Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 21:49, реферат
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.
І. Кіріспе
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай...............................3
1.2 Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі.........................................................4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа мемлекеттері.........6
2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының басталуы.................................................................9
2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары Кореядағы соғыс...............15
2.4 БҰҰ-ның халықаралық өмірдегі рөлі...............................................................20
2.5 «Қырғи-қабақ» соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы...................................21
ІІІ. Қорытынды
3.1 Қош бол, екі полюсті Әлем.................................................................................23
Жоспар
І. Кіріспе
1.1
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
әлемдегі жағдай........................
1.2
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі......................
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа мемлекеттері.........6
2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының
басталуы......................
2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары Кореядағы соғыс...............15
2.4 БҰҰ-ның халықаралық
өмірдегі рөлі..........................
2.5 «Қырғи-қабақ»
соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы......................
ІІІ. Қорытынды
3.1 Қош бол, екі полюсті
Әлем..........................
Кіріспе
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.
80-90ж.ж.
халықаралық қатынас жүйесінде
жаңа түбегейлі төңкеріс болып
өтті.Орталық және Оңтүстік
1.2
Екінші дүниежүзілік
соғыстың нәтижесі.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қанды соғыс болды. Бұл соғыста 60 млн. адам құрбан болды, оның ішінде Кеңес Одағының 27 млн. азаматтары және 6 млн. Польша азаматтары. Екінші дүниежүзілік соғыста адамзат шығыны бірінші дүниежүзілік соғыстан 6 есе көп болды, ал материалдық шығыны 12 есе көп болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол фашизмнің күйреуі. Фашистік және милитаристік агрессорлы мемлекеттері Германия,Италия,Япония және олардың одақтастары толық күйреді. Олардың экономикасы, саясаты, идеологиясы күйреді, қарулы күштері тізе бүкті, территориялары антифашистік коалиция әскерімен оккупацияланды. Оккупациондық өкімет жергілікті антифашистердің көмегімен фашистік режимдерді, фашистік партияларды жойды және де фашистік басшыларды соттады. Тек қана Испания мен Португалияда фашистік режимнің диктаторлық түрі сақталды.Соғыс кезінде оккупацияланған мемлекеттерде оккупанттарға қарсы «Қарсыласу» қозғалысы пайда болды.Соғыстан кейін Қарсыласу қозғалысының қатысушылары қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқарды.Көптеген мемлекеттерде олар билік басына келіп,мемлекеттердің саясатын анықтап отырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижелерінің бірі болып көптеген мемлекеттердің капиталистік емес даму жолына түсуі. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерінде оккупанттардан азат етілгеннен кейін, олар Халықтық демократия мемлекеттері атағына иеленді, коммунистердің басқаруымен немесе қатысуымен үкіметтер құрылды, олар антифашистік, демократиялық, содан соң социалистік өзгертулерді жүзеге асыруға кірісті. Кеңес әскерімен оккупацияланған Шығыс Германия мен Солтүстік Кореяда осындай өзгертулер болды. Жапония күйреген соң және 1945-1949ж.ж. азаматтық соғыстың жеңісінен кейін Қытайда өкімет басына коммунистер келді.
1949ж.
1 қазанында Қытай Халық
Екінші
дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды
нәтижесі-отарлық жүйенің
2.Негізгі бөлім.
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
Шығыс Еуропа мемлекеттері.
Екінші дүниежүзілік соғыс Шығыс Еуропа мемлекеттеріне алып экономикалық және демографиялық шығын алып келді. Өндірістік және көлік инфрақұрылымының бүлінуі,инфляцияның өсуі,дәстүрлі сауда байланыстарының бұзылуы және тұтынушылық тауардың жетіспеушілігі аймақ мемлекеттерінің басты мәселесі болды. Соғыстан кейін көптеген шығындарға тап болған елдерге тән соғыс алдында бұл елдер әлеуметтік-экономикалық даму жағынан биік сатыда болған-Польша, нацистік оккупация жылдарында толық күйзеліске ұшырады, Венгрия Германия одақтастары арасындағы соғыстың аяқталу қарсаңында және кеңес оккупациясының алғашқы жылдарында ең көп зардап шекті, Чехословакия бірнеше территориялық бөліністі басынан кешірді. Шығыс Еуропаның әлемдік өнеркәсіп пен өндірістегі үлесі екі есе төмендеді. Сонымен соғыс Шығыс Еуропа елдерінің тек қана экономикалық жетілдіру жағынан артта қалдырған жоқ сонымен қатар оның даму сатысы да артта қалды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың
нәтижесінде Шығыс Еуропада
Шыңыс Еуропа мемлекеттері
Қысқа мерзім ішінде соғыстан кейінгі ауыр мәселелердің бірі-халық қозғалысы шешілді. Потсдам конференциясының шешімімен Чехословакияның Судет облысы территориясынан, Польшаның жаңа жерлерінен, сонымен қатар Венгриядан және де КСРО құрамына кірген бұрынғы Шығыс Пруссиядан Германияға неміс халқын депортациялады. Екі мемлекет арасындағы «халықтың айырбасын» реттеген 1945ж. кеңес-польша келісімі болатын. Нацизмге қарсы күреске қатысушылардың отбасылары және де мүшелері КСРО территориясында тұрып жатқан поляк және еврей ұлт өкілдері оптацияға құқық алды, яғни олар кеңес немесе польша азаматтығын таңдау құқығына ие болды. Оптация тәртібінде КСРО мен Чехословакияның шекаралық аймағынан халықтың айырбасы жүзеге асырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі қалыптасқан ішкі саяси жағдай күрделі еді. Авторитарлық фашистік режимдердің күйреуі, халықтың кең түрде қарсыласу қозғалысына қатысуы, мемлекеттік саяси жүйенің терең өзгеруінің салдарын тудырып жатты. Бірақ та шын мәнінде демократиялық қайта құруларға дайындық үстіртін сипатта болды. Авторитарлық саяси психология соғыс жылдарында сақталып қана қоймай сонымен қатар нығайып та үлгерген. Көпшіліктің сана сезімінде бұрынғыдай мемлекеттен әлеуметтік тұрақтылықты және өсуді көру тән еді.
Шығыс Еуропа мемлекеттерінде билік
басына келген жаңа мемлекеттік элитаның
басым бөлігі авторитарлық саяси мәдениетінде
қалыптасқан болатын. Көптеген осы адамдар
өз өмірін бұрынғы режимдермен күресуге
арнады. Бастарынан түрмені, каторганы,эмиграцияны
кешірді. Соғыстан кейін Шығыс Еуропаның
саяси өмірінде күрес рухы заңы орнады.
Бұған ықпал еткен қоғамдық үлгілердің
идеологиялық жүйенің қарама қайшылығына
толы соғыс мұрасы, национал-социализмнің
жеңілісі басқа қарсыластарды коммунизм
мен либералды демократияны бетпе-бет
қалдырды. Соғыста жеңіп шыққан осы идеялардың
жақтастары Шығыс Еуропа мемлекеттерінің
саяси элитасында кең қолданды. Бірақ
бұл болашақта идеологиялық қарама-қайшылықтың
жаңа орамын уәде етті. Ұлттық идеяның
ықпалының өсуімен де жағдай қиындатылып
отырды.
2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының
басталуы
Халықтық-демократиялық
және ұлт-азаттық революциялар, соғыстан
кейінгі сілкініс жағдайында батыс
мелекеттері АҚШ-тың
«Қырғи-қабақ» соғысының алғашқы насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің «доктриналарын және билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді.
Черчиль КСРО-ның «өктемдік саясатын» шектеуге «ағылшын тілінде сөйлейтін барлық мемлекеттерді» көмекке шақырды. Батыстың капиталистік елдерінде сонымен қатар Шығыстың Кеңес блогындағы мемлекеттерді Черчиль сөйлеген сөзінен кейін белсенді насихаттаушы науқан басталды. Америка өкіметі өзінің «комунизмді шектеу» ресми доктринасын жариялады және де «атом дипломатиясын», яғни атом қаруын қолдануға дейін бару саясатын жүргізді. Атом қаруын иеленген АҚШ Еуропа және Тынық мұхитындағы әскери базаларынан АҚШ-тың бомбардировщиктері КСРО-ның территориясына жете алатындығына кәміл сенді. 1945 жылдың соңында Президент Трумэн директиваларымен құпиялы жоспар бекітілді. КСРО-ға қарсы әскери іс-қимыл жағдайында кеңестердің 20 қаласын атом бомбаларымен атқылау көзделді.
Өз
кезегінде И.В.Сталин басқаруымен
Кеңес басшылығы ағылшын-
Атомдық шабуылдан сескенген КСРО ядролық қарудың құрылу жұмыстарын тездетті. Оны академик М.В. Курчатов басқарды. 1949 жылдың 29 тамызында Кеңес атом бомбасының сынағы өтті.
1952 жылдың қараша айында АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини аралында ядролық қарудың қуатты түрі – термоядролық құрылғысының жердегі жарылысы сынақтан өтті. КСРО өзінің термоядролық қаруын 1953 жылы 12 тамызында сынақтан өткізді.
1953
жылы АҚШ-та континентаралық
Кеңес ракета-ядролық қаруының құрылуы АҚШ-тың атом монополиясын құртты, бірақ та қарулану жарысын тоқтатқан жоқ. Шығыс пен Батыстың тайталасы күшейіп жалғасып жатты.