Қоғамдық
болмыс жағдайлары мен мүдделері
арасындағы қайшылықтарды шешуде
адамдардың ынта – ықыласы,
көз қарастары жүзеге асырылады.
Тақырыпты
пысықтау сұрақтары:
- Қоғам көптеген
ғылымдардың зерттеу объектісі.
- Әлеуметтік
философияның негізгі принциптері, түсінігі.
- Қоғам жүйесі,
әлеуметтік кеңістік және уақыт.
/1/
163-172 бет /2/ 176-185 бет./5/ 159-168
бет.
61
Атырау
мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен .
Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов
Б.С. Базарбаев К.Б.
27-ші
дәріс
Тақырып.
Прогресс
Негізгі
мақсаты: Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің
басты себебі болып табылатын прогрестің
жастар үшін маңыздылығын анық көрсету.
Негізгі
түсініктер: прогресс, регресс,
қоғам, даму, ақпараттық қоғам.
- Прогресс
идеясының қалыптасуы
- Қоғамдық
прогрестің алғы шарттары, тарихи типтері.
- Дүниежүзілік
тарихи дамудың бірлігі мен ерекшеліктері.
- Прогресс
идеясы, ғылыми техникалық прогресс ұғымы
Қоғам өмірін тарихи процесс
ретінде бейнелеу үшін қолданатын
ұғымдарының бірі – прогресс
ұғымы (лат. – ілгері қозғалу
табыс деген сөзден аланған).
Прогресс – қоғамның материалдық
күш қуатының артуы оның қатынастарының
кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің
жан – жақты жетілуіні қажетті
мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның
ұдайы төменнен жоғарға қарай
өрлей дамуының түрі сипаты.
Жалпы
алғанда, қоғамның даму бағыты,
болашағы туралы мәселе – адамзаттың
қоғамдық ойының ежелгі мәселелерінің
бірі.
Батыстың алғашқы идеологтары
прогресті ең алдымен адамның
ақыл – ойының парасатының
кемелденуі мен байланыстырады.
Адам парасатының кемелденуі
негізінде ғана адамды әлеуметтік
бұғаудың барлық түрінен азат
етуге болады, оның кейбір қажеттерін
қамтамасыз ету ізгіліктің, адамгершіліктің
жетілуі деп есептеледі. Парасат
пен ғылым жетістіктерін қалын
көпшілік арасына кең тарату
арқылы қоғамды адам табиғатына
лайықсыз жағдайлардан арылтып,
шексіз прогреске жол ашу мүмкін
болып көрінеді.
Қоғамдық
прогресс – күрделі процесс.
Адамзат тарихының дамуы барысында
қоғам өмірінің бір саласының
жетілуі, кемелденуі басқа салаларының
мешеулігімен, тіпті кері кетуімен
(регреспен) қабаттаса жүріп орыратынын
да көрсетеді.
Қоғам туралы диалектикалық –
материалистикалық ілім тұрғысынан
алғанда, прогресс идеясын ғылыми
жолмен негіздеу үшін: 1) қоғамдық
прогрестің тарихи қажеттілігін
дәлелдеу, яғни қоғам дамуы нысаналығының
себебін табу керек; 2) прогрестік
объективті өлшемін анықтау қажет;
3)нақтылы тарихи кезеңге сәйкес
прогрестің сипаттамасын
62
Атырау
мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен .
Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов
Б.С. Базарбаев К.Б.
беру, яғни
прогрестің тарихи үлгілерін ажырата
білу керек.
Даму қашанда қалыптасқан дағдыны
бұзуымен, өзгертумен байланысты
ол әдетте көпшілікке ұнамайды.
Үйреншікті жағдайды өзгерту
қашанда ауыр. Бірақ онсыз даму
жоқ.
Қоғамды зерттеу принциптерінің
ең негізгі – қоғамдық болмыстың
алғашқы қоғамдық сананың кейінгі
болу яғни қоғам өмірінің негізгі
материалдық өндіріс екендігі. Сондықтан
қоғамдық прогресс туралы ілім
нақтылы бір тарихи кезеңдегі
материалдық өндіріске талдау
жасаудан басталады.
Ғылым тұрғысынан материалдық
өндірістін екі жағының - өндіргіш
күштері мен өндірістік қатынастардың
арасындығы объективті диалектикалық
қатынастардың сипаты, мысалы, өндіріс
құрал – жабдықтарына жекеменшіктің
немесе қоғамдық меншіктік болуы
өндіргіш күштердің даму дәрежесіне
тәуелді.
Қоғамның дамуы қоғамдық –
экономикалық формациялардың бір
– біріне ауысу түрінде жүзеге
асатын прогресс болғандықтан, қоғамдық
прогресстің өлшемі бір қоғамдық
экономикалық формацияны екіншісімен
тұтастай салыстыруға мүмкіндік
береді. Ғылыми әдіс қоғамы өндіргіш
күштерінің дамуын осындай таланттарға
сай келетін өлшем ретінде
қарастырады. Қоғам өндіргіш күштерінің
дамуы жалпы адамзат тарихының
арқауы болып табылады, өйткені,
тарихы дамудың қай сатысында
тұрса да, қоғамның негізгі міндеті
- өз қмірінің материалдық жағдайларын
қамтамасыз ету, ал оның алғы
шарты - өндіргіш күштер болып,
олардың жетілдіріліп отырылуы.
Дүниеге бірімен – бірі байланыссыз,
өзінен өзі болатын жеке –
дара ешбір құбылыс жоқ. Қандай
бір зат болсын, ол айналадағы
басқа заттармен міндетті түрде
қатынаста болады. Ал өмір сүріп,
бірақ ешқандай қатынаста болмайтын,
басқа заттардың әсерінен ұшырамайтын
не өзі әсер етпейтін зат,
құбылыс әлемінде болмайды, болуы
да мүмкін емес.
Сонымен, қоғамның өндіргіш күштерінің
даму қоғамдық прогресті қоғамның
барлық салалары тұрғысынанда, адамның
жеке басының даму тұрғысынанда
көріне алатын объективті өлшем
болып табылады. Бұл өлшем прогрестің
қоғам өмірінің барлық салаларын
тұтас қамтитын заңды прогресс
екенін дәлелдеуге мүмкіндік
береді.
Қоғам дамуының нақты сатылары
қоғамдық экономикалық формациялар
болғандықтан, прогрестің тарихи
типтеріне талдау жасау дегеніміз
әрбір қоғамдық экономикалық
формацияға прогрестің жүзеге
асуы жағдайларын, мүмкіндіктерін
нәтижесін қарастыру болып шығады.
Адамзат тарихының бастамасы
– алғашқы қауымдық қоғам.
Өндіргіш
63
Атырау мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен .
Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов
Б.С. Базарбаев К.Б.
күштердің
даму дәрежесі өте төмен: ең қарапайым
дөрекі еңбек құралдары шоқпар, тастан
жасалған балталар, пышақтар, тас сүнгісі
бар найза, әртүрлі торлар, т.с.с.
Білім жоқ тәжірибе өте аз, төмен.
Сөйтіп алғашқы қауымдық қоғам –
адам дамуының ең төменгі сатысы. Ру
мүшесі қатаң әлеуметтік байланыстарға
бағынышты, оның не істейтіні, қалай
істейтіні, өзінің қалауына байланысты
емес, қалыптасқан өмір тәртібіне
байланысты болады.
Таптық қоғамның алғашқы түрі
– құл иеленушілік формация. Бұл
қоғамның негізгі өндіргіш күші
– құл, негізгі өндірістік
қатынас - өндіріс құрал жабдықтары
да құл да құл иеленушінің
жекеменшігінде, өндірілген өнім. Түгелдей
құл иеленушіге тиеді.
Алайда құл иеленушілік қоғамның
бұл табыстарының көзі ең тұрпайы,
аяусыз зорлыққа негізделген
құлдық еңбек. Ертектегі Грецияның
қоғамдық өмірін бір жағынан
ұлы ғалымдардың ғажайып өнер
иелерінің талантты мемлекет
қайраткерлерінің, белсенді азаматтардың
әрекеттері көрсеттсе екәнші
жағынан, мал ретінде еңбек
етуге мәжбүр болған құлдардың
жағдайы сипаттайды.
Құл иеленушілік қоғамдағы прогрестің
мұндай қайшылықтары кездейсоқтық
емес, қажетті құбылыс. Феодалдық
қоғам нақты тарихи жағдайларға
байланысты құл иеленушілік қоғамның
ыдырауы салдарынан пайда болады
немесе тікелей алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырауы арқасында
қалыптасады.
Адамға тән қажеттердің үздіксіз
өсіп отыруы капитализммен бастап
қана қоғам дамуының заңдылықтарына
айналды. Алайда капитализм туғызған
қоғам, адам дамуының мүкіндіктері
шынайы өмірде қарым қатынас
сипатта жүзеге асады.
Қоғам даму белгілі бір заңдылықтарға
бағынатын процесс болғандықтан,
қоғамдық процесс те заңды
құбылысқа жатады. Әрбір қоғамдық
экономикалық формация даму барысында
өзінен гөрі жоғары келесі
қоғамдық экономикалық формацияның
қалыптасу мүмкіндіктерін туғызады.
Қоғамдық прогрестің заңдылығына
күмән келтірудің екінші бар
бағыты
социализмнің
теориясы мен практикасы арасындағы
орын алған терең алшақтықты тілге
тиек етеді. Капитализмге қарағанда
социолизм объективті түрде тарихи
дамудың жоғарырақ сатысы еді.
Дегенмен, Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы” деген
кітабында бізде орнатылатын
либералдық немесе халықтық капитализмде
емес, не шынайы, немесе жаңартылған
социолизм де емес, тек көп
укладты
64
Атырау
мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен .
Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов
Б.С. Базарбаев К.Б.
нарықтық
экономикасы бар, әдеттегі демократиялық
қоғам екенін айтады. Бірақ бұл
бағдарлама. Оның нақты болмысын өмір
көрсететін болады.
- Прогресс
идеясы, оның алғы шарттары, типтері.
- Ғылыми –
техникалық прогресс.
- Әлеуметтік
прогрестің алғы шарты және факторлары.
/1/ 173-182 бет /2/ 186-195
бет./5/ 179-188 бет.
28-ші
дәріс.
Тақырып.
Мәдениет және өркениет
Негізгі
мақсаты: Мәдениет тарихы мен өркениет
тарихының бірін-бір толықтырушы ұғымдар
екенінін, өркениеттің бүгінігі күннің
өмір сүру формасы екендігіне ғылыми талдау
жасау.
Негізгі
түсініктер: мәдениет, өркениет, өркениет
құрылымы, трансформация, механизм, диалог,
коммуникация, футурология.
- Мәдениет
туралы әртүрлі ғылыми концепциялар,
тұжырымдар.
- Мәдениет
адам дамуының өлшемі
- Мәдениетжәне
өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар,
ерекшеліктері.
Мәдениет
– философиялық ой – толғамның
аса маңазды, терең теориялық
мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет
үғымы қоғам өмірінің түрлі
салаларына байланысты жие пайданылады
сонымен қатар адамзат тарихын
зерттеушілер де мәдениет мәселесін
қамтымайынша дұрыс қайымдаулар
жасай алмайтынын ескерте кету
керек.
Көпшілікке
арналға әдебиетте мәдениет мәселесін
рухани, көркемдік саласармен байланыстыра
қарау басым. Шынына келгенде,
мәдениет – адам әрекетінің, саналы
қызметінің көрінісі олай болса
оған рухани да материалдықта
жетістіктер жатады.
Материалдық өндіріс рухани өмір
сияқты бір қалыпта қала бермейді
өдіріс қажеті оның дамуын, жаңаша
қалыптасуын туғызады оны күрделі
ете түседі.
Материалдық мәдениет құрамына
еңбек құралдарымен қатар барлық
қолмен, ақылмен өнделген еңбек
заттары жатады. Олардың мазмұны
мен түрі мәдениеттің даму
сатысын көрсетеді. Сондықтан,
мәдениеттегі қазіргі