Екінші дүниежүзілік соғыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 21:49, реферат

Описание работы

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай...............................3
1.2 Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі.........................................................4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа мемлекеттері.........6
2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының басталуы.................................................................9
2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары Кореядағы соғыс...............15
2.4 БҰҰ-ның халықаралық өмірдегі рөлі...............................................................20
2.5 «Қырғи-қабақ» соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы...................................21
ІІІ. Қорытынды
3.1 Қош бол, екі полюсті Әлем.................................................................................23

Работа содержит 1 файл

Екінші дүниежүзілік соғыс.doc

— 104.50 Кб (Скачать)

        Шығыс пен Батыстың арасындағы  қарым-қатынастың шиеленуіне ықпал  еткен халықтық демократиялық  мемлекеттерде комунистік партиялардың  дара билігінің орнығуы КСРО-ның  көрші мемлекеттердің территориясына  талабы және Грециядағы азаматтық соғыс.

      Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Ирандық  Азербайджандық партизандарға қолдау көрсетті. Олар Иранның орталық өкіметіне  қарсы соғысып жатқан еді. КСРО өкіметі  достық және бейтараптық келісім  шартты жоққа шығарды, ал кеңестік мөр Түркияның Батыс Армения мен Қара теңіз бұғаздарына қатысты деген мәселені көтере бастайды, бұл жерлерге ежелден Ресей өз талабын білдірген еді.

      Грецияда  партизандық отрядтар Коммунистердің басқаруымен қарусызданудан және Король өкіметіне бағынудан бас тартты. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Ялта келісімі бойынша Греция Ұлыбритания ықпалында қалған еді. Сталин Грецияның компартиясына қарулы күреске шықпауына кеңес берді, бірақ компартия оның кеңесін қабылдамады.  1946 жылы Грецияда партизандық соғыс басталды, ол 1949 жылға дейін созылды. Бұл соғыс партизандардың жеңілуімен аяқталды.

      «Қырғи-қабақ»  соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери –саяси коалициялар  пайда болды. Бұл коалициялар  сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен басқарылды.

      Еуропаның Халықтық-демократиялық елдері КСРО-мен  және бір-бірімен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісімдермен байланысқан  болатын. Сонымен қатар Кеңес  Одағы Финляндиямен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісіміне қол қойды, бірақ Финляндия кеңес блогы құрамына кірмеген бейтарап капиталистік ел болды.

      Кеңес Одағы Корей  Халық-демократиялық  Республикасымен экономикалық және мәдени ынтымақтастық  туралы келісімге  кол қойды. 1950 жылы 14 ақпан айында екі ірі социалистік мемлекеттер  Кеңес Одағы және  Қытай Халық Республикасы арасында достастық, одақ және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

      Қарама-қарсы  АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің  блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка  континентінің мемлекеттері Канададан  басқасы америкааралық «өзара көмек келісім» шартын  жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды.

      Еуропада  әскери-саяси блоктарды құрудағы басты инициаторлары  болып Англия мен Францияның билеуші топтары  болды. 1947 жылы 4 наурызда Франция мен Англия Дюнкеркте өзара көмек туралы келісімге қол қойды.  Іс-жүзінде ол Германия тарапынан жаңа агрессия мүмкіншілігіне қарсы бағытталған болатын, ал шын мәнінде бұл келісім Батыс Еуропа державаларының өз қызығушылықтарын қорғауға бағытталған. 1948 жылы Англия мен Францияға Бельгия, Голландия және Люксенбург  өкіметтері қосылды. Олар Батыс Одағын құрды. Европада агрессия болған жағдайда бір-біріне көмектесуге міндетті болды.

      Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысқан  Батыс Еуропалық мемлекеттердің әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы сәуір айында Солтүстікатланта ұйымы келісімі – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Европа мемлекеттері кірді. 1955 жылы мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания(кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді.

      Екі тайталасып жатқан блоктардың бұрынғы  жаугершілік мемлекеттерге қарым-қатынасын  түбегейлі өзгертті. «Біздің мақсатымыз бұл бұрынғы жауласқан мемлекеттерді мәжбүр етусіз мықты одақтарға айналдыру еді» деп АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Ачесон жазды. Бұл мақсатқа жету үшін АҚШ пен Ұлыбритания билеушілері Францияның қолдауымен Потсдтам келісімдерін қайта қарастыру және Батыс Германияның экономикасын, әскери әлеуетін қалпына келтіруге бағыт алды.

      1946 жылы АҚШ пен Англия өздерінің  оккупацияланған аймақтарын Бизонияға  (екі аймақ) біріктірді. 1948 жылы  оларға Францияның аймағы қосылды-үштік  аймақ-Тризония құрылды. 

      Батыс аймақтарда оккупациялық өкімет буржуазиялық партия өкілдерімен басқарылатын неміс администрациясының қолына басқару функцияларын біртіндеп бере бастады.  1948 жылы Лондонда өткен кеңесте АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Голландия және Люксембург өкіметтері Тризония территорисында жеке мемлекет құру шешіміне келді.  Бұл жолдағы маңызды қадам болып АҚШ,  Англия және Францияның Тризонияда оңаша ақша реформасын өткізуі саналды.

      1949 жылы тамыз айында Батыс Германия парламентіне сайлау өтті. 1949 жылы 7 қыркүйекте парламенттің бірінші сессиясы жаңа герман мемлекетінің – Германия Федеративті Республикасының құрылуын жариялады. АҚШ, Ұлыбритания және Франция оккупациялық әскерлері Германия Федеративті Республикасының территорисында қалды. ГФР мен олардың қарым-қатынасы «Оккупациялық заңмен» реттелді.

      Бұдан кейін кеңес оккупация аймағында  Шығыс Герман мемлекетінің құрылуы  басталды. 1949 жылдың 7 қазанында Германия Федеративті Республикасының негізі қаланды. ГФР-дың экономикасының дамуын жеңілдету үшін Кеңес Одағы оған қарасты төлемдерді үш есе төмендетті, кейін одан да бас тартты.

      Неміс жерінде саяси және қоғамдық құрылысы әртүрлі екі герман мемлекеттері пайда болды.

     «Қырғи-қабақ»  соғысы жағдайында қарусыздануға және халықаралық қатынастың жұмсару үшін күрес жүргізуші бейбітшілік күштері белсенді жұмыс атқарды.  Кейін қарулану жарысы екі жақпен мәжбүр етусіз тоқтатылды.

     50-ші  жылдардың екінші жартысында  КСРО мен АҚШ-тың арасындағы  қарулану жарысы шарықтау шегіне жетті. Оны шектеудегі бірінші әрекет, 1955 жылғы Женева конференциясы сәтсіз аяқталды. КСРО 1957 жылдың күзінде ядролық қаруды сынауға мораторий енгізуді ұсынды, ал 1958 жылдың көктемінде  сынақтың біржақты тақталуын жариялады. Өздерінің жария еткен жарлығында кеңестер, «егер АҚШ пен Англия өз сынауларын тоқтатпаса, онда Кеңес Одағы атом және сутегі қаруының сынаудағы еркін іс-әрекет жасайтын болады» деді. Американдықтар қадамды насихаттаушы деп санады, ал КСРО сынақтардың үлкен сериясын аяқтаған болатын, АҚШ бұл серияларды бастауға дайындалып жатқан еді. Оған  қарамастан екі ұлы держава ядролық сынақты тоқтату жолында келіссөздер жүргізе бастайды. 1959 жылы қыркүйекте  Никита Сергеевич Хрущев АҚШ-қа іс-сапармен келеді. Бұл кеңес өкіметінің басшысы және де КОКП-ы көсемінің Батыстың ірі мемлекетіне бірінші ресми іс-сапары болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген кеңес көсемі жалпы және толық қарусызданудың үш жылға арналған жоспарын ұсынды. Ол барлық қарулы күштердің таратылуын және барлық қару түрлерінің жойылуын қарастырды. Бірінші кезеңде КСРО, АҚШ және ҚХР-ның қарулы күштері 1,7 млн. адамға дейін қысқарту, ал Англия мен Франция 650 мың адамды қысқарту керек еді. Бұл ұсыныс шет державаларымен шын мәнінде қарастырылған жоқ. Кеңес Одағы 1960 жылдардың басында біржақты тәртіпте 1,2 млн. адамды әскер қатарынан қысқартты, яғни 1/3 бөлігі, соның өзінде кеңес қарулы күштері жеке құрамы бойынша американдықтардан басым еді. 

     Қаруды  жинауды шектеуге арналған бірқатар келісімдерге қол қойылды. Мысалға атмосферада, космос кеңістігінде және жер асты ядролық қаруды сынауға тыйым салған келісім (5 тамыз 1963ж) ядролық қарудың жайылмауы, ядросыз аймақ құру келісімі (1968ж), ОСВ-1 бойынша келісім (ограничение и сокращение стратигических вооружений)(1972ж), Бактериологиялық және токсиндік қарудың қорын жинауға, өндіруге, әзірлеуге, тыйым салған конвенция (1972ж) және т.б.

     Стратегиялық  тепе-теңдікке жеткен мезеттен бастап, (60-шы жылдардың басы) қарулану жарысы екінші орынға қойылады да, енді үшінші әлем елдеріне ықпал етуге күрес жанданады.

       «Қырғи-қабақ»  соғысы  тек қана  саясатта емес, сонымен қатар  мәдениет, спорт облыстарында да  жүргізілді.  Мысалға 1980 жылы Москвадағы  Олимпиадалық ойындарға АҚШ және  Батыс Еуропаның көптеген елдері  байкот жасады. Оған жауап ретінде келесі 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен Олимпиадаға Шығыс Еуропа байкот жасады. «Қырғи-қабақ» соғысы кинематографияда да көрініс тапты. Екі жақ та насихаттаушы фильмдерді түсірді. АҚШ та ол: «Крассный рассвет», «Америка», «Рембо первая кровь, часть 2», «Железный орел», «Вторжение в США». КСРО да : «Ночь без милосердия», «Нейтральные воды», «Случай в квадрате 3680», «Одиночное плавание» және т.б.

       «Қырғи-қабақ соғысына»  «Ыстық»  ошақтардың үнемі пайда болуы  тән болды. Әр бір оңаша жанжалды «Қырғи-қабақ» соғысының қарсыластары  оны қолдап  отырып, әлемдік аренаға шығарып отырды. Бұл жанжалдарды бәрін және жеке, дара қарастырса, кітап жазуға болар еді. Осы жұмыстың авторлары «Ыстық ошақтарға» қысқаша тоқталып өтті.  

2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары

Кореядағы соғыс 

     1945 жылы Кеңес үкіметі және Америка  әскерлері Кореяны Жапон армиясынан  азат етті. 38-ші параллельдің оңтүстігінде  АҚШ әскерлері орналасты, солтүстікте  – Қызыл армия орналасты. Сонымен  Корея жартыаралы екі бөлікке бөлінді. Солтүстікте билік басына коммунистер келді, оңтүстікте АҚШ-тың көмегіне сүйенген әскери адамдар келді. Жартыаралда солтүстігінде Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы және оңтүстікте Корея Республикасы деп аталатын екі мемлекет құрылды. Мемлекетті қару күшімен болса да біріктіруге Солтүстік Корея басшылары армандады.

     1950 жылы Солтүстік Корея жетекшісі  Ким Ир Сен Мәскеуде болып,  Кеңес Одағының қолдауымен қайтты. Оңтүстік Кореяның «Әскери азат  ету» жоспарын Қытай жетекшісі  Мао Дзэ Дунмен мақұлданды. 1950 жылы 25 маусымда Солтүстік Корея армиясы оңтүстікке жылжыды. 3 күннен кейін олар оңтүстіктің астанасы- Сеулды алды. Қыркүйектің ортасына қарай бүкіл Жартыарал солтүстіктің қолына өтті. Бірақ 7-ші шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Оңтүстік Кореяға көмекке Халықаралық әскерді жіберуге дауыс берді.

     Қыркүйек  айында БҰҰ-ның әскерлері (негізінен  Америка әскерлері) Оңтүстіктерге  көмекке келді. Енді оқиғалар кері жаққа  қарай тез дамыды. Американдықтар Сеулды алды, 38-ші параллельден өтіп, КХДР-ға басып кірді. Солтүстік Корея апатты жағдайда болды, кенеттен бұл іске Қытай араласты. Қытай Жетекшілері АҚШ-қа соғыс жарияламай, Солтүстік Кореяға әскерін көмекке жіберді. Қытайда олрды ресми «халық еріктілері» деп атады. Қазан айында Қытайдың миллионға жуық әскери Ялуцзян өзені шекарасын өтіп, американдықтармен шайқасқа түсті. Майдан 38-параллельде теңестірілді.

     Соғыс тағы үш жылға созылды. 1950 жылғы американдық  шабуылы кезінде Солтүстік Кореяға  көмекке КСРО бірнеше авиациялық дивизияларды жіберген болатын. Американдықтар қытайлықтардан техникасы бойынша басым еді, 1953 жылы 27 шілдеде соғыс уақытша бітіммен аяқталды. 

Берлин  қабырғасының орнатылуы 

     1955 жылы Еуропаның Шығыс пен Батыс  арасында бөлінуі рәсімделді. Бірақ  қарсыласушылардың Еуропаны бөлудегі  нақты шекарасы  аяғына дейін болған жоқ. Мұнда ашық «терезе» болып – Берлин болды. Қала екі бөлікке бөлінді. Оның Шығыс бөлігі ГДР-дің астанасы болып саналды, ал Батысы ГФР-дың құрамында еді.

     1961 жылы тамызда кеңес және Шығысгерман  өкіметтері Берлиннің екі бөлігінің арасында шекара орнатуға шешім қабылдайды. Батыс мемлекеттері қаланың бөлінуіне наразылықтарын білдірді. Қазан айында қарсыласу өзінің шарықтау шегіне жетті. Бранденбург Қабырғасымен және Фридрихштрасста маңызды өткізу пунктінде американдық танкілер орналасты. Оларға қарсы кеңес қарулы машиналары шықты. Бір тәуліктен аса КСРО мен АҚШ танкілері бір-біріне қарсы тұрды. Кеңес одан кейін американдық танкілердің басқа көшелерге кеткен соң, шиеленіс біршама басылды. Бірақ Батыс елдері қаланың бөлінуін 10 жылдан кейін ғана мақұлдады. Оның бөлінуін 4 мемлекет (КСРО, АҚШ, Англия, Франция) 1971 жылы рәсімдеп, келісімге қол қойды. Әлемде Берлин қабырғасының орнатылуын соғыстан кейін Еуропаның бөлінуінің аяқталу символы ретінде қабылдады. 

Кариб дағдарысы 

     1959 жылы 1 қаңтарда Кубада революция жеңіске жетті. Оның басында 32 жасар партизандық көсем Фидель Кастро тұрды. Жаңа өкімет американдық ықпалға қарсы күрес бастады. Кеңес Одағы Куба революциясын қолдады. Бірақ Гавана өкіметі АҚШ-тың қарулы басып кіруінен қорықты. 1962 жылы Никита Хрущев аралда кеңес ядролық ракеталарын орнатуға ұсыныс жасайды. Куба келісімін беріп, 1962 жылы жазда аралға 42 ядролық ракеталар жіберіледі. Ракеталардың жеткізілуі құпиялы түрде болса да, кыркүйек айында АҚШ ол туралы біліп қояды. 4 кыркүйекте президент Джон Кеннеди АҚШ-тан 150 шақырым жерде кеңес ядролық ракеталарын көргісі келмейтіндігін мәлімдейді. Жауап ретінде Хрущев Кубада ешқандай ядролық қару жоқ деп сендіреді. 14 қазанда американдық ұшқыш-барлаушысы әуеден ракеталардың аумағын түсіріп алады. 22 қазанда президент Кеннеди өз халқына радио және теледидар арқылы үндеу салады. Ол Кубада кеңес ракеталарының аңғарылғанын айтып, КСРО-дан оның әкетун талап етті. 24 қазанда КСРО-ның өтінішімен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналады. Кеңес Одағы Кубадағы ракеталардың бар екенін мойындамайды. 23 қазаннан Москва және Вашингтон арасында ресми хат алмасу басталады. 26 қазанда Хрущев Кеннедиге достастық келісімін жібереді. Ол Кубада Кеңес қаруының бар екенін мойындайды. Хрущев Кеннедиге Кубаға шабуыл жасамауға мәжбүр етеді. Сонда ғана Кеңес Одағы аралдан қаруын әкетеміз деді. АҚШ келісімін береді. Сонымен бейбітшілікке алғашқы қадам жасалынады.

Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыс