39.(2)15-18ғ қазақ-ң
ауызша ж/е жазбаша әдебиеті.Бұқар,Үмбетей
,Ақтамберді жыраулар.
15ғ аяғы 17ғ басы қазақ халқының
өз алдына бірлестігі мен феодалдық
мемл-ң іргетасын қалап,нығая
бастаған дәуірі еді.Осы кезден
бастап қазақ халқының ұлттық
мәдениетінің өзіндік беті айқындала
бастады.Ол әсіресе халықтың тілінен,
әдебиетінен,қолөнерінен,әдет-ғұрпынан
байқалады.Қазақтарда ауыз әдебиеті
мазмұны жағынан байып,жетілді.Қазақ
халқының жат ел шапқыншыларына
қарсы күресі ауыз әдебиетте
барған сайын айқын көрініс
тапты.Қазақтардың 15-17ғ өмір сүрген
ақын –жыраулардың өлеңдерінен
халықтың салт санасын,ой-өрісін,тілек
мақсатын айқын аңғарамыз.Өйткені
жыраулар толғауларында халықтың
не бір нәзік сырларын,келер
ұрпаққа айтар өсиетін,мұң-мұқтажын,қайғы
–қасіретін ,қуаныш-сүйінішін аша
білді.15-17ғ жыраулар:Доспамбет,Марқасқа,Жиембет,Шалкиіз,Ақтамберді,Бұқар
жырау.
Ақтамберді Сарыұлы 1675-1768ж өмір
сүрген,әрі жырау,әрі қолбасшы батыр,қоғаш
қайраткері.17жасынан бастап соғыста
қолбасшылық қабілетімен көзге
түскен.Ол елді отырықшылықққа баулыды,арық
қаздырып,елді егіншілік кәсібіне бейімдеген.Семей
обл,Абай ауданында «Жүрекадыр »
жерде оның бейіті тұр.Жырлары нақыл,өсиет
толғауларға,толы келеді.Халқымыздың
тіршілік тынысы мен кәсібі,мінез-құлық
ерекшелігі,жыраудың өмірге деген көзқарасы
осы толғауларыннан көрінеді.Көпті көрген
көне жырау ата-анаға көрсеткен сый-құрмет
құдай жолын қуып,Мекеге барумен пара-
пар деген ой қорытады.
Бұқар Қалқаманұлы -17 ғ өмір сүрген
ақын жыраулардың ішіндегі биік тұлғаның
бірі.1668ж Павлодар обл,Баянауыл ауд
туып,1781ж сол жерде қайтыс болған.Ол
Тәуке ханның тұсында ел билеу
ісіне белсене араласқан.Абылай
ханның ақылшысы,қабырғалы билерінің
бірі болған.Өлеңдерінде өз кезіндегі
әлеуметтік мәселелерді көтерді.Заманның
аумалы-төкпелі болып келуін заңды
құбылыс деп санаған.Ол қазақтың
3 жүзінің басы қосылып,бір орталыққа
бағынған күшті мемл болуын аңсаған..Сонд
Абылай осы арманды жүзеге асырушы
деп есептеп,хандық үкіметтің берік
болуы жолында күреседі.Ол елдің
келешегі бірлікте,бейбіт өмір сүруде
,көрші елдермен достық қарым-қатынаста
деп түсінді.Ол өзінің «Тілек»
атты шығармасында шапқыншылыққа ұшырап,қыздың
күң,ұлдыңқұл болуынан,алған жардың
жесір қалуынан сақтасын деген тілек
білдіреді.Бір топ өлеңдерін соғыста
ерлік көрсеткен,жерін,елін жаудан
аман сақтап қалған қазақ батырларына
арнайды.Сол арқылы батырел үшін
туады,ел үшін өледі,елім деп еңіреген
ерлердей халқына пайдалы азамат
болыңдар дегенді насихаттайды.Бұқар
адам өмірінің әр кезеңін суреттей
келе ақыл,қайраты бойына сай жастыққа
ерекше тоқталады.Жастық шақ қарт
жырау адам өмірінің ең қызық шағы,ойына
алған ісін қайратымен іске асыратын,ақыл-қайрат
пен талаптың тасыған шағы 25-ті іздессеңдң
таппайсың,жас өміріңді дұрыс пайдалана
біл деп ақыл айтады.Жырау өз ұрпақтарына
қарт атаң мен жеңді сыйла,өзіңе
дейіңгіні құрметтесең,өзіңнен кейінгілер
де сені сыйлайтын болады дегенді
айтады.
Үмбетей Тілеуұлы(1706ж,қазіргі Целиноград
обл,Ерементау ауд- 1778ж)-қазақ жырауы.Кедей
жанұяда туған.Жырау атанған кезден
баста пол әйгілі Бөгембай батырдың
сенімді серігі,жалынды жыршысы
ретінде көзге түсті.Үмбетейдің
бір топ арнау өлеңдерінде ( «Бәкеге»,
«Бұқарға» т.б) өмірлік мәні зор
әділдік,адамгершілік мәселелерін
қозғаса,енді бір топ толғаулары
Бөгембай батырдың ерлік өмірін жырлауға
арналды.Оның «Жантай батыр» дастаны
мен Абылай хан туралы толғауларында
қалмақ басшыларына қарсы күрес
бейнеленген.Үмбетейдің бірсыпыра
өлеңдері «Ертедегі әдебиет нұсқалары»(1907ж),
«Алдаспан»(1971) жинақтары енді
40. XYIII ғ аяғы - XIX
ғ басындағы Ресей империясының
Қаз-ғп енуі, жаулауы және отарлауы.
1742 жылы 20 мамырда Ресейдің сенаты
қазақтарды және шекаралық өңірдегі
бекіністерді қорғау жөнінде
арнайы жарлық шығарды. 1742 жылдың
2-ші қыр-де Орынбор комиссиясының
бастығы Неплюев Қалдан-Церенге
жолдаған хатында Ресейдің
қарамағындағы қазақтарға қысым
жасамауды талап етті. Қазақ жерінде
салынған Жоғарғы Ертіс бойындағы
бес бекіністен (Семей, Өскемен,
Жәміш, Коряков, Омбы) басқа қосымша
31 форпост салынды. Яғни қазақ-жоңғар
тартысын пайдаланған Сібір губерниялық
басқарманы Петербургтың талабын
орындай отырып, кенге бай Алтай
өңірін отарлауды тезірек
аяқтауға тырысып бақты. Кіші
жүздің ханы бірте-бірте иелігін
кеңейтіп, ауыр жағдайға қарамастан,
қазақ жерін өз қолына біріктіруге
тырысты. Бірақ Әбілқайыр патша
үкіметімен қарым-қат-с-н біржолата
үзе алмады. Орыс үкіметі мен
Әбілқайыр арасындағы жікті жамауға
Тевкелев біраз үлесін қосты.
Әбіл-р мен Ресей елшілерінің
1748 жылы Ор бекінісі маңындағы
кездесу соңғы кездегі екі
арадағы орын алған ахуалды
біраз жұмсартқандай болды. Осы
жылдың шілде айында өткен
қазақ сұлтандары мен ақсүйектерінің
сьезі Кіші жүз ханының беделін
көтеріп тастағандай көрінсе
де, Әбіл-ң жаулары да қарап
жатпады. Әбіл-р 1748 жылы Барақ
сұлтанның қолынан қаза болды.
1756 ж 2 қазанда қазақтарға Жайықтың оң
жағасына шығуға тиым салынды. Ресей дің
бұл отаршылдық қимылдары қазақтарға
ұнамады. Орта жүзді және Ресейге жақын
жерлерді басқару жүйесін реформалау
мақсатында 1822ж Сперанский Сібір қазақтарының
жарғысын жасап шығарды. Жарғыға байланысты
Сібір Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.
Батыс Сібір-орталығы Тобыл (1939ж бастап
Омбы), ал Шығыс-орталығы Иркутск. Батыс
Сібірдің құрамына Тобыл, Томск , Омбы,
Орта жүз және Ұлы жүздің кейбір жерлері.
1824 жылы Орынбор генерал-губернаторы Эссеннің
бастауымен Орынбор қазақтарының жарғысы
жарияланды.
41.Қазақ
халқының патшаға қарсы
ұлт-азаттық күресі. Сырым
Датұлы бастаған Кіші Жүз
қазақтарының көтерілісі (1783-1797ж)Кіші жүзде толқулар басталды. Батыр
Сырым Датұлы көтерілісшілер басқарушысы
болды. 1783 жылға дейін Сырым туралы деректік
өмірбаяндық мәліметтер өте үздік және
толық емес. Аңыздарда айтылғандай Сырымның
жас кезінде-ақ өз ақылдылығымен және
адалдығымен аты шыққан. Жиырма жасында
ол Байбақты руының биі болып, ақсақалдардан
елді басқару даналығына үйрену мақсатымен
даланы шарлаған. Сырым рулық ақсүйектер
қатарына кірген, батыр болған.
1783 жылдың
желтоқсан айында Сырым старшина
Чагановты тұтқындап, оны Хиуаға
құлдыққа сатып жібергені үшін
Тополинск форбекетінің маңында
Орал әскерлерінің казактарымен
тұтқынға алынды. Сірә, Сырымның
қазақтарды тонаған, тіпті хан
ауылдарына да шабуыл жасаған
Орал әскерлерінің жасақтарымен
күресінің басталуы 1783 жылдың күзіне
қарайды. 1784 жылдың көктемінде Нұралы
хан Сырымды тұтқыннан сатып
алады. Сырым үшін ол 70 жылқы
және 350 рубль ақшалай төлеген.
Жүзге Сырым 1784 жылдың мамыр
айында оралып, Орал әскерімен
қиян-кескі күреске қайта кіріседі.
Қазақтардың
жаппай аттанулары бұрынғыша Төменгі
Орал бойында және Орск қамалының
маңында дамып жатты. Қараша айында
Сырым Сағыз өзенінің бойында
шекараға шабуыл жасау үшін 1000 қазақтан
құралған ірі жасақ жинайды. Сағыз
өзенінде Сырым жасағы жиналғанда,
хан өз ауылдарымен Оралға қарай
көшуге мәжбүр болды. Бұдан 1784 ж. күзіне
қарай Сырым мен ханның арасындағы
қатынастардың шиеленіскендігін көруге
болады. Сырымның жасаған әрекеттеріне
тойтарыс беру үшін генерал-майор Смирнов
басшылық еткен жасақ бағытталды,
бірақ қатты борандар Смирновты
қайта оралуға мәжбүр етті.
1785 жылдың
көктемінен бастап табан тірескен
күрес Төменгі Орал бойында
өрістеді. Осы жерде қазақтар
қысқы жайылымдардан өте қысылатын.
1785 жылдың көктеміне дейін Сырым
қозғалысы қазақ жасақтарының
шекараға жаппай шабуылдарының
шегінен шыққан жоқ, 1785 жылдың
көктемінен бастап Сырым қозғалысы,
патша әкімшілігінің зорлық-зомбылығына
қарсы күрес бола отырып, жүз
ішіндегі күреске айналады. Қозғалыс
Нұралы ханға және оған тектес
сұлтандарға қарсы бағытталды.
Нұралы ханның
билігі анық дағдарысты бастан кешіріп
жатты, халық одан бас тартты, ал
патша билігінің ханның дәрменсіздігіне
көзі жетті. Бұл жағдайда патша әкімшілігі
ханды ескермей, генерал-губернатор
барон Игельстромды жіберіп, көтерілісшілермен
келіссөз бастады. Нәтижесінде басына
рубасылар қойылып, жүздерді үш бөлікке
бөлу шешімі қабылданды. 1786 жылдың 3 маусымында
Екатерина ІІ Нұралы ханның биліктен
шеттеілуі туралы рескриптке қол
қойды, ол Орынборға шақырылып, сол
жақтан Уфаға жіберілді. 1786 жылдың күзінде
Кіші жүзде «Игельстром реформасы»
деп аталған, хан билігін жоюға
талпыныс жасалды. Жүзді басқару
үшін Орынборда Шекаралық сот
және жергілікті жерде жазалаулар жасау
ұсынылды. Бірақ бұл Кіші жүздің
рубасыларының көпшілігімен мақұлданған
жоқ, дегенмен 1786 жылы Орынборда Шекаралық
сот, ал 1787 жылы жазалаулар құрылды, бірақ
бұл жүйе барлық жүзге таралған жоқ, билік
рубасылар қолында шоғырланды.
Кіші жүзде
өткізілген басқару реформалары
күтілген нәтижелерді бермегендігін
патша өкіметі көріп отырды. Шекаралық
сот және жазалаулар әрекет еткен
жоқ деуге болады. Сонымен қатар
орынборлық әкімшілік отаршылдық саясатын
күшейте түсті. ХVІІІ ғасырдың 90-шы
жылдарының басынан бастап қозғалыс
көтеріліс сипатына ие болады. Патша
әкімшілігі халықты тыныштандыру үшін
Кіші жүзде жаңа ханды сайлау қажет
деп шешті. Оның таңдауы Нұралы ағасы
Ералыға түсті, оның мүдделері орынборлық
әкімшіліктің мүдделерімен сәйкес келді.
1791 жылдың қыркүйек айында күшейтілген
әскери қорғаныс астында Ералы Кіші
жүз ханы болып сайланды, бұл көтерілісшілер
жасақтарының даланың шекарасында
шоғырлануына әкелді. Сырым әкімшілікке
Ералының хан болып сайлануына қарсылығын
білдірді. Патша режимімен күресу
үшін одақтас іздеуі басталды. Сырым
бухаралық аталықпен келіссөз жүргізді,
ол әскери көмек көрсетуге сөз
берді. 1792 жылдың қыркүйегіне қарай
Сырым патшалықпен тікелей қарулы
күрес жолына тұрды – ол Ресейге
соғыс жариялады. Бірақ Бұхарамен
уәделескен қолдауға Сырымның қолы жеткен
жоқ.
Халық қозғалысының
жаңа көтерілісінің кезеңінде Сырымның
қобалжуы және аумалылығы пайда болды.
Ол хандық билікті жою туралы талабынан
бас тартып, көпшілік билер мен
рубасылардың «өздерінің еркіне көнетін
ханды таңдау» талабына қосылды.
Ералы ханға қарсы күрес жүргізе
отырып, ол Кіші жүздің ханы атағына
үміттенген және хиуалық ханмен тығыз
байланысқан Әбілғазы Қайыпұлы ханның
қолдауына бағыттала бастады.
Қозғалыстың
жаңа өрлеуі 1795/96 жж. қатты жұттан кейін,
1796 жылдың күзіне қарай басталды. Сырым
бір уақыттарда Есімді белгілі дәрежеде
өз одақтасы деп есептеген. Ал Есімнің
оған қолдау жасамайтындығы анықталғаннан
кейін, Сырым 1796 жылдың қыркүйек айында
өзінің қоластындағы рубасыларды жинап,
ханмен, яғни патша билігімен одақтасу
не соғысу туралы мәселені қойды.
1797 жылдың
тамыз айында хан Кеңесі өз
жұмысын бастады, оның төрағасы
ретінде Айшуақ сұлтан тағайындалды.
Бірақ сұлтандар халық өкілдерін
шақыртпай, өз беттерімен Қаратай
сұлтанды хан деп сайлады, бұл
қайта күрт қайшылықты туындатты,
берілген жағдайда Сырым Сырдария
маңайына кетіп, рубасылармен
келісуге көне бастады, бұл
хан Кеңесінің беделінің жоғарлауына
ықпал етті. Бірақ ол өзіне
қолдау таба алатын қоныстарынан
тыс қалды. Оның кейінгі тағдыры
туралы еш дерек сақталмаған.
Сырым 1802 жылы қайтыс болды
деген жорамал бар.
Сырым Датұлы басшылық еткен ең күшті
ұлт-азаттық қозғалыстардың бірі болған
қозғалыс осылайша аяқталды. Патша
өкіметінің Орал мен Волга арасындағы
аймақтағы жайылымдарды пайдалануға
рұқсат беруі жайылымдар туралы мәселенің
шиеленісуін уақытша басып, көтеріліс
себептерінің бірін жойды. Жалпы
қозғалыс ұлттық сананың өсуіне ықпал
етіп, халық-азаттық сипатты болды.
42. XYIII-XIX ғасырдың ортасындағы
қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктер.
Қазақ қауымның ХҮІІІ ғ.мен ХІХ
ғ.-дың орта шені аралығындағы қоғамдық
топтарға бөлінуіне жеке адамдардың
“ақ сүйек” және “қара сүйек” дегендерге
жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші
әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар
құрылымында өздерінің әлеуметтік
оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық
мәнділіктеріне қарай сырттан ешкім
өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен
пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысында
табылды.Оларға екі ақсүйектік топ-төрелер
мен қожалар жатты. Ақ сүйектен өзгешелігі
“қара сүйектің” сословиелік-бірлестік
топтары жеке басының сапасы мен мүліктік
жағдайына қарай кезкелген жеке адамның
қол жеткізуіне болатын ашық статус саналды.
Оларға билер, тархандар, батырлар, ағамандар(ақсақалдар)
дәрежесіндегілер жатқызылды. Көшпелі
қоғамның ерекше пұрсатты іріктелген
қалаулы тобын “ақ сүйектің” негізі саналатын
төре (сұлтандар) аристократиялық тобы
құрды. Ол Шыңғыс әулетінің аға тармағы-Жошы
ұрпақтарына жататын адамдар тобын біріктірді.
Көшпелілердің екінші бір іріктелген
қалаулы тобын мұсылман діні қызметкерлерінің
сословиесі-қожалар құрды. “Қара сүйектің”
артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік
топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында
сот билігін атқарушы билер сословиесі
аса маңызды орын алды. “Би” деген сөздің
астары, -деп көрсетті Я.П.Гавердовский,
- сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар
екенін біз ұғынуымыз керек. Е.К. Мейендорфтың
айқындауы бойынша қазақтар батыр деп
“батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады,
соғыс кезінде-бұлар нағыз шабандоздар”.
“Батыр” атағы ешқашанда мұрагерлікке
қалдырылған емес, оны әркім жеке басының
ерлігімен алып отырды. Қазақ қоғамының
әлеу-к жіктелуінде әр түрлі еңбектері
үшін жоғарғы үкіметтен, мысалы, салық
төлеуде және басқасында жеңілдік алған
адамдар – тархандарға белгілі бір орын
берілді. Қазақтар үстем табының неғұрлым
көп санды тобын көшпелі қауымдардың барлық
бауындарында әлеу-к – реттеушілік жұмыстарды
жүзеге асырушы ағамандар құрады. “Бұл
бастықтар немесе кінәздер, - деп көрсетті
И.П. Фальк, - Аймақтың ең бай, барынша құрметтелетін
абыздары және сондықтанда хан олардың
билігі аз болғанымен, кейбір жерлерге
ықпал ете алатындығын ескеріп, солар
арқылы көп әрекеттер жасай алады”. Көшпелілер
қоғамның үстемдік етуші бөлігін құрайтын
әр түрлі сословиелік топтармен және ерікті
қауымдастармен қатар Қаз-да тәуелді халықтар
категориялары – құлдар мен төлеңгіттер
өмір сүрді. Төлеңгіттер деп сұлтандар
сословиесіндегі қызметтерде жүретін
адамдарды атады. Бұл әлеуметтік топтың
шығуы жоңғарлармен тартысқа және екі
арадағы көп жылғы соғысқа байланысты
болды, сол кездері жоғарғы өкімет пен
оның өкілдері – сұлтандардың “Әскери
міндеттерді атқаратын” адамдарға деген
сұраныстары арта түсті. Тәуелді халық
категориясына сондай-ақ тұтқынға алынған
ресейліктер, қалмақтар, ирандықтар арасынан
іріктелген құлдар да жатты. Алайда, қазақтарда
құл иеленушілік кең таралмады және ол
патриархалдық үй құлы шеңберінен шыға
қойған жоқ. Құлдар негізінен жеке үй шаруа-да
пайдаланылды, олар иелерінің малына қарады,
егістіктерін өңдеді, үй іші шаруасын
істеді.