Екінші дүниежүзілік соғыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 21:49, реферат

Описание работы

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай...............................3
1.2 Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі.........................................................4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа мемлекеттері.........6
2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының басталуы.................................................................9
2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары Кореядағы соғыс...............15
2.4 БҰҰ-ның халықаралық өмірдегі рөлі...............................................................20
2.5 «Қырғи-қабақ» соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы...................................21
ІІІ. Қорытынды
3.1 Қош бол, екі полюсті Әлем.................................................................................23

Работа содержит 1 файл

Екінші дүниежүзілік соғыс.doc

— 104.50 Кб (Скачать)

     Бірақ  27 қазанда Куба дағдарысының «Қара  сенбісі» басталды, мұнда  әлем соғысының  басталуы тым ықтимал болды. Осы күндері Куба үстінен күніне екі рет АҚШ ұшақтарының эскадрильясы өтетін.  27   қазанда Кеңес әскерлері Кубада  осындай АҚШ-тың ұшқыш-барлаулаушысын ракетамен соғып жібереді. Ұшақтың пилоты Андерсон қаза тапты. АҚШ президенті Кеңес ракета базасын атқылауға және аралда әскери атака бастауға шешім қабылдайды.

     Бірақ 28 қазанда, жексенбі күні Кеңес басшылары  Америка шарттарын қабылдайды.  Кубадан ракеталарды әкету Куба  басшыларынсыз шешіледі. Халықаралық  шиеленіс 28 қазаннан кейін түсе бастайды. Кеңес Одағы Кубадан өз ракеталарын және бомбардировщиктерін әкетеді. 20 қарашада аралдан теңіз блокадасын шешеді. Кубалық немесе Кариб дағдарысы бейбіт шешіледі. 

Вьетнамдағы соғыс (1965-1973)

     Вьетнамда соғыс Тонкин шығанағында болған оқыс оқиғадан басталды. Сол уақытта ДРВ-ның  жаға күзеті Оңтүстік Вьетнам өкіметіне  партизандармен күресінде көмектесіп жатқан американдық эспиндерді атқылады. Осыдан соғыс ашық  соғысқа  ұласты. АҚШ-қа бұл соғыс нағыз   масқараға айналды. Соғысқа қарсы демонстрациялар елді дүр сілкіндірді. Жастар мағынасыз соғысқа қарсы шықты. 1975 жылы АҚШ өз миссиясын орындағанын жариялап, контингенттен әскерін эвакуациялады. Соғыс америка қоғамын дүр сілкіндірді және ірі реформаларға алып келді. Соғыстан кейінгі дағдарыс 10 жылға созылды. Бұның бәрі немен аяқталары қиынға соғар еді, егер ауған дағдарыс болмаса.  
 
 
 

Ауғандағы соғыс

      1978 жылы сәуірде Ауғанстанда, кейін сәуір революциясы деп аталған төнкеріс болды. Билік басына ауған коммунистері – Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы келді. Өкіметті жазушы Нұр Мұхамед Тараки басқарды. Бірақ бірнеше айлардан кейін партия билеушілері арасында күрес басталады. 1979 жылы тамызда партияның екі көсемдері Тараки және Амин арасында күрес басталады. 16 қыркүйекте Таракиді орнынан түсіріп, партиядан шығарып, түрмеге жабады. Көп кешікпей ол қайтыс болады. Бұл жағдайлар Мәскеудің наразылығын тудырды. Партия ортасында жаппай тазалау мен жазалау да наразылықты тудырды. Амин Ауғанстанға кеңес әскерлерін революциялық өкіметті нығайту үшін сұрады. 1979 жылы 12 желтоқсанда кеңес басшылары оның сұрауын қанағаттандырады. Бірақ Амин өкімет басынан кету керек болды . Кеңес әскерлері Ауғаныстанға енгізілді. Амин президент сарайының штурмы кезінде граната жарылысынан қаза табады.

      Батыста Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіруі наразылық тудыртты. «Қырғи-қабақ соғысы» жаңа күшпен жанданды. 1980 жылы 14 қантарда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ауғанстаннан «шет әскерлерінің» шығарылуын талап етті. Бұл  келісімге 104 мемлекет дауыс берді.

      Сол кезде Ауғанстанда қарулы қарсыласу күшейе бастады. Оларға қарсы Аминнің жақтастары, революциялық өкіметтің қарсыластары күресті. Кеңес Одағында Ауғанстанда ешқандай соғыс жоқ деді. Алайда олар елде бандиттер жүргенсіздік жасап жүр деді. Оларды «душмандар» деп атады, яғни жаулар. Құпия түрде Пәкістан арқылы құрама штаттар оларды қарумен және ақшамен көмекпен қамтамасыз етті. Повстансалар Ауғанстанның көптеген бөлігінде бақылау орнатты. Оларды джихад қасиетті ислам соғысы ұраны біріктірді. Олар өздерін «маджахеттер» яғни сенімдерінің күресшілері деп атады.

      Ауғанстандағы соғыс 10 жылға созылды. Соғыс барысында  миллионға жуық ауғандар қайтыс болды. Кеңес әскері ресми деректер бойынша 14 453 адамынан айырылды. 1987 жылы маусымда бейбітшілікті орнатуда алғашқы қадамдар жасалынды. Жаңа Кабул өкіметі повстансаларға «ұлттық уақытша бітім» жасауды ұсынды. 1989 жылы сәуірде Кеңес Одағы Женева қаласында Ауғанстаннан әскерін әкету келісіміне қол қойды. 15 мамырдан әскер елден шығарыла бастайды. 9 айдан кейін, 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан кеңестің ақырғы солдаты кетті. Осы күн Кеңес Одағы үшін Ауған соғысының аяқталуын білдірді.  

2.4. БҰҰ-ның халықаралық  өмірдегі рөлі

      70-80-ші  жылдарда халықаралық істерде  Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі  өсе түсті. Бас Ассамблеяның  күн тәртібінде қарусыздандыру, халықаралық қатынастарды демократизациялау, бейбітшілікті сақтау, демократизацияға және апартеидкеке қарсы күрес мәселесі бірінші орынға қойылады.

      80-ші  жылдардың бірінші жартысында  халықаралық қатынастардың шиеленіскен  жағдайларында да Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгершілік рөлді атқарады. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бірқатар тайталастықты кінәлайтын шешімдер қабылдады. 1981 жылы желтоқсанда ол ядролық апатты алдын алу үшін декларация қабылдайды. Екі жылдан кейін ядролық соғысты кінәлайтын декларация және ядролық қаруды, оны сынауды тоқтату ұранымен қарар қабылдады. 1984 жылы желтоқсанда БҰҰ космосқа қарулану  жарысының ауысуына қарсы шықты. Оның көптеген шешімдері экологиялық апаттың алдын алуға бағытталды.

      БҰҰ-ның  бас хатшысы Перес де Куэльяр  және оның өкілдері аймақтық жанжалдардың реттелуіне көп үлес қосты.Оған халықаралық қатынаста жаңа атмосфера ықпал етті. БҰҰ-ның жәрдемімен Иран-Ирак соғысы тоқтатылды. Никосиядағы грек және түрік қауымдастықтарының жетекшілері арасындағы келіссөздер қалпына келтірілді. Намибияның тәуелсіздікке өтуі басталды.

     Халықаралық жағдайдың тұрақталуындағы  үлкен  мән Ауған мәселесінің реттелуі болды. 1988 жылы сәуірде Женевада Ауғанстан  және Пәкістан арасында халықтық уақытша  бітімнің реттелуіне қол қойылды. 1990 жылы 1 мамырда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының арнайы 18 сессиясының отырысында жаңа ғаламдық пәтуаны жариялаған декларация мақұлданады. Онда барлық мемлекеттердің қызығушылығындағы халықаралық экономикалық ынтымақастықтың даму жолдарын анықтады. 

2.5 «Қырғи-қабақ» соғысының  бәсеңдеуі және аяқталуы

     Қарсыласудың  біраз бәсеңдеуі 70- жылдардарда байқалды. Оның бастамасы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  кеңесі саналады. Қатысушы мемлекеттер  екі жыл келісім жүргізді. 1975 жылы Хельсинкіде бұл мемлекетер Кеңестің қорытынды актісіне қол қойды. КСРО жағынан бұл актіні Леонид Брежнев бекітті. Бұл құжат соғыстан кейінгі Еуропаның бөлінгенін заңдандырды. Бұны КСРО талап еткен болатын. Батыстың бұл келісіміне айырбас ретінде Кеңес Одағы адам құқығын қадірлеуге мәжбүрленді. Бұған дейін 1975 жылы шілдеде атақты Кеңес-американдық ғарыш кемелерінің «Союз» және «Аполлонның» бірге ұшуы болды. «Қырғи-қабақ» соғысы кезеңі өткен шақта қалған сияқты еді. Бірақ 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға КСРО әскерінің енгізілуі «қырғи-қабақ» соғысын жандандырды. Шығыс пен Батыстың арасындағы қатынастың шиеленісуі, ол Кеңес басшыларының шешімдерімен Кеңес әуе кеңістігінде Оңтүстік Корея бейбіт жолаушылары бар ұшқышты соғуы болды. Осы оқиғадан кейін АҚШ президенті КСРО-ны «зұлымдық империясы және зұлымдық орталығы» деп атады. Тек қана 1987 жылдан бастап Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынас біртіндеп жақсара бастады.

     1988-89 ж.ж. «қайта құрудың» басталуымен  Кеңес саясатында шұғыл өзгерістер  байқалды. 1989 жылы қарашада Берлин  қабырғасы өз өмір сүруін тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Варшава келісімі таратылды. Социалистік лагерь жойылды. Оның бұрынғы мүшелерінің бірқатар елдерінде демократиялық революциялар болып өтті. Бұл революцияларды КСРО қолдады. Кеңес одағы сонымен қатар үшінші әлем елдерінде өз ықпалын жүргізуден бас тартты. Мұндай кеңес сыртқы саясатындағы өзгерістерді Батыста КСРО президенті Михаил Горбачевтың атымен байланыстырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. ҚОРЫТЫНДЫ

3.1 Қош бол, екі  полюсті Әлем

     «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесін Берлин қабырғасының бөлшектеуін санайды. Яғни оның нәтижесі туралы айтуға болады. Бірақ бұл ең қиыны. Мүмкін «қырғи-қабақ» соғысының нәтижесін тарих тиянақтайды. Оның ақиқатты нәтижесі онжылдықтар өткен соң көрінетін болар. Қазір біз объективті емеспіз. Бір жағынан «қырғи-қабақ» соғысы аяқталған жоқ, ол келесі фазаға өтті деп есептейтін адамдар да аз емес, екінші жағынан көпшілігі оның нәтижелерін жаңа қарсыласудың басталуы деп қарастырады. «Қырғи-қабақ» соғысының кемшілігі неде? Бастысы мүмкін оның соғыс шегінде балансы болар. Қарсыласушылар соғысқан жоқ, бірақ оған негізделіп дайындалғаны соншалық, соғыстың әр уақытта басталу мүмкіндігі жоғары еді. Әлемдегі әрбір оқиға жағдайлары жаман, жақсы ретінде қарастырылды. Егер бір жаққа ол пайдалы болса – жақсы, қалғандары жағымсыз. Тұтас адам ұрпақтары деформацияланған психикамен өсті. Ол қоршаған ортаны қабылдаудағы барабарлықсызда көрініс тапты.

     Бірақ бұл соғыстың көптеген жағымды жақтары  да болды. Біріншіден бұл оның нағыз  соғысқа ұласпауы, яғни, ұзақ уақытта  қарсыласу жақтары қарым-қатынастарын қарусыз шешіп отырды, екіншіден ол алғашқы рет қарсыласып жатқан жақтарды келісімсөздер жүргізуге және қарсыласу ойынына анықталған ережелер енгізуге мәжбүр етті (қарулану жарысын шектеудегі тұтас келісім жүйелері бұған дәлел). Қарулану жарысы құбылыс ретінде сөзсіз минус таңбасы болды. Ол материалдық ресурстарды көп талап етті. Бірақ әрбір құбылыс ретінде оның да жағымды жақтары болды. Бұл жерде жаратылыстану ғылымдарының «алтын ғасырын» айтуға болады. Оның дамуынсыз қарулану жарысының болуы екіталай еді.

     Ақырында  негізгі құраушы, бір жақтың жеңісін  анықтаған – ол жалпыадамзаттық  құндылықтар. Оны техниканың фантастикалық  дамуы, идеологиялық айлақорлық ықпал  да жеңе алмады.

Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыс