Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 20:02, курсовая работа
Түрік қағанаты батысында Византиямен, оңтүстік-батысында парсы елімен, оңтүстікте Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізген жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі болып табылады.
Батыс Түрік қағанаты қалалық және егінші-отырықшылық мәдениеті дамыған, Ұлы Жібек жолының басты тармақтарын бақылауында ұстаған, сол себепті саудасы өркендеген мемлекет болды.
Кіріспе.......................................................................................... 3
1-бөлім. Ұлы Түрік қағанаты.................................................. 4
1.1 Түріктердің шығу тарихы және
“Tүрік” сөзінің мағынасы……………………….......……...…… 4
1.2. Түрік қағанытының шығу тарихы ........................................... 5
1.3. Түрік қағанатының Еуразия сахнасындағы орны................... 7
2-бөлім. Батыс Түрік қағанаты .............................................. 11
2.1. Батыс түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты ............ 11
2.2. Түріктердің мәдениеті және шаруашылығы ............................ 13
Қорытынды ................................................................................ 15
Қосымшалар .............................................................................. 16
Пайдалынылған әдебиеттер .......................
Түріктердің басты көлігі жылқы болды. Сондықтан олар ат әбзелдерінің: ер, жүген, шідер, кісен, үзеңгі, тартпаның түрлері, құйысқан, өмілдірік сияқты қажетті жабдықтардың жасалуына ерекше көңіл бөлген. Арқан, көген, желі, бұйда, шылбыр, құрық сияқты құралдар пайдаланған. Мұндай құрал жабдықтар мал өсірумен айналысатын халықтарда сонай ежелгі замандардан белгілі. Оған және бір айғақ – түріктердің зираттарына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде ат әбзелдерінің көп табылуы (ауыздық, үзеңгі, кісен, тағы басқалар).
Түріктердің жерлеу рәсімінен ең алғашқы кезеңдерде мәйітті отқа өртеп, оның күлін қойғаны байқалады. Кейінгі дәуірлерде бұл рәсім жойылған. Бұл екі түрлі жерлеуде де адамның тірі кезінде қолданған заттарын бірге көмген. Түркі тайпаларының табынатын құдайы Көк-Тәңірі болды. Олар Жер мен Су киесіне, отбасының жебеушісі Ұмай-Анаға табынды.
Ежелгі түркі тайпалары өзіндік сапалық ерекшеліктері бар өркениет ошағын қалыптастырды. Онда көшпенді және отырықшы мәдениеттердің өзара ықпалы, қала мәдениеті мен урбанизация үдерісі ерекше орын алды. Діни құндылықтарға деген сұраныс Түрік елінде буддизм, христиандық және кейінірек ислам сияқты әлемдік діндердің таралуына жол ашып берді. Мұның бәрі қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымына да әсер етпей қойған жоқ еді. Түркі өркениетінің үздік үлгісі – тастағы жазулардан қолжазбаларға дейінгі жолдан өткен өзіндік, дербес түркі жазуының қалыптасуы болып табылады.
Қорытынды
Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды, өйткені сол кезге дейін Ортатеңіз мәдениеті мен қиыршығыс мәдениеті, бір-бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді. Шетсіз-шексіз далалар мен заңғар таулар Шығыс пен Батыстың қарым-қатынасына кедергі жасады. Тек кейінірек барып, темір үзеңгіні және арба орнына теңдеу әбзелдерін ойлап табу керуендердің шөлдер мен асулардан көп қиналмай, оңайырақ өтуіне жағдай жасады. Сол себепті де VI ғасырдан бастап қытайлар Константинополь базарының нарқымен санасуына, ал византиялықтардың қытай патшасы найзагерлерінің санын есептеп отыруына тура келді. Міне осындай хал-ахуалға ұшыраған түріктер тек арадағы дәнекер ролін атқарып қана қоймай, сонымен бірге өз мәдениетін де дамытып, оны Қытай, Иран, Византия, Үндістан мәдениетіне таратты.
Орта ғасырларда ұлан-ғайыр аймақтар мен халықтарға үстемдік еткен төрт «әлем патшалығы» туралы тұжырымдаманың қалыптасуы кездейсоқ емес. Оларға: оңтүстіктегі «пілдер патшалығы» – Үндістан, батыстағы «асыл патшалығы» – Византия, солтүстіктегі «жылқы патшалығы» – Түрік қағанаты, шығыстағы «адамдар патшалығы» – Қытай елі жатады.
Сөйтіп, түркі тілдес тайпалар бір көсемнің билігін мойындап, бір ру мен бір әулеттің қол астына бірігіп, нығайды. Түрік қағанаты өзіне бәсекелес тайпаларды, этникалық құрамы мен шаруашылығы әр түрлі елдер мен халықтарды тәуелді етті. Тәуелді ету екі бағытта жүргізілді. Бірі – саяси тұрғыда, яғни билеуші әулеттің билігін мойындату, ал екіншісі – кесімді алым–салықты төлету арқылы экономикалық тұрғыда жүзеге асырылды. Нәтижесінде көшпенділер құрған мемлекет империялық дәрежеге жетті. Бұл тұрғыдан алғанда Түрік қағанаты ғұндардың дәстүрін жалғастыра отырып, Еуразия кеңістігінде күшті империяға айналды.
Қосымшалар
Астанада «Қазақстан: өткені, бүгінгісі және болашағы - Еуразия мәдени мұрасындағы Батыс Түрік қағанаты» атты халықаралық ғылыми конференцияда Батыс Түрік қағанатының құрылуы мен оның Еуразия тарихындағы орны соны зерттеулер негізінде сараланды. Оны ұйымдастырушылардың бірі, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты «Түрік мұрасы» бөлімінің меңгерушісі Айман Досымбаевамен сұхбат
- Айман ханым, көптеген шетелдік түркітанушылар қатысқан бұл ғылыми-практикалық конференцияның Батыс Түрік қағанатының тарихына арналуы неліктен?
Конференция Батыс Түрік қағанатының құрамында болған түркі халықтарының мәдени-тарихи мұралары және осы тарихи кеңістікке қатысты жазба деректер мен кең ауқымды археологиялық зерттеулер негізінде ұйымдастырылды. Ал Орталық Азиядағы түркілер тарихына байланысты бұған дейінгі ғылыми және энциклопедиялық жарияланымдардың дені түркі тайпалары қазақ жеріне аннексиялау жолымен қоныстанған, олардың түп отаны Алтай мен Моңғолияның ауқымымен ғана шектеледі деген орашолақ ұстанымды алға тартады. 6-8ғғ. өмір сүрген Батыс Түрік қағанатының тарихын жиырма жыл бойы зерттеп жүрген ғалым ретінде айтайын, осының кесірінен қазақ этногенезінің проблемасы бүгінге дейін ашық күйінде қалып келеді. Бұл дегеніңіз, алаңдататын мәселе.
- Демек, Батыс Түрік қағанатының қазіргі Қазақстан жерін орта ғасырларда мекендеген тайпалардың одағы негізінде құрылғанын дәлелдеп шығу аса маңызды болғаны ғой.
- Иә. Мұның тарихи маңызы өз алдына, меніңше саяси да мәні бар. Көптеген шетелдік түркітанушылар қатысқан бұл басқосуда «Қазақстан - Батыс Түрік қағанаттың қарашаңырағы» деген ұстанымды баршаға мойындату үшін тағы бір қадам жасадық деп ойлаймын. Зерттеуші В. Бартольдтің пікірінше, түрік империясы әуелден-ақ екі тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан. Ал византиялық билеушілер елшілерін Моңғолияға емес, Батыс қағанатқа жіберетін болған. Бірқатар дереккөздер Істемі қағанның Иран, Византия елшілерін Тараз қаласында әлденеше рет қабылдағанын растайды. Бір қуанарлығы, Астанадағы ғылыми форумға қатысқан жапониялық ғалым Такаши Осава, түркиялық Бекир Дениз, финляндиялық Фиема Збигнев Томас және басқа да шетелдік түркітанушылар мен тарихшылар Батыс Түрік қағанаты – қазақ жерін ежелден мекендеген тайпалардың төл құрылымы деген пікірді қуаттап отыр. Ойлап қараңызшы, қазақ даласының қай жерінде де бағзы заман ескерткіштері жетіп артылады емес пе? Сонау қола дәуірі мәдениетіне қатысты археологиялық ескерткіштер, Батыс Түркі қағанатына дейінгі дәуірлерге жататын жәдігерлер мен жазба деректер бұл даладан тіршілік арқауының ешқашан үзілмегендігін көрсетіп тұрған жоқ па?
- Әлгінде мәселенің саяси да мәні бар дедіңіз ғой...
- Саяси мәні дегеннен гөрі «жақсы мәндегі саяси астары» деген дұрысырақ болар. Еуразия картасындағы қазіргі түрік әлемінің өмір сүріп жатқан кеңістігін көз алдыңызға елестетіп қараңыз: Еуразияның оңтүстік-батысы мен батысына дейін көсіліп жатқан ұланғайыр кеңістік. Бұдан ата-бабаларымыздың Батыс Түрік мемлекетінің белсенді саяси әректінің нәтижесінде Еуропа құрылығымен сол кезден-ақ саяси, мәдени ықпалдастықта болғанын көреміз. Украина, Ресей, Болгария, Венгрия және Шығыс Еуропаның басқа да елдерінде түрік мәдениетінің іздері сайрап жатыр. Демек, Батыс Түрік Қағанатының қарашаңырағы - Қазақстан тарихи тұрғыдан алғанда Еуропаға жат емес. Ендеше осынау тарихи тамырластық қазіргі және келешектегі мәдени-рухани, тіпті саяси қарым-қатынастарда жақсы мәнге ие болуы тиіс қой. Осы тұрғыдан алғанда Мажар елі мен Қазақстанның бүгінгі ынтымақтастығынан жақсы нышан байқалады.
- Конференцияның бағдарламасынан бұл салада археологиялық зерттеулерге көбірек көңіл бөлініп отырғандығы аңғарыла ма, қалай?
- Бүгінгі таңда Еуразия кеңістігіндегі түркі мәдениеті мен тарихына қатысты көмбелер мен петроглифтерді тереңдете зерттеуге үлкен маңыз беріліп отыр. Мысалы 2001 жылы Жамбыл облысындағы Жайсан ғибадатханасында басталған археологиялық қазба жұмыстары аса нәтижелі жүргізіліп, 2005 жылға дейін мұнда 27 культтік-мемориалдық кешен анықталды. Сол сияқты культтік сипаттағы киелі ортаны елестететін Мерке ғибадатханасы да жан-жақты зерттелуде. Ал Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы көне қаланың орнында түркиялық ғалымдар жұмыс істеуде. Олар мұндағы тарихи кешендердің Анадолыдағы селжүк ескерткіштерімен үлгілес екендігін анықтап, бұл өңірді қазіргі Түркияның негізін қалаған селжүк тайпасының түп отаны ретінде қарастыра бастады. Батыс Түрік қағанатына тиесілі ірі тарихи көмбелер Қазақстанның басқа да өңірлерінде көптеп кездеседі.
Пайдалынылған әдебиеттер
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, «Білім», 1994.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. //Жоғ. оқу орнына арн. оқулық// Алматы, «Алматыкітап», 2007.
Чапай М. Қазақстан тарихы. Алматы, «Норма-К», 2008.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық, 1-т., Алматы, 1996.
4