Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:55, дипломная работа
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты.
Көптеген өлкетанушылық еңбектердің арасында В.А. Терещуктің «Көкшетау туралы әңгімелер» деген кітабы ерекше. Кітаптың «Қазақтар — патша өкіметінін сенімді тірегі» деп аталған бөлімінде автор оларға «патша өкіметі бүлік шығарған бүлікшілерді бағындыру, бүкіл қырғыз-қайсақ халқын жоғары монарх қолына қарату жөніндегі үмітті жүктеді» деп атап көрсетеді.[25]
В.А. Терещук қазақтардың қазақтарға ғана емес, қоныс аударушы мұжықтарға да менсінбей қарағанын баяндайды. «Қазақтарға жалпы жұрт назарының аударылуы, кейде олар өтпеген еңбегін, жасамаған ерлігін жөн-жосықсыз ғана салу олардың арасында өздеріне деген зор сенім, жеңілісті білмеу, ерлік рухын туғызды. Олар өздерін бұрынғысынан да күшті данққа бөлеп, патша мен Отанға жан сала қызмет ететін, орыс шебін қорғаушылар ретінде көрінуге ұмтыдды. Сондықтан әрбір ретте дабыл алғашқы қағылғаннан кейін аттарына ер салып, дипломатия, заңдар, халық тілегі дәрменсіз болған жерге шауып жететін».[25]
Сонымен тарихнамада XVIII—XIX
ғасырларда Ресей империясының Қазақстанды
жаулап алуын айқындаушы проблемалардың
бірі және кен-байтақ аумақты отарлық
шет аймаққа айналдыру
Кіріспе
Қазақтардың XVIII-XIX
ғасырлардағы материалдық мәдениетінің
жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы
деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына
көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы
басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы
әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік,
сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті
ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің
бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен,
үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты
еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі
мал шаруашылығына күрдені еңбек құралдары
керек болған жоқ.Жылқы ұстау үшін құрық,
арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының
жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды;құлындар
мен боталарды байлау үшін жуан арқандар,
ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға,
науа және т.б. дайындалды. Барлық осы айтылған
қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман
әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер
өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың
аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа
шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп
тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде
шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла
бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді
егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден
болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда
егіншілік құралдарының қарапайым түрлері
болды. Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын
орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек,
сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады.
Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын
әртүрлі аспаптар – атпа, шығыр, сондай-ақ
кетпендер мен күректер пайдаланылды,
оларды жергілікті ұсталар өздері істеді.
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда
қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке
байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның
бүкіл аумағында бір-біріне ұқсас болды.
Қазақтың ат – тұрман әбзелінің ішіндегі