мемлекетінің шекарасы Балқаш көліне дейін созылып, Шу өзенін бойлай жалғасты.

  Наймандар Инанш-Білге ханның тұсында едәуір күшейді. Одан бұрын Наймандарды кім билегені тарихқа белгісіз. Әбілғазы осыған байланысты мынадай дерек береді: «Найман тайпасы. Бұл көне тайпа; малшылық бұларда кең ауқымды. Олардың бұрынғы өткенін біз білмейміз, тек естігеніміз, олардың Қар-Қыш деген патшасы болған. Ол өлген соң інісі Инат (Инаншты айтып отыр –Т.О.) биледі. Шыңғыс кезінде олардың патшасы Таяң хан (кейбір деректерде – Даян хан – Т.О.) еді; оның баласы – Күшлік. Олардың тұрағы Моңғолияның Қарақорым деп аталатын бөлігінде». Бізге белгілісі, Х ғ. аяғында және ХІІІ ғ. басында Найман хандығы екі бөлікке бөлініп, оларды Инанш ханның екі ұлы Даян хан мен Бұйрық хан басқарды.

Информация о работе Найман тайпалары