Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:55, дипломная работа
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты.
18 ғасырдағы Қазақстан тарихнамасы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясыныңбасшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразиядаласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.[1]
Мазмұны [көрсету] |
[өңдеу]Көрші мемлекеттермен өзара қатынастар
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары
қазақ халқы үшін қиын-қыстау
сынақ жылдары болды. Шынына
келгенде, ел басына «ел болу,
не табанға түсіп күл болу»
күні туды. Орыс тарихнамасында
қазақтардың жоңғарлар
Атап айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынастарының, оның даму барысың сипатын ашып берді. Ол жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себептерін түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесін айқындай бастаған Жаңа күштердің (Ресей мен Қытайдың) саяси аренаға шығу белгілерін де анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихынан» деген бірлескен еңбегінде (А., 1988) осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның Ресеймен, сондай-ақ Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» — XVIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара қатынастарының тарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.
Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының бұл проблемаға Қазақстанның Ресейге қосылуының прогресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. Әлбетте, тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қазақстан тарихшылары жарияланған деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар қорғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезеңде, ел басына күн туған зобалаң жылдарда Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, жоңғарлар басып алған қазақ жерлеріне бекіністер салғанын, өзінің тым әріде жатқан жоспарларын дипломатиялық әрекеттермен, әскери экспедициялармен нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді.[3].
В.А. Моисеев өзінің соңғы еңбектерінде бұрынғы көзқарастарын едәуір өзгертті. Оның пікірінше: «Қазақ тарихшылары мен публицисттері еңбектерінде Орыс мемлекеті «солтүстіктегі қанішер жыртқыш», қазақтардың Жоңғария сияқты тарихи жауы етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, патша үкіметі жоңғар-қазақ соғысына арандатып, ойраттарды қарумен жабдықтаған және оларды қазақтарға айдап салған сияқты». В.А. Моисеевтің пікірінше: «Ресей қазақ халқын ойраттардың басып кіруінен қорғап, шабуыл жасаушы тарапты тежеу жөнінде қатаң көзқарас ұстанған».[4]. Алайда ресей-ойрат қатынастарының тарихын мұқият зерделеу XVIII ғасырдың 30-жылдарында Ресей дипломатиясының отаршылдық саясатты жалғастыра бергенін дәлелдейді. Сенат өз жарлығымен Еділ қалмақтары ханының Жоңғар хандығына қарсы соғыс ашуына тыйым салды. Тек 1742— 1743 жылдары Сенат, одан соң Орынбор комиссиясының бастығы И. Неплюевтің ойрат әміршісінің ордасына жіберген К. Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарын сол кезде-ақ Ресей бодандары деп қарап, Жоңғария хандарынан оларға шабуыл жасауды тоқтатуды алғаш рет талап етті. Басқаша айтқанда, Ресей империясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін 11—12 жыл өткен соң ғана қазақтарды қолдаған. Қазақстан тарихы жөніндегі қорытушы еңбектерде империяның шығыстағы саясатының әскери-стратегиялық мәні қазақ хандықтарының Ресеймен экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға бағытталған әрекет деп түсіндірілді.[5].
Империяның отаршылдық саясатына,
И.Д. Бухгольцтің, И.М. Лихаревтің, П.Ступиннің
және басқаларының әскери-барлау экспедицияларына
«бейбіт» сипат беру үшін ұзақ уақыт
бойы олар «ғылыми», танымдық мақсаттарда
ғана жүргізілген деп пайымдалып
келді. И. Д. Бухгольцтің және басқа
да экспедиция басшыларының бекіністер
салуы жөнінде басылымдарда оны
орыстар иесіз жатқан жерлерде жүргізді
деген аңыз таратылған. Ал шынына келгенде,
Ресейдің әскери экспедициялары ежелден
бері қазақтардың иелігіндегі, сол
кезеңде жоңғар басқыншыларының
бақылауында болған жаңа аумақтарға
бекіністер салып, Ресейдің иеліктері
етіп бекітті. Ресейге қосылу немесе
империя билігін амалсыздан мойындау
проблемалары. Кеңестік тарихнамада
Қазақстанды отарлаудың басталуы оның
Ресейге «қосылуы» тұрғысынан пайымдалды.
Кейбір авторлар мәселенің экономикалық
жағына да, саяси себептеріне де
мүлде тереңдеп бармай, оны тек
қана сырт жағынан қарап, қосылу кездейсоқтан
болды деп санады. Басқа біреулері
отаршылардың мүдделерін жақтап, патша
өкіметінің, патшалық Ресейдегі үстем
таптардың қазақ халқына
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз
мемлекеттер пайда болған кезде де империялық
ойлауды көрінеу және жасырын жақтаушылар
Ресей отаршыл, империялық держава болған
жоқ дегенінен айнымай келеді. «Ресей
сол кезде де, кейінде де сөздің толық
мағынасында қандай отарлар алып, иеленді
деген ең қарапайым сұраққа жауап қайтарып
көріңіздерші» деп сұрайды тарихшы В. Виноградов пен Ресей
Сыртқы істер министрлігі тарихи-
Қазақстанның Ресейге
«қосылуының» жекелеген мәселелері
жөнінде қазақ ағартушылары Шоқ
Ш. Айтматовтың анықтауына
қарағанда, «ақын, діндар, пайғамбар
және ағартушы, ғаламат ойшыл, надандық
пен адам кемшіліктерін әшкерелеп,
кемсітілгендер мен қорланғандардың
тағдыры үшін күйінген, әділдікті
өз бойында ұштастыра білген» [10]
Адасып алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
Абай бастап, жол салып кеткен қазақ қоғамының жай-күйіне талдау жасау, отар халықтың кемшіліктері мен осалдықтарын хатқа түсіріп сынау алаш реформаторлары ұрпағының тарихи аренаға шығуына дайындық жасап берді.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы отаршылдыққа қарсы қарулы күрес сәтсіздікке ұшырап, Қазақстан империяның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бір бөлігіне айналған, империя ауқымды шабуылға шығып, шет аймақ халықтарын орыстандыру жүріп жатқан кезеңде ұлттың прогресшіл көреген қайраткерлері (Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері) тауқыметтің ең ауыры — туған халқын ағарту ісін өз мойындарына алуға мәжбүр болды. Отандық тарихнаманың алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткерлерінің есімдерімен байланысты орасан қалың қабаты кеңестік тәртіп басқарған ұзақ жылдар бойында мүлде игерілмей келген еді. Қазақстанның Ресей құрамына кіру проблемасы ең алдымен Ә. Бөкейхановтың еңбектерінде мейлінше толық және тұтас көрініс тапты. Автор «Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени табыстары» деген еңбегінде «қосылу», «өз еркімен» деген терминдерді мүлде қолданбайды, керісінше, «жаулап алу», «бағындыру» деген терминдерді қолданады, Кіші және Орта Ордалар қазақтары «оңтүстіктегі жаулары Горькая шебіне дейін тықсырғандықтан, орыс билігін тануға мәжбүр болды» деп атап көрсетеді. Бұл тақырыпты жалғастыра келіп, Ә. Бөкейханов XIX ғасырдың үшінші ширегіне дейін «барлық қазақ рулары біртіндеп орыс билігін мойындады» деп атап өтеді.
Ә. Бөкейханов еңбектерінің
XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихын
бағалау үшін де маңызы баға жеткісіз.
Ә. Бөкейханов былай деп жазды: «XVI
ғасырдың екінші жартысынан бастап солтүстіктен
жаңа халық — славяндар келе бастады;
олардың мәдениеті сол кездегі
Қырғыз өлкесі билеушілерінің мәдениетінен
жоғары болатын, сондықтан жергілікті
халық өз өлкесіндегі үстемдікті
келімсектерге беруге тиіс болды».
Орыстардың өлкені отарлауын Ә. Бөкейханов
екі кезеңге: мұнда ерікті отарлаушылардың
пайда болуына және олардың ізімен
үкімет жасақтарының келе бастауына
бөледі. «Ерікті отарлау, — оның
пікірінше, — осында сол кездегі
ауыр тұрмыс жағдайларынан қашқан немесе
қорғансыз бұратаналар есебінен
оңай баю үшін шаруалардың, кылмыскерлердің,
сектанттар мен басқа да әр түрлі
тобырлардың келуімен жасалды. Бұл жөнінен
оларға оңтүстік Орал мен біздің өлкеміздің
солтүстік-шығысы ерекше қатты ұнады.
Беймәлім елдерге тереңдей еніп, ілгері
қарай қозғалумен жалғасқан «жер шолу»
туралы ой осы тұста туды. Бұл қозғалыстың
қаншалықты күшті және кұдіретті болғанын
аты-жөні жоқ еріктілер толқынының небәрі
екі жүз жылдай уақытта (1560—1750) Оралдан Камчаткаға
Әлихан Бөкейханов өзінің Қазақстан тарихы және жер пайдалану нысандарының дамуы мәселелері жөніндегі еңбектерінде өлкенің солтүстік-орталық және шығыс бөліктерін жаулап алу мен отарлауды бөлек алып қарастырады.
«Есіл—Ертіс өлкесінде орыс адамдарының келген жылын қай жылға жатқызу керек екенін дәл айту қиын, — деп жалғастырады ол ойын. — Солтүстік Сібірдегі сияқты, мұнда да өлкені жаулап алудың алдында терісі бағалы аң аулауды кәсіп еткендердің, ал кейде бұратаналарды жай ғана тонап кету үшін келіп-кетушілердің болғаны анық. Орыс отарлаушыларының қандай да бір арнайы (талап-тонаудан басқа) мақсатпен бірікпеген еріктілер тобырын құраған осы жекелеген алдыңғы бастаушылары алғашқы кезде бұратаналар тарапынан, сірә, ынтымақты тойтарыс таппағанына қарамастан, отарлаудың сенімді тірегіне айнала алмады». Сөйтіп Ә. Бөкейхановтың пікірінше, Қазақстанның империя құрамына кіруі отарлау (ерікті түрде және үкімет арқылы) мен жаулап алудан тұрады. «XVIII ғасырдың аяғында (біздің жоғарыда байқағанымыздай) Қырғыз өлкесі көшпелілерінің едәуір бөлігі орыстардың билігін мойындап, орыстар шегінде көшіп жүрді. XIX ғасырдың басынан бастап үкімет жаулап алынған өлкені нығайту жайын ойластырды». Ә. Бөкейханов өзінің барлық зерттеулерінде «жаулап алу» деген ұғымды қолданып, сол арқылы XVIII—XIX ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастарының барысында қалыптасқан күрделі өзара қатынастарды сипаттайды.