Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:55, дипломная работа
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты.
Ә. Бөкейханов орыстардың Орталық
Азиядағы ерекше өркениеттілік миссиясы
туралы негізсіз тұжырымдамасын ашықтан-ашық
әшкереледі. «Өлкені бағындырған
соң, — деп жазды ол, — орыстар
мәдениетті жұмысқа көше алмады, өйткені
бастапқыда жаулап алу тек қана баю
мақсатымен жасалды және алғашқы
жаулап алушылар мәдениет рөлін атқаруға
мүлде дайын емес болатын. Олар адамгершілігі
алғашқы қауым адамдарынан
П.Г. Галузо Ресей мен Қазақстан
серіктестігінің тең құқылы еместігін
атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді
«қосып алуға» өте мүдделі екенін
атап айтқан болатын. П.Г. Галузо отаршыл
империя теоретиктерінің
Орта Азияға қарай ілгерілеуді
біз ұлы державалардың «олжа
бөлісу жөніндегі» «империалист жарыс»
ағыстарының бірі деп қарастыра
аламыз. Әрине Ресейдің крепостник-помещигі
ең алдымен отарды өзі үшін басып
алды, бірақ шынына келгенде бұл
отарларды Ресейдің өнеркәсіп капиталы
үшін де басып алу болатын. П.Г. Галузо
Ресейдің «отаршылдыктабыстары» тарихын
Орталық Азияның барлық аймақтарымен
өзара тығыз байланыста алып қарады.
Ол Қазақстанның империя құрамына кіруі:
біріншіден - халықтарды саяси дербестіктен
айырудың; екіншіден — экономикалық
жағынан кіріптар етудің; үшіншіден
— Дүние жүзін болашақ
X. Досмұхамедов Ресейдің
жаулап алушылық саясаты қазақ
жерін Азияға ендей кіру
М. Әуезов «Әдебиет тарихы» деген кітабында (А., 1927) былай деп атап көрсеткен: «Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер коп. Бір жағынан қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта Азия хандық тарының қысымшылығы, үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара жаулық пен араздық, өштік күшейіп, бірін-бірі жауламақ үшін әрқайсы кез келген жұрттан көмек іздеп, қазақ елін әр айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел тіршілігі бір шым-шытырық мезгілге жеткенде, орыс үкіметінің шеңгелі қомағайлықпен созылып, қазақ даласын уысына кіргізіп әкетіп бара жатты.
Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды». Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасы Т. Рысқұловтың тарихи мұрасында да көрініс тапқан. Қазақстанның жалпы Ресей бодандығына өтуі тұрғысынан қарастыра келіп, ол «бағындыру», «қазақтарды жуасыту», «жаулап алушы күш» деген терминдерді қолданған. Ол жазған «патша өкіметінің отаршылдық саясатында» екі кезең: XVI ғасырдың аяғынан бастап — қазақтардың, XIX ғасырдың ортасынан бастап — шаруалардың отарлауы бөліп көрсетіледі. «Өздері ілгері жылжыған жолында орыс өкіметі жанадан жаулап алған аудандарда дереу бекіністі мекендер тұрғызып, оларға қазақтар мен келімсек шаруаларды қоныстандырып отырды».[15]
Т. Рысқұлов қазақ жүздерінің
Ресей бодандығына өту
Т. Рысқұловтың Қазақстан
мен Орта Азияда Ресей тәжінің
орнығуы жөніндегі тарихи тұжырымдамасы
оның 1916
жылғы ұлт-азаттық соғыс туралы еңбектерінде түпкілікті
ресімделген. Ресейдің ұлы державалық ниеттерінің жалпы нәтижелерін
пайымдай келіп, ол қоныстандыру басқармасының
бастығы Г.Ф. Чиркиннің Орталық Азияның
байырғы халықтарының тағдырына қатысты
мынадай пікірін келтіреді: «Егер барлық
орыс тайпаларын бір Ұлы
Орыс Державасының қол астына қосу психологиялық
жағынан орыс ниеттеріне толық көлемінде
сәйкес келсе, егер Босфор мен Дарданелл «
XX ғасырдың 30-жылдарындағы
тарих ғылымында патша
Г.Ф. Дахшлейгердің, Д. Дулатованың, Ж. Қасымбаевтың, I. Қозыбаевтың, И.В. Ерофееваның 1970—1990-жылдарда жарияланған тарихнамалық зерттеулерінде XVIII ғасырдың 40-80-жылдарындағы отандық тарихты, ең алдымен Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қорытындылары шығарылды.[17]
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік
алғаннан кейін зерттеушілер ұзақ жылдардан
соң отандық тарих
Сосын әр хандықтың халқы мен жері ата-атаға, ру-руға бөлінетін жігімен ауыл-ауылға, болыс-болысқа бөлінді...
...Жер бетінде... осындай...
тәлкекке ұшыраған халық
Бұның бәрі отарлық кеңістіктің
тұрғындары тарихи қалыптасқан мемлекеттілігін
қайтадан қалпына келтіре алмайтындай
қып, оларды жер мен суға байырғы
иелік құқынан біржолата
Алайда зерттеушілер мәселенің бұлайша қойылуы да тарихи ақиқатты көрсетпейді деген тұжырымға барған сайын көбірек ден қоюда. Зерттеушілер «қосылу» ұғымын түрліше түсіндіреді. Атап айтқанда, М. Қозыбаев «қосылу» термині тарихи үрдістің мәнін дәл білдірмейді, күштеу негізінде болған қорлаушылық мәні бар деп есептейді. Оның пікірінше, Қазақстан негізгі объектіге қосылған субъекті рөлінде көрінеді. Кезінде империялық кеңселерде жасалып, кеңестік ресми тарих ғылымында қабылданған термин іс жүзінде «басып алу», «агрессия», «жаулап алу» деген терминдердің баламасы болып көрінеді.[20] Ресейдің Сібірді отарлауы Қазан, Астрахан және Қырым хандықтарын жаулап алғаннан кейін басталды деп санау керек болғаны мәлім. Зерттеуші В. В. Каргалов басқаша болған деп есептейді, ол былай деп жазады: «Батыс Сібірді Ресей мемлекетіне дәстүр бойынша қосып алу ертерек басталды және 1483 жылы Сібір жеріне жасалған үлкен жорықты бастаған алғашқы орыс воеводалары кінәздер Федор Курбский мен Иван Салтык-Травин болған».[21] Осылайша, В. В,, Каргалов патша өкіметінің Шығыс жөніндегі отаршылдық саясатының басталу кезеңін тағы да бір ғасырға шегіндіреді. Одан кейінгі кезеңдерде Сібірдің әр түрлі облыстарын, соның ішінде Кенді Алтай мен Оралды Ресей мемлекеті бірінен кейін бірін жаулап ала берді.
Әр түрлі ұрпақтардың жекелеген зерттеушілерінің А. И. Тевкелевтен кейін Қазақстанның Ресей өрісіне сөзсіз қосылуын біржола айқындаған стратегиялық кезенді I Петрдіңесімімен және іс-әрекетімен байланыстыруы орынды. I Петр Сенаттың жауапты қызметкері И. Кириллов пен дипломат, Сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.И. Тевкелевке (православие дінін қабылдағанға дейін — Кұтлымбет мырза, Мәмет мырза) қазақтарды Ресей бодандығына өткізу жобасын әзірлеуге тапсырма берді.
Қазақстанды жаулап алудың
одан кейінгі онжылдықтарда, Н.Г. Аполлованың
айтуынша, «патша өкіметінін «даланы
бейбіт жолмен жаулап алу және қазақ
халқының мәнгілік бодан болуы» дейтінді
жүзеге асыруға бағытталған кең
көлемді агрессиясы» түпкілікті
ресімделген стратегиясы
Ресей елшісі А.И. Тевкелевтің күнделігіне тарихшылар әлдеқашан назар аударған болатын. Келіссөз бір жыл 49 күн бойы жүргізілді, бұл оған қазақ қоғамын едәуір дәрежеде жақсылап зерделеуге және оның ықтималды мүмкіндігін анықтауға жағдай жасады. Ресей саясаты емін-еркін дала халқымен қарым-қатыс тәжірибесін жинақтады. Келіссөз кезінде дала жұртының билеуші жоғары топтары екіге: Әбілқайыр ханның жақтастарына, сондай-ақ бодандықты қабылдауға қарсыларға бөлінді. Жанталас кездерінде ханды жақтаушылар басқа бір амал тапты. Бодандық туралы келіссөз Жетіру тайпалар одағынан шыққан, Кіші жүздің көрнекті көсемдерінің біріБөкенбай батырдың Тевкелевке деген ізгі ықыласының арқасында ғана табысқа жетті. Бөкенбай батыр өзіне башқұрттар мен жайық қазақтары тарапынан көмек көрсетілсе, оның өзі мен күйеу баласы (Құдайназар батыр) «қырғыз-қайсақ ордасын екі жылда қылыштың күшімен Ресей бодандығына келтіруге уәде беретіндігін» айтты.[22] Кейін А.И. Тевкелев миссиясының барлық материалын қорыта келіп, тарихшы А.И. Левшин былай деп тұжырымдауға мәжбүр болды: «Тевкелевтің Ордаға келуі айлакер Әбілқайырдың билік сүйгіш бүкіл ойын ашып көрсетті. Ресейдің жаңа бодандарынан ант алуға келген шенеуніктер өз ойларындағы дәрежеде қабылданбағаны былай тұрсын, келген бойда-ақ өмірмен қоштаса жаздады... Кіші ордадағыдай Ресейді жақтаушылар өз ішінде соншалық болмаған қарапайым халық өз тәуелсіздігінен айырылғысы келмеді, бәрін де басқаша түйсінді, сондықтан да өздерінің Ресейге бағынған тайпаластарына қатты қарсыласты». Сонымен XVI ғасырдың ортасынан бастапXX ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастарының проблемасы отандық тарихтағы басым проблемалардың бірі болып табылады. Бұдан бұрынғы тарихнамада бұл проблема алуан түрлі бағаланды, кеңестік кезеңде «қосылу» ұғымының классикалық ұғымға айналдырылғанынан бастап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарда енгізілген «кіру» терминімен аяқталды. Қалай болғанда да, халықаралық қатынастардағы аса қиын тоғысулары салдарынан Қазақстанның саяси тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігінен екі жүз алпыс жылдай уақытқа айырылғаны тарихи факт болып табылады.