Бір сөзбен айтқанда, географиялық
детерминизм қоғамдық дамудағы,
әр халықтың тарихындағы өзгешеліктерді
географиялық ортаның әсерімен
түсіндіруге тырысады, яғни бұл
ағым қоғам дамуының басты
себебін қоғамның өз ішінен
емес, сыртынан іздейді.
Империализм дәуірінде географиялық
детерминизмнің жалғасы сияқты
кертартпа ағым – “геосаясат”
пайда болды. Геосаясат империалистік
мемлекеттердің агрессиялық саясатын
ақтауға тырысты. Бұл ағымды
ұсынған неміс географы Ф.
Ратцельдің ойы бойынша, тарихтың
қозғаушы күш – “өмірге қажет
кеңістік үшін күрес”. Оның пікірінше,
тарих
дегеніміздің
өзі халықтардың “өмірлік кеңістік
үшін” бір – бірімен күресі.
Мәселе, “геосаясат” деген сөзде
емес. Оны не үшін қолдануда. Өз жерін
басқадан қорғау да – геосаясат.
Табиғат пен қоғамның өзара
тұтастығы, өзара қарым – қатынасы
туралы айтқанда, тек географиялық
орта туралы түсінікпен ғана
шектелу қате болар еді. Адамның,
бүкіл қоғамның өмір сүретін
табиғи ортасы, әрине, көп. Ол
биосфера деп аталады. Биосфера
жер шарының тіршілік тараған
аймағы. Оған тірі организмдер
мекендейтін, жер қыртысының жоғарғы
қабаты, өзендер мен көлдер, теңіздер
мен мұхиттар, сондай – ақ атмосфераның
төменгі қабаты жатады. Басқаша
айтқанда, биосфера –
57
Атырау
мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен .
Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов
Б.С. Базарбаев К.Б.
адамдардың
тыныс – тіршілігін, өмір сүруін
қамтамасыз ететін орта.
Биосфераның
құрамына өмімдіктерден, тірі
организмдер мен жануарлардан
басқа адамның өзі де кіреді,
яғни адамзат – биосфераның
бір бөлігі. Адамның іс - әрекеті,
ғылым мен техника дамыған
сайын биосфераның өзгеруі жылдамдай
түседі. Ноосфера туралы ілімнің
негізін қалаушы орыс ғылымы
В. И. Вернадскийдің (1863 – 1945)
пікірінше, ноосфера – адамның
ақыл – ой өрісі, ойланып
істеген әрі дәйекі басқарып
отыратын әрекетінің көрінісі, табиғатты
жоспарлы, жүйелі әрі саналы түрде
пайдалануының, өзгертіп, түрлендіруінің
жемісі.
Бұл
айтылған мәселелер бүгінде экологиялық
проблемалар деп аталып әлемдік
сипатқа ие болып отыр. “Экология”
деген ұғым гректің “okos – үй,
мекен” және logos – ғылым деген сөздерінен
құралған. Басқаша айтқанда, экология
– табиғат мен қоғам байланысы туралы
ғылым. Қысқасы, бүгінгі таңда табиғат
қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы
үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын
қамтып отырған “бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығаруды” талап ететін ғаламдық
мәселеге айналады. Сондықтан елімізде
табиғат қорғау, оның байлығын ұқыпты
пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат
деңгейінде қаралып отырғаны да әбден
заңды.
Экологиялық тәрбиені жүйелі
негізге қою да – уақыт талабы,
экологиялық мәдениетке ие болып,
табиғатқа туған анасындай аяулы
сезіммен қарау – бүгінгі танда
әрбір азаматтың абыройлы борышы.
Тақырыпты пысықтау
сұрақтары:
- Адам және
оның болмысы.
- Адам проблемасының
философияда қойылуы.
- Адамның рухани
әлемі, діни және ғылыми тұжырымдар.
- Табиғат –
философия.
- Табиғат,
географиялық отра түсінігі.
- Экология
мәселелері.
/1/ 153-162
бет /2/ 166-175 бет./5/ 149-158
бет.
25-26
шы дәріс.
Тақырып.
Қоғам және оның жүйесі
Негізгі
мақсаты: Қоғамның адамдар үшін, әлем
үшін маңызын түсіндіру, қоғамдық сананы
тағы да нақтылау.
Негізгі
түсініктер: қоғам, қоғамдық сана, қоғам
құрылымы, ашық қоғам, құндылықтық аспект.
58
Атырау
мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен .
Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов
Б.С. Базарбаев К.Б.
- Қоғамды зерттеудің
методологиялық негізі.
- Қоғам туралы
әр – түрлі көз қарастар, тұжырымдар.
- Қоғамның
тарихи типтері, қозғаушы күштері.
- Қоғамның
жүйесі туралы түсінік.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар
туралы ой – пікірлер, идеялар
мен ұғымдар алғашқы қауымдық
қоғам дәуірінде – ақ қалыптаса
бастаған. Адамдардың алдында қоғам
деген не, ол қалай пайда болады,
ол қалай дамиды, дамудың көздері
мен қозғаушы күштері неде
қоғамды құбылыстар мен процестердің
байланысы қандай, өзара әсер, себеб,
қарым – қатынастар заңдылықтары
бар ма деген және басқа
да көптеген сұрақтар, ой –
пікірлермен идеялар туады.
Қоғамдық құбылыстарды процестерді,
тарихты танып білуге, өзгертуде
философия тарихында материализммен
идиолизмнің арасында ұдайы қарама
– қарсы күрес болып келді.
Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың
пайда болуы, ой еңбегімен дене
еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны
қанаудың күшейюі қоғам туралы
ой пікірлерді, идеяларды одан
әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық
өмірге, оның дамуына байланысты
көз қараста бұрын идеолизм
үстемдік етіп келді. Оның үш
түрлі себебтері бар тарихты
ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі
бір нақтылы объективтік жағдайлар
талабына байланысты туындаған
соның рухани нәтежесі еді.
Ол қоғамның, философияның, ғылымның
жаңа практикалық талабына сәйкес
өмірге ойдың жетістіктеріне
сүйену арқылы, соның жалғасы
ретінде және ғылым, практика
жаңалықтарына сүйене отырып, солардың
талабына сай қалыптаса бастады.
Тарихты объективтік тұрғыдан
түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы
қатарлы қоғамдық ойдың жәй
жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы
мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа
объективтік көз қарастың қалыптасуы
табиғатты да, қоғамды да қамтитын
біртұтас ғылыми – философиялық
дүниетанымдық негіз болды.
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде
зерттеу нәтижесінде оның даму
заңдылықтарын ашу барысында
әлеуметтік тану саясаттану ілімдері
дүниеге келді. Ол ғылымдар
адамзат тарихин түсіндірудің
кілтің, көзін қоғамның материалдық
– экономикалық қатынастар жүйесінен
шығарып, оны жан – жатқы
терең талап дәлелдеді.
Қоғам
заңдары бадырайып көрініп тұрмайды,оларды
тікелей байқау, көру, бақылау арқылы
қабылдау өте қиын. Осы себебті
қоғам заңдарын терең танып
– білу арқылы пайдалану онай
емес, ол көп күш жұмсап,
59
Атырау
мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен .
Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов
Б.С. Базарбаев К.Б.
зерттеуді
керек етеді. Олар абстрактілі
ойлау арқылы белгілі болады.
Қоғамды
ғылыми тұрғыдан түсінудің басты
өзгешелігі – ол алуан түрлі
қоғамды қатынастардың байланыстардың
ішінен ең бастысын – материалдық
- өндірістік қатынастарды бөліп
алады.
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің,
оның іс - әрекетінің қажетті шарты
және қайнар көзі. Адам өзінің
жасампаздық күш – қуатымен
табиғи мүмкіндіктерді шындыққа
айналдыру арқылы болмысты өзгертіп
отырады. Қоғамдық болмыс –
адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі
әлемметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда тұрлі қатынастар бар.
Олардың негізіне алғанда марериалдық
және идеологиялық қатынастар
болып екіге бөлінеді. Материалдық
қатынастар адам санасынан тыс,
ой елегінен өтпей – ақ қалыптаса
береді. Оған жататындарды ең
алдымен табиғатты адам арқылы
өңдеу деп айтады.
Қоғамды қатынастардың екінші
бір тобы – идеологиялық қатынастар
оларға адамды адам арқылы
өндеу жатады. Олар саяси, құқылық,
марольдық, діни, эстетикалық философиялық
қатынастар болып бөлінеді.
Нағыз
демократиялық қоғам адамдар
бостандығынан, еркіндігінен көрінеді.
Бірақ бостандық ойға келгенді
жасау емес, қоғам болған соң
белгілі тәртіп болады.
Демократияның бір көрінісі либерализм.
Ол адам құқығы деген ұранды
желеу етіп адам не істесе
де берікті болу керек дейді.
Қоғам дамуындағы ерекше заңдар
әр – бір жеке – экономикалық
формациялардың өзіне тән ерекшелігін
көрсетеді.
Қоғамды
бір тұрас, тірі әлеуметтік
организм деп қараудың негізгі
шарты – барлық дәуірлердің
әлеуметтік – экономикалық даму
типологиясын құру, яғни қоғамдық
– экономикалық фармация туралы
қғымды тұжырымдауды қажет етті.
Сондықтан тарихты әлеуметтік
философия тұрғысына пайымдау, талдау
әдісін – біз қоғамдық құылыстардың
жалпы теориясымен методологиясы
дейміз. Айта кеу керек, қоғамды
басқа да толып жатқан нақтылы
ғылымдар (әдебиет, заң, тарих,
саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану,
т.б.) зерттейді.
Материалистік философия ілімдерінде
адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтік,
әрқашан өзіне тән құбылыс
ретінде қаралып келді. Қоғамдық
құбылыстар кездейсоқ, оларға
ешқандай заңдылық жоқ деп
санаған, не биологиялық заңдылықтарды
қоғам өміріне қолданған реттер
де кездесті.
Қоғамның тарихи үлгілері бір
– бірінен материалдық игілікті
өндіру тәсілі арқылы ажыратылады
ал қоғамның формацияның саналық
ерекшелігі ондағы өндірістік
қатынастарға байланысты болады.
60
Атырау
мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен .
Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов
Б.С. Базарбаев К.Б.
Әр бір қоғамдық формацияның
негізінде белгілі бір өндіріс
тәсілі болады. Өндірс тәсілінің
алмасуы қоғамдық формацияның
ауысуына бастайды.
Қоғамның қозғаушы күштері туралы
мәселенің принципті маңызы бар,
Өйткені бұл проблеманы шеше
отырып, біз қоғамның ілгері дауының
басты қозғаушысы, оның жүргізушісі
кім, адамдардың саналы жасампаздық
қызметінің басты ынталандырушысы
неде, олардың көріністері қандай
деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Қоғам
дамуының объективті қозғаушы
кұштері өздерін терең түсінуді,
білуді қажет етеді сондықтан
олар өздерінің идеологтарын
қалыптастырады.
Қоғамның
данму процесі, оның жоғары
қарай ілгері басуы қозғаушы
күштер, қайшылықтар, қарама қарсы
күрестер, әлеуметтік өзгерістердің
қарқымды секірістері арқылы
жүзеге асырылынатын. Бұл арада
қозғаушы күштер болып белгілі
бір әлеуметтік топтын жыйынтығы
да шығады. Бұлар қоғам дамуының
прогресшіл мүдделеріне сәйкес
нақтылы – тарихи жағдайларға
байланысты толғағы пісіп –
жетілген қайшылықтарды шешуге
бағытталған.
Марериалдық
– экономикалық мүдделерден басқа
рухани мүддерлерде бар. Рухани
мүдделер қоғамның эстетикалық
адамгершілік діни мүдделері
– оның білімге мәдениетке, оқуға
үмтылуы.
Мүдделердің
өзгеру негізіне объективті болмыс
және адамның материалдық дүниеде
өмір сүруі, адам мен қоғамдағы
өзгеру барысының бейнесі жатады.
Бір мүдделерді қанағаттандыру
қоғам дамуында жаңа мүдделерді
туғызады. Саондықтан мүдделердің
де жоғарлау, өрлеу заңы тарихтың
қозғаушы кұшіне енеді.